|
|
«БЕКІТЕМІН»
« » 2025
жыл |
|
|
|
Жамбыл облысының білім беру
ұйымдарында құралған
«Ұшқыр ой алаңы» пікірсайыс қозғалысын жүзеге асыру жөніндегі
2025 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары
негізінде
«Бала құқығы-асыл қазына» атты
пікірсайыс турнирінің аудандық
кезеңінің
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ережелер
-
Осы ереже «Бала құқығы-асыл қазына» атты аудандық оқушылар арасындағы пікірсайыс турнирінің (бұдан әрі-Турнир) мақсат-міндетін айқындайды.
-
Турнирді ұйымдастырушы Тұрар Рысқұлов аудандық білім бөлімі
ІІ. Турнирдің мақсаты мен міндеттері
-
Егеменді еліміздің белсенді жастарының Қазақ мемлекеттілігі, тәуелсіздік құндылықтары мен мәңгілік ел идеясы төңірегіндегі ойларын бір арнаға тоғыстыру;
-
Азаматтық жауапкершілігі зор, интеллекті жоғары, рухани жан-дүниесі бай, эстетикалық талғамы дамыған және әлеуметтік бейімделген ұтқыр тұлғаны қалыптастыру мен дамыту;
-
«Жаңа Қазақстан» идеясын жастар арасында кеңінен насихаттау;
-
Мемлекеттік билік өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер мен жастар арасында байланыс орнатып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.
ІІІ. Турнирдің талаптары мен шарттары
-
Турнир қазақ тілінде өткізіледі;
-
Турнирге қатысатын топтар (бұдан әрі-фракция) 3 адамнан тұрады;
-
5-9(10)-сыныптардың білім алушылары үшін Турнир кезеңдері дүниежүзілік мектеп форматы (WSDC) (қысқартылған түрде) бойынша өткізіледі (2-қосымша).
-
Турнир екі айналымда өткізіледі. Бірінші айналым – іріктеу раундтары. Екінші айналым – негізгі ойындар: ширек финал, жартылай финал және финал.
-
Турнирге қатысушылар саны 72 адам;
-
Турнирге жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру мекемелері қатыса алады;
-
Командалардың тақ саны келген жағдайда, жеребе бойынша бір команда «демалады». Өткізілген раунд үшін демалған команда командалық балл мен орташа спикерлік балды автоматты түрде алады.
-
Турнир қатысушыларының жас ерекшелігі 5-10 сынып;
-
Турнирге қатысушылар құрамы мен сапасын арттыру мақсатында аудандық кезеңге сұраныс жіберген фракция спикерлері алдыңғы аудандық турнирлардың жүлделі орын иегерлері болмауы керек;
-
Турнир 2025 жылдың 17 қаңтар күні, Әлемдік оқушылар дебат форматтарында төмендегі қарарлар бойынша өткізіледі және ЛД жеңімпазы балдық есеппен анықталады;
-
Дресс код: классикалық үлгі;
-
Турнирге қатысушылар ойын күні жетекшісіз тіркеуден өткізілмейді және ойынға кіргізілмейді;
-
Төрешілікті пікірсайыс клубтарының тәжірибелі дебатерлері арасынан төрешілер алқасы жүзеге асырады. Төрешілер алқасы турнирдің бас төрешісін сайлайды. Турнир бас төрешісінің пікірсайыс нәтижелеріне қатысты шешімі қалған төрешілердің нәтижелерімен бірдей ескеріледі. Турнир кестесін Бас төреші жасайды.
-
Турнирдің Бас төрешісінің қарауы бойынша әр раунд үшін төрешілер алқасы бір немесе үш адамнан құрылады.
-
Олардың біреуі бас төреші болып анықталады, ол Ережеге сәйкес пікірсайысқа қатысушыларды сахнаға шақырады, наразылық туралы мәлімдемелерді қарайды, спикерлерді өз орындарын алуға шақырады және бір тайм-киперді анықтайды. Тайм-кипер дебатқа қатысушылардың сөз сөйлеуге бөлінген уақытты қалай қолданатынын қадағалайды.
-
Ойыншылар үшін ақпараттың жалғыз көзі – серіктесі және өздерімен бірге әкелген кез-келген жазбаша материалдар. Ойын барысында интернеттен ақпарат іздеуге және жалпы электронды құрылғыларды пайдалануға рұқсат берілмейді.
-
Пікірсайыстар аяқталғаннан кейін төрешілер пікірсайыстарға жалпы баға береді, қабылданған шешімді түсіндіреді және жақсарту қажет болатын сәттерді көрсетеді.
