АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ МҮМКІНДІКТЕРІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ МҮМКІНДІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада ауыл мектептерінде математика пәнін оқытудың ерекшеліктері қарастырылып, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған тиімді әдістер талданады. Саралап оқыту, математикалық модельдеу, өмірмен байланысты есептер және цифрлық ресурстарды пайдалану тәсілдері ұсынылады. Зерттеу ауылдық ортадағы оқыту сапасын арттыруға бағытталған педагогикалық инновациялардың мәнін ашуға негізделген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

АУЫЛ МЕКТЕБІНДЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ МҮМКІНДІКТЕРІ

СОВРЕМЕННЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ПРЕПОДОВАНИЯ

MODERN JPPORTUNITIES FOR NEACHING MATHEMATIOS IN RURAL SCHOOLS

Маралова Бакыт Омиралиевна


Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы.

mbakit.74@mail.ru


Аңдатпа: Бұл мақалада ауыл мектептерінде математика пәнін оқытудың ерекшеліктері қарастырылып, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруға бағытталған тиімді әдістер талданады. Саралап оқыту, математикалық модельдеу, өмірмен байланысты есептер және цифрлық ресурстарды пайдалану тәсілдері ұсынылады. Зерттеу ауылдық ортадағы оқыту сапасын арттыруға бағытталған педагогикалық инновациялардың мәнін ашуға негізделген.

Аннотация: Данная статья рассматривает особенности преподавания математики в сельских школах и анализирует эффективные методы, направленные на повышение математической грамотности учащихся. Предлагаются подходы, включающие дифференцированное обучение, математическое моделирование, задачи, связанные с реальной жизнью, а также использование цифровых ресурсов. Исследование направлено на раскрытие значения педагогических инноваций в повышении качества образования в сельской местности.

Abstract:This article examines the specific features of teaching mathematics in rural schools and analyzes effective methods aimed at improving students’ mathematical literacy. The paper proposes approaches such as differentiated instruction, mathematical modelling, real-life contextual tasks, and the use of digital tools. The study highlights the importance of pedagogical innovations in enhancing the quality of education in rural settings.

Түйінді сөздер: Математикалық сауаттылық, ауыл мектебі, саралап оқыту, модельдеу, цифрлық технологиялар, мотивация, білім беру.





Кіріспе: Математика – сәттілік негізі

Математика – жаратылыстану-ғылыми білімнің және технологиялық прогрестің негізі. Алайда, ауыл мектептеріндегі оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру және оларды күрделі есептерді шешуге даярлау мәселесі әлі де өзекті. Көбінесе, оқушылар пәнді тек "формулалар жиынтығы" ретінде қабылдап, оның күнделікті өмірдегі маңыздылығын түсінбейді. “Математика өмірмен байланысты болғанда ғана оқушы оны түсініп, қолдана алады.” [3][6]

1. Ауыл мектебіндегі математика оқытудың ерекшеліктері

Математика сабағын ауыл мектебінде өткізу кезінде мынадай қиындықтар туындайды:

Мотивацияның төмендігі: Оқушылардың көпшілігі математиканы "қажетсіз" немесе "қиын" пән деп санап, оқуға деген ішкі уәждері төмен болады.

Тәжірибелік қолданудың жоқтығы: Математикалық ұғымдарды (мысалы, пайыз, аудан, көлем) оқушылар өз ауылының экономикалық, шаруашылық өмірімен байланыстыра алмауы.

Базалық білімдегі алшақтық: Шағын жинақты сыныптарда әртүрлі деңгейдегі оқушылардың болуы, бұл кейбір оқушылардың базалық математикалық ұғымдарды толық меңгермеуіне әкеледі.

2. Математика сапасын арттыруға арналған әдістемелік тәсілдер

2.1. Есеп шығаруды жекешелендіру (деңгейлік дифференциация)

Математикада барлық оқушыға бірдей тапсырма беру тиімсіз. Жекешелендіру әдісі міндетті:

Диагностика: Әр оқушының тақырып бойынша меңгерген білімінің деңгейін (Базалық, Орта, Жоғары) анықтау үшін жылдам тесттер жүргізу.

"Үш Деңгейлі Тапсырмалар":

1-деңгей (Базалық): Формуланы тікелей қолдануға және анықтамаларды білуге арналған қарапайым есептер.

2-деңгей (Орта): Бірнеше формула мен логикалық қадамдарды талап ететін типтік есептер.

3-деңгей (Жоғары): Шығармашылықты, анализді және стандартты емес шешімдерді талап ететін олимпиадалық немесе PISA үлгісіндегі есептер.

Кеңес 1: Үш деңгейлі тапсырмалар (Дифференциация)

Бұл тәсіл – шағын жинақты ауыл мектептеріндегі әртүрлі деңгейдегі оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырудың ең тиімді жолы.” [2]

Мысал тақырып: "Пайыздық есептеулер" (7-9 сынып)

Деңгей

Мақсаты

Тапсырма Үлгісі (Ауыл Контекстінде)

I. Базалық деңгей (Түсіну)

Формулаларды жаттау және қарапайым есептеулер жүргізу дағдысы.

Тапсырма: Ауылдық кооператив 500 кг бидай жинады. Бұл бидайдың 10%-ы шығынға кетті. Қанша килограмм бидай шығынға кетті? (Тікелей пайыз табу)

II. Орта деңгей (Қолдану)

Бірнеше амалды біріктіру және логикалық тізбек құру.

Тапсырма: Фермер банкіден жылына 14% үстемемен 3 000 000 теңге несие алды. Егер ол несиені 2 жылда төлесе, банкке жалпы қанша ақша қайтарады? (Күрделі пайыз немесе екі кезеңді есеп)

III. Жоғары деңгей (талдау және модельдеу)

Шығармашылық ойлау, деректерді талдау және есепті өз бетінше құрастыру.

Тапсырма: Ауылдағы 50 сиырдың 15%-ы қазір төлдеуге дайын. Егер төлдеген сиырлардың әрқайсысы күніне 18 литр сүт берсе, қалған сиырлардан 12 литр сүт алса, жалпы сүт өнімділігінің өзгеру динамикасын есептеңіз. (Күрделі мәтіндік есеп, салыстыру және кесте құру)

"Бұл тәсіл әлсіз оқушыға бірінші деңгейді сәтті аяқтау арқылы сенімділік береді, ал қабілетті оқушыларды үшінші деңгейдегі күрделі есептер арқылы дамытуға мүмкіндік береді. Осылайша, әр бала сабақтан табысты әсермен шығады."

2.2. Математикалық модельдеу және қолданбалы есептер

Математиканың абстрактілігін нақты өмірмен байланыстыру.

"Ауыл шаруашылығы математикасы": Пайыз тақырыбын түсіндіру үшін фермердің несие пайызын, егіннің өнімділігін есептеуді мысалға алу.

Ауыл оқушыларының қоршаған ортаға деген қызығушылығын ояту және математиканың нақты пайдасын көрсету. Бұл — пәнаралық байланыстың жарқын үлгісі.

Мысал: Геометрия және аудан есептеу

Математика ұғымы

Өмірмен байланысы (Ауыл контексті)

Ауданды есептеу

Мәселе: Ауылдағы әрбір оқушыға үйінің ауласынан көкөніс өсіруге арналған 20 шаршы метр жер бөлінген. Оқушыларға осы жер учаскесін ең тиімді периметрмен қоршау үшін қажетті материал (қоршаудың ұзындығын) есептеу тапсырылады.

Көлемді есептеу

Мәселе: Фермер шөп сақтауға арналған тікбұрышты параллелепипед пішінді қойма салмақшы. Оның ұзындығы 10 м, ені 6 м, биіктігі 4 м. Егер 1 текше метрге 80 кг шөп сыйса, бұл қоймаға жалпы қанша тонна шөп сақтауға болады? (Оқушы көлемді тауып, оны массаға айналдырады)

Функция графигі

Мәселе: Жергілікті мал өсіруші малдың салмағының (y) уақытқа (x) тәуелділігін графикпен көрсетуді сұрайды. Оқушылар берілген деректер бойынша сызықтық немесе экспоненциалдық функцияны құрастырады.


