ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және Саясаттану факультеті
Әлеуметтану және Әлеуметтік жұмыс кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Ауылдық жерлерде қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетудің ерекшеліктері
Оқытушы: Авсыдыкова К.
Студент: Арғынбек Перизат, Нарымханова Жанна, Қуанышбаева Гулназ, Талғатбекова Дильназ
Мамандығы: Әлеуметтік жұмыс
Алматы 2025 ж.
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Қазақстанда халықтың қартаю процесі айқын байқалуда. Қарт адамдар саны жыл сайын өсіп келеді, әсіресе ауылдық жерлерде өмір сүретін зейнеткерлер саны көп. Ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен инфрақұрылымының әлсіздігі қарт адамдарға көрсетілетін әлеуметтік қызмет сапасына әсер етеді.
Бұл зерттеу жобасының мақсаты - ауылдық жерлердегі қарттарға әлеуметтік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін талдау, қиындықтарды анықтау және қызмет сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу.
Мақсаты:
Ауылдық аймақтарда тұратын қарт адамдарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтің қазіргі жағдайын жан-жақты талдау, оның ерекшеліктері мен кемшіліктерін анықтау, сондай-ақ қызмет сапасын арттыру мен тиімділігін жетілдіруге бағытталған нақты және тәжірибеге негізделген ұсыныстар әзірлеу.
Міндеттер:
1.Ауылдағы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі туралы мәлімет жинау;
2.Ауыл мен қала қарттарына көрсетілетін қызмет түрлерін салыстыру;
3.Әлеуметтік қызметкерлер мен қарт адамдардан сұхбат алу;
4.Қызмет көрсетудегі негізгі қиындықтарды анықтау;
5.Қызмет сапасын арттыруға арналған тәжірибелік ұсыныстар жасау.
-
Ауылдағы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі
Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі 2015 жылы қабылданған «Халықты әлеуметтік қорғау туралы» заң мен «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңның негізінде жүзеге асырылады.
Бұл заңдарда әлеуметтік қызмет көрсету, азаматтардың жеке қажеттіліктерін ескеріп, олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған көмек түрі ретінде қарастырылады. Қарт адамдарға арналған әлеуметтік қызмет түрлерінің басты мақсаттары:
• Өмір сүру сапасын арттыру;
• Әлеуметтік оқшаулануды азайту;
• Денсаулық пен белсенді өмір салтын сақтау;
• Өз-өзіне қызмет көрсету мүмкіндігін ұзарту;
• Қоғам өміріне қатысуға жағдай жасау.
Ауылдық жерлерде қызмет көрсету ерекшелігі
Ауылдық жерлерде әлеуметтік қызмет көрсету жағдайы қалаға қарағанда едәуір өзгеше. Мұның басты себептері, инфрақұрылымның әлсіздігі, жолдың қиындығы, маман тапшылығы және қаржыландырудың жеткіліксіздігі.
Ауыл қарттарына көрсетілетін негізгі қызмет бағыттары:
-
Үйде әлеуметтік көмек көрсету: аптасына 1–2 рет әлеуметтік қызметкер келіп, азық-түлік, дәрі-дәрмек әкеледі, тұрмыстық істерге көмектеседі (үй жинау, пеш жағу, су әкелу).
-
Медициналық көмек: ауылдарда көбіне фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) бар. Дәрігерлер аудан орталығынан айына 1–2 рет қана келеді.
-
Психологиялық қолдау: арнайы психологтар сирек, көбіне әлеуметтік қызметкердің өзі тыңдаушы, әңгімелесуші рөлін атқарады.
-
Мәдени және рухани іс-шаралар: ауылдық клубтар мен мешіттерде мерекелік кездесулер, “Қарттар күні”, “Наурыз” сияқты шаралар өткізіледі.
-
Қоғамдық көмек: ауылда көршілік дәстүр әлі сақталған. Көршілер, туыстар, ауыл әкімдігі бейресми түрде көмек көрсетеді.
-
Ауыл және қала қарттарына көрсетілетін әлеуметтік қызметтерді салыстыру
|
Салыстыру көрсеткіші |
Ауылдық жерлер |
Қалалық жерлер |
|
Үйде қызмет көрсету (АӘҚ): Қарттардың басым көпшілігі (90%-дан астамы) өз үйінде қалып, әлеуметтік қызметкердің келуіне сүйенеді. |
Үйде қызмет көрсету, жартылай стационарлық және стационарлық: Қызмет алушының таңдау мүмкіндігі кең. Жартылай стационар (күндізгі орталықтар) белсенді қолданылады. |
|
Ерекшеліктері бар: Үйді жылытуға (отын, көмір тасу), ауыз су жеткізуге, пеш жағуға, ауланың қар/мұзын тазалауға көмектесу. Бұл қызметтердің көлемі (мысалы, 30 кг-ға дейін көмір/отын тасу) стандартта нақты бекітілген. |
Стандартты: Азық-түлік, тұрмыстық тауарлар сатып алу, коммуналдық төлемдерді төлеу, үйді стандартты жинау. Су мен жылу жүйесі орталықтандырылғандықтан, ауылдағыдай ерекшеліктер жоқ. |
|
Өте төмен: Әлеуметтік қызметкердің басты міндеті – қартты емханаға/ауруханаға дейін ілестіріп апару немесе дәрігерді шақыртуға жәрдемдесу. Дәрі-дәрмекті аудан орталығынан әкелу жиі кездеседі. |
Жоғары: Емханалар, дәріханалар жақын орналасқан. Қажет болса, арнайы медициналық көлік шақыру немесе такси қызметін пайдалану оңай. |
|
Үлкен қиындық: Әлеуметтік қызметкер өз қызмет алушыларына жету үшін үлкен қашықтықты жүріп өтеді. Көлік мәселесі, жолдың нашарлығы қызмет көрсету сапасына кері әсер етеді. |
Жеткілікті: Қоғамдық көлік немесе қызметтік көлікпен жету жеңіл. Бір әлеуметтік қызметкерге бекітілген қарттардың үйлерінің арасы жақын болады. |
|
Шектеулі/Жоқ: Мәдениет үйі, кітапхана, спорт кешендерінің тапшылығына байланысты бұл қызметтерді әлеуметтік қызметкердің өзі ұйымдастыруы қиын. Көбіне үй ішіндегі әңгімелесумен шектеледі. |
Жоғары дамыған: "Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары" (БУӨО) жұмыс істейді. Қарттар түрлі үйірмелерге (йога, скандинавиялық жүріс, цифрлық сауаттылық) қатыса алады. |
|
Күтуші-көмекші: Басымдық – физикалық күтім мен өмір сүруді қамтамасыз ету. |
Күтім және дамытушы: Басымдық – күтімге, психологиялық-әлеуметтік бейімделуге және қарттың белсенділігін арттыруға бағытталған. |
-
Ауылдық жердегі әлеуметтік қызметкермен сұхбат
Ауылдық жердегі әлеуметтік қызметкер Наталья Павловнаның (БКФ "Радонеж") жұмысы туралы негізгі ақпарат пен қорытындылар:
1. Мамандық таңдау және жұмыс мәні:
Мотивация: Әлеуметтік қызметкер мамандығын таңдауымның негізі – адамдарға, әсіресе қолдауға мұқтаж егде жастағы адамдарға шынайы көмек көрсету.
Ауылдағы жұмыс: Ауылдық жерде әлеуметтік қызметкердің рөлі ерекше маңызды, себебі қарттар жиі жалғыз қалады, ал көмекке қол жеткізу қиын. Мен олардың лайықты өмір сүруіне көмектесемін.
2. Қамқорлықтағы адамдар және күнделікті жұмыс:
Подопечныйлар (қамқорлықтағылар): Қамқорлығымда әдетте 8-12 қарт адам болады. Олардың басым бөлігі – жалғызбасты зейнеткерлер және мүгедектігі немесе қозғалысы шектеулі жандар.
Уақыт: Бір қызмет алушыға бөлінетін уақыт, көрсетілетін қызметтердің көлеміне байланысты 1,5-тен 2,5 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Жұмыс уақыты әрқашан қатаң жоспарланбайды, өйткені адамдардың қажеттіліктері әртүрлі.
3. Ауылдық жердегі қосымша қызметтер:
Ауылдық ерекшеліктер: Стандартты қызметтерден (үй шаруашылығы, гигиена) басқа, ауылдық өмірге қажетті қосымша қызметтерді көрсетеміз.
Негізгі қосымша көмек: Пеш жағуға көмек, су және отын тасымалдауға жәрдемдесу.
Стандарттан тыс көмек: Бұл қызметтердің кейбіреулері (мысалы, ауладағы жұмыстар) стандартқа енгізілмесе де, қарттардың өмірі үшін өте маңызды болғандықтан, адамгершілік тұрғыдан және қордың мүмкіндігіне қарай міндетті түрде көрсетіледі.
4. Мамандық мәселелері және даму:
Кадр тапшылығы: Ауылдық жерлерде әлеуметтік қызметкерлер жеткіліксіз. Жастардың қызығушылығы төмен жалақының төмендігі мен жұмыстың ауырлығына байланысты.
Күйзеліс: Ең ауыр психологиялық қиындық – подопечныйлардың жалғыздығы мен дәрменсіздігін көру. Күйзеліспен әріптестермен сөйлесу және көрсетілген көмектің маңыздылығын сезіну арқылы күресемін.
Біліктілікті арттыру: Біліктілікті арттыру курстарынан үнемі өтеміз (ішкі оқытулар, арнайы орталықтар). Медициналық, психологиялық және заңнамалық білімдерді жаңартып отыру маңызды.
5. Жалғыздық және шешім жолдары:
Жалғыздық мәселесі: Ауылдағы қарттар арасындағы жалғыздық мәселесі өте өзекті. Оларға физикалық көмектен гөрі, адамдық қарым-қатынас пен жылулық қажет.
Ұйымның көмегі: Біздің ұйым шағын жиындар, мерекелік іс-шаралар ұйымдастыруға тырысады. Әлеуметтік қызметкердің өзі психолог және тыңдаушы рөлін атқарады.
Туыстардың/көршілердің көмегі: Көмек әрқашан тұрақты немесе жеткілікті емес. Сондықтан әлеуметтік қызметкердің араласуы қажет болады.
6. Ең басты тілек (жақсарту):
"Егер бір нәрсені өзгерту мүмкіндігі болса, мен ауылдық жерлердегі әлеуметтік қызметкерлердің санын көбейтіп, еңбекақысын айтарлықтай арттырар едім. Бұл жүктемені азайтып, қызмет сапасын көтереді және жас мамандарды тартуға мүмкіндік береді."
4.Қызмет көрсетудегі негізгі қиындықтар
Ауылдық жерлердегі қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетудің ең көп және егжей-тегжейлі қиындықтарын төмендегідей топтастыруға болады:
Географиялық және инфрақұрылымдық кедергілер:
1. Қашықтық және транспорттың жетіспеушілігі:
- Әлеуметтік және медициналық мекемелерге (аурухана, дәріхана, әлеуметтік қызмет орталықтары) жетудің қиындығы. - Қоғамдық көліктің мүлде болмауы немесе тұрақсыздығы. - Нашар жолдар мен ауа-райы жағдайлары қызмет көрсетушілердің үйге баруына кедергі келтіреді.
2. Коммуникация және цифрлық қолжетімділік:
- Интернет пен ұялы байланыс сапасының төмендігі немесе жоқтығы. - Қарттардың цифрлық сауаттылығының төмендігі, бұл онлайн қызметтерді және қашықтықтан кеңес алуды шектейді.
3. Тұрғын үй жағдайы:
- Көптеген ауылдық үйлердің жылу жүйесінің, су құбырларының және санитарлық жағдайының қарт адамдардың қажеттіліктеріне сай болмауы.
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі мәселелер:
1. Мамандардың жетіспеушілігі және тұрақтамауы:
- Білікті әлеуметтік қызметкерлердің, психологтардың және паллиативті күтім мамандарының ауылға баруға құлықсыздығы. - Әлеуметтік қызметкерлердің жұмыс жүктемесінің жоғары болуы және жалақысының төмендігі. - Мамандандырылған білімі жоқ адамдардың әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеуі.
2. Қызметтердің сапасы мен әр алуандығы:
- Көрсетілетін қызметтердің саны мен түрінің қалаға қарағанда шектеулі болуы. - Арнаулы әлеуметтік қызметтердің (АӘҚ) толық және тиімді көрсетілмеуі. - Стандартталған қызмет көрсетудің қарттардың жеке қажеттіліктерін ескермеуі.
3. Ведомствоаралық өзара әрекеттесудің нашарлығы:
- Әлеуметтік қызметтер, денсаулық сақтау және жергілікті әкімшілік арасындағы үйлестірудің жеткіліксіздігі.
Әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлар:
1. Әлеуметтік оқшаулану және жалғыздық: - Жұмыс іздеп жастардың қалаға кетуі салдарынан қарттардың қараусыз қалуы. - Қоғамдық өмірге араласуға арналған орталықтардың (Мысалы: белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының) ауылдарда аз болуы.
2. Бейресми күтімге шамадан тыс арқа сүйеу:
- Қоғамдағы "қарттарға балалары қарауы керек" деген мәдени норманың салдарынан ресми әлеуметтік қызметтерге жүгінудің аз болуы. - Бейресми күтушілердің (туыстарының) жүктемесін бағалау және оларға қолдау көрсету шараларының жеткіліксіздігі.
3. Қаржылық тұрақсыздық:
-Зейнетақы мен жәрдемақының кейбір қажеттіліктерді (дәрі-дәрмек, жылыту, транспорт) өтеуге жеткіліксіз болуы. - Қаржылық қиындықтардың денсаулыққа қауіп төндіруі ( Мысалы: құлау қаупі).
4. Әлеуметтік көмекке деген стигма:
- Кейбір адамдардың мемлекеттік әлеуметтік көмек алудан ұялуы немесе бас тартуы.
Ауылдық жерлердегі қарттарға әлеуметтік қызмет көрсетудің басты қиындықтары шалғайлыққа байланысты қолжетімсіздік, мамандардың және қызмет түрлерінің жетіспеушілігі, сондай-ақ әлеуметтік оқшаулану болып табылады.
5. Ауылдық жерлердегі әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыруға арналған тәжірибелік ұсыныстар
Әлеуметтік қызметкерлердің жұмыс жағдайын және біліктілігін арттыру бағытталған ұсыныстар:
-
«Мобильді әлеуметтік қызметкер» пакетін енгізу. Әлеуметтік қызметтік көлік (немесе мопед, қысқа қарай снегоход) немесе отын-су тасуға арналған арнайы жабдық (мысалы, арба) бөлу. Нәтиже: Қызметкердің уақыт шығыны азаяды, қашықтағы қарттарға бару мүмкіндігі артады, физикалық жүктеме жеңілдейді.
-
Жұмыс жүктемесін қайта қарау. Бір әлеуметтік қызметкерге бекітілетін қарттардың нормасын (қазір 8-12 адам) олардың арасындағы орташа қашықтықты ескере отырып, азайту. Мысалы, 5 км-ден асқан әр қашықтық үшін норманы 1 адамға қысқарту. Нәтиже: Қызметкер әр қартқа көбірек уақыт бөледі, қызмет сапасы артады.
-
«Шағын жинақты әлеуметтік үйлер» желісін дамыту. Ауылдық округтердің ірі орталықтарында, ауыл әкімдіктері жанынан 5-7 орындық шағын стационарлық/жартылай стационарлық үйлерді ашу. Қарттар сол ауылдағы үйіне жақын орталықта уақытша аптасына 2-3 күн оңалтудан өтуіне мүмкіндік беру. Нәтиже: Қарттарды қалаға немесе алыс аудан орталығына жіберу қажеттілігі азаяды, қызметтер қолжетімді болады.
-
Телемедицина/Телеәлеуметтік платформаны қолдану. Шалғай ауылдардағы қарттарды смартфонмен немесе планшетпен қамтамасыз ету. Әлеуметтік қызметкер аптасына 1-2 рет келіп, қарттың онлайн түрде қалалық емханадағы дәрігермен немесе психологпен сөйлесуін ұйымдастыру. Нәтиже: Медициналық және психологиялық көмектің сапасы мен жиілігі артады.
-
«Көршілік көмек жүйесін дамыту. Ауыл әкімдігі жанынан ерікті көршілерден, зейнеткерлерден тұратын шағын топтар құру. Әлеуметтік қызметкердің аптасына 2 рет келуі жеткіліксіз болған жағдайда, көршілердің шағын көмектерін, мысалы: нан әкелу, отынды тексеру сияқты шараларды ұйымдастыру. Бұл үшін ауыл әкімдігінің есебінен символикалық ақы төлеу. Нәтиже: Қартқа көрсетілетін көмек сапасы мен жиілігі артады, қоғамдастық жауапкершілігі өседі.
-
«Қызмет сапасын бағалау комиссиясын» құру. Әр тоқсан сайын ауыл әкімінің, ақсақалдар кеңесінің және бірнеше белсенді қарттардың қатысуымен әлеуметтік қызметкердің жұмысын бағалау үшін комиссия құру. Нәтиже: Қызметкердің жұмысына ашықтық пен объективтілік енгізіледі, қарттардың шағымдары дер кезінде шешіледі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, ауылдық жерлердегі қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетудің қазіргі жағдайы айрықша назар аударуды қажет етеді. Қазақстанда халықтың қартаю үдерісі қарқынды жүріп жатқан шақта, әсіресе ауылдық өңірлерде өмір сүретін зейнеткерлердің әлеуметтік тұрғыдан қорғалуы мен өмір сапасын арттыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты болып табылады.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ауылдық жерлерде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі заңнамалық негізге сүйенгенімен, іс жүзінде көптеген қиындықтарға тап болады. Инфрақұрылымның әлсіздігі, жол мен көлік мәселесі, интернеттің және медициналық қызметтердің қолжетімсіздігі, мамандардың жетіспеушілігі мен төмен жалақы сияқты факторлар қызмет сапасын төмендетуде. Сонымен қатар, қарт адамдардың әлеуметтік оқшаулануы, жалғыздық, қаржылық қиындықтар және ресми көмекке деген стигма олардың психологиялық жағдайына теріс әсер етеді.
Салыстырмалы талдау ауыл мен қала арасындағы айырмашылықтың айқын екенін дәлелдеді. Қала қарттары түрлі әлеуметтік, медициналық және мәдени қызмет түрлеріне оңай қол жеткізсе, ауыл қарттарының мүмкіндігі шектеулі. Ауылдық әлеуметтік қызметкерлер көбіне тек тұрмыстық көмек көрсетумен шектеледі, ал психологиялық, мәдени және оңалту бағыттары жеткілікті дамымаған.
Сонымен бірге, ауылдық жерлердегі әлеуметтік қызметкерлердің рөлі өте жоғары. Олар тек көмек көрсетуші ғана емес, сонымен қатар қарттардың сенімді сырласы, психологиялық тірегі және қоғаммен байланыстырушы буыны болып табылады. Сұхбат барысында әлеуметтік қызметкерлердің өз ісіне адал, жанашыр мамандар екені байқалды, алайда олардың жұмыс жүктемесі ауыр, материалдық және моральдық қолдау жеткіліксіз.
Жалпы алғанда, ауылдық қарттарға әлеуметтік қолдау көрсету – тек мемлекеттік құрылымдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Қарттарға қамқорлық көрсету – ұлттық мәдениеттің, адамгершіліктің және әлеуметтік әділдіктің көрінісі. Сондықтан ауылдық жерлердегі әлеуметтік қызметті жетілдіру – еліміздің әлеуметтік тұрақтылығы мен рухани дамуының маңызды кепілі болып табылады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ауылдық жерлерде қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсетудің ерекшеліктері

шағым қалдыра аласыз