Төрешілік өлшемдері:
1) өзектілігі;
2) дәлелденуі;
3) маңыздылығы;
4) шынайылығы.
Қарар:
1.Бұл палата ChatGPT сияқты нейрожүйелердің пайдасынан зияны көбірек деп есептейді.
2.Бұл палата жеке меншік мектептерге тыйым салады деп есептейді.
3.Бұл палата Қазақстанда өмір сүруге ең қолайлы қаланы таңдайды.
-
Турнирге қатысу үшін қосымшадағы сұранысқа сәйкес 2025 жылдың 16 қаңтарына дейін электрондық поштасында қабылданады және тіркелу // Whats App желісі арқылы;
ІV. Байқау қорытындысы
-
Турнирдің Бас төрешісі – ;
-
Турнир жеңімпаздары төрешілердің шешіміне сәйкес жүлделі орын иеленген пікірсайысшылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом, кубоктармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады; барлық қатысушылар алғыс хаттармен және қосымша номинация дипломдарымен марапатталады;
-
Төрешілер шешіміне сәйкес Әлемдік оқушылар дебат форматы (WSDC) бойынша І, ІІ, ІІІ орындар, жартылай финалда жеңіліс тапқандарға «Үздік талпыныс» номинациясымен және баллдық есептеу бойынша жеңімпаз «Ең үздік спикер» номинациясымен марапатталады.
Ережеге сәйкес №1-қосымша
«Бала құқығы-асыл қазына» атты аудандық оқушылар арасындағы пікірсайыс турниріне қатысуға
СҰРАНЫС
-
Мектеп _________________________________________________
-
Аты-жөні (толық)_____________________________________________
-
Туған күні, айы, жылы_______________________________________
-
Байланыс телефоны_________________
_____________________________________________________________
-
Жетекшісінің аты – жөні ____________________________________________________
Ережеге сәйкес №2-қосымша
Дүниежүзілік мектеп форматы (WSDC)
Дүниежүзілік мектеп форматы – екі команда (пропозиция және оппозиция) қорғайтын позицияны қабылдауға төрешіні сендіруге тырысатын формат.
Осы форматқа сәйкес әр команда 3 спикерден құралады.
Дайындық кезінде командалар сырттан көмек ала алмайды, басқа спикерлермен, командалармен, жетекшілерімен, жаттықтырушылармен және т.б. сөйлесе / кеңесе, Интернетті пайдалана алмайды.
Командалар тек басып шығарылған материалдарды пайдалана алады.
Ойынға әр командадан 3 спикер қатысады, команда төрешіге спикерлердің ойын алдында сөйлеу тәртібі туралы хабарлауы керек. Ойын басталғаннан кейін командалар спикерлердің сөйлеу тәртібін өзгертуге құқығы жоқ.
Команда қорытындылаушы спикерін анықтауы тиіс. Үшінші спикер қорытындылаушы спикер бола алмайды, тек бірінші немесе екінші спикер ойынды қорытындылайды.
Спикерлердің сөз сөйлеу тәртібі:
1) үкімет командасының бірінші спикері;
2) оппозиция командасының бірінші спикері;
3) үкімет командасының екінші спикері;
4) оппозиция командасының екінші спикері;
5) үкімет командасының үшінші спикері;
6) оппозицияның үшінші спикері;
7) оппозиция командасының командасының қорытындылаушы спикері;
8) үкімет командасының қорытындылаушы спикері.
Командалардың негізгі функциясы
Пропозиция / Үкімет:
Қарарды нақты және әділ тұжырымдауы керек (сонымен қатар қажет болған жағдайда модель/механизм беру керек);
Қазіргі қалыптасқан мәселелерді (Status Quo) сипаттап, анықтауы керек, сонымен қатар мәселелерді шешуге бағытталған конструктивті дәлелдер ұсынуы керек.
Оппозиция:
Қарарға қарсы тұру керек;
Өзінің кейсін тек Үкіметтің дәлелдерін жоққа шығару негізінде бере алады;
Өзінің конструктивті дәлелін ұсына алады;
Қарсы модельді ұсына алады және ресурстардың бірдей мөлшерін талап етеді.
Спикерлердің негізгі функциялары:
Үкіметтің / Пропозицияның бірінші спикері (5 минут) міндетті:
Қарарға анықтама беру, сондай-ақ қажет болған жағдайда модель енгізу;
Пікірсайыс фреймингін анықтау және үкімет жағы не қорғайтынын көрсету;
Конструктивті материал жасау.
Оппозицияның бірінші спикері (5 минут) міндетті:
Қажет болса, дефиницияға қарсылық айту (ескерту: анықтамаға тек төтенше жағдайларда ғана қарсы шығуға болады);
Оппозицияның позициясын белгілеу (оппозиция нені қорғайды), қажет болған жағдайда контр-модель келтіру;
Үкіметтің дәлелін жоққа шығару;
Конструктивті материал енгізу.
Үкімет / Пропозиция және оппозицияның екінші спикерлері (5 минут) міндетті:
Оппозицияның дәлелдерін жоққа шығару;
Бірінші спикер ұсынған дәлелдерді қорғау;
Жаңа конструктивті материал беру және өз позициясының кейсін кеңейту.
Үкімет / Пропозиция және оппозицияның үшінші спикері (5 минут) міндетті:
Пікірталастардағы негізгі дауласу нүктелерін ұсынады (командалар не туралы дауласқан?);
Олар өз кейсін дәлелдеуді, теріске шығаруды, өздерінің жеңіске жету себебін көрсету үшін дәлелдерді салыстыруды ұсынады;
Үшінші спикер жаңа конструктивті дәлелдер енгізбеуі керек.
Қорытынды сөздер (3 минут):
Қорытынды сөздерді команданың тек бірінші немесе екінші спикері ұсына алады;
Қорытынды сөз – бұл командалар пікірталасты жеңу себебін түсіндіретін «бір жақты төрешілік»;
Екі команданы салыстыра отырып, сонымен қатар бұл пікірталасты өз командасының жеңу себебін спикердің түсіндіруін қамтитын пікірталасқа толық шолу.
WSDC форматының негіздері.
Резолюция: пікірталас раундының тақырыбы. Үкімет / пропозиция тақырыпты қолдайды / келіседі, ал Оппозиция тақырыпты жоққа шығаруы / қолдамауы керек.
Ақпараттық таныстырылым: кейбір жағдайларда ақпараттық таныстырылым қарардағы кейбір ойларды түсіндіреді. Ақпараттық таныстырылымда көрсетілгендердің барлығын турдағы шынайы ақпарат деп қабылдау керек, сондықтан командалар ақпараттық хабарламаның мазмұнымен дауласуға құқылы емес.
Нақтылау: қарар жарияланғаннан кейін қатысушылар Бас төрешіден нақтылауды сұрауға құқылы. Жаттықтырушылар, қамқоршылар және ата-аналар емес, қатысушылардың өздері нақтылау сұрақтарын қоя алады.
Үкімет пікірталастың маңыздылығын анықтауы керек:
А) командалар қарардағы сөздердің мағынасын бұрмаламауы тиіс;
Б) қарар ауқымы тар ашылмауы керек;
В) командалар қарардағы іс-әрекеттің орны мен уақытын анықтамауы тиіс.
WSDC форматының негіздері: POI.
POI – қарсыластардан қысқаша түсініктеме / теріске шығару / сұрақ.
POI спикерге қойылады және сұраққа тек спикер жауап бере алады.
POI қай уақытта ұсынылады:
1) 1-ші және 7-ші минут аралығында;
2) дебаттың тек конструктивті бөлігінде (қорытынды сөздердегі POI рұқсат етілмейді).
Сөз сөйлеуші Спикер POI қабылдаудан бас тартуы мүмкін, бірақ әр спикерге 2 POI немесе кем дегенде бір POI алуға кеңес беріледі.
Егер спикер POI қабылдаудан бас тартса, келесі POI-ды 15 секундтан кейін ғана ұсынуға болады.
POI ұзақтығы – 15 секунд.
Төрешілік.
Төреші – бейтарап, адал, объективті, жалпы орта білімі бар, пікірсайыс технологияларын меңгерген адам. Төрешілерге шешім шығаруға 7 минут, басқа төрешілермен талқылауға 10 минут және ойыншыларға өз шешімін түсіндіруге 10 минут беріледі.
Бағалау өлшемдері:
Берілген дәлелдердің сапасы (мазмұны);
Айқындық, шыншылдық, сөйлеу стилі;
Стратегия (дәлелдерге басымдық беру, қарарды түсіндіру).
Төрешілік үдерісі:
Пікірсайыс барысында ойыншылар сөзін жазып алу;
Маңызды клэштерді (ойларды) анықтау және саралау;
Жеңімпаз және жеңілген команданы анықтау;
Әр ойыншыға спикерлік балл қою;
Беллот тапсыру;
Ойыншыларға фидбэкті (шешімді) түсіндіру;
Қажет болса, әр ойыншыға фидбэкті (шешімді) жеке түсіндіру.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Аудандық дебат турнирінің ережесі

шағым қалдыра аласыз