400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ауыз әдебиеті, ертегілер

Материал туралы қысқаша түсінік
ертегілер және оның түрлері туралы түсінік алу, тіл байлығын дамыту, оқушылардың ертегі оқуға деген қызығушылықтарын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ертегілер


Сабақтың тақырыбы: «Ертегілер»
Мақсаты: ертегілер және оның түрлері туралы түсінік алу, тіл байлығын дамыту, оқушылардың ертегі оқуға деген қызығушылықтарын арттыру
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік, көрнекіліктер, жартылай - ізденушілк.
Сабақтың байланысы: тарих, қазақ тілі, бейнелеу өнері.
Мазмұны: 1. «Ертегілер»
Морфологиялық карта
Тақырыбы «Ертегілер»
Өмірге қажетті ақпарат: Ертегінің көркем, бай тілі арқылы шешен сөйлеуге, өз ойын әдемі баяндау үйренеді.
Басқа пәндерде кездесетін ақпарат: Қазақ тілі, тарих, сөздер түсінігі,
Жалпы ой - өрісін дамыту үшін ақпарат: Танымдық қабілетін, ой - қиялын, тіл байлығын дамыту

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру: а) Амандасу ә) Түгендеу б) Ой қозғау
II. Тақырыпқа енгізу «Қане жауап ізделік»
- Халық ауыз әдебиеті қалай тараған?
- Ауыз әдебиетін халық не үшін пайдаланған?
- Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?
- Өзге халықтарда ертегілер бар ма?
- Ертегілер қалай басталып немен аяқталады?
- Жұмбақ ауыз әдебиетінің қандай түрі?
- Қалай ойлайсыңдар, ертегілерде мақал - мәтелдер, жұмбақтар кездесе ме?

1. Мына мақалдардың мағынасын қалай түсінесіңдер? Өз сөздеріңмен білдіріңдер.
- Жолдасы жақсы жолды болар,
Жолдасы жаман қолды болар
- Өнер алды – қызыл тіл
- Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
(әр қатарға 1 сұрақтан)

ІІІ. Өрмекшіні құру халық ауыз әдебиеті
(Тақтада «халық ауыз әдебиеті». Тармақтарын оқушылар толтырады.)

Халық ауыз әдебиеті

Мақал - мәтелдер
Жұмбақтар
Батырлар жыры
Тұрмыс салт - жырлары
Аңыз әңгімелер
Төрт түлік туралы жырлар

Талдау
Суреттерде ауыз әдебиетінің қандай түрі бейнеленген деп ойлайсыңдар?
Ғажайып ертегілер халық ауыз әдебиетінің ең көне мұрасы. Ертегіде ғасырлар ізі жатыр. Ертегіде халықтың тыныс - тіршілігі, тарихы, салт - санасы, әдет ғұрпы, мұң - шері, арман - мұраты жатыр
Ғажайып ертегілер дегеніміз не?
Оны қалай түсініп келдіңдер?
Қандай ертегілерді білесіңдер?

Оқулықпен жұмыс
Тақырыпты оқып шығып, ертегінің түрлерін ажыратып, топтастыр.
Олардың айырмашылығын тауып, дәлелдеп, кестені толтыр

Ертегілер
Хайуанаттар туралы ертегілер
Қиял – ғажайып ертегілері
Шыншыл ертегілер

ІV. Синтез
Шежіре ағашы
Тамырлары - Қалай ойлайсыңдар, адамдар неге ертегіні ойлап шығарды? (адамдардың ауыр тұрмысы: көліктің, жарықты жоқтығы).
Діңі – Тұрмыстары қиын болғаннан адам әрқашан армандаған( мәселе – адамдардың арман - тілегі, мұң - мұқтажы)
Сабағы – ертегілердегі жоқшылық, қиыншылық қазір қалай өзгерді? (көлік, жарық, су, телефон, ұшақ, газ т. б.)

V. Үйге тапсырма. Өздеріңе ұнаған ертегілерге шағын шығарма жазып келу.
VІ. Бағалау




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі