Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауыл шаруашылық техникасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Физика пәнінен "Ауыл шаруашылық техникасы" тақырыбында ғылыми жоба
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аннотация


Тақырыбы: «Ауыл шаруашылық техникасы»


Өзектілігі: Халықтың ауыл шаруашылық техникасы мен машиналарына деген мұқтаждықтарын бәсеңдету.


Алға қойылған мәселе: Қазақстанның әбден тозығы жеткен ауыл шаруашылық техникалары мен машиналарын жаңа заманауи, қол жетімді техникалармен алмастырып, ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін одан әрі арттыру.


Шешу жолдары: Қазіргі таңда ауылды жерлерді көркейту, ауылдың экономикалық жағдайын көтеру мақсатында жас жеткіншектерді кәсіптікпен шұғылдануға , техникаға деген қызығушылығын арттыру.


Алынған нәтижелері: Болашақ жоғары білікті мамандарға заманауи техникасымен және озық технологияларымен қамтылған ауылшаруашылық өндірісі салаларында қызмет етуге мүмкіндік туғызуы. Оқу үдерісінде аталмыш тракторды қолдану, заманауи талаптарға сәйкес қол жетімді, қарапайым механиктер дайындауға зор мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы саласында заманауи озық технологиялардың пайдаланылуы оның тиімді ілгеруіне мүмкіндік туғызады.























Мазмұны

Аннотация..............................................................................................................3

Кіріспе.....................................................................................................................5

Негізгі бөлім

1. Ауылшаруашылық техникасының салалары, түрлері...................................5

2. Трактор жайлы жалпы мағлұмат.....................................................................7

3. Трактордың модификациясы...........................................................................8

4. Трактордың құрылысы...................................................................................9

Қорытынды.........................................................................................................11

Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................12

Қосымша А.............................................................................................................................13

Қосымша Б.............................................................................................................................14

Қосымша В.............................................................................................................................15

Қосымша Г............................................................................................................................16

Қоысмша Д...........................................................................................................................17











Кіріспе

Ауыл шаруашылық техникасы — ауыл шаруашылығында қолданылатын қондырғылар, машиналар мен құралдардың жиынтық атауы. Қазақстанда мақта, қызылша, картоп, көкөніс, бақ, мал шаруашылықтары, сондай-ақ топыраққа тыңайтқыш себу процестері жақсы механикаландырылған. Қазақстанда кәзіргі таңда металлургия, ауылшаруашылық және көліктік машина жасау салаларына айрықша басымдылық берілуі тиіс. Өйткені дәл осы бағыттар ел экономикасындағы көптеген өндірістік салалардың дамуына жағдай туғызу арқылы Қазақстанның экспорттық әлеуеттік өсуіне айтарлықтай ықпал ететіні анық. Ұлт көшбасшысы, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің азық-түлігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп, ауыл шаруашылығын дамытуға айрықша назар аударып отырғандықтан, біз үшін ең алдымен диқандарымыз бен шаруаларымызды заманауи ауылшаруашылық машиналарымен қамтамасыз ету өте-мөте маңызды дер едік.

«ҚазАгроИнновация» АҚ Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Әбдікерім Оспановтың айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанның ауыл шаруашылығы қажетті техникамен 40-60 пайыз төңірегінде ғана қамтамасыз етілген. Олардың да 80-85 пайызының әбден тозығы жеткен. Мұндай жағдайда ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін қалай еселеп арттырамыз?. Техниканың жетіспеушілігінен егін шаруашылығындағы технологиялық операциялар толық орындалмай, қысқартылуы салдарынан агротехника талаптары бұзылып, өнімділік әр жылы 20-25 пайызға төмен болып тұр,- дейді Әбдікерім Сүлейұлы. Сондықтан ауылшаруашылық машиналарын шығару, сол арқылы еңбек өнімділігін еселеп отырып, Елбасы жүктеген міндеттерді нақты орындау үшін ауыл шаруашылығын механикаландыру тұдырымдамасын қабылдау керек

Ауылшаруашылық техникасының салалары, түрлері.

Ауыл шаруашылық техникасы қолданылу мақсаттарына байланысты бірнеше топқа бөлінеді.Энергетика, көлік және тиеуіш машиналарына түрлі тракторлар, тіркемелер, тиеуіштер, майқұйғыштар, жүккөтергіштер, жылу және электр моторлары жатады. Тракторлар тарту күшіне қарай түрлі кластарға бөлінеді. Олар жалпы және арнайы жұмыстарға арналған дөңғалақты және жыланбауырлы болып келеді. Павлодар трактор зауытында ДТ-75Т “Қазақстан” (класы 30 кН) тракторы шығарылады. Оған түрлі аспалы және жартылай аспалы құралдар жегіледі. Мұндай трактор көмегімен жер жырту, тырмалау, қопсыту, тұқым себу, қар тоқтату, суландыру жұмыстары атқарылады. Петропавлда шығарылатын қуаты 1 кВт агрегат шағын электр стансасы ретінде мал қораға, шопан үйіне, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығының түрлі қызметтеріне жарық беру үшін қолданылады. Топырақ өңдеу, тыңайтқыш себу, егістік зиянкестерін жою мақсатында қолданылатын машиналар да топырақ өңдейтін аспалы және жартылай аспалы соқалар, қопсытқыштар, тісті, инетісті және делегейлі тырмалар, тығыздағыштар, тыңайтқыш сепкіштер, көң, сұйық тыңайтқыш шашқыштар; сұйық және түйіршікті улы қоспаларды бүріккіштер және тозаңдатқыштар, дән улағыштар, фумигаторлар, аэрозоль шашқыштар; қар тоқтатқыштар жатады. Қазақстанның ауыл шаруашылық машина жасау кәсіпорындарында (Астана, Қарағанды, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Атбасар, Өскемен т.б. қалаларда осы топқа жататын 57 түрлі күрделі және қарапайым ауыл шаруашылық техникасы шығарылады. Дәнді дақылдарды себуге, өсіруге, жинауға, өнімдерін баптауға арналған машиналар тобына: сепкіштер, қатар аралығын өңдейтін культиваторлар, астық орғыштар, астық комбайндары, сабан жинағыштар, дән тазартқыштар, кептіргіштер, астық тиегіштер жатады. Республикада бұл топқа жататын 17 түрлі машина, құралдар шығарылады. Мал азығын дайындайтын машиналарға шөп орғыштар, жемшөп жинайтын комбайндар, шөп орғыш-ұсақтағыштар, шөп орғыш-жаныштауыштар, шөп тырмалары, ысырмалар, дестелегіштер, жинағыш-престер, жинағыш-шөмелегіштер, мая салғыштар, мая тасығыштар, сүрлем комбайндары, үйінді шөпті кептіргіштер жатады. Қазақстанда бұлардың 12 түрі шығарылады. Техникалық дақылдар өсіруге, жинауға арналған машиналарға арнайы жұмысқа бейімделген сепкіштер, отырғызғыштар, қарық жасағыштар, қатар аралық культиваторлар, мақта, картоп, томат жинайтын комбайндар, көкөніс жинағыштар жатады. Республика заводтарында олардың 7 түрі шығарылады. Бау-бақшада, жүзімдікте қолданылатын машиналарға соқалар, жинағыштар, жүзім жинағыштар, темекі жапырағын жинағыш сілкуіштер жатады.

Мал шаруашылығына арналған машиналарға мал фермаларында, жеке шаруашылықтарда қолданылатын сүт, ет, жүн т.б. өнімдер өңдеуді механикаландыратын машиналар мен жабдықтар, атап айтқанда мал азығын араластыратын, тиейтін, үлестіретін машиналар, азық шанақтары, мал суғаратын жабдықтар, сауын қондырғылары, сүт тоңазытатын аппарат, сүт сепараторы, қой қырқу, жүн өңдеу агрегаттары, қаракөл елтірісін өңдейтін жабдықтар, инкубаторлар, жылумен, сумен қамтамасыз ететін жабдықтар (сорғы, құдық қазатын және су тартатын қондырғылар, жылу генераторы мен жылытқыш аспаптар) жатады. Суландыру машиналары канал қазуға, егіс суғаруға, ашық және жабық дренаж жасауға, жаңа жер игеруге арналған. Олардың қатарына экскаватор, бульдозер, скрепер, грейдер сияқты машиналар, механизмдер, сондай-ақ арық қазатын, тазалайтын, қарықша жасайтын, жер тегістейтін, тас жинайтын және ұсақтайтын, егін суғаратын қондырғылар мен жабдықтар, жаңбырлатқыштар жатады. Суландыру машиналарының кейбір түрлері Кентауда (экскаватор), Қызылордада (грейдер т.б.), Түркістанда (сорғы станциясы) шығарылады. Орман шаруашылығында қолданылатын машиналарға орман соқалары плугтар мен фрезалар, орман культива-торлары, ор қазатын, алаң жасайтын, ағаш және бұта тамырларын қопаратын, кесетін, ағаш отырғызатын, ағаш тұқымдарын себетін, топырақтың беткі қабатын сыдыратын, өрт сөндіретін (мотопомпа т.б.) қондырғылар мен жабдықтар жатады.

Трактор жайлы жалпы мағлұмат

Трактор (жаңа лат traktor, лат traho – тасымалдаймын, тартамын, сүйретемін) – тіркемелі, аспалы не өздігінен қозғалмайтын (стационар) құралдармен бір агрегатқа біріктіріліп, ауыл шаруашылығы, жол құрылысы, жер қазу, көліктік, т.б. жұмыстарды атқаруға арналған өздігінен қозғалатын машина. 
  Трактор двигателі қуат алу білігі арқылы активті (қозғалмалы) жұмысшы органдарды немесе шкивтік құралдары арқылы стационарлық (қозғалмай-тын) ауыл шаруашылық машиналарын іске қосуы мүмкін. 

Тракторлар ауыл шаруашылығының алуан түрлі саласында қолданылады. Әр түрлі ауыл шаруашылық жұмыстарын атқару үшін алуан түрлі мақсатта қолданылатын тракторлар қажет.

Ауыл шаруашылығы тракторлары мынадай белгілері бойынша жіктеледі:

Қолданылуына қарай қазіргі кездегі ауыл шаруашылық машиналары үш топқа бөлінеді: жалпы пайдаланылатын (жер жыртатын), универсалды-отамалы және арнаулы.

Жалпы пайдаланылатын тракторлар ауыл шаруашылығындағы негізгі жұмыстарды атқаруға, өсімдіктердің көпшілігін егіп-өсіруге, күтіп-баптауға: жер жыртуға, дискілеуге, жаппай культивациялауға, тырмалауға, егуге, жинауға пайдаланылады. Олардың басты айырмашылығы — жол саңылауының шағындығымен, двигателінін аса қуаттылығымен, шинасының немесе шынжыр табанының жалпак болуы нәтижесінде топыракпен жақсы ілінісетіндігімен, сол себепті тарту күшінің молдығымен ерекшеленеді.

Универсалды-отамалы тракторлар отамалы дақылдар мен баска да көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарының қатар аралықтарын еңдеуге пайдаланылады. Осы мақсатқа орай кейбір универсалды-отамалы тракторларды жалпы мақсатта пайдалану үшін ауыстырып салатын жалпақ шиналы жетекші доңғалақ және қатар аралықтарды өңдейтін жіңішке шиналы доңғалак, болуы ескерілген. Өсімдіктерді бүлдірмеуі үшін трактордың жол саңылауы үлкен және доңғалақ аралығы кең (қатар аралықтардың еніне сәйкес ретке келтірілетін етіп жасалған).

Арнаулы тракторлар жалпы мақсатта пайдаланатын кез келген трактордың немесе универсалды-отамалы трактордың өзгертілген түрі. Олар жұмыстың белгілі бір түрін немесе әр түрлі жұмыстарды (жүзімдікте, мақталықта), тек белгілі бір жағдайда ғана (батпакты топырақта, таулы жерлерде) аткаруға арналған. Мәселен, мақта егуге арналған тракторлардың алдында бір доңғалағы (басқарылатын), ал батпақты жерде жұмыс істейтіндердін, жалпақ шынжыр табаны болады, биік тауға арналған тракторлар 16° тікте жұмыс істей алатындай етіп жабдықталады.

Жүріс бөлігінің конструкциясы бойынша тракторлар шынжыр табанды және доңғалақты болып бөлінеді.

Шынжыр табанды тракторлар тіреу бетінің үлкендігімен ерекшеленеді, сондықтан да ол топырақпен жақсы ілшіседі, әрі оны шамалы ғана езіп, нығыздайды. Мұндай трактордың жол кедергілерінен өту кабілеті де, тарту күші де өте жоғары.

Доңғалақты тракторлар шынжыр табандыға қарағанда едәуір универсалды, сондықтан да оны егіске де, транспорт жұмыстарына да пайдаланады. Шынжыр табанды тракторларға қарағанда   онын топырақпен ілінісуі а төмендеу.

Қаңқатипібойынша тракторлар рамалы, оның қаңқасы тойтар-маланған немесе пісіріп үстатылған; жартылай рамалы, оның қаңқасы екі қысқа бойлық арқалықтан түрады, бұлар артқы белдікке бекітілген немесе пісіріп ұстатылған; рамасыз, онын қаңқасы корпустары өзара жалғасқан жекелеген механизмдерден тұрады.

Номиналдықтартукүші б о й ы н ш а тракторлар он класка бөлініп, олар құрылысы бойынша ерекшеленеді.

Тарту күші бойынша бөлінетін он класс ауыл шаруашылығы тракторларының типажын құрайды.

Тракторлар модификациясы

Класы 6 кН тракторлардың негізгі базалык маркасыньң бәpi Т-25А Владимировск трактор заводынан 1973 жылдан 6epi шығарылады. Бұл универсалды-катараралық трактор және жеміс ecipyre, шөп жинауға, мал фермалары мен транспорт жумыстарын атқаруға арналган (двигателі ауамен салкындатылады). Металдан жасалган кабинамен гидро-фикацияланған тірегіш iлгекпен, дифференциалды бipiктіретін меха-низммен жабдықталған. Осыған қосымша реверсті (жылдамдық бағытын езгерткіш) механизм қойылган. Жұмыс Tүрінe қарай трактордың eкі доң-ғалағы арасындағы ара қашыктығын, жолдық саңылауын және базасын өзгертетін қондырғы бар. Осы кластағы трактордың мынандай моди-фикациялары шығарылды және олардың базалық моделінен темендегідей айырмашылықтары бар. Маркасы Т-16 ММЧ өздігінен жүретін щасссилі Т-16 ММЧ шай плантациясы жұмыстарына арналған, күн кағар тент қана орнатылған; Т-25АЗ — кабинасынын маркасы өте бepік eтiп жасалған; Т-25 АІ - жоғары клинерсті (ауырлық нуктесі өте төмен орналасқан); Т-25МГ — тауда жүретін шасссилі және оның тұлғасын автоматты түрде келденең бағытта ұстап тұратын қондырғысы бар. Осы корсетілген өзгерістен басқа механизмдері базалық модельдікімен бірдей. Класы 9 кН тракторларының негізгi базалық моделі Т-40М. Липецк трактор заводынан 1973 жылдан бepi шығарылып келеді. Қатар аралығы өңделетін өсімдіктерді өcipy мен жинау жұмыстарына, мал фермаларында және траспортта пайдалануға арналған трактор. Двигателі ауамен салқындатылады және көптеген бөлшектері Т-25А тракторының двигате- лінікімен бірдей. Трактордың руліне гидравликалық күшейткіш қойылган жіне гидрофикацияланған тіркey ілгегімен жабдықталған. Бульдозермен, шұңқыр қазғышпен және әртүрлі тиегіштермен жұмыс ітей алады. Бұл трактордың мынандай модификациялары шығарылады: Т-40М - алдьңғы оське де жетекші денгелек орнатылғандықтан денгелек схемасы 4x4, онын өтімділігі арттырылған; Т-40 AM - темеңгі клинерсті, келбеулі беткейлердегі жұмысты атқаруға арналған; Т-28х4 Ташкенттің трактор заводы шығарған мақта өcipy жұмыстарын орындайды.

Трактордың құрылысы

Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар мынандай негізгі бөліктерден құралады: двигатель, трансмиссия, жүргізгіш бөлік, басқару механизмдері және қосалқы жабдықтар. Олардың әркайсысы әр түрлі қызмет аткаруға арналған. Двигатель негізгі қуат көзі болып табылады. Ол жанған отыннан алынған жылу энергиясын тракторге жүргізуге керекті механикалық энергияға айналдырады. Энергияны бip түрден екінші түрге айналдыратын двигатель қондырғыларының бірнеше түрлері бар. Олардың бipi электр қуатын, eкіншici судың немесе желдің ағындық энергиясын және т.б. энергияны механикалық энергияға айналдырады. Бірақ солардың ішіндегі ең қолайлы түpi жылу двигательдері. Оларды жанған отынның жылулык энергиясын механикалық энергияға айналдыратындықтан жылу двигательдері деп атайды. Жылу двигательдері іштен және сырттан жанатын двигательдер болып екіге бөлінеді. Сол екеуінің көп таралған түpi іштен жанатын двигательдер. Ceбeбi олардың басқаларына қарағанда көптеген артыкшылыктары бар. Іштен жанатын двигательдердің өзi жұмыс принциптеріне қарай екі түрге бөлінеді. Олар: дизельді және карбюраторлы двигательдер. Ауыл шаруашылығы тракторларында тек дизeльдi двигательдер қолданылады. Двигательден алынған механикалық қуатты трактордың жүріс бөлігіне жеткізетін механизмдерді трансмиссия деп атайды. Ол негізінен мынандай міндеттер атқарады. Двигательден алынған айналдыру моменті жүpic денгелектерін айналдыруға керекті моменттен бірнеше есе аз болғандыктан, трансмиссияның көмегімен двигательдің айналдыру моментін жүргізгіш денгелекке бірнеше есе арттырып жеткізеді. Жұмыс кезінде тракторға түсетін күш аткаратын жұмыс түріне байланысты азайып немесе көбейіп отырады. Сол күш азайғанда трактордың жүріс жылдамдығын арттыру немесе керісінше болғанда жылдамдықты азайту кызметін де трансмиссия аткарады. Ол үшін жылдамдықты өзгерткіш арнаулы қорап қолданылады. Осыларға қосымша, трансмиссия двигательден алынған қуатты алдымен трактордың ұзындык бағыты бойынша, содан кейін жүріс денгелектерше көлденең бағытта бұрып беру кызметін атқарады.

Құрылыстарына қарай трансмиссия да бірнеше түрге бөлінеді. Олардьң негізгілері механикалық, гидромеханикалық, электромеханикалық және т.б. Тракторларда көбінесе механикалық трансмиссия, тек кейбіреулерінде ғана гидромеханикалық немесе электромеханикалық трансмиссиялар қолданылады. Сол ceбептi төменде механикалық трансмиссиялар туралы анықтамалар беріледі.

Жүріс бөлігі тракторды жер бетімен қозғалту қызметін атқарады. Ол жүргізгіш мүше мен тұлғадан тұрады. Трактор тұлғасына рама, жартылай рама немесе жоғарыда айтылған механизмдердің қораптары жатады. Сондықтан да тракторларды тұлғасынын түріне қарай рамалы және рамасыз тракторлар деп бөледі. Трактордың барлық механизмдері осы тұлға аркылы бекітіледі.

Жүргізгіш мүшелер құрылысына қарай дөңгелекті және шынжыр табанды болып eкi түрге бөлінеді. Дөңгелекті жүргізгіш мүшелер үшін көбінесе пневматикалық шиналар қолданылады. Олар екі-екіден бip оське бекітіледі де жүргізгіш бөлікті құрайды. Двигательден қуат алуына байланысты жетектеуіш және жетектелуші дөңгелекгер болады. Жетектеуші денгелектер трансмиссия арқылы двигательмен жалғасады. Сондықтан да олар жұмыс кезінде двигательден айналыс алады да, жермен ілінісіп, трактордың тарту күшін туғызады. Осы жетектеуіш дөнгелектердің санына байланысты тракторлар өтімділігі калыпты немесе жоғары деп бөлінеді. Өтімділігі қалыпты тракторларда жетектеуіш дөңгелектеріне де двигательден қуат берілсе, онда өтімділігі жоғары трактор болып табылады.

Тракторлардың алдыңғы ocіне бекітілген дөңгелектер көпшілік жағдайда, бағыттаушы денгелектер кызметін атқарады. Солардың трактор тұлғасына қарағандағы орналасу жағдайын өзгерту аркылы трактордың жүріс бағытын өзгертеді.

Шынжыр табанды жүргізгіш мүшелер жетектеуші дөңгелекпен (жұлдызшамен) ілінісіп тұратын шынжырдан құралады. Жетектеуші дөңгелек айналған кезде өзімен бipгe шынжырды да айналдырады. Ал шынжырлар тipeк дөңгелектері арқылы жерге тиіп тұрғандықтан онымен ілініске келеді де, трактордың тарту кушін туғызады. Басқару механизмдері трактордың жоғарыда көрсетілген бөліктерінің жұмыстарын басқаруға арналған. Олар көбінесе иінді тұтқалар немесе гидравликалық механизмдерден құралады. Қосалқы жұмысшы бөліктерге трактордың тіркey немесе аспалы саймандары, тракторшының жұмыс орны (кабинасы) және тағы сол сияқтылар жатады. Олар көбінece негізгі бөліктердің қызметін жақсарту үшін және басқа қосалқы қызметтердің атқаруға арналған.

Қорыта келгенде жалпы тракторлар мен ауыл шаруашылық машиналарының тарихы ежелден басталады. Оның жалпы мағынасы «Тарту» және «Өздігінен жүреді» деген мағынадан туындаған. Яғни адам баласы өз жұмысын жеңілдету мен қатар өнімділігін арттыру үшін көптеген ізденістердің нәтижесінде тракторлар мен ауыл шаруашылық техникалары (машиналары) жасалған. Кәзіргі таңда тракторсыз бірде-бір ауыр жұмыс істелмейді. Сондықтан олардың халық шаруашылығында алатын орны ерекше.

Соңғы уақытта ауылшаруашылық техникасы жаңаруда, ескілерінің орнына жаңа техника келуде, комбайндар ғарыш кемелеріне, ал тракторлар жарыс болидтарына ұқсайды. Тек сыртқы түрі ғана өзгерген жоқ...

Заманауи ауылшаруашылық техникаларында қолданылатын бөлшектердің сенімділігі жоғары және «тозып біткенше» жұмыс істеуге есептелген. Өйткені техниканың алқапта жұмыс істеу уақыты барынша қысқа, бұл техникалар сөткесіне 24 сағат және жұмасына 7 күн жұмыс жасауы тиіс. Осындай режимдегі басқа техникалар сияқты қозғалтқыш бөлшектері тез тозады да олар жиі жөндеуді талап етеді...

Сол себепті халықтың жағдайын жасау мақсатында өте үнемді және ұзақ мерзімге шыдамды, жүрісі жұмсақ, рөлі гидравикалы, трансмиссиясы жартылай автоматты тракторларды көптеп жасап шығару жолдарын жасау керек. Кабинада бұрын соңды болмаған салқындатқыш орналастырып және пеші бар, сырттағы қатты дауысты басатын арнайы әйнекпен жабдықталған, жалпы тракторшыға жағдай жасалған болса нұр үстіне нұр болмақ.











Пайдаланылған әдебиеттер:



1. Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы).

2.     Алиев Б., Жүнісбеков П. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы).

3. Б.Әлиев, Т.Тоғанбаев, Ж.Сүлейменов Тракторшының анықтамалығы,-

Алматы «Қайнар» баспасы 1982ж

4. Интернет – kk.wikipedia.org



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.00.2018
3133
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12