Ауған соғысына арналған маңызды тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ауған соғысына арналған маңызды тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы










«Бекітемін» «Келісілді»

______________________ ______________________________

ТShape1 ақырыбы:


«Арлан» әскери-патриоттық клуб жетекшісі:







«Өшпес ерлікке мәңгі тағзым!» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешінің сценарийі


Мақсаты: Ауған соғысы, Таулы Карабах ұрысына қатысқандар жайлы мағлұмат беру; Ауған соғысы, Таулы Карабах ардагерлерімен таныстыра отырып, оқушылардың білімін көтеру.


1 – ЖҮРГІЗУШІ: - Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! «Өшпес ерлікке мәңгі тағзым!» атты Ауған соғысы және Таулы Карабах ардагерлерімен кездесу кешіне қош келдіңіздер!


2 – ЖҮРГІЗУШІ: Елбасымыз қамқор болып Отанына еліне,

Ана тілім қайта оралды менің туған жеріме

Салт-дәстүрде сараланып,

Әнұран да жаңғырып,

Қазағымның жүрегінде жасай берер мәңгілік! дей келе


(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘНҰРАНЫ ШЫРҚАЛСЫН)



1 – ЖҮРГІЗУШІ:

Өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. 15 – ақпан Тәуелсіз Отанымыз Қазақстан үшін атаулы күндердің біріне айналды. Ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлер, таулы карабах ұрысына қатысқан ағалар, бейбіт өмірдегі жарқын істеріңіз, қоғамдық жұмыстарда белсенділіктеріңіз, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектеріңіз Қазақстан жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі болып қала береді, біз сіздерге қарап бой түзейміз.

Құрметті ауғандық жауынгерлер, таулы карабах ұрысына қатысқан ағалар, ұстаздар, оқушылар! Бір кездері аты әлемге әйгілі болған ауған соғысы оттай он жылға созылды. Бүгін біздің ортамызға кешегі Ауған соғысының, Таулы Карабах ұрысына қатысқан Кеңес армиясының сарбаздары, жауынгер ағаларымыз ортамызда отыр. Себебі, олар Отан тапсырмасымен Ауған соғысының бел ортасында болды, ерлік көрсетті. Олар өз көздерімен соғысты, өмір мен өлім үшін арпалысқан жанкештілікті көрді, берілген тапсырманы орындау жолында өзінің, халқының намысын қорғау жолында жан аямай күресті. Біздің халқымыздың сонау заманда найзаның ұшы, білектің күшімен жер қорғауынан бастап, одан бергі небір соғыс зобалаңдарын бастан өткерді. Осы ауған соғысының қанды қырғынынан және Таулы Карабах ұрысынан аман есен оралғанмен жандары жаралы ардагерлеріміз ортамызда отыр. Олар дұшпанының қолынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып көздері жасқа, жүректері мұңға толы шақтары көп. Сондада ата баба рухына дақ түсірмей, оқ пен отқа орана жүріп, елге абыроймен оралған қаһарман жерлестерімізбен бүгінгі кеш қонақтарын таныстырып өтейік.







2 – ЖҮРГІЗУШІ:

Қан майданда қан аққан бұлақтардан,

Қанды кешіп жүреді алда ерлер.

Міне, бүгін сіздерге жыр ақтарам,

Ассалаумағалейкүм, ардагерлер.

Соқыр билік тұсында сумаң қаққан,

Соғыстар аз болғандай, ғасыр дерті.

Ауғанның көк аспанын тұмандатқан,

Сұрапыл майдан бопты қасіретті. - дей келе бүгінгі кездесу кешіне келіп отырған ардагер ағаларымызбен таныстырып өтейік:



1 – ЖҮРГІЗУШІ:

Батыс Қазақстан облысы «Ауған соғысының мүгедектер және ардагерлерінің» қоғамдық бірлестігінің мүшелері:



2 – ЖҮРГІЗУШІ:

Батыс Қазақстан облысы «Таулы Карабахтағы этносаралық қақтығыстарды реттеуге қатысқан ұрыс қимылдарының ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің мүшелері:





«Өшпес ерлікке мәңгі тағзым!» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер.


1 – ЖҮРГІЗУШІ:

Сендер көкке сіңіп кеткен нұрсыңдар

Зәу биікте жұлдыз болып тұрсыңдар

Армандарын айырбастап ажалға

Туған жерге қайтпай қалған қыршындар! деп өмірінің өлшеулі бір бөлігін жауһазын жастық шағының үлесін оқ пен от астында өткізіп тағдырдың жазумен елге оралмай қалған ауған соғысында көз жұмған қаһарман жерлестерімізді еске үшін экранға назар салайық. (БІР МИНУТ ҮНСІЗДІК)








2 – ЖҮРГІЗУШІ:


Өтер жылдар, айлар тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауған менен Карабахта азап шеккен арыстар, - дей келе, алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры: ______________________________________беріледі.

1 – ЖҮРГІЗУШІ: Осы ардагер араларымыздың құрметіне



ӘН «__________________________________________________» орындайтын 10 сынып оқушысы



1 – ЖҮРГІЗУШІ:


Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен, 
Жарқын дүние жанарынан сан көшкен. 
Ардагерлер - естелігі ерліктің, 
Ұрпақтары - бұтақтары, 
Ұмытылмас мәңгі естен.............дей келе келесі «Мені құтқарған қазақ тілім» сахналанған көрініс қабыл алыңыздар.


КӨРІНІС


2 – ЖҮРГІЗУШІ: Соғыс ардагерлерімен сұхбат.

Армысыздар ауғандық таулы карабах жауынгерлер,

Жырым бар жараланған жаныңды емдер,

Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер,

а) Біз үшін Ауған соғысына, Таулы Карабах ұрысына қатысқан жерлестеріміздің орны ерекше. Ендігі, сөз кезегін сол жауынгер ағаларымызға берейік. Олар сіздерге Ауған елінде және Таулы Карабахта болған соғыс зардаптары, ерліктері туралы өз білген көргендерін айтып берсін.

Құрметті оқушылар бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтары, өмірі ерлік пен аңызға толы ағаларымызға сұрақтар қоюларыңызға болады.

Оқушылардың сұрақтары қойылады.

  1. Құрметті (________) ағай, қай жерде дүниеге келіп, балалық шағыңыз қай жерде өтті?

  2. Алғашқы ұстазыңыз кім?

  3. Әскери борышыңызды қай жерде өткердіңіз?

  4. Ауған соғысында есіңізде қалған бір оқиға туралы айтыңызшы?

  5. Ауған соғысындағы ерліктеріңіз үшін қандай медальдармен марапатталдыңыз?

6. Сіздің Таулы-Карабах ұрысына аттанғаныңызды тума –туыстарыңыз білді ме?

7. Ауған жерінде болғанда ауғандықтардың қандай екенін байқадыңыз?

8. Сіз Ауған соғысы туралы фильмдерді көргенде шындыққа жанасатындары бар ма?

9. Сіздермен шақырылған жігіттердің қаншасы елге оралмады? 

10. Сіздерге мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетіліп отыр?                                                                         




2 – ЖҮРГІЗУШІ:

Елім деген ерлерімді

Еске алу – бізге аманат.

Жерім деген ағаларды

Құрмет тұту – бізге аманат! – дей келе ардагер араларымыздың құрметіне



ӘН «__________________________________________________» орындайтын 10 сынып оқушысы



1 – ЖҮРГІЗУШІ:

Сен –қазақсың!

Қазақ деген ел бөлек,

Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек

Сен қазақсың!

Алғызбайтын барыссың,

Ар –ожданның асқағысың, намысысың

Сен қазақсың!

Ұлы дала тұғыры

Күмбір-күмбір күрескерлік ғұмыры

Тіркескеннің дірілдеткен тізесін

Тұлпарлардың тұяғының дүбірі........дей келе келесі құттықтау сөз кезегі мектебіміздің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы – ұйымдастырушысына беріледі.


Қорытынды сөз.

Елін сүйген әрбір адамның ерлік жасауы өз борышының өтеуі болып, оның халқы алдында қадір-қасиетін арттырады. Өйткені, ерлік – ел мұраты. Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 34 жыл өтті. Кезінде бел буып, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған жерлестерімізді, мәңгі есте сақтау, қадірлеп құрметтеу – біздің борышымыз. Құрметті Ардагерлер! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен жүздесе берейік. Бізге келіп сұхбаттасқандарыңызға көп-көп рахмет!

ХОР 10 сынып оқушылары

Сыйлықтарды табыс ету (3 оқушы береді)

Фотоға түсу (ардагерлермен)

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.02.2024
239
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі