400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әуезовтың Абайы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала да Әуезов жазған Абай өмірінің қазырғы өмірмен сабақтастығы,идеологиясы мен мазмұныэазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әуезовтың Абайы

М.Әуезов-қазақ халқының үнін,халық арманының тарихын,халық мұңы мен үмітін тамыршыдай тап басып бейнелеген бірегей жазушы.Романдар мен повестер,әңгімелер мен пьесаларында кешегі ескі өмірдің күйреуін суреттей келе М.Әуезов әлемнен адамға қарай бет бұрады.Күнделікті өмірдің тереңінен сыр тартқан мазмұнды философияға толы Әуезовтың көркем ойы нағыз халықтық образдары сомдай білді,Абай образы,әлемдік әдебиет бейнелері әлемдік руханиятта өз орнын алып,жалпыадамзаттық мәнге ие болды.

Жазушы санасында Абай шыңға біткен жалғыз бәйтеректей дараланып,оның даналыққа толы шығармалары қазақ халқының “рухани мәдениетінің синтезіне” айналды.Алайда әр жазушының өзінің жанына жақын тақырыбы болатны болса,Әуезов үшін мәңгілік мәнді тақырып-Абай тақырыбы.Хәкім Абай жазушы шығармашылығының мән-мағынасына айналды.

Біріншіден,Абай мұрасы ұлттық санамызда мейілінше кемелдендіріп,жаңа рухани ізденістерге жігерлендірді,ұлттық сезім ұлттық санаға айналды.Әуезов өмірі мен еңбегінің халық үшін қаншалықты маңызды болғанын кейін тарихтың өзі дәлелдеді.Ол аласапыран кезеңдерде халқымыздың талай рет үзіліп қала жаздаған мәдени-рухани жетістігіне арқау,ұлттық сана сезіміне дәнекер болып,кешегі күннен аман жетуіне себепкер болды.

Екіншіден,Абайды тани отырып,Әуезов халық жүрегіне бойлап,халықтың тума талантын,адамгершілігі мен әдеміілкке ғашық жанының нәзік иірімдерін,ән-жырының сырын ұғынды.Жазушы шығармаларының жетпістен астам тілдерде жарық көріп,әлемдік арнадан орын алуы Әуезов әлемінің көркемдігін еселей түседі.

Мұхтар Әуезов шығармаларында жалпыадамзаттық құндылықтар негізгі ізгілік пен қайырымдылықты бір бағытта ғажап үндестіре білді.Осының бәрі Мұхтар Әуезовті дүниежүзілік көлемдегі тұғырлы тұлғалар қатарына қосады.Мұхтар есімін Шыңғыс Айтматов «Біздің ортақ мандатымыз» деп атады.Ол шығыс халықтарының руханиятына қомақты үлес қосып,дүниежүзілік деңгейге көтерілді.

Әуезов Абайды тану арқылы өз халқының тыныс-тіршілігін терең білді,тарихи болмысы мен бүгінгі бітімін терең ұғынды.Қалай десек те,Абай қазақ әдебиетінің сан ғасырлық өрлеу-өркендеу жолында өлшеусіз үлес қосып, «алтын ғасырдың» көз жетпес көркем биігі болғандығы баршамызға аян.Абай мұрасын зерттеуде Мұхтар еңбегі өлшеусіз.

Ұлы тұлғаны уақыт аласарта алмайды.Жаңа мерейтойында бұрынғыдан да биіктей түскен Әуезов бейнесі осыған куә.Келер ғасырда да кемелдене беретін кемеңгер М.Әуезов-тек сіз бен бізді ғана емес,әлі дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игілігі,өлшеусіз бақыты.Өйткені,М.Әуезов құдіреті оның елге деген шексіз махаббаты мен сенімінде жатыр.Осы бір ақиқатты сезіну мына біздерге,бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің іргетасын нығайтып жатқан ұрпаққа қажымас қайрат,жасымас жігер қосады.

Бұл-ұлы Әуезов қашанда бізбен бірге деген сөз.Ұлы қаламгердің рухына көрсетер ең биік құрметіміз-елдігімізді нығайту жолындағы ерен еңбегіміз бен жігерлі күресіміз болмақшы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
06.12.2023
210
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі