Қолданылған әдебиеттер
1.
МЕЛИОРАЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТТАР
МАҚСАТТАРЫ: Болашақ агрономдарды және басқа ауыл шарушылығы мамандар мелиорация ғылымымен әне басқа ауыл шаруашылығы туралы айтылады. Аумағы мелиоративтік аймақтарға бөлу жолдары таныстырылады.
Мелиорация туралы түсінік
Мелиорация - латынның «жақсарту» деген мағына беретін сөзінен шыққан. Мелиорация халық шаруашылығының қай саласында болмасын, табиғаттың қолайсыз жағдайларын белгілі өндіріс қажетіне қарай жақсартуға бағыттылған жұмыстарды біріктіреді. Бұл жұмыстардың ауыл шаруашылығы өндірісіне қажеттісі ауыл шаруашылығы мелиорациялары болып табылады.
Мелиорация ғылымының негізін қалаушылардың бірі Л. Н. Костяковтың анықтамасы бойынша, ауыл шаруашылығы мелиорациялары деп – ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары және қалыпты өнімділігін қамтамасыз ету мақсатымен табиғат жағдайларын жақсартуға бағытталған өзара үйлесімді ұжымдық шаруашылықтық және техникалық жұмыс-әрекеттер мен шаралар жүйесін айтады.
Басқа сөзбен айтқанда, ауыл шаруашылығы мелиорацияларының мақсаты-ауыл шаруашылығы өндірісінің экологиямен үйлесімді экономикалық жағынан тиімді болуының негізі. Себебі, ауыл шаруашылығының тиімді түрде дамуына табиғаттың кейбір қолайсыз жағдайлары мүмкіндік бермейді. Олар: құрғақшылық, топырақтың саздануы және сортаңдануы, жел мен су әсерімен болатын эрозия үрдістері (топырақтың ыдырап, шаңға айналуы немесе жуылып кетуі т. б.)
Табиғи жағдайлары ауыл шаруашылығы өндірісіне қолайсыз жерлерде мелиорация шаралары алдын-ала қолданылмаса, ең мақтаулы жаңа сорттың да сапалы орындалған агротехникалық шаралардың, оның ішінде мезгілімен берілген тыңайтқыштың да, тіпті биотехнология нәтижелерінің де мүмкін болатын тиімділіктері іс жүзінде толығымен пайдаланылмай қалады.
Егіншілік өндірісінің көпжылдық мәліметтеріне қарағанда, мелиорацияланған алаптардың түсімділігі мелиорация шаралары қолданылмаған жерлерге қарағанда 2-10 есе жоғары болады.
Мелиорация шараларының егіншілікке пайдалы әсері 2-3 және одан да көп жылға созылады, ал оларды жүргізуге тек күрделі қаржы қажет. Мұндай қаржылардың қайту мерзімі кем дегенде 2-3 жыл, ал көбінесе 8-10 жыл шамасында болады. Мысалы: жерді 30-40 см терең қопсытудың пайдалы әсері 2-4 жылға созылады. Жерді жыртар алдында төгілетін көң және фосфор тыңайтқыштарының да пайдалы әсері 2-4 жыл бойында байқалады. Сондықтан олар агротехникалық мелиорациялар шаралаы қатарына жатады. Суғару жүйесі бірнеше ондаған жылдар бойы топырақтың сулық және басқа мелиоративтік режимдерін (ауалық, қоректік, тұздық, жылулық және микробиологиялық) жақсартып, дақылдардың жоғары өнімді болуын қамтамасыз етеді. Бұл шара ауыл шаруашылығы мелиорацияларының гидротехникалық деп аталатын түріне жатады. Осы шараларды жүзеге асыруға әрине ұзақ мерзімді несие қажет. Ал агротехникалықшаралардың пайдалы әсері бірнеше күннен, тек бір маусымға дейін ғана созылады. Оларға жұмсалатын қаржылар жедел немесе жылдық деп аталады және сол бір маусымда аяқталуы шарт. Агротехникалық шаралар құрамына жерді 30 см тереңдікке дейін жырту, тырмалау, азот тыңайтқыштарын қолдану сияқты пайдалы әсері бір жылдан аспайтын егіншілікті күтіп баптаудың технологиялық әдістері кіреді.
Мелиоративтік аймақтар
Мелиорация шараларының экологиямен үйлесімді әрі экономикалық табысқа жету үшін, жергілікті табиғи жағдайларды ескере отырып, шаралардың қажетті түрін дұрыс таңдай білу керек. Сондықтан кез келген аумақты мелиоративтік аймақтарға бөлу, оның климаты, гидрогеологиялық, топырақ және басқа табиғи жағдайлары негізінде жүзеге асырылады.
Ылғал мен жылу қоры балансына (ара салмағы) қарай Қазақстан Республикасы аумағы төмендегідей табиғи аймақтарға бөлінеді (1-кесте).
1-кесте
Табиғи аймақтардың негізгі метеорологиялық көрсеткіштері
|
Аймақтары |
Ауаның орташа жылдық температурасы (С0) |
Орташа температурасы 5 С0 артық болатын күндер |
Жауын-шашынның жылдық мөлшері, мм |
Су берілетін буланудың мөлшері, мм |
|
Орманды дала |
2 |
170 |
550 |
600 |
|
Дала |
5 |
190 |
340 |
850 |
|
Шөлейт |
9 |
220 |
150 |
1300 |
|
Шөл |
12 |
240 |
90 |
1600 |
Орманды дала аймағында булану жауын-шашын мөлшерін шамалы ғана артса, далалық және және шөлейт аймақтарда 2,5-10 есе көп болады.
Қазақстан аумағы климатына әсері бар тундра және орманды аймақтар Ресей мемлекеті жерінде орналасқан. Ол аймақтарда жауын-шашын мөлшері буланудан әрдайым артық болады. Сол себептен, аталған аймақтарда топырақтың шамадан тыс ылғалданып, батпақтану үрдісі кеңінен орын алған. Мұндай жерлерде құрғату мелиорациясы қолданылады.
Ауыл шаруашылығы гидротехникалық мелиорацияларының аудандастыруға мүмкіндік жасау мақсатының А.Н.Костяков бұрынғы ССРО территориясын су балансы коффициенті (К) шамалары негізінде үш аймаққа бөлді. Бұл коэффициентті былайша есептейді:
К=uA/E; E=100t [1-r/100],
мұндағы: u – атмосфералық жауын-шашынды пайдалану коэффициенті (0,6-0,8);
А – атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері, мм;
t – ауаның орташа жылдық температурасы, С;
r – ауаның орташа жылдық салыстырмалы ылғалдылығы, %.
Егер К›1 болса, жауын-шашын буланудан артық екенін білдіреді, мұндай аймақ артығымен ылғалдану аймағы деп аталады (І – аймақ).
Егер К=1 болса, жауын-шашын мен булану шамалас екенін білдіреді. Бұл аймақ орташа немесе қалыпты ылғалдану аймағы деп аталады (ІІ – аймақ).
Егер К‹1 болса, жауын-шашын мөлшерінің буланудан аз болатынын білдіреді, бұл аймақ ылғалы тапшы, яғни өте құрғақ аймақ деп аталады (ІІІ – аймақ).
Осы коэффициент мәндерін негізге алып, гидротехникалық мелиорация түрлерін төмендегідей аудандастыруға болады:
І – аймақта (К›1) – негізінен құрғату мелиорациясы қолданылады.
ІІ – аймақта (К=1) – кейбір жылдары суару, ал кейбір жылдары құрғату қолданылады.
ІІІ – аймақта (К‹1) – тек суару мелиорациясы қажет.
Белгілі ғалым Н.Н.Иванов аумақтық климаттық аймақтарға бөлу мақсатында, ылғалдану коэффициентін анықтауды ұсынды (2-кесте).
Ол үшін төмендегі формула қолданылады:
K=A/E, E o=0.0018 (25+t) 2 (100-r),
мұндағы: Е – судың жылдық буланғыштығы, мм;
А, t, r – мәндері жоғарыда көрсетілген.
2-кесте
Аумақты Н.Н.Ивановтың ұсынған коэффициенттері бойынша табиғи аймақтарға бөлу
|
Аймақтар |
Жауын-шашынның жылдық мөлшері, мм |
Ылғалдану коэффициенті (К) |
|
Шөл |
80-120 |
0,1 |
|
Шөлейт |
150-250 |
0,1-0,2 |
|
Құрғақ дала |
200-400 |
0,2-0,3 |
|
Оңтүстік дала |
250-450 |
0,3-0,5 |
|
Қара топырақты дала |
350-550 |
0,5-0,7 |
|
Орманды дала |
450-650 |
0,7-0,9 |
Климаттық және ауыл шаруашылық аймақтарға бөлу үшін Г.Т.Селяниновтың гидротермикалық коэффициентін (ГТК) негігі алуға болады:
ГТК=А10/ЕТ
мұндағы: А – вегетация кезеңіндегі жауын-шашын мөлшері, мм;
t – вегетация кезеңіндегі аууаның орташа тәуліктік температураларының қосындысы, С0.
Аумақтың табиғи ылғалдануына байланысты коэффициенттердің шамалары төмендегідей болады:
жауын-шашын мүлдем болмағанда К=0; өте құрғақ жылдары – 0,5; құрғақ жылдары – 1; ылғалды жылдары – 1,5; шамадан тыс ылғалды жылдары – 2.
Г.Т.Селяниновтың ұсынысы бойынша, суғарудың қажеттілігі коэффициенттің мәні бірден төмендей бастағанда болады.
Д.И.Шашко аумақты аймақтарға бөлу үшін, ылғалдық көрсеткішін анықтауды ұсынды:
К=А/Еd
мұндағы: А – белгілі бір кезеңдегі жауын-шашын мөлшері, мм;
d – сол кезеңдегі қанықпаған ауа ылғалдылығының орташа тәуліктік мөлшерінің қосындысы, мб.
Сонымен осы әдіспен анықтаған К-нің мәні: 0,6-дан үлкен болғаны аумақтың шамадан тыс ылғалданатының; 0,45-0,60 болғаны ылғалданудың қанағаттанарлық; 0,26-0,45 болғаны орташа құрғақшылықты; 0,15-0,25 болғаны жылдың құрғақ, ал 0,15-тен кем болса жылдың өте құрғақ болғанын білдіреді.
Осы коэффициенттің мәні 0,05-ге дейін төмендегенде топырақ ылғалдылығын суғару арқылы арттырады.
Аумақтық ылғалдану шамасын А.П.Федосеев ұсынған коэффициент арқылы бағалауға болады:
К=W+10/E*P/P0
мұндағы: P0 – теңіз деңгейідегі атмосфералық қысым, мм;
Р – таулы аймақтағы атмосфералық қысым, мм.
Сонымен қазіргі кезде Қазақстан Республикасы аумағындағы табиғи аймақтар А.П.Федосеев ұсынған коэффициент негізінде бөлінген (3 және 4-кестелер). Осы мәліметтер негізінде суғару нормаларын анықтап, табиғи аймақтарға аудандастырды.
3-кесте
Қазақстан Республикасы табиғи аймақтарының А.П.Федосеев коэффициенттері арқылы сипатталуы
|
Ылғалдану коэффициенті |
Ылғалдану аймақтары |
Табиғи аймақтар |
|
|
Жазық аймақтар |
|
|
0,5 |
Орташа құрғақ |
Орманды дала |
|
0,5...0,3 |
Құрғақтану |
Дала |
|
0,3...0,2 |
Құрғақ |
Шөлейт |
|
0,2...0,1 |
өте құрғақ |
Шөл |
|
|
Тау және тау етегі |
|
|
0,2...0,3 |
Құрғақ /тау етегі/ |
Шөлейт /тау етегі/ |
|
0,3...0,5 |
Құрғақтану /тау аймағы/ |
Тау етегіндегі дала |
|
0,5 |
Орташа құрғақ және ылғалды |
Таудағы дала және орман |
Қазіргі кезде Қазақстан аумағындағы суғару жұмыстары осы коэффициенттер негізінде аудандастырылған.
4-кесте
Қазақстан Республикасындағы облыс орталықтары мен кейбір елді мекендер жағдайларындағы табиғи ылғалдану коэффициенттері (А.П.Федосеев бойынша)
|
пункт |
Ылғалдану коэффициенті |
пункт |
Ылғалдану коэффициенті |
|
1. Алматы |
0,35 |
12. Талдықорған |
0,22 |
|
2. Ақсуат |
0,26 |
13. Есік |
0,43 |
|
3. Аягөз |
0,27 |
14. Кеген |
0,70 |
|
4. Бақанас |
0,11 |
15. Райымбек |
0,65 |
|
5. Байқадам |
0,11 |
16. Атырау |
0,14 |
|
6. Қазалы |
0,08 |
17. Тараз |
0,20 |
|
7. Қарағанды |
0,35 |
18. Жезқазған |
0,13 |
|
8. Көкшетау |
0,43 |
19. Шелек |
0,10 |
|
9. Қостанай |
0,39 |
20. Орал |
0,26 |
|
10. Қызылорда |
0,07 |
21. Түркістан |
0,08 |
|
11. Көкпекті |
0,31 |
22. Шардара |
0,08 |
Гидрологияның маңызы және түрлері
Судың адам өміріндегі және халық шаруашылығындағы маңызы өте зор. Судың негізгі түтынушыларының бірі - ауыл шаруашылығы өндірісі. Сондыктан, ауыл шаруашьшығы мамандары судың табиғатта таралуын, оның литосферамен (жер) және атмосферамен кандай байланыста болатынын зерттейтін ғылым - гидрологиямен таныс болғаны жөн. Гидрология - су жөніндегі ғылым. Гидрологиялық мэліметтер суғару жұмыстарын жобалай үйымдастъіру үшін ғана емес, оны экологиялық түрғыдан тиімді пайдалану үшін өте қажет.
Гидрология мұхиттық құрылыктық болып екіге болінеді. Құрылықгык гидрология, судың құрылықтағы таралуына байланысты өзен, жер асты сулар, мұздақтар жөне топырақ гидрологиясы (топырактағы ылғалды зерттейді) болып бөлінеді. Аталған гидрология түрлерінін бәрі де суғармалы егіншілікпен тікелей байланысты деуге болалы. Себебі, егін суғару мақсатында өзен суымен басқа, жер асты тіпті теңіз суы да қолданылады. Сондықтан гидрологияның ауыл шаруашылығына тікелей қатынасы бар, су объектілерін зерттеу және сипаттау мәселелеріне арналған бөлімін, тарауын ауыл шаруашылығы гидрологиясы деп атауға болады.
Құрылыкгық гидрологияның су объектілерін зерттеу мақсаты мен әдістемелеріне байланысты төмендегідей салалары бар: гидрометрия -су корын, ағу мөлшерін және құрамын аныктап зерттейді; гидрография - белгілі аумағындағы су объекгілеріне сипаттама береді. Осы білімдер негізінде шаруашылық территориясындағы кішігірім өзен, көлдерге сапалық баға беріп және олардың қанша көлем су бере алатынын анықгап, суғармалы егіншіліктің даму бағытын белгілеуге мүмкіндік береді.
Суғармалы егіншілікке пайдаланылатын тұщы су қорын негізінен атмосфералық жауын-шашын толтырады. Олар топыраққа сіңіп оны ылғалдандырады, одан әрі сіңіп (фильтрация), жер асты суы мөлшерін арттырады, өзен мен көлдерге ағып түсіп, теңіздер мен мүхиттарға да құйылады. Осы үрдістермен булану ұласып жатады. Жауын-шашын қайта жауады, буланады, Міне осылайша судың табиғаттағы айналымы пайда болады.
Белгілі ғалым А.АЛеркасовтың мәліметі бойынша атмосферада су түрінде 12,3 мың км су болады. Жердің бес километрлік терең қабатындағы су мөлшері 49,5 млн км екен. Бірақ, омір көрсетіп отырғандай, осыншама су қоры бола түра, суғармалы егіншіліктің од
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ауыл шаруашылық мелиорациясы" пәнінен лекциялар жинағы

шағым қалдыра аласыз