Ауызша есептеудің маңызы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауызша есептеудің маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушының шығармашылық, ізденушілік бағыттағы іс-әрекетін бағалауға арналған әр деңгейдегі жаттығулар мен тапсырмалар енгізілді.Сонымен қатар мазмұнының сан қырлы болуы да қарастырылып, математикадан оқушылардың терең ойлау қабілеттерін дамытуға, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге, дұрыс, көркем, әсерлі баяндай білу қабілеттерін дамыту талаптары ескерілді. Математика пәні логикалық ойлауды, ауызша тез есептеуді, есептерді әр түрлі тәсілдерімен шығара білуді талап етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ауызша есептеудің маңызы

Қазiргi ақпараттандыру заманында да тез ауызша есептеу мысалдарын қарастырудың да өзiндiк орны бар деп есептеймiз.

Оқушының шығармашылық, ізденушілік бағыттағы іс-әрекетін бағалауға арналған әр деңгейдегі жаттығулар мен тапсырмалар енгізілді.Сонымен қатар мазмұнының сан қырлы болуы да қарастырылып, математикадан оқушылардың терең ойлау қабілеттерін дамытуға, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге, дұрыс, көркем, әсерлі баяндай білу қабілеттерін дамыту талаптары ескеріле отырып жасалды Жалпы білім беретін мектептерде математика саласынан терең де, берік білім беруде қолданбалы курстардың маңызы зор. Математика пәні логикалық ойлауды, ауызша тез есептеуді, есептерді әр түрлі тәсілдерімен шығара білуді талап етеді.

Қазіргі таңда ауызша есептеудің пайдасы өте зор. Төменде оның негізгі артықшылықтарын тізіп өтейін:

1.Ойлау қабілетін дамытады. Ауызша есептеу логикалық және аналитикалық ойлауды жетілдіреді. Адам жылдам ойлап, дұрыс шешім қабылдауға дағдыланады.

2.Жылдамдық пен шапшаңдықты арттырады. Калькуляторсыз есептеу адамның есте сақтау қабілетін және реакция жылдамдығын күшейтеді.

3.Математикалық сауаттылықты арттырады. Санмен жұмыс істеуге, сандар арасындағы байланыстарды көруге және арифметикалық амалдарды жақсы түсінуге көмектеседі.

4.Күнделікті өмірде қажет. Баға есептеу, уақытты анықтау, қашықтық пен мөлшерді бағалау сияқты тұрмыстық жағдайларда өте пайдалы.

5.Назар мен есте сақтауды күшейтеді. Ауызша есептеу кезінде адам зейінін жинақтап, бірнеше амал мен санды есінде ұстайды.

6.Жасанды интеллект пен цифрлық құралдарға тәуелділікті азайтады.

Қолмен, оймен есептеуге дағдылану адамның өз қабілетіне сенімін арттырады.

Оқушы назарын аударатын, ойына түрткі болатын математика туралы қызғылықты материалдар, әр түрлі қызықты тартымды есептер қамтылған. Сондықтан бағдарламаны іске асыру барысында әр оқушы жинақта берілген қосымша деректерді пайдалана отырып, алған білімін тереңдетіп, оны әрі қарай дамыта алатынына себебін тигізетіні анық.

Бұл мақсаттарды орындау үшін танымдық және практикалық бағыттағы бірнеше бөлімдерге бөлінген міндеттер қойылады.

Ауызша есептеу мысалдары.

а/ Санға 999-ды қосу тәсiлi.

Кез-келген санға 999-дi қосу үшiн, сол санға

1000-i қосып, 1-дi шегеру керек.

532+999=(532+1000)-1=1531

1344+999=(1344+1000)-1=2343

ә/ Санға 998-ды қосу тәсiлi.

2354+998=(2354+1000)-2=3352

79+998=(79+1000)-2=1077

Қосылғыштар мен қосындының және азайғыш, азайтқыштар мен айырманың арасындағы байланыстар.

а/ Егер қосылғыштардың бiреуiн бiрнеше бiрлiкке арттырсақ, ал қосындыдан сонша бiрлiктi шегерсек нәтиже өзгермейдi.

Мысалы: 364+592=364+(592+8)-8=364+600-8=956

1199+406=(1200+406)-1=1605

ә/ Егер қосылғыштардың бiреуiн бiрнеше бiрлiкке арттырып, ал екiншi қосылғышты сонша бiрлiкке кемiтсе, қосындының мәнi өзгермейдi.

Мысалы: 997+856=(997+3)+ (856-3)=1000+853=1853

883+128=(883+17)+(128-17)= 900+111=1011

б/ Егер азайғышты бiрнеше бiрлiкке және азайтқышты да сонша бiрлiкке арттырса, айырманың мәнi өзгермейдi.

Мысалы: 1351-994=(1351+6)- (994+6)=1357-1000=357

629-324= (629+1)- (324+1)= 630-325=305

Қосылғыштардың біреуін дөңгелектеу арқылы және қосу заңдарын қолдану арқылы тез есептеу мысалдары.

а) а+b+c+d=( a+b)+(b+c)

Мысалы:

1) 238+487+362+15=(238+362)+(487+13)+2=

=600+500+2=1102

2) 7 +3 +2 =( 7 +2 )+3 =10+3 =13

3) 8 +4 +4 =(8 +4 )+4 =13+4 =17

4) 16,53+9,84+4, 47=(16,53+4,47)+9,84=30,84

а+b-c=a-c+b, егер a c

a-b-c=a-c-b, егер a b+c

Мысалы: 1) 13 -3 +6 +13 +6 -3 =19 -3 =16

2) 2,37+4,86-1,37=(2,37-1,37)+4,86= 1+4,86=5,86

Сандарды көбейту және бөлу кезінде тез есептеу мысалдары.

5-ке, 25-ке, 50-ге, 125-ке көбейту тәсiлдерi.

а/ Сандарды 5-ке көбейту үшiн, сол санды 10-ға көбейтiп жартысын алу, яғни 2-ге бөлу керек.

Мысал: 1) 455=4510:2=230

54∙5=54:210=2710=270 немесе

2) 2,45=2,410:2=24:2=12

ә/ Сандарды 25-ке көбейту үшiн, сол санды 100-ге көбейтiп жартының жартысын алу керек, яғни 4-ке бөлу керек.

Мысал: 1) 4825=48100:4=1200

2) 42425=424:4100=10600 немесе

42425=424100:4=10600

3) 21,225=21,2100:4=2120:4=530

б/ Сандарды 50-ге көбейту үшiн, сол санды 100-ге көбейтiп жартысын алу, яғни 2-ге бөлу керек.

Мысал: 1) 3650=36100:2=1800

2) 68650=686100:2=34300 немесе

68650=686:2100=343100=34300

3) 3,750=3,7100:2=370:2=185

в/ Сандарды 125-ке көбейту үшiн, сол санды 1000-ға көбейтiп, 8-ге бөлу керек.

Мысал: 1) 32125=321000:8=4000

2) 7,2 125=7,2 :81000+0,91000=900 немесе

7,2125=7,21000:8=7200=900

Сандарды 5-ке, 25-ке, 50-ге, 125-ке бөлу тәсiлдерi.

а/ Сандарды 5-ке бөлу үшiн, сол санды 2-ге көбейтiп 10-ға бөлу керек.

Мысалы: 1) 220:5=2202:10=44

2) 8740:5=87402:10=1748 немесе

8740:5=8740:102=8742=1748

3) 8,35=8,3 2 :10=16,6:10=1,66

ә/ Сандарды 25-ке бөлу үшiн, сол санды 4-ке көбейтiп 100-ге бөлу керек.

Мысалы: 1) 1300:25=13004:100=52

2) 14,4:25=14,4:1004=0,144 4=0,576

б/ Сандарды 125-ке бөлу үшiн, сол санды 8-ге көбейтiп 1000-ға бөлу керек.

Мысалы: 1) 9250:125=92508:1000=74

2) 3,5:125=3,58:1000=28:1000=0,028


в/ Сандарды 50-ге бөлу үшiн, сол санды 2-ге көбейтiп 100-ге бөлу керек.

Мысалы: 1) 1400:50=14002:100=28

2) 31,6 :50=31,62:100=63,2 :100=0,632

Сандарды 9-ға, 99-ға, 999-ға көбейту тәсiлдерi.

а/ Сандарды 9-ға көбейту үшiн, сол санды 10-ға көбейтiп, көбейтiндiден саннын өзiн шегеру керек.

Мысалы: 1) 286 9=286 10-286= 2860-286= 2574

2) 345∙9=34510-345=3450-345=3105

3) 2,3 9=2, 3 10-2 ,3=23-2, 3=20,7

ә/ Сандарды 99-ға көбейту үшiн, сол санды 100-ге көбейтiп, көбейтiндiден санның өзiн шегеру керек.

Мысалы: 1) 2399=23 100-23= 2300-23= 2277

2) 5,499=5,4∙100-5,4=540-5,4=534,6

б/ Сандарды 999-ға көбейту үшiн, сол санды 1000-ға көбейтiп, көбейтiндiден санның өзiн шегеру керек.

Мысалы: 1) 18 999=18 1000-18= 18000-18 = 17982

2) 7,3∙999=7,3∙1000-7,3=7300-7,3=7292,7

Сандарды 11-ге, 111-ге көбейту тәсiлдерi.

а/ Екi таңбалы сандарды 11-ге көбейту үшiн, екi таңбалы санның цифрларын қосып, қосынды цифрын сол санның цифрларының ортасына жазу керек.

Мысалы: 53·11=5(5+3)3=583

Егер қосынды 9-дан асып кетсе алдыңғы цифрға 1-дi қосу керек.

Мысалы: 84·11=8(8+4)4=924

ә/ үш таңбалы санды 11-ге көбейту үшiн, көршiлес цифрларын қосып, қосынды цифрларды бiрiншi және соңғы цифрлар арасына ретiмен жазу керек.

Мысалы: 124·11=1(1+2) (2+4)4=1364

б/ Төрт таңбалы санды 11-ге көбейту:

Мысалы: 3765·11=3(3+7) (7+6) (6+5)5=41415

в/ Сандарды 22, 33, 44, ..., 99 көбейту кезiнде 2·11, 3·11, 4·11,.., 9·11 заңдылықтарын сақтау керек.

Мысалы: 125·55=(123·5)·11=615·11=6765

г) Кез келген санды 11-ге көбейту үшін, сол санды 10-ға көбейтіп, нәтижесіне осы санды қосу крек.

М·11= М ·10 +11

Мысалы: 1) 57· 11=57 ·10 +57=570+57=627

2) 2,8 ·11=2,8 ·10 +2,8=28+2,8=30,8

д/ Екi таңбалы саны 111-ге көбейту.

Мысалы: 42·111=4(4+2)(2+4)2=4662

68·111=6(6+8) (8+6)8=7548

Қорытындылай айтқанда, ауызша есептеу — тек математика сабағының құралы емес, адамның логикалық ойлауын, шапшаңдығын және өмірлік икемін дамытатын маңызды дағды.

Ауызша есептеу қабілетін дамыта отырып, оқушының терең ойлай білу мүмкіндігіне жету.

Берілген тапсырмаларды уақытында орындау, уақытты унемдеуге үйрену нәтижесін көру.

Қарапайым тапсырмалардан бастап күрделі тапсырмаларды жүйелі түрде орындай білу қабілеттерін көру.

Логикалық тапсырмаларды, олимпиада тапсырмаларын орындауда жетістіктерге жету.













Бұл мұғалімдерге арналған әдістемелік құралда келесі бөлімдерде көрсетілгендей ауызша тез есептеудің мысалдары көрсетілген. Ондағы мақсат оқушы кезкелген есептеулерде тез есептеу тәсілдерін игеріп, есептер шығару барысында біріншіден ойлау қабілетін дамытып, екіншіден уақыт үнемдеп үйренеді.







Қолданылған әдебиеттер:



1. Чекмарев Я.Ф. Методика устных вычислений.- М. Просвещение, 1974.


2. Рақымжанов Е.Қ., Якунина М.С., Лисецкая Л.Ф. Алгебрадан

ауызша жаттығулар.- Алматы, 2001.


3. Жакупова 3. Л.Математикалық қобдиша. - Алматы, Дарын, 2004.


4. Фарков А. В. Мектептегі математикалық олимпиадалар.- ( 5-11 сынып)


5.Гарднер М. Математикалық ғажайыптар мен құпиялар.- М.Наука,1978.


6. Крысин А. Я. , Руденко В.Н. және басқалар. 7 сыныптарға

арналған математикалық есептер. - М.Просвещение,1979.




































8


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.10.2025
32
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі