400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауырып ем іздегенше,ауырмайтын жол ізде

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды өз денсаулығына күтім жасай білуге тәрбиелеу, гигиеналық тазалығын сақтауын қалыптастыру, зиянды заттардың ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру. “Денсаулық” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде...»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды өз денсаулығына күтім жасай білуге тәрбиелеу, гигиеналық тазалығын сақтауын қалыптастыру, зиянды заттардың ағзаға тигізетін әсерін түсіндіру. “Денсаулық” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру.
Мұғалім: «Бірінші байлық - денсаулық» - дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонан соң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып, санымызды соғамыз. Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, рухыңды шыңдау – бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі» деп тегін айтылмаған.

Балалар мен жастардың денсаулығына қауіп тууда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі, құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез – құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда. Мамандардың айтуынша «денсаулықтың мықты болуы адамның ерік – жігеріне байланысты, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды». Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі – адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. 

Халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуы тиіс. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды. салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір – екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7 – 8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс.

Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және аманат еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болған жөн.

“Денсаулықтың он құпиясы”:
1. Денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл ойымызда жатыр.
2. Біздің тыныс алуымызда.
3. Шынығу әрекеттері күш әкеледі.
4. Дұрыс тамақтану.
5. Күлкі.
6. Дем алу.
7. Тұлғаны түзу ұстай білу.
8. Сенім күші.
9. Сүйіспеншілік күші.
10. Таза қоршаған орта.





І. Үй тапсырмасы:

ІІ. Кім көп біледі?
1. Темекінің кермегі, Еріккеннің ермегі.
2. Елемеген ауру жаман, Ескірмеген дау жаман
3. Іздеп алған аурудың, емі табылмас.
4. Дәмі бардың, емі бар.
5. Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ.
6. Бас аманда мал тәтті, Бас ауырса жан тәтті.
7. Ауырып, жазылған жан олжа, Жоғалып, табылған мал олжа.

ІІІ. Сөзжұмбақ шешу:
1. Денені шынықтыратын денсаулыққа мол сабақ.
2. Жалқаудың досы
3. Қандай адамдардың көңіл күйі болмайды?
4. Жуынбай жүрген бала қандай бала?
5. Салақ бала неге ұшырайды?
6. Тұмау кезінде ішетін ұнтақ дәрі не?
7. Қоршаған ортаны неден қорғау керек?
8. Не болса бәрін істейсің?
9. Дәрілік шөп.

ІҮ. Ойнайық та, ойлайық!
Денсаулық достары: таза ауа, көңілді жүру, дұрыс ұйқы, тазалық, шынығу, демалу, дұрыс тамақтану, спорт.
Денсаулық қастары: күн тәртібін сақтамау, салақтық, дұрыс тамақтанбау, жалқаулық, зиянды әрекеттер.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 сәуір
719
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі