Балалар музыка әуенімен залға кіреді
Тәрбиеші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Армысыздар құрметті қонақтар!
Құрметті қонақтар наурыз мерекесіне арналған «Әз-Наурызым» атты ертеңгілігімізді көруге шақырамыз.
Қазағым Наурызың құтты болсын!
Көтерген шаңырағың биік болсын
Тілектері ұлтымның қабыл болып
Жақсылығын бір алла иіп тұрсын
Наурыз тойы ақ батаның бастауы
Берек мен бірліктің жалғауы
Жеті түрлі қасиетті дәмменен
Байтақ елдің бір толады астауы
Наурыз келіп көктем сазы білінер
Ойнап күлген жас балалар жүгірер
Жаңа жылы қазақ деген ұлы елдің
Наурыз айы шаттықпенен гүлденер!
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөз «нау»-жаңа, «руз»-күн деген сөздерден алынып жаңа жыл деген ұғымдарды білдіреді. Адамдар үйлеріне дастархан жайып ән шырқап би билейді.
«Қошақан» тобындағы бүлдіршіндерінің «Қара жорға» биі
БИ: «Қара жорға»
Балалар: сүйінші, сүйінші жеңгеміз ұл тапты, ұл тапты.
Әже: қалағандарыңды алағойыңдар
«Қарлығаш» тобы 10 бала тақпақ (Томирис, Тимур, Медина, Ералы, Раяна, Димаш, Айару, Артём, Дулат, Ибраһим)
БИ: «Қарлығаш» тобы Ұлдар
Тәрбиеші: Жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті үлкен адам болсын деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады. Күмісгүл әжей сіз немереңізге ат қоюға кімге қолқа саласыз.
Әже: Сонау жерден бізге Қамысбай ата келіпті, сол кісіге қолқа саламын.
Ата: Ау жарайды, қолқа салып отыр екенсіңдер
Баламыз наурыз айында дүниеге келген соң атын Наурызбай деп қояық. Әкеңнің аты Жәңгірбай сенің аты Наурызбай
Бата:
«Балапан» тобы 12 бала тақпақ (Абылай, Мейрамбек, Нұрақын, Аятәлі, Әсет, Қайсар, Нұрахмет, Алихан, Әли, Димаш, Елдар, Ердос)
БИ: «Балапан» тобы Ұлдар
Тәрбиеші: Бесікке салу-нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл үйдің әйелдері шашуын жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырады. Ол өзінен басқа тағы бір келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды. Сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартады. Күмісгүл әжей сіз енді бесікке бөлеу рәсімін кімге тапсырасыз.
Зәуре әжей:
Тәрбиеші: Осы тойдың шашуы ретінде біздің балаларымыздың «Наурыз» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Наурыз» хор.
«Қарлығаш» тобы 8 бала тақпақ (Кәусар, Мансұр, Ясмина, Вадим, Айзере, Ануар, Аяла, Дарын)
Тәрбиеші: Наурызбай баламыз да өсіп қалыпты. Жасы 1-ге толыпты. Нәресте тәй-тәй басып жүрген кезде оның тұсауын кеседі. Күмісгүл әжеміз немересінің тұсауын кестіреді.
Күмісгүл әже: Алдымен ала жіппен байлаймын, ешкімнің ала жібін аттамасын деп. Тоқ ішекпен байлаймын, әр қашан тоқ болсын деп. Көк шөппен байлаймын, көктей көгерсін деп. Ал енді осы тұсауды кесуге ортаға сыйлы осы балабақшамыздың меңгерушісі Қалимаш Жұмағазықызын шақырайық.
Тәрбиеші: Рахмет, енді біздің балаларымыздың өнерлерін тамашалаңыздар.
«Балапан» тобындағы қыздарымыздың «Қамажай» биі
БИ: «Қамажай»
Музыка әуенімен «Алдар-көсе» кіреді.
Тәрбиеші: Ооо Алдар-көсе қош келдіңіз біздің думанға
Алдар-көсе: Рахмет тойларыңыз құтты болсын.
Ұлттық ойындар: арқан тартыс, асық
Тәрбиеші: Рахмет саған Алдар. Біз сенімен ойын ойнап көңіліміз бір көтеріліп қалды. Төрге шығып біздің қадірлі қонағымыз бол.
«Балапан» тобы 9 тақпақ (Альфия, Айша, О.Айзере, Б.Айзере, Т.Айзере, Дария, Кира, Айлин, Айару)
БИ: «Қарлығаш» тобы Қыздар
Тәрбиеші: Ақ тілек бейбітшілік аман болсын!
Елім жұртымаман болсын!
Туғандай бір анадан жамағаттар
Достыққа берік мықты адам болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Ұлыс оң, ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
Рахмет сіздерге. Ал енді құрметті қонақтар, балалар барлықтарыңызды наурыз көже дастарханына шақырамын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Әз-Наврызым

шағым қалдыра аласыз