Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауыр металдардың биологиялық рөлі (кіріктірілген сабақ )

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауыр металдардың биологиялық рөлі (кіріктірілген сабақ ) Ауыр металдарға сөз жұмбақ, постер құрастыру кімжылдам
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 15.03.2017 ж. Сыныбы: 10 «а» сынып

Сабақтың тақырыбы: Ауыр металдардың өндірісте қолданылуы, тірі ағзалар тіршілігіндегі олардың биологиялық маңызы.

Cабақтың мақсаты:

Оқушыларға ауыр металдардың өндірісте қолданылуы, тірі ағзалар тіршілігіндегі олардың биологиялық маңызын түсіндіру арқылы білімдерін толықтыру және дағдыларын қалыптастыру

Міндеттері: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушыларды өзіндік жұмысқа дағдыландыру және сараптау, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тұлғалық қасиеттерін қабілеттерін дамыту. Оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге, бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың әдісі: Іздену - зерттеу әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Мәтіндер әр топқа, плакат, маркер ,суреттер, интербелсенді тақта.
Сабақтың жоспары.
І.Ұйымдастыру кезеңі. (3 минут)

Оқушылармен амандасу, түгендеу, топқа бөлу. Химиялық қосылыстар арқылы үш топқа бөлу.

Топтың басшысын сайлаймын. Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу.

1 – топ: Мыс

2 – топ: Қорғасын

3 – топ: Мырыш

Топ ережесі:

1. Ұйымшылдық

2. Өз ойын жеткізу

3. Адал болу

4. Жауапкершілік

5. Бір-бірінің пікірін тыңдау білу.

6. Топтағы жұмысқа белсенді қатысу.

7. Келісімді ортақ шешімге келу.

Ескерту

1. Егер топ ережесін бұзған жағдайда ұпайларың кемітіледі.

2.Топтағы жұмысқа белсенді қатыспаса оқыушының ұпайы кемітіледі.

Топ мүшелері

Топ башысы

Топ көмекшісі

Уақыт санаушы

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (3 минут)

Фронтальді (жазбаша) тексеру графиктік диктант арқылы жүреді.

Жауаптардың белгіленуі: иә- «+», жоқ- «-».

1.Мыс атомдары қосылыстарда +1 және +2 тотығу дәрежелерін көрсетеді. (Иә)

2. Жер қыртысында мыстың мөлшері 0,1% массасын құрайды.(Жоқ)

3. Мыс - ашық қызғылт түсті жылтыр металл жеңіл созылады.. (Иә)

4.Жер қыртысында құрамы бойынша мырыш басқа элементтер арасынан 22-орында тұр.(Жоқ)

5. Кендерден металдық мырышты алу үшін пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық процестер қолданылады. (Иә)

6. Мырыш - көкшіл қара түсті күшті металдық жылтыры бар металл. (Жоқ)

7. Мырыштың өзі және қосылыстары екідайлық қасиет көрсетеді. (Иә)

8. Хром +1 -ден +5 дейінгі тотығу дәрежелерін көрсетеді . (Жоқ)

9. Хром - күмістей ақ, жылтыр металл. (Иә)

10. Хром (III) гидроксиді - қара жасыл түсті қоймалжың тұнба (Жоқ)

ІІ. «Сөз жұмбақ » ойыны. Әр топқа сөз жұмбақ беріледі шешуге.





1

А








2У






3

Ы






4

Р






5М







6

Е






7Т






8

А






9


Л





10


Д





11



А



12



Р







1. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл? (Калий)
2.
Периодты жүйедегі атомдық нөмірі 92 болатын химиялық элемент. (Уран)
3. Малахиттің құрамында болатын металл.
(Мыс).
4. Ең қатты металл
(хром)
5. Жер қыртысындағы құрамы бойынша басқа элементтер арасынан 23 орынды алатын элемент
(мырыш)
6. Жеңіл балқитын металл?
(Цезий)
7. Тез магниттелуге және магниттік қасиетін жоюға бейім металл
(темір)
8. Пышақпен кесуге болатын метал
(натрий)

9. Сүйекті қаптайтын элемент? (Кальций)
10. Ядро заряды 48 -ге тең, атомдық массасы 112 тең элемент.
(Кадмий)

11. Сұйық металл. (сынап)

12. Металдардың және оның құрамаларының айналадағы ортамен әрекеттесіп, бүлінуі.(Коррозия)


ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру. Мәтінмен жұмыс

а) Топтар өздеріне берілген тақырыптарды оқу (5 минут)

б) Өзара топта талқылау (3 минут)

в) Постер жасау (5 минут)

г) Әр топ өздеріне берілген тақырыптарды қорғау (әр топқа 3 минут), жалпы (9 минут)

Қорғасын

Аз зерттелген,бірақ улылығы жөнінен алғашқы орындарда.Негізінен сүйек ұлпасындағы зат алмасуға қатысады.Адам ағзасында 80-120 мг қорғасын бар.Тәуліктік улылық шегі:1 мг.Ол өте улы канцероген.Қорғасын гем және глобиннің синтезін бұзады.Нәруыз бен ферменттердің белсенділігін төмендетеді, бұзады.Қорғасынның өзі де қосылыстары да өте улы.Балалар өте тез уланады.

Ауру белгілері: іш ауру,тәбеттің нашарлауы,қан құрамының өзгеруі,анемия,бүйрек,ми ауруларын тудырады.Қатты уланған жағдайда бас қатты ауырып,айналып,тепе-теңдік жойылады,көз көруі,құлақ естуі нашарлайды.Қызылиегі қараяды.Паралич соғуы мүмкін.

Автомашиналардың түтінінде кездеседі, сол себепті жол жанындағы ауа құрамында көп болады.(аккумуляторда) Аздаған мөлшерде болса уланбайды.

Қорғасынды электр желілерін, аккумляторлар,оқ-дәрі өндірісінде кеңінен қолданылып келеді. Қорғасын гамма сәулелерін жақсы сіңіреді.Сондықтан оны радиоактив заттармен және рентген сәулелері мен жұмыс істегенде қолданып келеді.Ренткенге түсіретін адамдардың алжапқыштары мен қолқаптары өте ауыр болады.Өйткені ол қорғасын қосылған жіптен жасалады. Қорғасын адамды рентгеннің өткір сәулесінен қорғайды.

Тау жыныстарының құрамындағы қорғасынның орта мөлшеріне қарап, зерттеушілер оны сирек кездесетін элементтердің қатарына қосады. Бұл элемент негізінен сульфидты жыныстардың құрамында жиналады. Олар жер бетінің әр түкпірінде көптеген аймақтарда тараған. Кенді балқыту арқылы оны оп-оңай бөліп алады. Қорғасын жер қыртысында галенит (PbS) түрінде де кездеседі. Жер қыртысындағы қорғасын сумен шайылады және магмалық жыныстардан да босап шығады, сөйтіп, жер бетіндегі ағын сумен бірге біртіндеп мұхитқа түседі. Қорғасынның ионы (Pb2) тұрақты емес, сол себепті ол мұхит суында көп болмайды (10-8 %). Ащы суға қарағанда қорғасынның тұщы судағы мөлшері көбірек. Геохимиялық айналымда бұл элемент тұрақсыз болғандықтан оның топырақтағы орта мөлшері жер қыртысындағы орта деңгейіне сәйкес келеді. Ғылыми әдебиеттерде бар мәлеметке жүгінсек, бұрынғы Одақ көлеміндегі топырақтағы қорғасынның орта мөлшері 1,2. 10-3 % шамасында. Ауыр металдардың ішінде қазіргі кезде биологиялық тұрғыдан жан-жақты көбірек зерттеліп жүргені- қорғасын. Суық тиуге қарсы дәрілік өсімдіктердің (қызылмия, түймедақ, пармелия, өгейшөп т.б) құрамында болады.Әлемде жыл сайын өндірістік және тұрмыстық мақсатқа 3,0 млн тонна қорғасын тұтынуға түседі екен. Алайда, топырақтағы және өсімдіктегі қорғасын мөлшерінің арасында тікелей корреляция барлық уақытта байқала бермейді. Бұл жағдайда ең басты рөл атқаратын топырақтың механикалық құрамы, ондағы органикалық заттың қоры, ортаның рН, топырақтағы қорғасынның химиялық қосылыстары мен өсімдіктің түрі. Әдетте механикалық құрамы жеңілдеу және құрамында органикалық зат тапшы немесе реакциясы қышқылдау топырақтарда қорғасын көбінесе оңайалмасуға бейім сіңірілгенкүйде болады. Сол себепті органикалық затқа бай, реакциясы бейтарап немесе сілтілеу болатын саздақ топырақтардағы өсімдікте қорғасын көбірек жиналады.

Мыс

Ағзадағы мөлшері. Адам организміндегі орташа мөлшері 75-150мг, 50% шамасы бұлшық ет және сүйекте болады. Көп мөлшері бауыр, мида, жүрек және бүйректе болады. Витаминдердің,гормондардың,ферменттердің құрамында болады. Кейбір омыртқасыздар - былқылдақденелілер мен буынаяқтылар (теңіз шаяндары, кальмарлар, сегізаяқтылар) бай болады. Көгілдір түс қанда мыс бар, ол адамның қанында шамамен 0,001 мг/л мөлшерде болады. Суық тиуге қарсы дәрілік өсімдіктердің (қызылмия, түймедақ, пармелия, өгейшөп т.б) құрамында болады.

Тағамның құрамында кездеседі: бауыр, теңіз өнімдері, гречка, жаңғақ. Сүт өнімдерінде мыстың мөлшері өте төмен.

Тәуліктік мөлшері: 80 мкг/кг балалар үшін, 40 мкг/кг жасы үлкен балалар үшін, 30 мкг/кг ересектер үшін.

Алмасуы. Мыс ішектің жоғарғы бөлігінде, кейбір бөліктер асқазанда альфа амино қышқылдар және арнайы тасымалдаушы белоктардың қатысуымен сіңіріледі. Сульфидтің әсерінен мыстың сіңірілуі төмендейді, олармен ерімейтін тұз түзеді. Оның көптеген ферменттер құрамына еніп немесе олардың ырықтығына жанамама әсер етушілік қасиеті де мыстың физиологиялық маңызын анықтайды. Мыс өсімдіктерге қажет. Ол фотосинтез процесіне қатысады, маңызды микроэлементтердің бірі және өсімдіктердің азотты сіңіруіне әсер етеді. Ол молекулалық азоттың игерілуіне де қатысады. Өсімдік клеткасында мыс түрінде енеді. Оның шамамен 60%-ті байланысқан яғни ерімеген күйде болады. Жапырақтағы барлық мыстың 70%-ке жуығы хлоропластардың және шамамен жартысы пластоцианиннің құрамында шоғырланған. Мыс тапшылығынан өсімдіктер хлороз ауруына шалдыңады, бұтақтануы нашарлайды, дәндері дұрыс қалытаспайды.Топырақта мыс мөлшері жетіспесе, өсімдік құрамында хлорофил мөлшері кеміп кетеді, олардың жасыл бөліктері бозарып тіршілігін жояды. Мыс микроэлементтер арасында көп тараған элементтер қатарына жатады, олардың жер қыртысында жалпы қоры 0,003-0,01 пайыз, таралуы жағынан 26 орынды алады. Олар көбінесе, қосылыстар күйінде және таза металл түрінде кездеседі.Қазіргі уақытта 170 - тен астам мыс құрамды минералдар белгілі. Мыс тегі жағынан халькофильдік металдардың бірі. Табиғатта мыс екі тұрақты изотоптардан тұрады: 62 Cu(69,1%) және 65 Cu (30,9% ). Массаға шаққанда мыстың жер қыртысындағы орта мөлшері (кларк) – 4,7х10-3%. Бұл метал жер қыртысының терең қабатындағы ыстық суларда, сондай-ақ жер бетіндегі биосфералық салқын ерітінділерде де күшті миграцияланады. Табиғи сулардағы мыс сульфидтері күкіртті сутекпен (Н2S) қосылып шөгіндіге түседі. Құрамында мыс бар көптеген минералдардың ішінде басым көпшілігі сульфидтер, фосфаттар, сульфаттар, хлоридтер, карбонаттар, тотықтар. Адам организмінде мыс жетіспесе қан аздық ( анемия) ауруы пайда болады, ал өсімдіктерде мыс жетіспесе, олардың дамуы және жеміс беруі нашарлайды. бірақ артық мөлшеріде зиянды. Көп мөлшері жүйке жүйесіне кері әсер етіп, ұйқысыздыққа әкеледі. Адам үшін мыстың барлық тұздары улы. Мыс қосылыстарын өсімдіктердің зиянкестеріне және саңырауқұлақтарға қарсы күресте қолданады.

Мырыш.

Ол адам және жануарлар қорегіндегі басты эссенциальды микроэлемент болып табылады. Организмдегі құрамы. Адам ағзасында цинк мөлшері 2-3 г, оның 60 % сүйек бұлшық еттерінде кездеседі. Ер адамда 15 мг мырыш қалқанша безінде болады. көптеген теңіз омыртқасыздары- мырышты жинақтаушы. әсіресе устрицада мырыш көп, оның құрамында мырыштың мөлшері (құрғақ затта) 0,7% - ға жетеді. Жер бетінде өсімдіктерден мырышқа саңырауқұлақтар, түлкіже мен майқұлақ бай. Суық тиуге қарсы дәрілік өсімдіктердің (қызылмия, түймедақ, пармелия, өгейшөп т.б) құрамында болады.

Тағам көзі: бауыр, какао, ет,құс, сыр, креветки, греция жаңғағы, балық,теңіз тағамдарында,күріш қауызында,бұршақта,пиязда,шпинатта

Тәуліктік қажеттілігі: 10-15 мг, жүктілерде -10-30 мг, емізетін аналарда-13-54 мг.

Алмасуы: мырыштың тағамнан сіңірілуі 50% құрамды, белоктық диета мырыштың сіңірілуін күшейтеді, ал фосфат немесе кальцийдің мөлшері керісінше төмендетеді, кальций фитин қышқылы кездескенде мырышты сіңірмейді, фитин қышқылы кальций және мырыш ионымен ерімейтін комплекс түзеді.

Мырыш адам терісінде,шашта,тырнақта,бұлшықетте,қан клекаларында жинақталып,олардың өсуіне қатысады.Инсулиннің құрамына кіреді және Е витаминінің сіңуіне қатысады. Мырыш сіңіу үшін А және В6 витамині керек.Адам ағзасына қажеттілігіне қарай темірден кейін екінші орынды алады.

Мырышталған ыдыстарда тамақ сақтауға болмайды,себебі улану жүреді.Кейбір дәрі-дәрмектерді көп ішкеннен де болуы мүмкін.

Белгілері: терінің бүлінуі,бойдың өспеуі,жыныстық жетілудің кешеуілдеуі

. Жер қыртысында мырыш қоры 0,02 пайыз, таралуы жағынан 23- орынды иемденеді. Бұл кеннің қоры біздің елде кең таралған. Мырыштың топырақтағы жалпы қоры ТМД елдерінде 6-60 мг/кг болса, Қазақстанда 47-59 мг аралығында, олардың топырақтағы әртүрлі дәрежеде болуы топырақ түзетін аналық тау жыныстарында, олардың механикалық құрамына агротехникалық агрохимиялық шаралардың қолдануына байланысты өзгеріп отырады. Ол мыс тәрізді бос күйінде бола бермейді, бұл кеннің орны Аl-мен Сu-тан кейін 3 орында. Мырыш жер қыртысында сульфидті шөгінділердің құрамына кіретін халькофильдік элемент. Массаға есептегенде жер қыртысындағы оның орташа мөлшері 8,3х10-3% болатынын А.П.Виноградов (1952ж) хабарлайды. Кварц және далалық шпат сияқты жеңіл минералдың құрамында мырыш бола бермейді, ал саз минералдарының құқрамында оның жалпы қорының 20-60%-ға дейін мөлшері шоғырланған. Мырыштың атмосфераны ластау жолдары кадмийге ұқсас. Қоршаған ортаға мырыш таратып, оны ластайтын негізгі көздерінен гальванивалық және оны қорытатын зауыттарды айтуға болады.

Жоғарыда айтылғандай ауыр металдардың қай қайсысының да өсімдікке өтуі тек топырақтан тамыр арқылы ғана емес, оның белгілі бөлігі ауадан жапырақ бетіне түсіп, онан кутикула арқылы клеткаға өтеді. Мырыш солардың бірі. Ауыр металдардың жапырақ бетіне түсіп, онан клеткаға өту жылдамдығына қарай ретімен орналастырғанда солардың ішінде кадмий мен қорғасыннан кейінгі үшінші орыны осы мырыш иемденеді.

ІV. Бекіту. (6 минут)

«Жеті жұрттың тілін біл». (Химиялық элементтерге мақал-мәтел, жұмбақ жасырылады, тапқан химиялық элементтің атын қазақша, орысша, латынша атау керек).
1.
Қойдың сүті – .......... (қорғасын, свинец, плюмбум)
2.
Табылса бұрын там - тұмнан 

Қазір көп әрбір өлкеде, 
Қымбат болды алтыннан 
Қандай металл ертеде. (Алюминий, Алюминий, Алюминиум) 

3. Сусыз өмір жоқ,
Отсыз ..... жоқ. (темір, железо, феррум)

«Жеті жұрттың тілін біл». (Химиялық элементтерге мақал-мәтел жасырылады, тапқан химиялық элементтің атын қазақша, орысша, латынша атау керек).

1. «......ді қызған кезінде соқ». (темір, железо, феррум)
2.
Сабыр түбі сары - ....... (алтын, золото, аурум)
3.
Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық, 
Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп. 
Көрсететін суықты, жылуды анық 
Қандай зат: құрал жасар соны құйып? (Сынап, ртуть, гидраргирум)

«Жеті жұрттың тілін біл». (Химиялық элементтерге мақал-мәтел жасырылады, тапқан химиялық элементтің атын қазақша, орысша, латынша атау керек).

1. Пәлен жерде алтын бар
Барсаң ...... жоқ. ( мыс, медь, купрум)

2. Бірінші бөлігі көп емес, екінші бөлігі «тілсіз жау» деген мағынада , өзі химиялық элемент. Ойлаңызшы бұл қай элемент? (Азот, азот, нитрогениум)

3. Арпа бидай ас екен,
Алтын – ......тас екен. (күміс, серебро, аргентум)

Бағалау: 1 мин

( Өзін – өзі бағалау тәсілі арқылы бағалау парағы таратылады, сол ақылы оқушы бағаланады.)

Аты - жөні

Сәйкестік тест

Мәтінмен жұмыс

Кім жылдам

Қорытынды

























Рефлекция: 1 мин

«Білемін. Білгім келеді» кестесін толтыру.
Бүгін мен білдім__________________________________________
_________________________________________________________.
Ең қызықты болды__________________________________________
_________________________________________________________.

Сабақта ең маңызды деп ойлаймын__________________________________
_________________________________________________________

Маған ұнамады______________________

V. Қорытындылау. (3 минут)

VІ. Оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беру. (1 минут)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
3004
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12