400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауыл мектебі: Білім. Ғылым. Тәжірибе

Материал туралы қысқаша түсінік
2021 жылдың 11 желтоқсан күні №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейінде «Ауыл мектебі: Білім. Ғылым. Тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Облыстық семинар облыстық білім басқармасы, «Серіктес директорлар» лигасы және Сырдария аудандық білім бөлімінің басшылығымен ұйымдастырылды. Семинар барысында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында мектептің домбырашылар үйірмесі домбырадан күй ойнап, келген қонақтардың бойындағы патриоттық сезімдерін арттыра түсті. Семинарды мектеп Президенті 11-сынып оқушысы Махамбетұлы Бекнұр жүргізіп отырды. «Ғылымға көңіл бөлсеңіз» бөлімінде 2020-2021 оқу жылында республикалық, облыстық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарының жұмыстары көрмеге қойылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ауыл мектебі: Білім. Ғылым. Тәжірибе

Білім-ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектепте, яғни бар ғылымның бастауы-мектеп, «Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры-ұстаздың қолында» -деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев бізге үлкен міндет артып отыр. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын-ұстаз қолында, сондықтан да біздің басты мақсатымыз-білім сапасын жақсарту. Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Біздің міндетіміз ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білім беруді ақпараттандыру. Білім беру жүйесінің қайта жаңартылуы баланың шығармашылық дарындылығын тануға және болжам жасауға жаңа көзқарасты талап етуде. Дарынды оқушының ізденушілік қасиетін қалыптастыру оқытудың түрлі формалары мен әдістері арқылы жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең тиімдісі оқушыларды зерттей алуға үйрету. Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Тұлғаға дұрыс бағыт беру, даму, қалыптасу аймағына енгізу, өз белсенділіктерін туғызу, өзін - өзі тәрбиелеу іс - әрекеттеріне ықпал ету - ұстаздар алдындағы жауапты міндет. Оқушылардың ғылыми қоғамы мұғалімдермен бірлесе отырып, балалардың ынтасы, қабілеттерін ескеріп, өз қалауларына жол ашып, іздену, зерттеу тақырыптарын алуды ұйымдастыру, ғалымдармен тікелей байланыса отырып, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуі керек. Мектебімізде дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуге ерекше назар аударылуда. Балаларды ғылыми ізденіске, ғылыми жоба қорғауға баулу арқылы білімдерін тереңдету, жаңалық ашуға бағыттау жұмыстары жүргізіліп келеді.

2021 жылдың 11 желтоқсан күні №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейінде «Ауыл мектебі: Білім. Ғылым. Тәжірибе» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Облыстық семинар облыстық білім басқармасы, «Серіктес директорлар» лигасы және Сырдария аудандық білім бөлімінің басшылығымен ұйымдастырылды. Семинар барысында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында мектептің домбырашылар үйірмесі домбырадан күй ойнап, келген қонақтардың бойындағы патриоттық сезімдерін арттыра түсті. Семинарды мектеп Президенті 11-сынып оқушысы Махамбетұлы Бекнұр жүргізіп отырды. «Ғылымға көңіл бөлсеңіз» бөлімінде 2020-2021 оқу жылында республикалық, облыстық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздарының жұмыстары көрмеге қойылды. Бұл жұмысқа жобаның жетекші ұстаздары, ҚМУ-дан келген ғалымдар да өз үлестерін қосты. Сонымен қатар көрмеге «Зерде» конкурсына баратын оқушылардың жұмыстары да қойылып, жұртшылық назарына ұсынылды. Облыстық білім басқармасының басшысы А.Б.Қасымова әр жобаға көңіл бөліп қарап, тыңдап, пікір алмасып, оң бағасын берді. Ғылыми жұмыстардың бастауы оқу процесіндегі зертханалық, практикалық жұмыстардан басталатыны анық. Осы бағытта мектеп-лицей директоры З.Жаманқұлов 9 сыныпта «Сапалық реакциялар» тақырыбында зертханалық жұмыс көрсетсе, физика пәнінің мұғалімі, білім магистрі Н.Баймырзаев 7 сыныпта «Қатты денелердің тығыздығын анықтау» тақырыбында зертханалық жұмыстар көрсетіп, келген қонақтарды таң қалдырды. Биология пәнінің мұғалімі Г.Абдрасилова «Экокабинет» жасақтап, жобалардың сапалы жүргізіліп жатқанын көрсете отырып, қала мектептерінің директорларының таңдайын қақтырды.

2021-2022 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқаулық хатта көрсетілген «Өзін өзі басқару», «Мектеп дебаты», «Мектеп театры» жобалары мектеп акт залында көрініс тапты. Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай «Мәңгілік ел-нұрлы жолы қазақтың» тақырыбында театр қойылымы тамашаланса, мектеп дебатшылары «Ғылыми жоба оқушы ізденісіне бастау бола ала ма?» тақырыбында Үкімет пен оппазиция арасында тартысты пікірталас тамашаланды. «Оқуға құштар-мектеп» жобасы бойынша мектеп оқушылары сынға түсіп, қортындысы шығарылды.

Семинар соңында «Ауыл мектебі: Білім. Ғылым. Тәжірибе» тақырыбындағы пленарлық мәжіліс болып, облыстық білім басқармасының басшысы А.Б.Қасымова семинар барысында көрген жұмыстары туралы ой-пікірін ортаға салып, ауыл мектептері мен қала мектептерінің арасындағы алшақтықтың жоқ екендігіне тоқталып, мектеп ұжымына, шараға қатысқан оқушыларға алғысын білдірді. Пленарлық мәжілісте педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалы директорының орынбасары Ж.Д.Жансүгірова, ҚМУ профессор-зерттеушісі, х.ғ.к, профессоры, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі Н.О.Аппазов, ҚМУ аға оқытушысы, т.ғ.к Ш.О.Еспенбетовалар баяндама жасады. Жасаған баяндамалар жиынға қатысқан әрбір ұстазға ой салып, жаңалықтар қозғалды. Семинарды мектеп-лицей директоры З.Жаманқұлов қортындылап, соңғы 3 жылда мектептің жеткен жетістіктерін тізбектеп баяндап берді. Келген қонақтарға рақмет айта отырып, Сырдария ауданының 4 мектеп-лицейі (№35, №36, №37, №129) «Серіктес директорлар» лигасының құрамына қабылдау рәсімі жасалып, арнайы сертификаттар табысталды.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет. Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы егемендігімізді нығайтуға үлес қосайық құрметті әріптестер!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
726
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі