Орта
–Азиялық Жоғары медициналық колледжі
Тақырыбы: Ауруханаішілік инфекциялардың пайда болу себептері,алдын алу шаралары
Орындаған:Якуббаева Н
Тобы:МБК 03-24
Жетекшісі:Юлдашова Д.А
Шымкент 2025
Аннотация
Бұл ғылыми жобада аурухана ішілік инфекция не? Оны бақылау , алдын алу, жұғу жолдарын анықтау, этиологиясы,клиникасы, қандай қоздырғыштар арқылы жұғуы,АІИ-нің ішінде кең таралғандары және эпидемиологиялық ерекшеліктері туралы танысатын боласыздар.
Мақсат:
1. Аурухана ішілік инфекцияның алдын алу және санитарлық эпидемилық талаптарға сай жұмыс жасау.
Міндеттер:
-
Ауруханаішілік инфекцияның алдын алу.
-
Ауруханаішілік инфекцияның этиологиясы.
-
Ауруханаішілік инфекцияның клиникасы.
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
● АІИ
●Дамуына әсер ететін факторлар
●АІИ этиологиясы
●Аурухана ішілік инфекцияның клиникалық жіктелуі
● АІИ тудыратын негізгі қоздырғыштар
●Берілу факторлары
● АІИ туу мүмкін контигенттерінің жоғарылауы
● Емдік диагностикалық мақсатта инвазивті шаралардың көбеюі
● АІИ профилактикасының жалпы шарттары
3.Қорытынды
4.Зерттеу нәтижесі
5.Қолданылған әдебиеттер
1.Кіріспе
Ауруханаішілік инфекциялар бүкіл әлемдегі денсаулық сақтаудың маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Бұлардың тигізетін әлеуметтік-экономикалық зардабы өте үлкен. Қазіргі кездегі емдеу-диагностикалық технологиялардың жетістіктеріне қарамастан, АІИ мәселесі медициналық және әлеуметтік қажеттікті бұрынғыдан да көпкерек етеді. Өзіміздің және шетел зерттеушілерінің мәліметтеріне қарайтын болсақ, АІИ ауруханада жатқан адамдардың 5-20% кездеседі.
Аурухана ішілік инфекция бұл бүкіл әлемде күрделі мәселе тудырып отыр. Мысалы, АҚШ-та АІИ-дан жылсайын 90 мың американдық өледі. Германияда жыл сайын 450-650 мың госпиталды инфекция жағдайы тіркеліп, оның шығыны 3 млрд еуропаны құрап отыр. Францияда 2001 жылы 4 млн астам ауруханада емделу күндерді болуын, яғни науқасты емдеудегі артық қаржы кетудің себебін медицина қызметкерлерінің «қолдарын дұрыс жұмауынан» деп есептейді.
2.Негізгі бөлім
●АІИ
Аурухана ішілік инфекция (немесенозокомиальды, госпитальды) – дегеніміз бұл науқастың ауруханада емделуі барысында өз сырқатынан басқа сырқатты жұқтырып алуы. Көбінесе үш тәуліктен аса мерзімде дамыса немесе ауруханадан шыққан соңғы үш тәулік бойында байқалса бұл ауруханаішілік инфекция ретінде қарастырылады..
Медициналық қызметкері жұмыс істеу барысында қандай да бір жұқпалыауруменауырыпқалуы (кәсібінебайланысты) да осы топқажатады. Науқас тек ауруханада ғана емес сонымен қатар басқа да емдеу мекемелеріне ем алу немесе тексерілу мақсатымен баруы кезінде аурухана ішілік инфекцияны жұқтырып алуы мүмкін
Ауруханаішілік инфекция – науқастың денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызметтерді алуымен байланысты бактериялық, вирустық, паразиттік пайда болатын немесе қызметкердің медициналық ұйымда жұмыс істеуі салдарынан пайда болатын инфекциялық ауру.
Көп жағдайда келесілер инфекцияның көзі болып табылады:
- медициналық қызметкерлер;
- инфекцияның жасырын түрлерінің тасымалдаушылары;
- жаралық жұқпаны қосқанда, жедел, созылмалы жұқпалы аурумен сырқаттанатындар.
● Дамуына әсер ететін факторлар
АІИ қазіргі кезде өсіп-дамуы мына факторларға байланысты: Ірі ауруханалық комплекстердің құрылуы. Аурулардың бір-бірімен күнделікті және тығыз араласуы. Инфекцияны тудырушылардың күшті және жасанды жұғу механизмінің қалыптасуы. Бұл инвазивті емдеу мен диагностикалық процедураға байланысты. Емдеу мен диагностикада стерилизацияның ерекше әдістерін қажет ететін күрделі техниканы қолдану да өз әсерін тигізуде. Инфекциондық ауру туғызушылардың жұғу механизмінің белсенділігі. Әсіресе, емдеу орындарындағы аурулар мен дәрігерлердің тығыз араласуы кезінде тұрмысты-контакті ауа арқылы таралуы мүмкін.
Стационарға әлі анықталмаған инфекциондық аурулары мен түскен адам инфекцияның негізгі көзі, қайнары болыпт абылады. Антимикробтық препараттарды бақылаусыз қолдану. Әртүрлі дәрілік заттарға, қоршаған ортаның қолайсыз факторларына бейімделген микроорганизмдердің қалыптасуы. Халықтың қоршаған орта өзгерістеріне, өмір сүру шарттарына төзімділігі мен тұрақтылығының төмендеуі.
●АІИ этиологиясы
Ауруханаішілік инфекция этиологиясы
АІИ-ны шақыратын қоздырғыштар саны 300-ден артық, олардың құрамына патогенді және шартты патогенді флоралар кіреді.
Ең жиі кездесетін АІИ-ларға жата»ды:
Грам оң коккты флора:Стафилококктар (алтын, эпидермальды), Стрептококктар (пиогенді, энтерококк, пневмония шақыратын).
Грам теріс таяқшалар: энтеробактер туыстығы және көк іріңді таяқша.
Шартты патогенді және патогенді саңырауқұлақтар: ашытқы тәрізді кандида, тереңмикоздардың қоздырғыштары.
Вирустар: жай герпес (ұшық) және желшешек қоздырғышы, аденовирустар, тұмау, парагрипп, паротит, РС-инфекция, энтеровирустар, риновирустар, ротавирустар, т.б. инфекциялар
Облигатты
Облигатты-патогенді микроағзалардың қоздыруы бойынша. Бұл топқа «дәстүрлі»инфекциондық аурулар-бала аурулары, ішек аурулары, ВГВ, ВГС жәнет.б. жатады. Бұл аурулардың үлесіне АІИ 15% келеді. Таза стационарда патогендік тудырушылар келесі жағдайларда болуы мүмкін:
-
Стационарға патогендік қоздырғышты тасушының түсуі;
-
Егер аурухана жұмысшыларының арасында қоздырғышты тасушы болса;
-
Ауруларға келушілер немесе беріп жіберген киімдер мен тамақ арқылы;
Шартты
Шартты-патогенді микроағзалардың, сонымен қатар адамның қалыпты микрофлорасына, кіретіндердің қоздыруы бойынша. Бұл топқа шартты-патогенді микроорганизмдердің тудыратын аурулары жатады. Бұны іріңді-қабынбалы аурулар анықтайды.
Қоздырғыштары: стафилокок, стрептокок, грамм отрицалық бактериялар. Кейбір кездерде ауруханаішілік ауруларды псевдомонадалдар, легионеллалар, ротовирус м туғызады. Зәр шығару жолдарының патологиясы грамм отрицалық микро-ағзаларға байланысты. Көкшіл ірің таяқшасы төменгі тыныс жолдарының инфекциясын тудырады. Психиатрлік стационарда ішек инфекциясы, гастроэнтерологиялық стационарда-хелинобактериоз және т.б. кездеседі.
● Ауруханаішілік инфекцияның клиникалық жіктелуі
Ауруханаішілік инфекцияның клиникалық жіктелуі
-
Қоздырғышына байланысты: облигатты-патогенді және шартты патогенді.
-
Ағымының ұзақтығы мен ерекшелігіне байланысты: жедел, жеделдеу, созылмалы.
-
Ауырлығына байланысты: ауыр, орташа ауырлықта және жеңіл түрі
-
Таралуына байланысты: тез, баяу
-
Жайылмалы инфекция: бактериемия (виремия, микемия), сепсис, септикопиемия, ИТШ.
-
Жергілікті инфекция:
-тері және теріасты инфекциясы.
-респираторлы инфекция.
-көз инфекциялары.
-ЛОР- ағзалар инфекциясы.
-стоматологиялық инфекциялар.
-асқорыту жүйесі инфекциялары.
-урологиялық инфекциялар.
-жыныс жүйесінің инфекциялары.
-сүйек және буындар инфекциясы.
-ОЖЖ-сі инфекциялары.
-жүрек қантамыр жүйесі инфекциялары.
Емдік мекемеде АІИ-мен аурушаңдықтың себептері
Жалпы себептері:
Көп мөлшерде инфекция көзінің болуы және таралуына қолайлы жағдай.
Пациент ағзасының төзімділігінің төмендеуі.
Қоздырғыштардың қоршаған ортаға, залалсыздандырғыш заттарға төзімді болып алуы
Негізгі себептердің бірі: антибиотиктерді «оңды – солды» қолдана беру. Нәтижесінде көптеген антибиотиктерге төзімді штамдар пайда болады.
Бактерио тасымалдаушылықтың туындауы. Қазіргі уақытта медицина қызметкерлері бактерио тасымалдаушылығы АІИ-ның негізгі көзі деп есептеледі. Егер тұрғындар арасында St. Aurerusтасымалдаушылары 20-40% болса, ал хирургия бөлімінің қызметкерлерінде 40-85,7% деп есептеледі.
●

АІИ тудыратын қоздырғыштар
●Берілу факторлары
Қантаминирлік инструментарий, демалуға көмектесетін аппарат, жұмысшылардың залалданған қолдары т.б. Этиологиялық агенттердің әсерінен пайда болатын инфекция тағамдық жолмен беріледі. Емшек еметін жас нәресте, шешесінен жұқтыруы мүмкін. Тағамды дайындау, тағам жасайтын орындарда істейтін жұмысшылар инфекция тасушы болса, ішек инфекциларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Инфекцияның берілуінің артифициальдік жолының әсері өсуде. Біз диагностикалық және емдеу технологияларының нағыз агрессиясы мен кездесіп отырмыз. Парентеральдік берілу кір шприц пен инені қолданғанда, залалданған препараттарды қанға енгізгенде кездеседі. Медициналық жұмысшылардың антисептика мен асептика ережелерін сақтамау, инструменттерді дұрыс дезинфекцияламау осындай жағдайға әкелуде.
АІИ-ның берілу жолдары мен факторлары
Ауа-тамшылы (аэрозольды)
Сулы-алиментарлы.
Тұрмыстық-қатынастық.
Жарақаттан кейінгі инфекция.
Басқа формалары
Құрал жабдық арқылы жұғу:
Инъекциядан кейінгі
Операциядан кейінгі
Босанудан кейінгі;
Қан құюдан кейінгі
Эндоскопиялы тексеруден кейінгі, Гемодиализден кейінгі;
Геморбциядан кейінгі,трансплантациядан кейінгі
●Ауруханаішілік инфекцияның туу мүмкін контигенттерінің жоғарылауы
АІИ тууы мүмкін контингенттердің жоғарылауы. Ауруханада емделіп жатқан және емханада ем алушы пациентердің арасында төмендегі топтардың жоғарылауы:
Қарт адамдар
Ерте жастағы балалар ағза қарсылығының төмендеуімен
Шала туған балалар
Әртүрлі иммунодефицитті жағдайлы науқастар
Қолайсыз экологиялық фактордың әсеріне байланысты қолайсыз преморбитті фонның болуы.
●Емдік диагностикалық мақсатта инвазивті шаралардың көбеюі
Емдік диагностикалық мақсатта инвазивті шаралардың көбеюі. ДСҰ мәліметі бойынша бұл шаралардың 30% негізсіз деп есептеледі.Олардың ең қауіптілеріне жататындар:
Диагностикалық: қаналу, асқазанды, он екі елі ішекті, ащы ішекті зондтау, эндоскопиялар, пункциялар (жұлын ми, төсжәнет.б. мүшелерді), венесекция, мануальды зерттеулер (вагинальды, ректальды)- әсіресе шырышты қабатта эрозия мен жара болса.
Емдік шаралар: трансфузиялар, инъекциялар, мүшелер мен тіндер трансплантациясы, операциялар, интубация, ингаляциялық наркоз, өкпені жасанды желдету, катетеризация, гемодиализ, аэрозольді ингаляция, бальнеологиялық емдік шаралар
Емдік мекеменің архитектуралық жоспарының дұрыс болмауы, яғни “таза” және “лас” ағындардың қиылысуы, бөлімшелердің функциональды изоляциясының болмауы.
Емдік мекеменің медико-техникалық жабдықталуының нашар болуы, яғни дәрілік заттармен, таңу материальдарымен, инструментермен жеткіліксіз жабдықталуы, ғимарат аумағының тар болуы, вентиляция жұмысының бұзылуы, авариялық жағдайлар, ыстық, суық судың берілуінің , жылу және электр берілуінің бұзылыстары.
Медициналық кадрлардың жеткіліксіздігі және персоналдың АІИ-ның алдын алу жөнінде дұрыс білмеуі.
Санитарлы эпидемиологиялық ережеге сай ауруханаішілік тәртіпті және жеке бас гигиенасын сақтамау.
● АІИ профилактикасының жалпы шарттары
-
Адамдарды егу схемасы және көрсеткіштері бойынша вакцинациялау
-
Күйген ауруларға-Pseudomonasaerudinosa-ға қарсы вакцинациялау
-
Қажетті диета
-
Эубиотиктер мен тактериофагтарды қолдану
АІИ-ның алдын алудағы арнайы емес жүйелі шаралар
1. Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар:
АІИ-ны эпидемиологиялық қадағалау
Емдік мекемеде санитарлық – эпидемиологиялық тәртіпті сақтау
Бактерио тасымалдаушыны науқастар және персоналдар арасынан табу
Науқастарды орналастыру нормасын сақтау
Емдеу мекемесінде эпидемиологиялық тәртіп жағдайын зертханалық деңгейде қадағалау
Антимикробты заттарды дұрыс қолдану
Қызметке алғанда толықтай медициналық тексеру жүргізу
Науқастар арасында санитарлық – ағарту жұмысын жүргізу
Әрбір ауруханада эпидемиолог қызметін енгізу
-
дезинфекциялық – стерилизациялық шаралар:
Дезинфекция
(зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын
жою.
Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің
вегетативті түрлері ғана жойылады.
Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен
химиялық заттар мен жоюға болады.
●Дезинфекцияның
мақсаты:
емдеу сауықтыру мекемелерінің
палаталарынан
сыртқы ортаның объектілерінен
инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын
кетіру және жою.
Зарарсыздандырудың
екі түрі бар: алдын
– алу және ошақты.
Алдын
- алу (профилактикалық) зарарсыздандыру
емдеу сауықтыру мекемесінде АІИ
алдын алу үшін жүргізіледі.
Ошақты зарарсыздандыру
инфекция ошағын алғашқы 6-12
сағат ішінде қоздырғыштардан
тазалау үшін жүргізіледі.
Ошақты дезинфекцияның
үш түрге бөлінеді:
күнделікті, қорытынды, соңғы.
Стерилизация дегеніміз медициналық құрал жабдықтардағы
Микроорганизмдерді және оның спораларын, токсиндерін
Түбегейлі жою. Залалсыздандыруға медицинада дәрілер мен
Диагностикалық препараттар, тігіс және таңғыш материалдар,
Жаймалар, пациенттің күтіміне арналған заттар жіберіледі
-
Стерилизация дегеніміз – бұл аспаптарда, таңу материалдарында микроағзалар мен олардың спораларын толық жою болып табылады. Науқасты күту және емдеу кезінде қолданылатын кез-келген заттар толық стерилизацияланбаса басқа адамдарға ауру жұқтыра алады. Жеткіліксіз стерилизацияланған аспаптарды қолдану сарысу, гепатит, ЖИТС, стафилококк және басқа инфекцияларды дамыта алады.
Стерилизация түрлері
-
жылулық
-
сәулелік
-
Жылулық ( термиялық) стерилизация микробтардың жоғарғы температураға сезімталдығына негізделген. 60 С-та және су бар жерде ақуыз денатурациясы, нуклеин қышқылдарының, липидтердің деградациясы болып, нәтижесінде микробтардың вегетативті түрлері жойылады. Құрамында аз мөлшерде суы бар және онымен тығыз байланысқан тығыз қабығы бар споралар 160-170С-та жойылады. Жылулық стерилизацияда негізінен құрғақ ыстық пен қысымды бу қолданылады.
Химиялық дезинфектанттарды қолдану
Дезинфекцияның физикалық тәсілдерін қолдану
Камералық дезинфекция
Ультра күлгін сәулелендіру
Дезинсекция және дератизация жүргізу
ДЕЗИНСЕКЦИЯ (дез… және лат. Іnsecta – жәндік) – ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін мал фермаларында, құс фабрикаларында,ет комбинаттарында, қоймаларда, т.б. қолданылатын мал дәрігерлік-санитарлық шаралардың бірі. Дезинсекцияның мақсаты – ауру қоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Дезинсекцияныңфизикалық, механикалық, химиялық, биологиялықәдістері бар. Физикалық әдісті қолдану кезінде ыстық не суық температурамен бумен өңдеу, өртеу, жоғары тербелісті ультраток, иондаушы сәулелердің әсерін пайдалану арқылы ұсақ жәндіктерді жояды. Механикалық әдісті қолдану кезінде есік-терезе торланып, қоражай көң-қоқыстан тазартылады. Химиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жою үшін улы препараттар (ДДТ, гексахлоран, хлорофос, нафталин, анабазин, күкіртті газ, т.б.) қолданылады. Биологиялық әдісті қолдану кезінде жәндіктерді жоюға құс, балық, микроорганизмдер пайдаланылады. Дезинсекция арнайы мекемелер мамандарының бекітуімен белгіленген ережеге сай жүргізіледі. Әдетте Дезинсекциялық шаралар дератизациямен қатар орындалады.Дезинсекциялық заттарды қолданылу аймағы мен шарттары оның улылығы мен қауіптлік дәрежесі бойынша анықталады.
Дератизация[1] (де... және лат. rat – егеуқұйрық) – індет ауруларын тарататын кеміргіштерге (егеуқұйрық, тышқан, т.б.) қарсы күрес. Дератизация кеміргіштер тарататын түрлі аурулардың (оба, туляремия, құтыру, сарып, күйдіргі, сальмонеллез, т.б.) қоздырғыштарын дер кезінде құрту, олардан сақтандыру үшін жүргізіледі. Сақтандыру үшін тұрғын үйлер мен ғимараттардың астындағы жертөлелерді, қоймаларды, мал мен құсқораларын таза ұстап, азықты тышқан кіре алмайтын қоймаларда сақтайды. Тышқан інін бітейді. Су кемелері тоқтайтын порттарда басқа шетелдерден ауру жұқтыру қаупі бар кеміргіштер тарап кетпеуі үшін халықар. Тазалық ережелері мұқият сақталуы керек. Дератизация жүргізгенде механикалық (тор, тұзақ, қақпанқою, т.б.); биологиялық (ит, мысықпенұстау, оларды қыратын микробтарды пайдалану); химиялық (улызат, газдарпайдалану) әдістері қолданылады. Әдетте улы, еліктіргіш заттар ретінде крысид, цинкфосфид, зоокумарин, дифторан, стрихнин, фторацетамид, күкіртті ангидрид, т.б. пайдаланылады. Дератизация жұмыстарын қалалар мен жергілікті жерлерде Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттіктің қызметкерлері, арнайы мед. мекемелер (СЭС, дезостанса), өсімдік қорғау мамандары мен агрономдар атқарады. Дератизация жасалған жерде темекі тартуға, тамақ ішуге болмайды.
Дератизация — егеуқұйрықтар мен тышқандарға, атжалмандар мен суырларға, сондай-ақсаршұнақтарға және т.б. зиянды кеміргіштерге қарсы қолданылатын алдын алу шараларының жүйесі. Алдын алу (профилактикалық) шаралары санитарлық-гигиеналық және санитарлық-техникалық болып бөлінеді. Санитарлық-гигиеналық шараларға: тұрғын үйлерді, қоймалар мен сауда саттық орындарын, мал қораларын және құрылыс маңындағы жертелімдерін таза ұстау, сондай-ақ тамақ өнімдерін кеміргіш зиянкестер тимейтін жерде сақтау, тағамның қалдықтары мен қоқыстарын мұқият жинап, тазарту (тағамның қалдықтары мен қоқыстарды беті жабық ыдысқа салу), тұрғын үйлер мен оның подвалдарын қоқырсытпау жатады. Ал санитарлық-техникалық шаралардың мақсаты — тұрғын үйлерде, қоймалар мен сауда орындарында, мал қораларында кеміргіштердің пайда болуына жол бермеу. Ол үшін подвалды үйлердің есіктері қиюына келтіріліп, тығыз жабылуы тиіс; сондай-ақ терезелер әйнектеліп, құбырлар енетін саңылаулары цементпен бітеліп, желдеткіштердің тесіктері де 5 мм-лік ұяшығы бар торлармен жабылуы қажет. Кеміргіштерді жою шаралары механикалық, химиялық және биологиялық тәсілдермен жүргізіледі. Механикалық шараларға әртүрлі қақпандар мен ұстағыштар жатады. Қақпандардың серіппелі үлкен (егеуқұйрықтарға арналған) және кішкене (тышқанқақпан) түрі коп қолданылады. Химиялық тәсілге уланған жемді пайдалану жатады; у ретінде көбіне зоокумарин қолданылады. Ал биологиялық тәсілмен кеміргіштерге қарсы күрес жүргізгенде олардың табиғи жаулары мысықтар мен егеуқұйрық ұстайтын иттерді пайдаланады.
●Қорытынды
Медицина қызмекерлерін вакцинациялаудың инфекцияның алдын алуда орны ерекше: мысалы гепатит В, қызылша, эпидемиялық паротит, қызамық, полиомиелит, ішсүзегі сияқты сырқаттарға қарсы вакцинацияны медицина қызметкерлері толықтай жоспарлы түрде алу керек.
Қызметкердің тазалығы. Күнделікті жұмыстан шығарда душқа не ваннаға жуынуы,шаш пен тырнағының жинақылығы, халатының тазалығы, маскалық тәртіпті ұстану, жөтелу не түшкіру кезінде басын адамнан басқа жаққа қаратуы, әжетханаға барғаннан кейін қолын жуу сияқты күнделікті әдеттерді жадыда сақтау керек.
●Қолданылған әдебиеттер
@kk.m.wikepedia.org
@kazmedic.org
@aldaraspaninfo.kz
@melimde.com
@adilet.zan.kz
@vk.com
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ауруханаішілік инфекциялардың пайда болу себептері,алдын алу шаралары

шағым қалдыра аласыз