400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ӘУЛИЕАТА ӘДЕБИЕТІ» АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ- ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕМНІҢ НӘТИЖЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда «ӘУЛИЕАТА ӘДЕБИЕТІ» АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ- ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕМНІҢ НӘТИЖЕСІ көрсетілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ӘУЛИЕАТА ӘДЕБИЕТІ» АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ- ЗЕРТТЕУ ТӘЖІРИБЕМНІҢ НӘТИЖЕСІ

Авторлық оқу бағдарламасы - педогогикалық құндылық пен жаңалықтардан хабардар ететін авторлық педогогиклық шығармашылықтың нәтижесі. Ол оқу пәнінің білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік білім беру стандартының негізінде жасалады. Авторлық бағдарламаның мазмұндық құрылымы мен тұжырымдамасы жалпы білім беру стандартына сай келуі тиіс. Кез келген бағдарламаның құрастырылуына қойылатын талаптар бар және кейбір міндетті атрибуттар болуы тиіс. Мектеп пәнінің кез келгені бойынша авторлық бағдарлама жасап шығуға болады.

Авторлық бағдарламаның алғашқы міндетті шарты – бағдарлама құрылымы мен мазмұны жағынан орта білім беру саласындағы оқу бағдарламасымен сәйкес болуы тиіс. Сонымен қатар, авторлық бағдарлама келесі талаптарға жауап беруі керек. Қазіргі ғылымның педагогикалық практикалық жағдайымен сәйкес келуі және жаңалығымен даралануы;

· Оқушылардың жеке қабілетін дамытуға бағытталуы, оның интеллектуалды эмоционалды кеңістігіне, коммуникативті қабілеті мен әлеуметтік бейімделуіне;

· жүйелілік талаптарына сай болуы;

· психологиялық-педагогикалық негізі болуы;

· басты дидактикалық құралдар мен материалдармен, сондай-ақ оны жүзеге асырудағы әдістемелік ұсыныстармен қамтамасыз етілуітиіс.

Осыған орай, өзім де осы талаптарды ескере отырып авторлық бағдармамды жасадым. Ол 11-сыныпқа арналған «Әулиеата әдебиеті» бағдарламасы. Әулиеата өңірінен шыққан әдебиеттің тұлғаларын, олардың шығармаларын оқытуға арналған бағдарламаны 34 сағат оқытудың жолын қарастырдым. Жамбыл өңірінен шыққан ақын, жазушы, сатирик, драматург шығармаларын 34 сағатқа сыйғызу мүмкін емес. Алайда, мектеп бағдарламасына енбеген туындыларды талдатып, оқытуды назарға алдым.

Бағдарламаның мақсаты:

  • Әулиеата өңірінен шыққан ақын, жазушы, сатирик шығармаларымен таныстыру

  • Олардың шығармаларындағы рухани құндылықты таныту

  • Көркем шығармаларды талдап- тану іскерлігін дамыту

  • Туған жер әдебиетін оқыту арқылы жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Міндеттері:

  • Би-шешендердің даналық сөздерінің мәнін түсінуге үйрету;

  • Айтыс өнерінің ерекшелігін түсіндіру;

  • Әулиеаталық ақындар шығармашылығының өзіндік ерекшелігін таныту;

  • Әулиеаталық қаламгерлердің қазақ әдебиетіндегі орнын таныту;

  • Қаламгерлердің азаматтық тұлғасын таныту;

  • Шығармаларды оқуға, жан-жақты талдауға дағдыландыру

  • Өз бетінше жұмыс істеуге және шығармашылыққа бағыттау;

Күтілетін нәтиже:

  • Әулиеата өңірінен шыққан ақын-жазушыларды және олардың шығармашығын біледі;

  • Әулиеаталық ақын-жазушылардың шығармашылығы туралы жан-жақты, терең түсінік қалыптасады;

  • Әдеби туындылардың сипатын таниды;

  • Көркем шығарма тіліне талдау жасай алады;

  • Кейіпкерлер жүйесіне талдау жасай алады

  • Алған білімді өмірде қолдана алады

Қорыта келгенде, ұлттық әдебиетімізді танып, бағалай білу – осы өзің туған өлкені, осы өңірдегі ақын мен жазушыны танудан басталады. Адам баласы, ең алдымен өз шаңырағын сүйеді, содан барып туған ауылын, туған өлкесін, адамдарын құрметтейді. Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістер халықтың рухани көзін ашып, тарихымыз бен төл әдебиетіміздің өткенінен жаңаша қарауға мүмкіндік әкелді. Туған өлке әдебиетінің ірі өкілдері, олардың әдеби мұралары жаңаша бағалауды қажет етеді.




Бабалиев Әлімжан Абзалбекұлы

Жамбыл облысы Меркі ауданы

2 Аспара ЖОББМ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
26.10.2023
459
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі