Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауылымның тарихын жаңғыртқан ескерткіштер

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар мен оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«ШЕЛЕК АУЫЛЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ



Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары.

Секциясы: Өлкетану



Тақырыбы: Ауылымның тарихын жаңғыртқан ескерткіштер





Ізденуші: Әбіл Азамат Шынайұлы, Бектұрсын Аружан Советбекқызы, Ширинбекова Жәудір Ғаниқызы, 8 «Ә» сынып оқушылары, Шелек ауылындағы №1 орта мектебі

Жетекшісі: Демеева Анар Бериковна, Шелек ауылындағы

1 орта мектебінің тарих және география

пәнінің мұғалімі

Кеңесші: Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызы, Шелек

ауылындағы №1 орта мектебінің директоры, тарих

ғылымының кандидаты

Шелек ауылы 2018 ж



Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің "Шелек ауылындағы №1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы:

Ауылымның тарихын жаңғыртқан ескерткіштер
















Ғылыми жетекші: Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызы

Жоба жетекшісі: тарих және география пәнінің мұғалімі

Демеева Анар Бериковна

Ізденушілер: Әбіл Азамат Шынайұлы, Бектұрсын Аружан Советбекқызы, Ширинбекова Жәудір Ғаниқызы


1

Тақырыбы: Ауылымның тарихын жаңғыртқан ескерткіштер

Зерттеу мақсаты: Шелек ауылының халықтың мәдени мұрасына айналған ескерткіштерін зерттеп, танып-білу.

Зерттеу нысаны: Мектептер жанынан орын тепкен ескерткіштер

Ғылыми болжамы: «Өлкетанушы» зерттеу тобын ұйымдастыру

Өзектілігі: Ескерткіштердің сырын ашып, кеңінен танып-білуге насихаттау.

Жобаның міндеті:

Ауылымның тарихын жаңғыртқан ескерткіштер.



Зерттеу кезеңдері:


І.Ізденіс. Ескерткіштер жайында нақты дәлелдермен мәлімет жинақтап, ғылыми әдебиеттер, газет -журналдар, ғаламтор мәліметтерін салыстыра отырып, іздендім .


ІІ.Мәлімет жинау. Мектептер жанынан орын тепкен ескерткіштер жайлы ауызша және жазбаша деректер мәліметтеріне шолу.


ІІІ.Зертханалық бақылау. жинақтау. Ғылыми әдебиеттер, газет -журналдар, нақты дәлелдерден мәліметтер жинақтау.


ІV.Талдау жасау. Деректердің құндылығын анықтау, зерттеу.


Зерттеу тәсілдері: Мәліметтер мен деректер жинап, танысу, жоспарлау, талдау, салыстыру, іздену, зерттеу.


І. Кіріспе бөлім

Ауылымның тарихи ерекшеліктері.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ескерткіштердің маңыздылығы.

2. Ауылымның тарихын жаңғыртқан ескерткіштердің сыры.

3. Өлкетану жұмыстарының жүзеге асырылуы.

ІІІ. Қорытынды.





2



Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Шелек ауылындағы №1 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8 "Ә" сынып оқушылары Әбіл Азамат Шынайұлы, Бектұрсын Аружан Советбекқызы, Ширинбекова Жәудір Ғаниқызы «Ауылымның тарихын жаңғыртқан ескерткіштер» туралы жазған ғылыми жобаларына






Пікір



Әбіл Азамат Шынайұлы, Бектұрсын Аружан Советбекқызы, Ширинбекова Жәудір Ғаниқызының Шелек ауылының ескерткіштері туралы ізденуді ұсынуы оқушылардың ауылына деген сүйіспеншіліктерін, танымдылықтарын көрсетеді. Ізденушілер ғылыми пайымдаулар жасауға, ізденуге, ғылыми жұмыс жазуға қабілеттері мол екендіктерін байқатты. Олар сыныптастарының да қызығушылықтарын оята білді.

Әбіл Азамат Шынайұлы, Бектұрсын Аружан Советбекқызы, Ширинбекова Жәудір Ғаниқызының іздемпаздықтары ғылыми дәлдікке негізделіп, көңілге қонымды, әрі зерттеулері ғылыми жұмыстардың талабына сай жазылған. «Ауылымның тарихын жаңғыртқан ескерткіштер» туралы ғылыми жобалары келешекте ізденіс жұмыстармен толықтырылады деп сенемін.












Ғылыми жетекші: Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызы

Жоба жетекшісі: тарих және география пәндерінің мұғалімі

Демеева Анар Бериковна

2018-2019 оқу жылы


3




І. Кіріспе бөлім

Ауылымның тарихи ерекшеліктері.

Мен Шелек ауылында туылғанмын. Менің аты жөнім Бектұрсын Аружан Советбекқызы. Мен Шелек ауылындағы №1 Мектепте 8 «Ә» сыныбында оқимын. Маған ескерткіштерді зерттеген ұнайды. Мақсатым осы Шелек ауылындағы ескерткіштерін зерттеу, сол себепті де осы ғылыми жобаға қатысып отырмын. Мен Ыбырай Алтынсарин және де Абай Құнанбаев атындағы мектептердің ескерткіштерін алып отырмын .

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазіргі Қостанай облысы аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айрылған ол атасының – белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршинның қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды. Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен «Өз халықыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем» деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халықының пайдасына асыруға талпынды.

«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп - мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы қысқаша айтып өтсем.

Мектеп 1963 жылы 8 жылдық орыс мектебінің базасында ашылған . 1992 жылы оқушылардың көбеюіне байланысты мектеп екіге бөлінген. Мектеп жанындағы бұрынғы «Октябрдің елу жылдығы» атындағы, яғни Вихрев мектебіне бұрынғы орыс сыныптары көшіріліп, екіншісі Т.Кенжебаевтың атауы берілген. Мектебіміз алғашқы ұстаз –педагог Ыбырай Алтынсарин атында , 530 оқушыға арналып салынған.Мектепте бүгінгі таңда 791 оқушы , 71 мектепалды даярлық тобының балалары , 25 балабақша балалары білім мен тәрбие алуда.

Қазақстан Республикасының Білім беру саясатын өз мәнінде жүзеге асыруда және білімді де білікті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде мектеп ұжымының қосқан үлесі зор . Мектепте 67 мұғалім еңбек етуде.

Қазақстан Республикасының Білім беру саясатын өз дәрежесінде жүзеге асыруда және білімді де білікті сауатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде мектеп ұжымының қосқан үлесі зор.


4

Оқу ісінің үздігі -3 (Г.Атабаева- тарих, Г.Адамова-қазақ тілі , Л.Рахмединова-химия). Министрліктің мақтау қағазы –1 (М.Байсалбекова-орыс тілі).

ҰБТ қорытындысы жайлы сөз қозғасақ , 2009 жылы -89,8% 2010-2011 жылы -84,5% болып , үнемі жақсы көрсеткіштер беруде .

Осы оқушылардың ішінде 12 оқушы 100-113 ұпай алса , 11 «а»сынып оқушылары Ж.Адасбаева , Ә.Диханбек, Асқар Назеркелер «Алтын белгі»иегерлері ,ал Д.Нұрлыбаева, Б.Сейітов , Ә.Тақабаева, Бижановалар ерекше үлгідегі аттестат алды .

Әл Фараби былай деген: «Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға , алдымен танымдылық қажет». Әр ұстаз өз алдына мақсат қоя білсе , биік шыңнан көрінері сөзсіз. Ал мұғалімнің бүкіл мақтанышы – шәкірттерінде , ұрпақтың өсіп өнуінде .

Дарынды оқушыларды тауып, жетілдіре беру мақсатында төмендегідей бағыттарда ғылыми қоғамдар жұмыс істейді, оқушылардың ғылыми жобаларымен айналысу мүмкіндіктерін ашып, дарынды ояту мақсатында түрлі байқауларға қатысу жолына қойылған.

2010-2011 оқу жылында 29 оқушы аудандық «Дарын» байқауына қатысып, 9 оқушы жүлделі 1,2,3 орындарды иеленді. «Дарын» байқауына өз үлесін қосып, облысқа , республикаға дейін оқушы даралап , жіберіп жүрген мұғалімдер Н.Мамырқұлова, Г.Адамова, Б.Саитова, Байсалбековалардың есімдерін атап айтсақ артық болмайды.

Тәрбие саласы бойынша ең үздік мектеп, ауылдық КТК ойнында 3 жыл қатарынан «Алтынсарин балмұздақтары» , «қызыл телпектер» командалары біріншілікте болды. 13 үйірме жұмыс жасайды . Облыстық «Үздік тәрбиеші» байқауында Беспаева 1-ші орын алды . «Таным» байқауына қатысып мектеп директоры С.Б.Бек-Қожа жүлделі орын тиеленіп,Астана қаласында өткен 3 форумға делегат болып сайланды .

Мектеп ұжымы келешекте сапалы білім ,сапалы тәрбие бере отырып бәсекеге қабілетті, адамгершілігі мол,жеке тұлға ретінде таныла алатын патриот ұрпақ тәрбиелей береміз деп отыр.

1963 жылы 6 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданының Қызылшарық ауылында дүниеге келген. Абай атындағы мемлекеттік университетінің тарих факультетін1992 жылы берілген. 1985-1986жж. Қабылов орта мектебінде тәрбиеші , 1986-1987 жж.М.Әезов атындағы орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі,мектеп директорының , орынбасары , 1995-1996жж. Қаратұрық ауыл мектебінің директоры , 1997-2000 жж Жаңашаруа орта мектептің директоры, 2000-2001 жж. М.Әуезов атындағы орта мектептің директоры , 2000-2001 жж. Еңбекшіқазақ ауданындағы оқу бөлімінің бас маманы , 2002 жылдан Ы.Алтынсарин орта мектебінің директоры болып қызмет істеп келеді. Бірнеше мәрте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі , Алматы облыстық білім департаментінің грамоталарымен Беккожа Сағымбек Бөрібайұлы марапатталады.


5


Мен Шелек ауылының тұрғынымын. Мен Шелек ауылындағы Әлия Молдағұлова жәнеде Төле Кенжебаев мектебін, мектептегі ескерткіштерді алдым. Маған қызық болған мәселе мен осы мектептердің тарихын қатты білгім келді.

Төле Кенжебаев 1902 Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, Кеңес Одағының батыры. Қазан төңкерісінен соң бірнеше жыл былғары зауытында, ұжымшарда аға шопан болып жұмыс істеген. 1942 жылдан Ұлы Отан соғысына қатысқан. 60 гвардиялық атты әскер полкінің жауынгері. Кенжебаев 1943 жылы 27 кыркүйекте Невки деревнясы жанында Днепр өзенінен алғашқылары болып өткен. Өзеннің оң жағалауында жауып тұрған оқтың астында қалтқысы бар екі солдатты 200 м жерден сүйреп, Кеңес әскері тұрған жағалау жеткізген. Осылайша бөлімшелердің оң жағалауға өтуін қамтамасыз етті. Кенжебаев жаудың қарсы шабуылын тойтаруға қатысып, 3 жауынгерін өлтіріп, бір офицерді тұтқынға алды. Қыркүйектің соңында Кеңес әскері Днепр өзеніндегі ұрыстарға шешуші табыстарға жетті. Осы кезде көрсеткен ерекше ерлігі үшін Кенжебаевқа КСРО Жоғары Кеңес Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының батыры атағы берілді. 1944 жылы Лениннің 1 дәрежелі Отан соғысы ордерімен медальдармен марапатталған. Соғыстан кейін Кенжебаев өзінің туған жеріне оралып, Авангард ұжымдарының жылқы фермасында жұмыс істеді .

Келесі зерттеуім Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлова. Ескерткіштің орнатылған жері, мектеп жанында. Толық атауы : Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі,мемлекеттік мекемесі. Мекен-жайы:Шелек ауылы, Іле көшесі №12. Меншік түрі:мемлекеттік. Құрылтайшы:Алматы облысы әкімі. Мектептің құрылған күні: 31.08.1980жылы. Мектептің оқыту тілі:қазақ тілі,орыс тілі. Мектептің сыйымдылығы:1070оқушыға арналған 5 корпусты. Жалпы оқушылар саны: 667. Озат оқушылар : 93. Екпінді оқушылар: 260. Сапа 60%, Үлгерім 100%

Әлия Нұрмұхамедқызы Молдағұлова шын есімі Ілия, майдандас достары Лия деп атап кеткен. 1924 жылы 15 маусымда Бұлақ ауылы Қобда ауданы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Мансабы мерген болған.

Бала кезінде анасынан айырылып \1933 ж.\, кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен ИбарруриТимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған.


6

Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай \1942\ ЖШҚӘ-ға \Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері\ майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған \22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты\. Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.

Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер \Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі\, Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург , Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды. Сонымен қатар, біздің ауылымызда Әлия Молдағұлова есімімен мектеп аталып, жанына ескерткіш тұрғызылды.

Әлия атындағы ескерткіштер. 1. Новосокольники қаласы \авторы М.Айнеков\ 2.Ақтөбе \Л.Рапутов, Е.Штамм\ 3. Ақтөбедегі Мемориалды кешен \авторы Б.Әбішев\ 4.Әліпбайсай ауылы \Б.Әбішев\ 5.Алматыдағы “Шығыстың қос жұлдызы” атанған Әлия мен Мәншүкке арналған мемориалдық кешен 6. Мәскеуде ескерткіш \Б.Әбішев\ 7. Мемориалдық музейдегі бюсті \О.Шанов\. Әлия атты музейлер

Облыстық мемориалдық музей /Ақтөбе қаласы/, №891 Мәскеу орта мектебінде, №140 Санкт-Петербург орта мектебінде, Әліпбайсайдағы патриоттық орталығы.

Кеңес Одағының Батыры. Әлия Молдағұлованың тағдырына қатысты айтылмаған ақтаңдақтар жетерлік. Әлия 8 жасқа толған аштық жылдары анасы мерт болған деген деректер пайда болды. Марқұмның мүрдесі Қурайлы өзенінің төменгі сағасында жатса керек. Бірақ оны іздеп жатқан ешкім жоқ болды.

35 жылдан соң айтылған шындық

Екінші дүниежүзілік соғыстағы әйгілі батыр қыздың анасының мүрдесі белгісіз қалған . 1930 шы жылдардың ашаршылығында келдек теріп жүрген Әлияның анасын атып өлтірген деген дерек бар. Оның қызының соғыстағы ерлігі жайында небір мақтау сөздерді айтқанымен қазақтың мақтанышына айналған батыр қыздың анасының басында белгі де жоқ .

Ұзақ жылдар осы жайтты ішінен сақтап келген (Қос шынар туралы) қоғамдағы бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес Азаттық радиосына барлық шындықты бүкпесіз айтып беруге бел байлады .


7

«Мен 35 жылдан аса үндемей келдім. Әлия мен Мәншүкке арналған қоғамдық бірлестігі басқарғаныма да осыншама жыл болды. Жасым келді мен өлген соң жұрт шындықты білмей қалады. Ал олардың шындықты білмей қалды. Ал олардың шындықты білулері қажет. Батыр қыздың анасының жатқан жерін жылдам табу керек. Батыр қызды дүниеге әкелген әйелдің қайда жатқанын, оны кімнің өлтіргені белгісіз. Оның рухы да әлі күнге дейін тыным таппаған болар,» - дейді ол .

Ғалымжан Байдербестің айтуынша, Әлияның анасының аты Маржан болған . Ол картоптың келдегін жинап жүрген. Бұл әйгілі ашаршылық жылдары еді. Күзетші оны атып өлтірген. Бұл кезде Әлияның әкесі Нұрмұханбет байдың баласы болғаны үшін қуғынға түсіп жүрген. Ол кісі қолынан мерт болған әйелін өздері сол кездері тұрған Қурайлы өзенінің төменгі сағасына асығыс жерлей салған. Өздерін Әлияның туысымыз деп айтатындар бар. Бірақ олар Әлия Молдағұлованың анасының жерленген жерін іздеуге ешқандай талпыныс жасап жатқан жоқ. Маржанның мүрдесін іздеп тауып, оны күйеуі Нұрмұханбеттің жанына апарып жерлеу үшін комиссия құру керек. Ал Нұрмұханбет Әлия Молдағұлова атындағы кенттің жанындағы Бұлақ деген жерде жерленген. Бұны Әлия Молдағұлованың әруағы риза болу үшін жасау керек –деп жазылған.

Жалпы бұны қалай деуге болады. Әдетте адамдар жер түбінде, өзге мемлекеттердегі жерленген туыстарын іздеп жүріп тауып алады .

Әсіресе соңғы жылдары ел соғыста опат болған аталарының қабірлерін іздеп табуда. Ал біз болсақ иеліміздің астында тұрған Әлияның анасының қабірінін іздегіміз келмейді ! Жұрттың барлығы Әлияның атағына жармасқысы келеді. Туыстығын көлделең тартып, соның арқасында пәтер алады. Ал оның анасының қайда жатқандағында ешкімнің шаруасы жоқ . Мен бұдан артық үндемей отыра алмаймын – дейді Ғалымжан Байдербес .

Оның айтуынша биліктегілер ең болмаса Әлия Молдағұлованың анасының қабірін іздеуге әрекет жасалуы керек . Қурайлы өзенінің төменгі сағасында көзге көрініп тұрған жоқ деп есептейді Ғалымжан Байдербес. Маржанның бейіті әлдеқашан жермен жексен болып, үстін шөп басып кеткен .

Мен Әлияның әкесі Нұрмұханбеттің көзін көрген жоқпын. Әйтпесе ол әйелін Қурайлының қай жеріне жерленгенін сұрар едім ,- дейді Ғалымжан Байдербес Жедел арада коммиссия құру керек !

Әлияны балалар үйіне берген бе?

Әлия жайында түрлі әңгімелер жетерлік. Шындап келгенде Әлияның фамилиясы Сарқұлова болуы керек екен. Анасының қазасынан соң Әлия бір жыл бойы ауылда әркімнің үйіне жүрген. Ақырында оны нағашысы Әбубәкір Молдағұлов қолына алған . Әбубәкір Әлияға өзінің фамилиясын беріп, оны Леннинградтағы мектеп интернетқа орналастырады. Бұл кезде Әубәкір Ленинградтағы көлік академиясында оқып жүрген. Кейінірек Қазақстанға келген соң ол Қазақстандағы темір жолдың үлкен басшыларының бірі болған.


8

Әбубәкір Молдағұлов Әлияны балалар үйіне орналастырған деседі .

Менің әкем кейінірек Әлияны балалар үйіне тапсырған – мыс дейді.

Олай емес. Менің әкем оған жақсы білім бергісі келіп мектеп – интернатына орналастырды. Кейінірек соғыс кезінде ол мектеп – интернат балалар үйіне айналады. Өздерініз білесіздер, ол бір өте ауыр кезең болатын. Бір бөлмеде сегіз адам тұрған.

Мен Шелек ауылында дүниеге келгенмін. Мен №1 орта мектеп 8 «Ә» сынып оқушысымын. Менде ескерткіштерге қызығушылық болған. Бұрында салынған ескерткіштері зерттегім келеді. Мысалы: Абдолла Ахметұлы Розбакиев және Пётр Борисович Вихрев мектебін нысанға алдым.

Абдолла Ахметұлы Розбакиев.

Менің басты мәліметтерім, Абдолла Ахметұлы Розбакиев 31.10.1897 жылы Киікбай ауылы, 1937 қоғам қайраткері болған. 1917 жылы сәуірде Верный қалалық мұсылман жұмысшылар одағаның хатшысы болып сайланған. 1918 жылы Жетісу облыстық ревкомына мүшелікке өтті. 1921 жылы тамызда көктемінде Жаркент уездік қалалық ревкомының төрағасы болып тағайылданды. Сол жылдың соңында өзі ұйымдастырған ерікті ұйғыр полкінің комиссары ретінде Ферғана даласында басмашыларға қарсы күреске қатысты. 1932 жылы Шығыс Қазақстан облысының Павлодар аудандық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарды. Өмірінің соңғы жылдары Қазақстан КП ОК нің баспасөз және бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 1921 жылы маусым айының басында Ташкенттен кейін Алматыда ұйғыр тілінде шыға бастаған. 1937 жылы саяси қуғын - сүргін құрбаны болды. Алматы қаласындағы бір көшеге Розбакиев есімі берілген. Ол О.Жандосов, П.Виноградов, Т.Бокин, тағы басқа қоғам қайраткелерімен бірге Жетісу өңірінде Кеңес өкіметін орнатуға қатысты .

Пётр Борисович Вихрев

Пётр Борисович Вихрев 11 наурыз 1909 жылы туған. 16 қарашада 1941 жылы ол ұлы отан соғысының қатушысы, әскери комиссар болған. Петр Вихрев мектепті бітіріп болған, комсомольский мен партиный жұмысқа кірген. Талдықорғанда 1921 жылы, ал 1924 жылы Алматыға көшіп келіп аяқкиім фабрикасында директордың орынбасары болған . 1941 жылы Қызыл Армияда болған. Ұлы отан соғысының ардагері , 1941 ВКП қатарында болған. Ең жоғарғы мемлекеттік марапатқа ие болған - Вихрев Петр. Петр атамыздын ескерткіші Алматы облысында 1981 жылы салынған, ал шелекте мектебі бар. Ұлы Отан соғысының батыры.

Бір солдатың хаты.

14 казан 1941 жылы Булычево кішкентай ауылында Вихрев бірге солдатарымен немістерді бір өзі, 150 солдатпен және 3 танкімен жаулап алып қырған . Күндіз келесі күні қайтадан немістер соғысты бастады. Біз қашуға мәжбір болдық .3 - 4 адам ұстадық. Оларды 5 күн ұстап талай нәрсе істедік. 16 қазанда жаман соғыс басталған . Немістер күндіз - түнде соғыс бастай берді. Вихрев солдаттармен келе жатқан .


9

Офецердің қасында 15 адам қоршап тұрған, 2 танкімен болған. Бәрі қырылып қалды. Вихрев өзі жалғыз соғыс бастады. Осымен хат бітеді.

1967 жылы мектеп ғимараты салынды.Мектепте 50 –лет «Октября» атауы берілді.Алматы облысының Шелек әкімшілігінің 1995 жылғы 12 мамырдың номер 190 бұйрығы негізінде мектептің атауы мемлекеттік мекеме Вихрев атындағы орта мектебі болып өзгертілді .Ең алғашқы осы мектептің директоры болып 1967 жылы Варонкова Анастасия Ефремовна тағайындалды.Петр Вихревпен атындағы орта мектеп мемлекеттік мекеме құқығын негізінде жұмыс жасайды.Алғашқы тіркелген уақыты Алматы облысы Білім департаменті 1967 жылы 29 қараша айында бекіткен.Заңды тұлғаның орналасқан мекен жайы Қазақстан Республикасы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы шелек ауылы Бокин көшесі 40.

Жалпы көлемі 3600 кв. м.Пайдалы көлемі 3500кв.м.типтік мекеменің орындар саны 642.Мектеп 2 ауысымда оқиды.Мектеп 3 қабатты кірпішпен салынған. Мекмлекеттік еңбек тәртібі өндірістік кеңеске қаралып кәсіподақ төрайымның келісіміненбекітілген.Мектепте балалардың құқығын қорғау және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу бағытында жұмыстар жасалынған.

Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі N 53 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2010 жылы 07 маусымда N 2052 тіркелді.

       Қазақстан Республикасының "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 18)-тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                С. Үмбетов

Алматы облысы әкімдігінің
2010 жылғы 27 сәуірдегі N 53
"Жергілікті маңызы бар тарих
және мәдениет ескерткіштерінің
мемлекеттік тізімін бекіту
туралы" қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН





10

N

Атаулары

Ескерткіш түрі

Орналасқан жері

1

2

3

4







191

Абай Құнанбаев бюсті, 1977 жыл

қала құрылысы және сәулет

Шелек ауылы

192

А.Розыбакиев бюсті, 1977 жыл

қала құрылысы және сәулет

Шелек ауылы

193

П.В.Вихрев бюсті, 1980 жыл

қала құрылысы және сәулет

Шелек ауылы

194

И.Таировқа арналған обелиск (1900-1938), 1985 жыл

қала құрылысы және сәулет

Шелек ауылы

195

Жетісуда Кеңес үкіметін орнатқан күрескер А. Шымболатовқа арналған обелиск(1901-1938),1968 жыл

қала құрылысы және сәулет

Шелек ауылы

196

Ұлы Отан соғысында қаза болған жерлес-жауынгерлерге орнатылған обелиск, 1988 жыл

қала құрылысы және сәулет

Шелек ауылы

197

М. Маметова ескерткіші, 1988 жыл

қала құрылысы және сәулет

Шелек ауылы

198

Шелек тарихи-өлкетану мұражайы, 1981 жыл

қала құрылысы және сәулет

Шелек ауылы

199

Кеңес Одағының Батыры Ә. Молдағұловаға арналған бюст, 2008 жыл

қала құрылысы және сәулет

Шелек ауылы

200

Кеңес Одағының Батыры Т. Кенжебаев ескерткіші, 2003 жыл

қала құрылысы және сәулет

Шелек ауылы


346

Бейіт Шелек І, 24 қорған, І-ІІІ ғасырлар, біздің дәуірге дейін

археологиялық

Шелек табаксовхозының солтүстік жағалауында

347

52 қорғаннан тұратын бейіт, ежелгі темір ғасыры

археологиялық

Шелек табаксовхозының оңтүстік жағалауында


Жалпы Қазақстан бойынша 1519 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілген. Сол тізімнің 191-ден 200-ге дейін және 346, 347 тізімделуінде Шелек ауылының ескерткіштері тіркелген.


12

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ескерткіштердің маңыздылығы.

Ескерткіш - кең мағынасында елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді \құрылыстарды, ғимараттарды, тағы да басқа\ қамтиды. Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі төрт түрге бөледі: археологиялық ескерткіштер, тарихи ескерткіштер, сәулет өнері ескерткіштері, монументтік \мүсін\ өнері ескерткіштері. Сондай - ақ, ескерткіштерге тарихи - танымдық немесе тарихи - көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады. Яғни адамзаттың көне заманнан күні бүгінге дейінгі дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше, қайталанбас заттық - рухани үлгі-нұсқаларын; адам өміріндегі оқиғаларды, белгілі бір елдің, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, қастерлі мұраларды ескерткіш деп атау қалыптасқан. Оларды шартты түрде ауыз әдебиеті ескерткіші, жазба ескерткіш, өнер ескерткіші, сәулет ескерткіші, археологиялық ескерткіш, ұлттық дәстүрлі қолөнер ескерткіші, діни ескерткіш деп те түрліше жіктеуге болады. Мәселен, адам қабірінің басындағы оба, қорған, дың, сондай-ақ, сақ дәуірінен, көне түркі, қыпшақтар 

кезеңінен жеткен тас мүсіндер, сынтас, сартас, құлпытас, қойтас, үштас, бестас, сағана, төртқұлақ, кесене археологиялық және сәулет ескерткіштері - ең алғашқы ескерткіш түрлері қатарына жатады. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылады және өскелең ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігін құрайды;

Тар мағынасында - ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды.


13

Бұл атау монумент деген ұғымның мағынасына жақын. Алайда ескерткіш, әдетте, дүние салған адамның құрметіне тұрғызылады. Ескерткіштің кең тараған түрі де осы - көлемі нақты тұрпаттан үлкендеу мүсіндік бейнелер. Олар, әдетте, көрнекті жерге \қала алаңына, саябаққа, тарихи орындарға, тарихи адамдардың туған жерлеріне, ұрыс даласына\ орнатылады. Өлген адамға ескерткіш орнату дәстүрі ерте заманда - ақ пайда болған. Мысалы, ежелгі Грекияда аса көрнекті қолбасшылар мен қоғам қайраткерлерінің құрметіне, Римде императорларға ескерткіш қойылған. Қайта өркендеу дәуірінде Италияда Микеланджело, Францияда Т.Бонтан, т.б. сияқты мүсін өнері шеберлерінің аты әйгілі болды. 19 ғасырда Еуропа мен Америкада әр түрлі оқиғаларға, 20 ғасырда ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлеріне, жазушы, суретші, музыкашыларға ескерткіштер жасау үрдісі кең етек алды.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ерлігін мәңгі есте қалдыруға арналған ескерткіштер өте көп. Солардың ішіндегі ең күрделісі - Берлиндегі кеңес әскері жауынгерлері құрметіне тұрғызылған тарихи-мемориалдық ескерткіш.

Ал Қазақстанда ескерткіш орнату 1940 жылдан кейін кең өріс алды. Алғашқы ескерткіштердің бірі - Алматыдағы “Амангелді Иманов” ескерткіші. Белгілі мүсінші Х.Наурызбаевтың “Абай” \1960\, “Шоқан Уәлиханов” \1969, екеуі де Алматыда\, “Жамбыл Жабаев” \1964, Тараз\, “Амангелді Иманов” \1959, Қостанай облысы Амангелді ауданы\, Т.Досмағамбетовтің “Шоқан Уәлиханов”\1972, Көкшетау\, Ю.Г. Былыктың “Нұркен Әбдіров” \1969, Қарағанды\, т.б. мүсін-ескерткіштері Қазақстандағы алғашқы ескерткіштердің ең көрнектілері болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де ұмытылмас есімдер мен тарихи оқиғаларды жаңғыртатын бірқатар ескерткіштер тұрғызылды. Олар: мүсінші Б.Әбішевтің “Жамбыл” \1996, Алматы\, Республика тәуелсіздігіне арналған кешен -“Тәуелсіздік монументі” , мүсіншілер Боярлин мен Т.Мырзагелдиннің “Саяси қуғын-сүргін зобалаңынан құрбан болғандарға ескерткіш”, мүсінші Досмағамбетовтің “Қаныш Сәтбаев” \1999, Алматы\, мүсінші К.Кәкімовтің “Сұлтан Бейбарыс” \2000, Атырау\, қазақ елінің бірлігі мен ынтымақтастығының белгісі ретінде Ордабасы тауында орнатылған “Ордабасы кешені” ескерткіштері, т.б. Сондай-ақ, әдебиет, өнер, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қабірі басына бейне-мүсін қою немесе олар тұрған үйдің қасбетіне жазулы ескерткіш тақта орнату да дәстүрге айналған.

Қазақ халқының рухани мол мұрасы мен салт-дәстүрін халыққа насихаттап, өткен ғасырлардың  алып тұлғаларының  ескерткіштері арқылы   еліміздің тарихын  жаңғырту үшін  облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы  өз жұмысын  жаңа  талапқа сай  жалғастыра береді.

2. Ауылымның тарихын жаңғыртқан ескерткіштердің сыры.

3. Өлкетану жұмыстарының жүзеге асырылуы.



14

Өлкетану жұмыстарындағы тарихи және мәдениет ескерткіштері

     Ортағасырдың белгілі сәулетшісі Аджеми өзі салған ғимаратқа мынандай сөздерді тасқа қашап жазған «Өмір мәңгілік...біз кетеміз - бұлар қалады».

   Ұрпақ, экономикалық - әлеуметтік формация ауысады, ал тек архитектура мен сәулет өнері өмірдің жан - жақтылығын мен байлығын тас тілімен айтып отырады.        

   Тарих, архитектура, өнер ескерткіштерін әрі музей және басқа да қоғамның материалдық мәдениет құндылықтарын сақтау, адамды жан-жақты тәрбиелеу, адамдардың рухани мәдениетін дамытудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау бойынша конституциялық норма тек лауазымды адамдарға емес, республиканың әр азаматтарына да тиісті. Ескерткіштер бүкіл халықтың игілігі, әр азаматтың борышы - сақтап әрі халықтың тарихи және мәдени мұрасын келесі ұрпаққа жеткізу.

    Қазақстан тәуелсіздік алысымен 1993 жылы Қазақстанның бүкіләлемдік мұраны қорғау бойынша конвенцияға қосылуы туралы құжаттар ЮНЕСКО -ға жіберілді. 1994 жылдан бастап ЮНЕСКО Қазақстанды Конвенцияға қосылды деп есептелді. ЮНЕСКО тізімі бойынша 10 объект. Оның тоғысы археологиялық ескерткіштер беруі архитектуралық.

      Тізімді бірінші болып Қ.А.Яссауи архитектуралық комплексті тұр. Бұл объектінің ғажайыптылығы оған архитектура тарихи бойынша теңдесі жоқ. Қ.А.Яссауи кесенесі ислам архитектурасы кешенесінің көпкамералы, көпфункциональды шарықтау түрі. Тізімді екінші петроглифтердің Тамғалы атақты комплексі \жартастағы суреттер\ Алматы облысы. Одан ары түркілердің биік таулары қасиетті орны \Мерке. Жамбыл облысы\, Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениетінің мегалистік ескерткіштері, Тасмола мәдениетінің қорғандары, Ешкіөлмес петроглифтері (Алматы облысы), Тізімде жетінші палеолиттік тұрақтары бар Қаратау тау жоталары, Арпа Өзен петроглифтері \Оңтүстік Қазақстан\, Отырар оазисі және Орталық Қазақстан Ұлытау мәдени ландшафтары.

     Қазақстан Республикасы тарих және мәдениет ескерткіштері халық игілігі және әлемдік мәдени мұра, өркениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Ескерткіштерді есепке алу, қорғау және пайдалану мемлекет және органдары, қоғамдық ұйымдар мен барлық азаматтардың маңызды міндеті. Табиғи климаттық факторлар әсіресе антропогендік әсер ету, өндірістік және азаматтық құрылыс, пайдалы қазбаларды өңдеу, ауылшаруашылық өндіріс, жеке меншік иелерінің жерді иемдену нәтижесінде бүкілхалықтық игілікті құрайтын ескерткіштерді бүлдіру мен құрыту іске асырылуда.

    Қазақсанда 1992 жылы 2 шілдеде «Тарих және мәдени мұра ескерткіштерін қорғау мен пайдалану туралы» Заң қабылданған. 4-ші бөлім «Тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік есепке алу», 25 бап «Тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру» онда



15

Қазақстан территориясындағы тарих және мәдениет ескерткіштері қай меншікке жатқанша қарамастан, мемлекеттік есепке алынуы тиіс деп жазылған.

     Күрделі мәселелердің бірі материалдық құндылықтарды Қазақстаннан әкелу мен әкету. Мысал ретінде, Республикадан кітапханалық штампы бар сирек кітаптар республикадан әкетіліп букинистік магазиндер сөрелерінен ұшырасқан жағдайлар болған. Осындай жағдайлар архив материалдарында да кездеседі. Осыған орай халықаралық қорғау қажет, яғни тарих және мәдениет ескерткіштерін құтқару, қалпына келтіру және реставрациялау бойынша мемлекеттердің бірлескен қызметі. Осыған мысал ретінде ҚР Парламент Сенатының әдеби және көркемдік шығармаларды қорғау бойынша Қазақстанның Берн конвенциясында қосылуына қол қоюы болып табылады.

Қазақстанда мәдениет ескерткіштерін қорғау, реставрациялау және пайдалану блйынша арнайы ұйымдар құралған:

  1. Материалдық мәдениет ескерткіштерінің ғылыми-зерттеу және жобалау институты

  2. Қазреставрация трест

  3. Реставрациялық шеберханалар

  4. Мәдениет басқармалары жанындағы ескерткіштерді қорғау инспекциясы

  5. Қазақстан Р Мәдениет және ақпарат министрлігінің көшпелілердің мәдени мұрасы институты

     «Қаз.қайта жаңғырту» республикалық мемлекеттік кәсіпорын 1972 ж. Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысына сәйкес алғаш бұл кәсіпорын «Казреставрация» республикалық ғылыми жаңғырту өндірістік шеберханасы деген атпен құрылған. Негізгі міндеті - қазақ халқының тарихында ерекше орын алған тарих, мәдениет, сәулет және руханият ескерткіштеріне ғылыми - зерттеу, жобалау жұмыстарын жүргізеді. Сондай -ақ сол мәдени мұраларға қатысты жөндеу, қайта қалпына келтіру, жаңғырту, музейлендіру.

Мәдени мұраны игеру - халықтың тарихи жадының негізі, онсыз шынайы патриотизм болмайды. Тарихи мәңгүрттіктің осынау екпінін еңсеру жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу үшін айрықша маңызды.

     Бағдарламаның  негізгі міндеттерінің бірі - тарихи-мәдени мұраны толығымен тізімдеу, тарихи-мәдени ескерткіштердің тізімін дайындау. Тізімдеу дегеніміз - ескерткіштерді сақтау және және зерттеу жұмыстарының барлық ірге тасы.

      Қазіргі күні Қазақстан территориясында қалған 30 мыңға жуық тарихи және мәдениет ескерткіштері жыл сайын шетінен құрылыс және басқа да себептермен бүлініп жойылуда.

         Қазақстан аумағында орта ғасырлық мұсылмандық сәулет ескерткіштері \мешіт, ғибадатхана, кесене ғимараттары\ көптеп саналады.

        ҮІ-ХІІІ ғасырлар аралығында қалалардың көбейе түсуі, қала құрылыстары мен сәулет өнерінің дами түсуіне өз ықпалын тигізді.


16

Шеберлер жаңа конструкцияларын, формаларын енгізіп, декоративті өрнек түрлерін салды. Осындай жетістіктердің нәтижесінде бұл дәстүр ХХ ғасырдың басына дейін сақталып келді. Орта дәуірдегі  ХІІ-ХҮ ғасырлар аралығында салынған түрлі ғимараттардың осы кезге дейін жеткендері өте аз. Олардың бұзылуы, қайта раставрация жүргізуші жөнделуі, ескерткіштердің бастапқы уақыттағы өзінің түр-сипатының көп өзгеріске ұшырауына әкеліп соқтырды. Дегенмен, ХҮІІІ - ХІХ ғасырларда салынған ескерткіштердің азда болса сақталған бөлігінің өзі-ақ жоғары шеберлікті көрсетеді.

     "Мәдени - мұра" бағдарламасын, жүзеге асырудың бірінші кезеңінде мынадай жұмыстар аткарылды:

      1. 35 тарих, археология жаңе сәулет ескерткіштері кайта жаңғыртылып, қалпына келтірілді;

      2. 30-ға жуык қалашықтарда, қоныстарда және қорғандарда археологиялық зерттеулер жұзеге асырылды.

      3. Казак халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты қолжазбаларды, кітаптар мен құжаттарды табу мен жинақтау мақсатында Қытай, Түркия, Монғолия, Ресей, Жапония, Египет, Өзбекістан, Армения. АҚШ, бірсыпыра Батыс Еуропа елдерінін мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Нәтижесінде бес мыңға жуық Қазақстанның өнері, тарихы, этнографиясы туралы қолжазбалар мен баспа басылымдары табылды.

     4. Облыстар бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерін жаппай инвентаризациядан өткізіп, нақты Тізімін дайындап, энциклопедиялық анықтамалық томдар ретінде басып шығарту жұмыстары жүргізілді.

     5. Ұлттык және әлемдік ғылыми ой-сана, мәдениет және әдебиет басылымдарының серияларын әзірлеу және басып шығару бағытындағы ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Үш жыл ішінде барлығы 218 аталым колемді кітап әзірленіп, жарыққа шықты.

     6ЮНЕСКО-ның Дұниежұзілік мұралар тізіміне Қожа Ахмет Йасауи кесенесі мен Тамғалы кешені енгізілді.

     7. Тарихи-мәдени мұра саласындағы заңнаманы жетілдіру саласында 2007 жылы "Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану» мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы" Заң қабылданды. Осының негізінде бүгінде министрлік осы саладагы түрлі мәселелерді реттейтін заңға қарасты 16 нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітті.

     2007 жылы Қазақстан аумағындағы 20 тарихи, мәдени маңызды ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, соның ішінде 9 нысан-мазарда, "Абылай ханның ордасы" кешеніңде, Семей қаласындағы бір және қос мұнаралы мешіттерде калпына келтіру жұмыстары аяқталды, 32 көне қалашық, қоныстар мен қорғаңдарда археологиялык зерттеулер жүргізілді.

      Көне түркі жазбаларын зерттеу және ғылыми зерделеу мақсатында Моңғолияға ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, "Тоныкөк" және


17

"Тариғат" руникалық жазуы бар екі балбал тастың көшірмелерін дайындау жұмысы атқарылды. Қазак халқының және Орталық Азия көшпелі халықтарының тарихы мен мәдениетіне арналған 8 қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары іске асырылды.

     Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жаңа Тізімін әзірлеу жұмыстары аякталды. 218 нысан енген аталмыш Тізім Үкімет қаулысымен бекітілді. Ұлттық және әлемдік ой-сана, әдебиет және мәдениет бойынша басылым дестелерін өзірлеу сериясы бойынша 74 атаулы кітап әзірленіп, шығарылды.

     Мемлеқеттің оң имиджін калыптастыратын Қазақстанның тарихи және мәдени мұраларын шетелге кең таныстыру бағытында жұмыстар жүргізілді. АҚШ, Германия, Тәжікстан, Иран, Египет, Украина, Қытай және Белоруссияда кітап және сурет өнері көрмелері ұйымдастырылды.

     Тарихи және мәдени ескерткіштерді туризмді дамыту ісіне белсенді пайдалану мақсатында мұражай кешендерінің жүйесін дамытуға көңіл бөлінді. Петропавл каласында "Абылай хан  ордасы" мұражайландырылған кешені қайта жөндеуден кейін есігін ашты. "Есік қорғандары", "Берел" мемлекеттік тарихи - мәдени  қорық - мұражайларын құру жұмыстары жүргізілді. Археологиялық және көне сәулет ескерткіштерін казақстандық және халықаралық туристік маршрут жүйесіне енгізу жұмысы қолға алынды. 2004 - 2007 жылдары елді мекендерге жақын орналасқан 40 - қа жуық ескерткіш қайта жаңартылды. Олардың ішінде Айша Бибі, Арыстан баб, Есімхан кесенелері, Үшарал, Аккойлы медресе - мешіттері жөне т.б. бар.

     2008 жылдың басынан бері мынадай жұмыстар жасалып жатыр: аса маңызды 22 тарихи және мәдени сәулет ескерткіштерін калпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде Қарағұл, Ботағай кесенелері, Ақкесене мұнарасы, Қарақожа мешіті, Орал қаласыңдағы бірінші әскери училише ғимараты, Қалжан Ахун мешіт - медресесі, Жүсіп Ата мешіті мен кесенесі бар; көне қалашыктарда, коныстарда және қорғандарда археологиялык зерттеулер жұмыстары жалғастырылуда; ғылымның әр түрлі салалары бойынша іргелі ғылыми басылымдар әзірлеу мен шығару жұмысы жалғасуда, 83 атаумен кітаптар  шығару жоспарланып отыр; шетелдерде еліміздін мұражай корларынан алынған қолданбалы өнер бұйымдары көрмелерін ұйымдастыруға әзірліктер жасалуда.   

  "Мәдени мұра" бағларламасының екі кезеңінде атқарылған жұмыстардын нәтижесін қорытындылау мақсатында 2009 жылы әлемнің алты тілінде: орыс, ағылшын, француз, испан, қытай, араб тілдерінде, сондай -ақ қазақ, түрік, жапон және итальян тілдерінде Қазақстан мәдени мұрасы туралы кітап -альбом шығару жоспарланып отыр.

     Сондай - ақ екінші кезеңде тарихи - мәдени қорық - мұражайлар құру жұмысы нақты ғылыми жүйеге түсіріліп, оларды туристік инфрақұрылымға еңгізу бағытында біраз нәтижелер кұтілмек.



18

"Есік корғандары", "Берел" мемлекеттік тарихи - мәдени қорық-мұражайларының құрылысы жалғасын тауып, "Шілікті" корық-мұражайының құрылысын бастау көзделіп отыр.

М. Маметова бюсті, 1988 жыл,

Шелек ауылы


Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметоваға арналған ескерткіш. Мүсін М.Маметова атындағы орта мектептің орталық алаңына орнатылған, мыстан құйылған. Ескерткіштің биіктігі - 3 метр, ені - 100х70 см.

ІІІ. Қорытынды.

Жас ұрпақ Отанын сүйіп қана қоймай, тарихын да құрметтеуі тиіс. Өйткені, тарих елдің өткені мен бүгінін байланыстырып, болашағына жарқын жол сілтейді. Осыған орай, Шелек тарихи-өлкетану музейінде Рухани жаңғыру аясында тағылымды шара өтті. Жиынға ұстаздар қауымы мен мектеп оқушылары, әртүрлі мекеме қызметкерлері қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ата тарихымыз жайлы бір сөзінде: «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын дербес орны бар ұлт боламыз десек, әлемге мәдени жетістіктерімізбен танылуымыз керек», – деген еді. Музейде өткен жүздесу тарихи ескерткіштер мен ерлікке толы оқиғаларды насихаттау, жас ұрпақты рухани-адамгершілікке және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, жастарды музей мәдениетіне тартып, тарихын сүюге бағытталды.

Шараның ашылу салтанатында Шелек селолық округі әкімінің орынбасары Айбек Сәрсенбеков сөз сөйлеп, ата-бабадан қалған құндылықтарды сақтап, дәріптеу және мәдениетіміздің шамшырағын өшірмеу әрбір буынға артылған міндет екенін айтып өтті. «Біз өткенімізді ұмытпауымыз қажет. Мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді білмесек, келешекке қадам басуымыз қиын», – деді ол сөзінде. Шелек тарихи-өлкетану музейінің директоры Ердос Дәркенбаев Елбасының жыл сайынғы Жолдауларына, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына тоқталып, сөз түйінінде мемлекет жасап отырған қамқорлықтың барлығы, айналып келгенде, ел келешегі – жастарға арналғандығын тілге тиек етті.



19

Ал Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Самал Қайыпбаева болса, шараның ауқымдылығына тоқталып, оқушыларға жаңа ғасырда тарих пен тілді білудің маңыздылығы жайлы әңгімелеп берді. Шарада оқушылар да белсенділік танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Жүздесуде «Рухани жаңғыру» деген үлкен әріптерден құралған логотип бейнелі жазу музей ауласына қойылды. Бұл игі іске облыстық мәслихат депутаты Қуат Сұлтанғазиев демеушілік жасады. Көлік ағыны көп Жібек жолы көшесі бойындағы жазу өткен-кеткен адамдарға алыстан көрінеді әрі тұрғындарды тарихты құрметтеуге шақырып тұрғандай әсер береді.






Әдебиеттер тізімі:

1. Балалар Энциклопедиясы, 6 том. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев Алматы, 1998  III том

2. «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасының 2009-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 қарашадағы № 1016 қаулысымен мақұлданған /Егемен Қазақстан. 2008. 5 қараша (№336-337).

3. Тарихи - мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы: Қазақстан Республикасының Заңы. Қабылданған 2 шiлде 1992 ж./ Егемен Қазақстан.1992. 4 тамыз.2 б.

4. 2004 - 2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: ҚР Президентінің 2004 жылғы 13 қантардағы № 1277 Жарлығымен бекітілген / Қазақ тарихы. 2004. № 2. 4-7 б.

5. Мәдени құндылықтарды әкетуге және әкелуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы: ҚР Укіметінің қаулысы 30 мамыр 2007 ж., №440/ Егемен Қазақстан. 2007.19 маусым.10 б.

6. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және күтіп-ұстау ережесін бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2007 жылғы 6 қараша, №1044 / Егемен Қазақстан. 2007.10 қараша. 8 б.

7. Республикалық маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2008 жылғы 21 наурыз, №279 / Егемен Қазақстан. 2008. 24 қазан.8 б.








20

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.01.2019
1202
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12