Осындай тапсырмалар арқылы оқушы:

1.Формуланы жаттамайды, қолдану қажеттілігін түсінеді

2.Экономикалық сауаттылығын арттырады.

3.Математиканың тек оқулықта емес, өз ауылының дамуына тікелей әсер ететінін сезінеді.

"Құрылыс геометриясы": Ауылдағы үйдің немесе қораның ауданын, көлемін есептеу, материалдардың (кірпіш, ағаш) санын анықтау арқылы геометриялық формулалардың қажеттілігін көрсету.

Математикалық сауаттылық (PISA): Оқушыларға күрделі мәтіндік есептерден математикалық модель құруды (теңдеу, функция, кесте) үйрету.

PISA зерттеулерінің нәтижелері оқушылардың мәтінді талдау, модельдеу, логикалық ойлау дағдыларын дамыту қажеттігін көрсетеді.” [1]

2.3. Көрнекілік және интерактивті әдістер

Ауыл мектептеріндегі көрнекі құралдардың жетіспеушілігін инновациямен толтыру.

Геометриядағы құрастыру: Қағаздан, картоннан геометриялық денелердің жаймаларын жасау арқылы көлемдік ойлауды дамыту.

Мәселелік оқыту: "Неліктен дөңгелек доңғалақ шаршы доңғалақтан тиімді?" немесе "Алтын қиманың табиғаттағы рөлі қандай?" деген сияқты проблемалық сұрақтар қою арқылы сабақты бастау.

Бір есеп — үш шешім” әдісі. Олимпиадаға да, күнделікті сабаққа да тиімді. Мәні: Бір есепті үш түрлі жолмен шығарту:

классикалық тәсіл, логикалық қысқа жол, өмірмен байланыстырып модельдеу. Бұл оқушылардың креативті ойлауын дамытады.

Қадамдық ойлау” әдісі (Step-by-step reasoning). Бұл әдіс әсіресе әлсіз деңгейдегі оқушыларға өте тиімді.

Мәні: Күрделі есепті толық шығаруды сұрамай тұрып, оны бөліктерге бөліп, әр бөлікті жеке сұрақ арқылы шештіресіз.

Өмірдегі 1 күн = математика” әдісі

Мысалы: «Ауылда жем бағасы 15% қымбаттады. Фермердің шығыны қалай өзгереді?» Немесе «Қораның шатырын жабу үшін қанша материал керек?»

«Мини-PISA» әдісі. Аптасына 1 рет 5 минут қана уақыт бөлінеді.

Тағы бір жақсысы – ұзақ мәтін емес, қысқа PISA форматындағы есеп.

Мысалы: “Сүт фермасының өнімділігі бойынша диаграмма берілген. Қай айда ең көп? Неге?” Оқушы диаграмма, кесте, мәтін талдауға үйренеді.

«Миға шабуыл – 60 секунд» Сабақ басында: 60 секундтық формула қайталау. жылдам есеп, қысқа сұрақтар.

Мысалы: «60 секунд ішінде 5 формуланы жазыңдар». Бұл әдіс оқушыны сабаққа жедел қосады

«Төңкерілген сұрақ» әдісі.

Мұғалім дайын сұрақ қоймайды, керісінше:

Бір есеп береді

«Осы есептің шарты бойынша қандай сұрақ қоюға болады?» деп сұрайды.Оқушылар проблема қоюды үйренеді. PISA-ға өте қажет дағды.




Геометриялық театр” әдісі. Геометрияда өте тиімді.

Мәні:Оқушыларға фигураларды қолмен жасап көрсете отырып түсіндіру: қағаз қатпарлау, денелердің жаймасын құрастыру, үшбұрышты жіппен көрсету, шеңберді табақпен өлшеу.

3. Математиканы оқытудағы сандық технологиялардың рөлі

Интернет пен компьютер жетіспеушілігіне қарамастан, қолда бар ресурстарды барынша тиімді пайдалану.“GeoGebra, Kahoot, Quizizz, Desmos, BilimLand, Google Forms — көрнекілік арттырып, оқыту процесін жеңілдететін тиімді құралдар.” [4][8]

Сандық технология

Математика сабағындағы қолданысы

Мұғалім үшін пайдасы (ауыл контекстінде)

ГеоГебра (GeoGebra)

Графиктерді, геометриялық фигураларды динамикалық түрде салу және өзгерту.

Көрнекілік: Геометриялық аксиомалар мен функциялардың графиктерін интерактивті түрде көрсету арқылы абстрактілі ұғымдарды нақтылау.

Kahoot! / Quizizz

Сабақтың басында/соңында формулаларды, анықтамаларды тексеруді ойын форматында өткізу.

Кері байланыс: Оқушылардың білімін жылдам бағалау және қай тақырыпта қиындықтар барын бірден анықтау.

Онлайн Калькуляторлар/Python

Күрделі есептеулерді (статистика, үлкен сандармен жұмыс) бағдарламалық құралдар арқылы орындау.

Терең талдау: Оқушылардың есептеуге уақыт жоғалтпай, есептің шешу алгоритміне және математикалық моделіне көбірек көңіл бөлуі.

Видео-Дәрістер (KhanAcademy, BilimLand, Кundelik.kz)

Қиын тақырыптарды (интеграл, туынды негіздері) жеке оқуға немесе қайталауға ұсыну.

"Төңкерілген сынып": Мұғалімнің уақытын дәріс оқуға емес, есептер шығаруға және қиындық тудырған оқушылармен жеке жұмыс істеуге жұмсау.


Lumio, cokrative

Сабақты қорытындылау кезінде тест алу .

Кері байланыс: Оқушылардың білімін жылдам бағалау үшін арналған онлайн-қызмет. Оқушыларға тіркелусіз, арнайы код арқылы қатысуға мүмкіндік береді.



Қорытынды: Логикалық мәдениетті дамыту

Ауыл мектептеріндегі математика білімін арттыру – оқушының логикалық, аналитикалық және өмірлік дағдыларын қалыптастыруды көздейді.” [5].

Осы әдіс-тәсілдер мен цифрлық ресурстарды қолданып сабақты түрлендіріп өткізу салдарынан төмендегідей жетістіктерге жеттім. Облыстық “Дарын” ғылыми-жоба жұмысында 2-орын (2020ж), аудандық пәндік олимпиада- 2орын (2023ж), “Айғанат” -1 орын (грант иегері, 2023ж), “Алтын сақа” -өңірлік 2 орын (2024ж), “Алтын түлек” -республикалық олимпиада-3 орын (2024ж), өңірлік -1 орын (2025ж), “Зерде” ғылыми жоба жұмысында - облыстық грамота (2025ж), “Ақбота” зияткерлік олимпиада, “Кенгуру” халықаралық ойын-конкурсына жылда оқушылар қатысып жүлделі 1-3 орындарға ие болды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. ҚР Білім және ғылым министрлігі. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Астана, 2023.
    2. Жүнісбекова А. Математиканы оқыту психологиясы. Алматы: Білім, 2020.
    3. Елмағанбетова Қ. Математика пәнін оқыту әдістемесі. Алматы: Мектеп, 2019.
    4. Қайыңбаев Ж. Математикада цифрлық ресурстарды пайдалану әдістемесі. Астана: Ұлағат, 2021.
    5. Сағындықов Е. Математикалық логика және ойлауды дамыту. Алматы: Дәуір, 2018.
    6. Оразаев А. Қолданбалы математика және модельдеу. Шымкент: Түркістан, 2022.
    7. Әбілқасымова А. Математика есептерін шығару әдістері. Алматы: Білім, 2017.
    8. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы. Алматы: Білім, 2016.
    9. Нысанбаев Ә., Жұмабекова Б. STEM және цифрлық білім беру. Астана: НЗМ ДББҰ, 2021.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі