400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әуезов шығармаларындағы кейіпкер мен кеңістік концепциясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әуезов шығармаларына талдау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұхтар Әуезов туындыларындағы кеңістік пен кейіпкер концепциясы

Қоғам мен адам, я болмаса кеңістік пен кейіпкер проблемасы қашан да қаламгердің дарын мен парасат – білігін салмақтайтын әдебиеттің рухани өзегі. Кейіпкерсіз көркем шығарманың, кеңістіксіз кейіпкердің көрінуі мүмкін болмағандықтан , осы екеуінің арасындағы жанды байланыстардың өзгермелі күйін суреткерлік құдіретпен бере білу – жазушы көркем туындысының шынайы сапалық өлшеуші.

Соңғы жылдарда кеңістік пен кейіпкер қатынасын көркем зерделеу нәтижесінде өніп шығып, әдеби тенденциялардың бірі ретінде көрініс берген қазақ прозасындағы экзистенционалды ой ағымы бүгінгі күні айрықша назар аударуға сұранып тұрған мәселелердің ішіне енеді.

Бір сөзбен айтқанда, экзистенциалистер концепциясы әлем және жалғыздық ұғымынан өрбиді. Әлемдік философиядағы бұл бағыттың ірі өкілдерін ортақтастырып тұратын басты белгі – адам болмысына «Мен» және «Басқалар» ұғымы тұрғысынан келуі. Олар үшін қоғамдық қатынастар сияқты қозғалыс түрлері абстракция, негізгі шындық – субъективтілік. Осындай ой – тұжырымдардың негізгі құяр арналарының бірі – адам өзінің әлемдік жалғыздығын түйсіну арқылы қоғамнан, сондағы қалыптасқан қатынастар мен нормалардан жатсынуы. Ол – экзистенциализмнің мәдени құлдырау, рухани дағдарыс кезінде күш алатыны. Яғни, экзистенциалистік ой ағымы қоғамдық құрылыстағы және әлемдік деңгейдегі қайшылықтар тереңдегенде, санадағы қақтығыстар кезеңіндегі адам өзінің фәнидегі жалғыздығын барынша түсінеді деген пікір ұстанады.

Жазушы Мұхтар Әуезовтің әуелгі «Жетім», «Көксерек», «Қорғансыздың күні» шығармаларынан сыншылар мен зерттеушілердің аңғарғаны шығарма бойындағы терең философиялық түйін мен лирикалық желінің шебер үйлесе білуі және психологиялық талдау мен публицистикалық сарынның берік жымдасып келіп, авторлық «Меннің» баса көрсетілуі. Бүкіл шығармаларында Өмір – Адам – Табиғат желісіне құрылып, айрықша концептуалдық мағына иеленеді.

Мұхтар Әуезовтің әлем мен жалғыздық арасындағы қарым-қатынасты көркем игеру барысындағы экзистенциалистік ой – пікірлері «Жетім» әңгімесінен анығырақ көрінеді. Дүние тылсымын, адам-жұмбақтың сырын ашуға ұмтылатын қаламгер кеңістік ретінде Ұлы таудың қатал да, ешкімге сырын ашпас томырық табиғатын алады. Мұнда қазақ прозасына танылған көркемдік амал –табиғатты адам трагедиясымен қабыстыра суреттеу жүзеге асады.

Әңгімеде Ұлы таудың табиғаты тек географиялық ұғымды білдіре бермейді. Мұнда табиғат аясы – ғаламның кішірейтіліп алынған моделі. Қаламгер ойынша, олардың адамгершілік сапалары, ақыл – ой өрісі, рухани әлемі ішкі еркіндікті тұсаулаған , өзінің шектеулі заңдылықтары бар адамдар қауымының ортасында емес, алып кеңістікпен бетпе – бет жеке келгенде ашылуы тиіс.

Мұхтар Әуезов үлкен философиялық проблема – жатсынуды да айналып өтпегенін аңғарамыз. Мұндай ой бізге оның тырнақалды туындыларына үңілгенде келеді. Соның бірі – қаламгердің үздік шығармаларынан саналатын «Қорғансызыдың күні» әңгімесі. Әңгіме экспозициясы Оралхан Бөкейдің «Қамшыгер» шығармасына ұқсас. Арқалық тауының сұсты табиғаты мен Ғазизаның тұрағы бейнеленуі сұрқай тірішіліктің, суық әлемнің суретін берсе, Садақбайдың мекені де елеусіз қалғандай, жалғыздық пен жетімдіктің күйін шертеді.

Шығарманың сюжеті өрбуге тиісті кеңістікте көңілге суықтық ұялататын экспрессивтік суретпен беру бұл тұста автордың көркемдік мақсатымен орайлас алынады, характер ашудағы маңызды компанент ретінде қолданылады. Тозығы әбден жеткен ескі жалғыз үй, аңырап соққан аңызақтың бәрі Ғазизаның мазасыз, шексіз жалғызсыраған тірлігінің белгісіндей.Табиғаттың жұпыны көрінісін суреттеу арқылы автор көңілсіз тыныс тіршіліктің беймәлім сырына бастағандай болады. Бұл жерді мекен ететін адамдар әрекетіндеде шектеулілік, дәрменсіздік бар. Ерте күннен аталарының қонысы болғандықтан және басқа ірге аударарлық жайлы жері жоқтықтан, «құдайына жылап» отыра беретін кедейлердің күйі – сорлылық күйі.

Автор әңгіме басынан табиғат, адам, қоғам тұтастығын қамти қозғайды. Мұхтар шанадағы жолаушылардың пішіні мен мінезін атастыра суреттейді. Оларға да қаңтардың қытымыр аязы мен долы бораны пана іздетеді. Жол үстіндегі Ақанның ойы мен оның түнгі жүрісіне ыңғайлы Қалтай қылығы көңілге секем ұялатады. Қараңғылықта қараңғы үйге қара ниет кірді. Автор үй ішін, сыр сипатын, бар мүлік заттың болмысын, жүдеу тұрмысын көңілсіз реңге рең қоса сипаттағаннан кейін, үй иелерінің кескін – келбетін береді.

«Қорғансыздың күнінде» арамдықпен жасалған зұлымдық – жалғызыдқтың жиіркенішті суреті жеріне жеткізіле көрсетілген. Әңгімедегі оқиға ағымы қорғансыздың күні қашанда қорғансыз, олар қашанда әділетсіздік пен озбырлықтың құрбаны деген ойға жетелейді. Оқиғаны торыға баяндаған автор қоғамда орын алған әділетсіздіктің құрбаны жалғыз Ғазиза еместігін оқырманға бағамдатып, қоғамды билеушілердің келіссіз әрекеті, өктемдігі алдында бүкіл қазақ қауымы шарасыз, қорғансыз екендігін ишаратпен бейнелеген. Автор ар сілкінісін негіздеу көмегімен күрескерлік идеяға да барған.

Жатсыну мәселесінде жазушының позициясын толықтай әйгілеген шығармаларының бірі - «Жетім» әңгімесі. Мұхтар Әуезов мұнда өзінің айнымас тақырыбы – кеңістік пен жалғызыдық мәселесін негізгі нысана етіп алады да, көркемдік құралдарды осы екі ұғымның аясында топтастырады.

Қазіргі адам мәселесін қарама қайшылықты дүниетанымдар қақтығысында бейнелеу кейінгі уақыттағы прозаның даму процесін айқын етер маңызды тенденциялардың бірі болатын. Яғни, жеке тұлғаны зерттеу, оның арманы мен аңсарын, сезім мен түйсігін зерделеу әдебиеттің диалектикалық қозғалысындағы тағы бір маңызды белес еді.

«Көркем әдебиеттегі жинақтау – типке әкелсе, даралау–мінезге әкеледі. Образ осылай туады. Мұның өзі, шын мәніндегі өнер адамы үшін әрі әдемі, қызық әрекет те, әрі «инемен құдық қазғандай» қиын әрекет. Суреткерлік шеберлік те осы әрекеттен көрінбек. Мұхтардың ғұмыр бойғы әрекеті –жазушылық шеберлік жолындағы әрекет. Шеберлік тағы да шексіз. Шығарма жазу нағыз шебер үшін шеберлеген сайын қиындай береді. Шеберлік демекші, қаламгер шеберлігінің түпкі түйіні –жазушының өзі жан жүрегіндегі сезім мен сырды өзгенің ой –санасына мейілінше әсерлі және сұлу жеткізу, ұтымды және дәл тарту».

Әр адамның өзіндік тағдыры болатыны сияқты, әр кітаптың өзіндік тағдыры болады. М.Әуезовтің тағдыр талайы еректеу шығармасының бірі – «Қилы заман». Бұл кітап автордың ойға алған трилогиясының бірінші бөлімі болса керек. Жазушы 1917 жылғы революцияны, 1918 жылғы азамат соғысын зерделеп, тұтас дүние жасауды мақсат тұтыпты. Көңілдегі трилогияның кітаптың бірінші бөлімі тартқан құқай автор ойын сансыратқандай.

Табиғат пен адам арасындағы үзілмес байланысты автор шығармада үнемі еске салып отырады.Шығармадағы пейзаж,кейіптеу Әуезов көзімен аңдамағаныңды аңғартады. Ұзақтың қызының қазасына қатысты ішкі арпалысын берген тұста, мынандай пейзажға орын береді: «Кейде бергі беттегі дәл желкедегі тоғай,қара быжырық болып, жас ойға түскен қайғыдай көлеңкеленіп, көшкілденіп жүдеп кетті». «Желкедегі тоғай» қазақ жастарының символындай, оның «жас айға түскен қайғыға»теңелуінде де уақыт табын сездіретін астар бар.

«Қараш-қараш оқиғасы» повесін жазуда да М.Әуезов өзінің жазушылық дағдысы өмірдегі болған оқиғаларды көркем суреттеуден танбаған. Автор сезім сергелдеңі үстіндегі Бақтығұл мен табиғат болмысын шебер жымдастырады. «Буалдыр күңгірт күздің кәзіргі күні кірлегендей болып салбырап,кіржиіп тұр. Сұр тонды ,сұр түсті жүдеу мерген сұр тас пен түнерген аспанның түсіне боялып, қалың жым – жыртыққа қоса батқандай..». «Сұр тон», «сұр тас», «сұр түс» пен «түнерген аспан» - біртұтас дүние. Дүние кейпі мен кейіпкер кейпі – біртұтас әлем. Адамға тәуелсіз жаратылыс болмысының өзгермелілігі мен кейіпкер болмысындағы құбылыстардың үндестігін автор меңзейді. Повестегі табиғат, ландшафттар символдық мәнге де, кейіпкер психологиясын ашып, толықтыруға да қызмет атқарады. Бұл, әсіресе, повестің сегізінші тарауында ауқымды. Жарасбайды өлтіру шешіміне бекінген Бақтығұлдың ішкі жан дүниесіндегі арпалыс тұсында сыртқы орта меңіреу қалмайды. «Күз аспаны кірлеп,мұнартып, алыстағы қарлы биіктердің басына сәлдедей бұлт оралып томсарып, сұрланып тұр». «Кірлеп», «томсарып», «сұрланып» тұрған аспан реңі кейіпкер болмысымен байланыста.

«Көксерек» повесі – тақырып жағынан оқшау тұрған шығарма. Әлем әдебиетінде қасқырдың, жалпы аң-құстың «психологиясын» беру дәстүрі бар. Адам мен табиғат арасындағы қарым – қатынастың бұзылуы – мәңгілік тақырып. «Көксерек» повесі осы тақырыпта қазақ ұғымы, тірішілік таным тұрғысынан келіп, әлем әдебиетіне тың көркемдік құбылыс ретінде қосылған шығарма болды. Жазушы қандай тақырыбын жазса да адам психологиясын, оның қабат – қабат астарын терең аша отырып, қазақ әдебиетінде сол кезеңде жиі көтерілген тақырыпты мүлде жаңа қырынан, өзшеге шеберлікпен игерген.

Әуезов әңгімелерінде сырттан тон пішу жоқ, өмірдің өз ағысы бар, адамның жан дүниесі,дүние танымы, өз жағдайы мен мүмкіндігіне сай өсу жолы бар. Жазушы кейіпкер жан дүниесін асықпай терең зерттейді, тереңдемей жатып алдын – ала сызық сызумен әуестенбейді. Жазушы шығармада суреттелетін оқиғаға өз қатысын, субъективті пікірін зорлап таңбайды. Ол кейіпкердің әрқайсысының өз сипаттарын өздері танытуына кең жол ашады. Өмірдегі қатыгездік пен мейірбандық, қараңғылық пен білімділік, сезім салқындығы мен шынайы сүйіспеншілік, екіжүзділік пен адалдық күрестерін Әуезов қажымай – талмай өз арнасымен, өз даму барысымен, өз заңдылықтарымен шынайы суреттейді.

Әуезов әңгімелеріндегі елсіз меңіреу дала, қараңғы қорқынышты түн, ышқына ұлыған боран, суық жартас – кейіпкерлер бойындағы трагедиялық күйді қоюлатушы факторлар болуымен бірге басқаның тағдырына жанашырлығы жоқ, өзінің аз уақыт қызығы үшін, басқаның бар бақытын таптап кетуге бар жандардың да жақын жүргенін ескертетін құбылыс. Психологиялық параллелизм көріністері осы тұста қылаң береді.

«Абай жолы» эпопеясының көркемдік әлемі дегенде алдымен ойға оралатыны – жазушының оқиға болмысын, кейіпкер жан дүниесін ашуда табиғат құбылысын үндестіре суреттеуі. Эпопеяда табиғат құбылысының кейіпкер өмірімен, көңіл күйімен ұштасуы шығарма тілін пайымдауға да жетелейді.

«М.Әуезов табиғат суретін беруде де өзін үлкен суретші ретінде көрсетеді. «Абай жолы» роман – эпопеясында қаза совет әдебиетіндегі пейзаждың классикалық үлгілері болып табылатын тамаша табиғат суреттерін кездестіреміз», - деген А.Нұрқатов өз ойын былай жалғайды : «М.Әуезовтің қолдануында пейзаж оқиғаның болған орны мен мерзімін дәл көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ол әрқашан адамдардың характерлерінің типтік сипаттары мен олардың өзара қатынастарын мейілінше мол ашуға да қызмет етеді.

Табиғат суретін беру Әуезов үшін дара мақсат емес, ол пейзажды өзінің авторлық идеясына сәйкестендіріп, үнемі құбылтып, құлпырта отырып қолданады. Жазушы табиғат суреттерін көбіне геройлардың ой сезімдері, солардың түсінулері арқылы береді.

Эпопея басындағы табиғат суреті мен даладағы қым – қуыт өмірден хабары жоқ, өмірдің күңгейін ғана көріп, сонан ләззат алған, шат көңілді бала Абай көңіл – күйі астасып бедерленеді.

Жазушы да осы тұста табиғатқа бала көзімен қарап алдыға алаңсыз ұмтылған, шат көңілді бұзғысы келмегендей табиғатты көтеріңкі лепте бейнелейді. «Жазықсыз сары биік,көкшіл қоныс, ақ көделі әдемі өлке мұнарланады.Барлық айналадағы кең дүниеге, әсіресе мынау өзі туған сахара,өлке белдеріне соншалық ыстық сезіммен, кешіріммен де қарайды. Жабыса, сағына сүйеді. Үзілмей, қатаймай, бір қалыппен желпіп соққан әдемі салқын қоңыр жел қандай рахат. Осы желмен құлпыра толқып, су бетіндей жыбыр қағып шалқып жатқан алкүрең көде мен селеу далалары... дала емес – теңіздері қандай! Сол даладан көз алмай, тоя алмай, үнсіз телміріп, ұзақ – ұзақ қарайды».Сағыныш сезімі туған жердің әр белесін Абайға түрлі – түсті бояуда елестетеді. Автор бала көзінің шылымынан да оның болашақ болмысын меңзегендей қалып танытады. Бала Абайдың көзіне алдымен «жазықсыз сары биік»көрінеді. Даладан көз алмай «үнсіз телміріп» қарауда да астарлы мағына бар.

Абай Тоғжанға деген сезімін неге жорырын білмей, дүние сырын аңдығандай болып тұрған сәттегі табиғат суреті: «Орталап қалған ай батысқа таман сызылып барады. Биік те алысқа тартып барады. Жүректі де ренішпен, лайдан құтқарып, сонадйлық биікке, қазіргі бұлтсыз аспандай алысқа, тазалық рахатқа шақырып жыраққа мегзейді». Автор биіктік ұғымына назар салуды қалағандай алыста, жырақта сөздерімен үстемелете, биіктің өлшемін межелегендей болады. Махаббат атты сезімнің қай мағынада болсын биіктікті қалайтынын сездірумен қатар, Абай махаббатының қол жетпес алыстығын да меңзеу бар. Абайдың Тоғжанмен кездесуге бара жатқан сәтіндегі табиғат суретінде де астарлы ой қылаңдайды. «Биік көк аспанда жалғыз жүзген жүдеу реңді жарты айға қарап Абай күрсініп қояды.Кейіпкердің психологиялық сезім құбылыстары мен табиғат та тамырлас.

Табиғат пен адам арасындағы үндестік боранға қатысты суреттеуден де көрінеді.Боран арқылы адамдар арасындағы қарым – қатынасындағы дүрдіараздықтың шегіне жетуін баламалау бар.Дүлей боранда Абайлардың адасуы мен өмір боранында да қаптаған әділетсіздіктің қоршауында қалуын жазушы тұспалмен жеткізге,кейіпкер бейнесін ашуда символға барған.Қатаң соққан қалың желдің,боранның үдей түсуінде де,желге қарсы жүрудің қиындығын айтуда да автор Абай өмірін қаумалап алған қатерді де,отаршылдықты да меңзеуді көздеген.

Жер ортасы жастан асқан Абайдың туған даласына аса бір ықыласпен көз жіберетін тұсы эпопеяда былай суреттеледі: «Қатпарлы қалың адырлардағы кеш көлеңкесі өмір кешіндей сезіледі. Салқындап, қарауыта түсіп, өтіп кеткен ауыр дәурендей, сол қазалы ауыр күндер ізін сақтағандай. Тек қана суық түсті өгейлік, нәрсіздік, өлімге бейім суық күйлер танытады». «Бұл арада Абай тұнжыр бір тұлдыр тірлікті, күдік пен кесілген үмітті көріп отыр. Бірақ осының өзінде де ол қарсы алдындағы сұсты,өгей көріністің өн бойынан ізгілік пен зұлымдық күресі тәрізді шуақ пен түнек тартысын, күрес қайшылығын сезбей қалмайды».

Жазушы шығармадағы оқиғаның болмысын,кейіпкер жан дүниесін ашуда детальды да ұтымды пайдаланған. Соның бірі – эпопеядағы не бір жамандықтың, жауыздықтың хабаршысындай естілетін ат дүбірі. Автор тыныштықты бұзатын ат дүбірін әр сурет сайын толықтыра, әклктін хабарды үдемелете түседі.

Әуезов тілінің шалқарлығы, образдылығы, ойлылығы эпопеяның өн бойында ұшан теңіз.



Пайдаланған әдебиеттер:

Әуезовтану дәрістері. Оқу құралы. «Кітап» баспасы. – Алматы.: 2010.

Әуезов М., Абай жолы романы, 3 том, -Алматы: Жазушы, 2002

Омаров  Д., Абайтану, Алматы: Мектеп, 2002





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
657
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі