Материалдар / Ауылым-алтын бесігім
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ауылым-алтын бесігім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық тәрбие сағаты. Туған жерімнің кең байтақ даласы, балыққы толы өзен-көлдері, құнарлы топырағының қасиеттері туралы баяндалады. Оқушыларға туған жердің қасиеттері мен тарихын дәріптеу, туған жерге деген сезімдерін оятуға тәрбилеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Шілде 2021
560
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Ауылым-алтын бесігім

Мақсаты: Туған жерге, туған өлкеге шексіз сүйіспеншілігін арттыру барысында туған жер үғымдарын білу, есте сақтау. Ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын барынша ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: « Жаңақала» , « Соркөл» бейне презентациясы, Жаңақала ауылының картасы.

Мұғалім: -Оқушылар, бүгінгі күндерің нұрлы болсын, көңіл-күйлерің жақсы болсын.

Армысың, қасиетті Аспан ата,

Армысың, мейірімді Жер ана!

Армысың, шұғылалы күн шуағы,

Армысың, оқушы достарым!

-Елде тыныштық болсын!

-Аспан ашық болсын!

-Көк туымыз биік болсын!

- Елімізде бірлік болсын!

Ән: « Атамекен» (Қ.Мырза Әлі, Е.Хасанғалиев)

Әңгімелесу.

- Осы әнді айтқанда қандай сезімде болдыңыздар?

-«Жерім» деп менің соғады мәңгі жүрегім-дегенде нені түсіндіңдер?

-«Туған жер» дегенде көз алдарыңа не елестейді? (оқушылардың жауабы тыңдалады)

Аудан орталығы бір мың тоғыз жүз жетпіс екінші жылы құрылған Жаңақала кентінде орналасқан.Аудан орталығынан Орал қаласына дейінгі қашықтық екі жүз елу екі км. Ауданда тоғыз ауылдық округ бар: Бірлік, Жаңажол, Жаңақазан, Көпжасар, Қызылоба, Мәстексай, Мендешев, Пятимар. Жаңақала ауданы - Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан аудан.

Батысында Бөкей Ордасы ,солтүстігінде  Жалпақтал ауданы ,шығысында Ақжайық ауданы, оңтүстігінде Атырау облысының ИндерИсатайҚұрманғазы аудандарымен шектеседі.

Аудан аумағы жер бедеріне қарай солтүстік,оңтүстік бөліктерге бөлінеді.
Солтүстік бетте жер бедері негізінен тегіс,оңтүстік жағы құмды,құмайтты келеді.
Көшпелі құмдардың ауданы көбіне екі шаршы км дейінгі көлемді құрайды. Шағылдардың биіктігі шамамен 3-6 м.

Дала шаруашылығының жем-шөп, азықтық маңызы бар.Бұл аймақ азықтық-жемдік дақылдар, күздік қара бидай мен арпа өсіре отырып, топырақ қорғау жүйесімен айналысады. Көкөніс-бақша өнімдері ішкі қажеттілік және оларды базарларға өткізіп сату үшін өсіріледі. Ауданның негізгі топырағы ашық, сұрғылт топырақты, сортаң, сорлы, боз топырақты болып келеді.
Өсімдіктер, негізінен бидайық, ақселеу, сүттіген араласқан сұрғылт жусан шөптерінен тұрады.

Айналадағы өзімізді қоршап тұрған дүние жер, күн, аспан, ауа, тау, су атаулының бәрі табиғат. Жер бетіндегі тіршіліктің алтын ұясы, тал бесігі-табиғат.Табиғат пен адам тығыз байланысты. Бір кездері адам табиғаттан тапқанын қорек еткен. Халқымыздың алғашқы өмірі көшіп-қонудан басталғаны белгілі.

Табиғат аясында олар табиғаттың сырын игерген, оның сан-қилы құбылыстарын бақылай білген. Кейін адамдар табиғатты біртіндеп өзгерте бастады.Өзендердің ағысын өзгертті, өсімдіктер мен жануарларды бір елден, екінші елге көшірді, тауларды қопарды. Табиғатты өз қалауымызша өзгертуге болмайды. Оның берген сыйын ұқыпты пайдалануымыз керек, оны ластамауымыз керек.

  • Біздің туған жеріміз қалай аталады? (Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы)

Жаңақала өңіріне халықтың орнығуына екі жағдай себеп болған. Соның бірі- мал шаруашылығына ыңғайлы нулы-сулы жері болса, екіншісі- балығы тайдай тулаған, құрағы сыңсып сыланған көлдері.Біздің өлкеміздің топырағы құнарлы, тамылжыған табиғаты бар аймақ.

Табиғаттың көркін ажарландырып жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі- су. Халқымыз суды қастерлеп «Сулы жер- нулы жер» деген. Су- бұл өзен, көлдерде болады. Сонымен қатар халқымыз «Өзен бар жерде, өмір бар» дейді.

Тыныштық сәті. (көздерін жұмып, туған жерді еске алу, елестеу)

Жаңақала өңірі- ежелден төскейі төрт түлікке толы, береке- бірлігі мол, өзен-көлінде балығы аттай тулаған, сайын даласының көкжиегінде ұласқан сағымымен жарыса жезкиіктері жүйткіген қасиетті, құтты мекен.

Шаруашылықтардың негізгі бағыты - мал шаруашылығы. Қысы жұмсақ, қар аз түседі, ол қой, етті ірі қара және жылқы шаруашылығын дамытуға өте қолайлы. Ауданда асыл тұқымды Еділбай қойының Бірліктік типі және Көшім тұқымдас асыл тұқымды жылқы малдары өсіріледі.

Біздің ауданымызда табиғатына, халқына нәр беріп отырған өзендер-Қараөзен, Сарыөзен, Қабыршақты, немесе Көшім, Мұқыр өзендері.Мысалы: Қараөзен көрші Казталов ауданынан басталып, Казарма, Факеево ауылына барып құяды.

Көлдері- Қаңбақты, Тұщыбұлақ, Ащыбұлақ, Сарыайдын, Соркөл, Еділсор, Қамыс-Самар, Райым , Салтанат, Жалтыркөл, Қазыбай, Бірқазан.Мысалы: өзіміздің ауылымызға жақын Соркөл көлі. Ерте кезден бұл өзендердің жағалауларында өскен қалың қамыс арасында жабайы шошқалар, қасқырлар, түлкілер, қояндар, күзендер көп болған. Қазіргі кезде де осы өзен-көлдерден адамдар балық аулайды. Осы өңіріміздің табиғатының тамаша көркін сақтауымыз керек.

«Соркөл» бейнеролик көрсету

Саят: Атамекен жанға жайлы сая бау,

Ар алдында күнә болар табиғатты аямау.

Қанымызға сіңген екен ақ сүтімен ананың

Туған жердің табиғатын аялау.

Айнара: Байлығы мол бойында

Анамыз сен табиғат.

Аянда жүрсем жарқылдап,

Панамыз сен табиғат.

Алмас: Табиғат қандай кең еді,

Барлық жанды теңеді.

О, адамдар біліңдер,

Жер-Ана бізге сенеді.

Еркем: Күн нұрын көктен төгеді,

Бар нәрін жерге береді.

Қорғайық оны мәңгілік,

Табиғат бізге сенеді.

Армат: Сағынып көрмей кетсек қиялдайтын,

Алысқа кетпек болсақ қия алмайтын.

Жаңақала атамекен, алтын өлке,

Айтуға туған жер деп ұялмайтын.

Ән: «Жаңақала – гүл қала» ( жерлес ақын ағамыз Закария Сисенғали, Әсет Бейсеуов)

Гүлназ: Жаңақала жері жұмсақ, желі майда,

Өнім мол, бақша салып, егін айда.

Өрісте бұлтша қаптап, малы жатыр,

Еңбекші ет пен сүтін еткен пайда.

« Жаңақала –ауылым менің» бейне презентациясын көрсету.

Арсен: Туған жер, өскен өлкем, жасыл құрақ,

Сыбдырлап көлеңкесі суға құлап.

Шомылған ертеңді-кеш Сарыөзенім,

Көк майса жағалауы қызыл құмақ.

Салтанат: Жайлауы біздің елдің Сарыкөл-Самар,

Самардың суын ішсең мейірің қанар.

Достықтың лебін жұтып өскен жұртым,

Көркейіп осы өңірде рақаттанар.

Елнұр: Балығы тайдай тулап жатушы еді,

Шалқыған Сарыайдын мен Тұщықұлақ.

Беткейі Оңтүстіктің жиде мен тал,

Шоқалды суыттығы көкшіл қияқ.

Меруерт: Сұңқылдап құстар ұшып көлдерінде,

Әр жерде бөлек-бөлек қоңыр бұйрат.

Қоғалыкөл жағасы жасыл құрақ,

Сыбдырлап көлеңкесі суға құлап.

Райымбек: Ауылым аңсаймыз біз бағыңды да,

Мөп-мөлдір өзендегі ағынды да.

Көшеңмен тасырлатып ат шапқанда,

Құйын боп көтерілген шаңыңды да.

Альбина: Туған жерім,

Тал бесігім тербеткен,

Сіңген иісің

Тұрмай жатып жөргектен.

Іздемеймін

Табам деп те айтпаймын

Сенен артық

Нұрлы мекен жер-көктен.

Ералы: Туған жерім,

Бабам бағын жандырған,

Әр төбешік,

Бір-бір тарих қалдырған.

Айна көлім

Мөп-мөлдір боп жатасың.

Жұтсам саумал

Сусынымды қандырған.

Гүлім: Туған жерім,

Ұлысың деп айта алам,

Әрбір талың,

Шертеді сыр, айтады ән.

Шаршап келсем

Сапарлардан шалдығып,

Шалғыныңа

Аунап-қунап жай табам.

Шығармашылық жұмыс: Оқушылар үш топқа бөлінеді, оларға тақырып беріледі.

І-топ: «Туған жерім- тірегім»

ІІ-топ: «Өзендер мен көлдер»

ІІІ- топ: «Ауылымды мақтан етемін»

Әр топ берілген тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, 1 оқушыдан қорғайды.

Ән: « Туған жер»

Мұғалім: -Табиғат туралы қандай мақал – мәтелдер, ырым-тыйым сөздер білесіңдер?Қане, есімізге түсірейікші!

1.Табиғат- тәніңді де, жаныңды да сауықтырады.

2.Адамзат табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оның заңдарына бағынуы тиіс.

3.Көлдің көркі- құрақ, таудың көркі- бұлақ.

4. Туған жер-алтын бесік.

5.Жер ана- ел бала.

6. Жері байдың – елі бай.

7. Жер алтыннан да қымбат.

8. Тозған жерде тоқшылық болмайды.

9. Таза ауа- жанға дауа.

10. Табиғатқа жасалған қиянатымыздан кейін, одан мейірім күтуге біздің қақымыз жоқ.

Ырым-тыйым сөздер.

  1. Су шашып ойнама.

  2. Құстың ұясын бұзба, жұмыртқасын жарма.

  3. Жас шыбықты кеспе.

  4. Жалғыз ағашты кеспе.

  5. Гүлді үзбе, көкті жұлма.

  6. Құмырсқаның илеуін бұзуға болмайды.

  7. Бұлақты ластама, қайта көзін аш.

  8. Бозторғайды, тырнаны, аққуды өлтіруге болмайды, өйткені олар- киелі құстар.

  9. Жерді шұқыма.

  10. Кірдің суын жолға төкпе.



Ән: «Табиғат - анамыз»



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!