Материалдар / Аудармалық коды Мақала 11сынып Жандосқызы Ұлдана
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Аудармалық коды Мақала 11сынып Жандосқызы Ұлдана

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға, студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Шілде 2021
300
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жандосқызы Ұлдана



ҰЛТТЫҚ КОД: АУДАРМАНЫҢ РӨЛІ



Жоспар:

Кіріспе

Ⅰбөлім. Аудармашылардың қалыптасу және өркендеу тарихы

Ⅱбөлім. Бұрынғы және қазіргі аудармашылардың ерешеліктері

Ⅲ бөлім. Жақсы аудармашы болу үшін не істеу керек?

Қорытынды

Аннотация

Жазылып отырған мақала ежелгі заманнан бастап қазіргі заманға дейінгі аударма ісінің әр түрлі қазақ халқы арасында қандай рөлі атқарғаны жайлы болмақ. Аударма мен аудармашылықтың пайда болу, қалыптасу, өркендеу тарихы. Аудармашы мамандығының өзіндік қыр-сыры мол деп есептейміз. Қазіргі жаһандану заманында аудармашы мамандығы ерекше сұранысқа ие. Әу бастан-ақ аударма жұмыстары маңызды әлеуметтік қызмет атқарып, жердің түкпір-түкпіріндегі адамдарды бір-бірімен байланыстырғаны белгілі. Сол себепті қазіргі заманға сапалы аудармашылар ауадай қажет деп ойлаймыз.

Аннотация

В статье идет речь о роли переводчиковс древних времен до современности между разными странами и национальностями. История перевода, становления, процветания. Какова позиция современных переводчиков по всему миру? Каковы требования к переводчикам? Мы считаем профессию переводчика прибыльной. В современном мире глобализации переводчик пользуется большим спросом. С самого начала переводческие работы служили важным социальным сервисом, объединяющим людей со всего мира. Вот почему мы думаем, что современные качественные переводчики так же требовательны.

Annotation

The article discusses the role of translators from ancient times to the present between different countries and nationalities. The history of translation, formation, prosperity. What is the position of modern translators around the world? What are the requirements for translators? We consider the profession of translator profitable. In the modern world of globalization, a translator is in great demand. From the very beginning, translation works served as an important social service uniting people from all over the world. That is why we think that modern, high-quality translators are just as demanding.

Аудармашы мамандығы әртістің мамандығымен шамалас. Бірақ оған қарамастан, әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі болады. Әртістің міндеті кейіпкердің обрызына кіріп, кейіпкердің іс-қимылын салып, көрермендерге әсер етіп, соны жеткізе білу. Ал аудармашы керсінше, аударып жатқан адамның образына ешбір қатысы болмау керек. Аудармашы болу да бір өнер болып табылады. Аударманың негізгі екі түрі болады: ауызша және жазбаша. Ауызша аударма жазбаша аудармадан әлдеқайда қиынырақ. Себебі жазбаша аударғанда әр-түрлі сөздіктерге жүгініп, белгілі бір уақыт ойланып аударуға мумкіндік бар. Ал ауызша аудармада дәл қазір, дәл осы жерде аудару керек.

Аудармашылардың қалыптасу тарихына келетін болсақ, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін айтарлықтай ақпараттық жарылыс деп аталған төңкеріс болып өтті. Адамдар мен халықтар арасында бір-бірімен ақпараттық алмасу қатынасы күрт көбейді. Бұл құбылыс “аудармашылық жарылыспен” қатар жүрді де, дүние жүзінде аударма ісі қызметінің қолданылу аясын кеңейтті. Осыдан кейін аудармашылардың үлкен армиясын даярлап шығарудың қажеттілігі туды.

Қазақ аудармасының тарихына зер сала қарасақ, халқымыздың мәдени даму байланыстарының түрлі кезеңдерінде аударманың рөлі айрықша болған. «Жеті жұрттың тілін біл» деген халқымыз көп тілді білудің қадірін, қажеттілігін ежелден сезген. Әбу Насыр әл-Фарабидің 70-тен аса елдің тілін білуіне мән бере қарасақ, ғұлама ғалымның талай еңбектер жазып қалдыруының сыры терең білім мен көптеген тілді меңгеру қабілетімен ұштастырылады. 19-шы ғасыр мен 20-сыншы ғасырда аударма жаңа сипатта қоғамдық озық ойлармен, әдеби шығармалармен танысудың тиімді көзі болып саналғанымен, аударматану ғылымы, аударма теориясы жүйелі ғылыми айналымға енген жоқ.

Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Тіл дамуындағы процесстің барысында аударма қызметінің атқаратын рөлі орасан зор. Қай халықты алып қарасақ та, өзінің мәдени, рухани байлығын ең алдымен екі негізден алып дамытып отырған. Бірі өзінің ішкі мүмкіндіктері болса, екіншісі – өзге жұрттың байлығына иек арту. Өзге тілдің рухани дүниесімен сусындай отырып, өз мәдениетін өрендеткен, өз мәдениетін дамытқан халық қашан да басқа елдің ғылым білімін үйренуге ұмтылады. Осындай игі істің жандануына аударманың айрықша қызмет атқарғандығы мәлім. Аударма – «халықтар достығының дәнекері» деп аялауда көп мән бар. Егер біз дүниежүзі халықтарының бәріне ортақ неше алуан мәдени, әдеби, тарихи мұраларды тізіп, санап, оқып шыға алатын хәлде болсақ, ол тек аударманың арқасы. Аударма қай заман, қай кезең болмасын қоғам өмірінің ілгері жылжи дамуына қалтқысыз қызмет етіп келеді. Қазіргі кезеңде аударманың көбейгені соншалық, тек орыс тілінен қазақ тіліне аударылған шығармалар тізімін атап шығудың өзі оңайға түспейді.

Аударма – көне де, жаңа өнер. Аударма адамдардың көп заманға созылған аударма тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарам-қатынас жасаудың дәнекері болмақ.

Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым-қатынастың алмасу, айырбастаудың құралы, ел танудың құралы, достықтың, ынтымақтастықтың , тәжірибе-тағылым алмасудың дәнекері.

Аударма шығармасына аудармашы талантын, жандүниесін, шығармашылық құштарлық пен қызығушылығын арнағанда ғана, ол бар табиғатымен, тұтастылығымен, құрылымдық элементтерімен тегіс танылады. Автордың ой-сезімін, дүниетанымын, стильдік дербестігін, көркемдік әлемін терең түсіну, айқын сезіну – аударма сәттілігінің негізі.

А. С. Пушкин, Абай – осындай дара тұлғалар. Аудармашының сөздік қорының байлығы, тіл шеберлігі, әсіресе синонимдер мен тұрақты сөз тіркестерін мол білу – аударма сапалылығының негізі.

Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Аударма – зор тынысымыз. Біз көбінесе орыс тілі арқылы бүкіл дүние жүзінің әдебиеті мен мәдениетіне қол ұсынамыз. Аударма жанры арқасында қазақ оқырмандары әлем әдебиеті классиктерінің сарқылмас рухани қазынасына кенелді. Сонымен қатар ғылымның барлық саласынан дерлік оқулықтар, күрделі еңбектер, көркем әдебиеттер аударылуда.

Қазақстанның рухани өмірінде күн сайын сан алуан материалдар орысшадан қазақшаға аударылып жатады. Олар түр жағынан да, мазмұн жағынан да әр алуан және ғылымның барлық саласын, бүгінгі адам баласының күллі ой-өрісін мол қамтиды. Олар жанр жағынын да, стиль жағынан да қилы-қилы. Оларда бұрын айтылмаған тың ойлар, аударылмаған соны сөздер келеді.

Қазақтың тұңғыш педагог жазушысы Ы. Алтынсарин мен жазба әдебиетіміздің негізін салушы ұлы Абайдан басталатын қазақ аударма тарихы даму мен қалыптасу жолында әр қилы кезеңді бастан кешірді. Ал жиырмасыншы ғасырдың басында ұлттық аударма саласын қалыптастыру, дамыту ісімен барлық Алаш зиялылары – А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, М. Әуезов және басқа ұлт өкілдері де жүйелі түрде айналысты. Сонымен қатар олар аудармадағы кемшіліктер мен жетістіктерді саралайтын, осы сала бойынша теориялық мәселе қозғайтын ғылыми мақалалар, сын-пікірлер, әр түрлі ұсыныстар жазып, өзгелерге үлгі көрсетті. Сол уақытта көркем аударма жасаумен айналыспаған қазақ жазушысы болмады деуге болады. Ең бастысы, 1950 – 1980 жылдары С. Талжанов, Ә. Сатыбалдиев, Г. Бельгер, М. Құрманов, Ж. Ысмағұлов, Н. Шәкеев, т.б. көркем аударманы кәсіби биікке көтерген мамандар, аудармашылар легі қалыптасты. Осы кездерден бастап әлемдік классиканың құнды үлгілері түгелге жуық қазақ тіліне тәржімаланды.

Абай аудармамен шұғылданғанда бұл салада арнайы қызымет етуді,аударма ісін кәсіп ретінде көруді нысан етпеген сияқты. Бірақ осы сүйсініп оқитын өзге елдің ақын-жазушыларын қазақша сойлетпей қоймаған. Сөйтіп Абай орыс және батыс әдебиетінен жалпы алғанда елуге жуық шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударған. Солардың ішіндегі ең ірілері А.С.Пушкиннің "Евгений Онегин" романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтан отыз шақты шығарма, И.А.Крыловтан он екі мысал. "Евгений Онегин" шығармасын толықтай аудармағанына қарағанда орыс халқының сол кездегі жағдайын көрсететін жайлар Абайды онша қатты қызықтырмағанға ұқсайды. Сонымен қатар бұны біз Абайдың аудармаға алғаш келген кезі екенін білеміз. Осы жайында ғалым Н.Ғабдуллин өз ойын былай деп жеткізді: «Абай – қазақ поэзиясында аударма өнерінің, мұны таратып айтсақ, дәл аударманың, еркін аударманың, нәзира әдісімен жарысудың классикалық шебер үлгілерін жасаған ақын. Орыстың Пушкин, Лермонтов пен Крыловтай ақындарынан тәржіме жасағанда олардың кез – келген өлеңін аудармаған, шертер сыры өз көңілінің күйіне өте жақын үйлесетін және сонымен қатар, өзінің туған жұртының ұғуына мазмұны соншалықты түсінікті шығармаларды ғана таңдап алған». Ыбырай Алтынсарин бұл іспен кең көлемде айналыспады, тек қазақ жеткіншектерін оқытуда септік тигізетін бірнеше әңгімелерді аударған. Шәкәрім Құдайбердіұлының "Ләйлі- Мәжнүн" жырын шығыс жазушысы Физулиден аударғандығын көбі біле бермейді. Шәкәрім шығарма кейіпкерлерін қазақыландырып, бұл шығарманы шығыс шайыршарымен коса жарыстыра жазылған төл шығарма ретінде қабылданып, жоғары бағаланған. Кейін де әдебиетімізде осы сияқты шығармалардың пайда болуына осы Физулидің шығармасы себепкер болған. Осыған дәлел ретінде Шәкәрім Құдайбердіұлының "Қалқаман-Мамыр","Нартайлық-Айсулу", "Еңлік-Кебек" дастандарын алуға болады. Бұл шығармаларда да кіршіксіз, адал махаббат мәслесі талқыланады. Мұқағали Мақатаев Дантенің "Құдіретті комедия" шығармасының "Тұмық" атты бөлімін аударған. Бірақ орыс тіліндегі нұсқасынан. Сол себепті бұл аударманы нақты емес деп жатады. Дегенмен әр елдің көзқарастары мен талаптары, сенімдері әр түрлі болады. Ақын шығарманы қазақ еліне түсінікті болсын деп ойлап аударған-ды.

Жақсы аудармашы болу үш­­ін үйренген немесе үйреніп жат­­қан шет тіліне ынты-шынтымен бері­ліп, құштарлық, ынтық­тық, ің­кәрлік, жанкештілік танытып, оны да өз ана тіліндей сүю керек. Уақыт бөліп, оқып-үйрену сабақ­тарынан басқа қол қалт еткенде ыңғайлы мұрсатты ұтымды пайдаланып, кітап оқып, музыка тың­дап, кино көріп, қо­йылым­дар­­ға барып, сол тілде сөй­лейтін дос­тарыңызбен ара­лас-құралас болу да аударма­шы­ның сөздік қоры мен этно­мәдени лексика­сы­ның молы­ғуы­на жақсы әсер етеді.

Өзі үйренген шет тілінен қо­лына тиген кез келген мазмұн­да­ғы кез келген мәтінді оқыған не­месе естіген сәтте мүдірместен ілеспе ау­дарма жасайтын ауызша аудар­ма­шылық деңгейге жету өте ұзақ, қиын да күрделі үдерісті бас­тан өткеруді, былайша айт­қан­да тар жол, тайғақ кешуді қа­жет етеді. Дәл спортшының жат­тығуы сияқты. Спортшы жарыста жақсы нәтижеге жету үшін күн-түн демей тер төгіп, өзін аямай, талмай жаттығады. Аудар­ма­шыға қа­тыс­ты да осыны айтуға болады. Тіл – қысқа уа­қыт­та, екі-үш айдың ішінде меңгеріп алатын шаруа емес. Тіл – талай жыл­­ғы үздіксіз еңбекті қажет ете­тін күрделі құ­былыс. Студент кезде грамматиканы үйренумен қатар, күн сайын жаңа сөз жаттап, ша­ғын мәтін­дерді тыңдап, естіп, оқу үдеріс­те­рінен өткен соң сол тілде сөй­лейтін елге барып, халқының арасында біраз уақыт тұру барысында тілдің ауызекі түрін үйре­ніп, еркін сөйлеу тәсіліне тө­селу­ге әбден болады Қорыта келгенде, аудармашылық іспен айналысу кез-келген адамның қолынан келетін іс емес. Аудармашылықен айналысу үшін бұл істің қыр-сырын біліп, оны жетік меңгерген абзал. Жалпы аудармашылардың қазақ тарихында алатын орны ерекше.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Құлманов С. Аударманың өзекті мәселелері. – Алматы: «Palitra-Press», 2015.– 216 б.

2. Алпысбаев Қ.Қ., Қазыбек Г.Қ. Қазақ аудармасының теориясы мен тәжірибесі.

– Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 213 б.

3. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. – Астана: «Аударма» баспасы, 2004. –70 б.

4. Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени

мәселелер. – Алматы, 1999. – 199 б.

5. Сәмитұлы Ж. Аударма теориясы және практикасы. – Алматы, 2005. – 198 б.

6. Әлпейісова К. Мағыналас мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің қазақша-

орысша және орысша-қазақша сөздігі. Астана: «Аударма», 2006. – 84 б.

7. Абдрахманов С. Перевод поэзии и поэзия перевода. (исследование). –Астана:

«Аударма», 2008. – 234 б.

8.Әміренова Р.С., Мұсаұлы Ж. Қазақ және орыс тілдерінің салғастырмалы

грамматикасы. Сопоставительная грамматика казахского и русского языков. Оқу

құралы. Кокшетау: «Келешек-2030», 2007. – 216 б.

9. Ахметов З. Абай и Лермонтов. Эссе. – Алматы: «Арда», 2008. – 56 б.

10. Мараховская О.Н., Тәжімұрат О.Қ. Қазақ тілі мен орыс тілінің салыстырмалы

грамматикасы: Оқу құралы. – Астана. Фолиант, 2007. – 116 б.

11. Шалқаров Г.И., Сатыбаева А.Т. Салыстырмалы грамматика: Оқу құралы. –

Астана: Фолиант, 2007. – 220 б.

12. Құрманбайұлы Ш. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа атаулар мен қысқарған сөздер.

– Алматы, 2009. – 256 б.

13. Барсакбаева А.Б.

Б25 Аударма негіздері: оқу-әдістемелік құрал / А.Б. Барсақбаева. Қостанай,

2017. – 108 б

14. И.С. Алексеева. Профессиональный тренинг переводчика. - СПб., 2001.

15. В.В. Алимов. Теория перевода. Перевод в сфере профессиональной коммуникации. - М., 2004.

16. Л.С.Бархударов. Язык и перевод. - М., 1975.

17. В.С. Виноградов. Введение в переводоведение. - М., 2001.

18. С.Влахов, С.Флорин. Непереводимое в переводе. – М.,1980.

19. Н.К.Гарбовский. Теория перевода. - М., 2004.

20. Р.З. Загидуллин. Переводоведение в Казахстане: состояние и перспективы // Актуальные проблемы теории и практики перевода в контексте современности. – Алматы, 2000.

21. Р.З. Загидуллин. Теоретические и методологические основы переводческого тезауруса. – Бишкек,1993.

22. Т.А.Казакова. Художественный перевод. Теория и практика. - СПб, 2006.

23. Т.А. Казакова. Практические основы перевода. - СПб, 2000.

24. В.Д.Калинина. Теория и практика перевода. - М., 2008.

25. P. Newmark. Approaches to Translation. – Prentice Hall International,1988.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!