400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Азаматтық құқық субъектілері

Материал туралы қысқаша түсінік
колледждің 2-3 курс студенттеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының

Жамбыл политехникалық жоғары колледжі

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны






Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

_______ С.Н.Қойшыбаев

________________2019ж







0201000 «Құқықтану» мамандығы бойынша

«Азаматтық құқық» пәнінен

«Азаматтық құқық субъектілері»

тақырыбы бойынша құрылған оn-line сабақ әзірлемесі















«Есеп және құқықтану»ЦӘК

Отырысында қарастырылған

Хаттама№ «_____»_______2019ж

ЦӘК төрайымы

__________ Р М Тұрлыбекова.

Дайындаған: Еркебаева А.







САБАҚ ЖОСПАРЫ


Оқытушы: Еркебаева А.

Пәннің аты: «Азаматтық құқық»

Оқу тобы: 2ПВ-15-1 күні 08.02.2019 жыл.


Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.

1.Сабақтың тақырыбы: Азаматтық құқық субьектілері.


Сабақтың мақсаты:

Оқу- Азаматтық құқық қатынасқа қатысушы субьектілер жайлы, соның ішінде жеке тұлғаның, заңды тұлғаның, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністің құқықтық жағдайы туралы түсінік беру.


Дамытушылық –Азаматтық құқық қатынастарының пайда болу негіздері, оны жүзеге асыру және қорғау тәсілімен таныстыру.Азаматтардың құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі, қамқоршы, қорғаншы түсінігі, олардың құқықтары мен міндеттерін айқындау.


Тәрбиелік- Меңгерілетін материалға деген қызығушылықты тәрбиелей отырып, азаматтың қоғамда жеке тұлға,заңды тұлға, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс ретінде дұрыс қалыптасуын, оның құқықтарының бұзылмауын, міндеттерінің дұрыс орындалу қасиеттерін бойына сіңіру.


Оқыту әдісі: ауызша, слайдтар,көрнекілік, интеграциялық


Пән аралық байланыс: Азаматтық іс жүргізу құқығы,Отбасылық құқық, Кәсіпкерлік құқық.


Сабақты жабдықтау.

Қолданылатын көрнекі және оқытудың техникалық құралдары: Кесте күйіндегі көріністер, схемалар, есеп тапсырмалар.


Қолданылған әдебиеттер: Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі,Г И Төлеуғалиев «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы»


Сабақты жүргізу кезеңдері

Уақыты

1.Ұйымдастыру кезеңі

3мин

-Сәлемдесу

-Білімгерлерді түгелдеу

-Аудитория тазалығына назар аудару

2. Өткен тақырыпты қайталау.

Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәні жүйесі, әдістері, қайнар көздері, қағидалары. Азаматтық құқық қатынастары.

1.Азаматтық құқық пәні

2.Азаматтық құқықтың жүйесi.

3.Азаматтық құқық қағидалары

4.Азаматтық құқық қатынас түрлері


15мин

3.Жаңа тақырыпты баяндау.

55мин

Тақырыбы: Азаматтық құқық субьектілері.

1.Жеке тұлға –азаматтық құқық субьектісі.

2.Азаматтың құқық қабілеттілігімен әрекет қабілеттілігі.

3. Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері.

4. Хабар- ошарсыз кету ,азаматты өлді деп жариялау

5.Заңды тұлғалар

6.Заңды тұлғалардың түрлері

7.Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу

8. Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс.

4.Жаңа тақырыпты бекіту.

15мин

Тақырып бойынша кесте күйіндегі көріністер.

Терминдік сөздік.

5.Сабақты қорытындылау.

Сематикалық карта.

Есеп тапсырмалары (ҚР Азаматтық кодекспен жұмыс)


6.Үй тапсырмасы.

Г. И. Төлеуғалиев «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы»

89-101 беттер. ҚРАК 12 – 32 бап аралығы

2мин


Өткен тақырыпты қайталау.

Тақырып.Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәні, жүйесі, әдістері, қайнар көздері, қағидалары. Азаматтық құқық қатынастары.

1.Азаматтық құқық пәні

2.Азаматтық құқықтың жүйесi.

3.Азаматтық құқық қағидалары

4.Азаматтық құқық қатынас түрлері


ОЙЫН

Ойын шарты. Ұяшыққа сурет немесе сұрақ қойып білімгерлерге таңдатып жауап алу.

1.Азаматтық құқық принципінің түсінігі

2. Қазақстан Республикасы азаматтық-құқық жүйесі қанша бөлімнен тұрады.

3. Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнінің 1бабы туралы мағлұмат беріңіз

4.Азаматтық құқық принциптерін атаңыз.

5.Сурет.


  1. Жауап.

"Принцип" (қағидат) термині латынның сөзі - бастау, негіз дегенді білдіреді. Азаматтық принциптері (қағидаттары) — ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз.


  1. Жауап.

Қазақстан Республикасы азаматтық-құқық жүйесі Жалпы жене Ерекше бөлімдерден тұрады.

3.Жауап.

Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1- бабы, 1-тармағы).Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық, заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды

(АК-тің 1-бабы, 2-тармағы).

4.Жауап

Азаматтық құқықтың мынандай принциптері бар:

1) азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі;

2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;

3) шарт еркіндігі;

4) жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы;

5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;

6) нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;

7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.



5. Ұяшықтағы суретті әңгімелеп беру

Елтаңба- мемлекеттің басты рәміздерінің бірі.Елтаңба («герб») термині немістің «erbe»(мұра) деген сөзінен шыққан.Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды.Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанда.Бұл- Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.


1.Азаматтық құқық пәні

Азаматық-құқықтық нормалармен реттелетiн қоғамдық қатынастар азаматтық құқықтың реттеу пәнiн құрайды. ҚР АК 1-бабы былайша айқындайды: "Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар, сондай-ақ мүлiктiк қатынастарға байланысты мүлiктiк емес жеке қатынастар реттеледi". "Мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледi, өйткенi олар заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүлiктiк емес жеке қатынастар мәнiнен туындамайды".


2.Азаматтық құқықтың жүйесi.

Азаматтық құқықтың бөлiмдерi, институттары және нормалары жиынтығының iштей логикалық байланыста және тәуелдiлiкте болуын осы саланың жүйесі деп түсiну керек.

ҚР Азаматтыққұқық жүйесiнiң бiрiншi буыны жалпы ережелер болып табылады, оның ережелері азаматтық-құқықтық нормалар реттейтiн қатынастар шеңберiн, бұл нормалардың зандық күшi жөнiнен арақатынасын, олардың уақыт ішiнде, кеңiстiкте және адамдаржөнiнде әрекет етуiн, жарамдылық жағдайларын, түсiндiрiлуi мен жүзеге асырылуын анықтайды.


3. Азаматтық құқық қағидалары

Азаматтық қағидалар – ол нормативтік сипаты бар қоғамдық қатынастарды азаматтық құқықты реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз.

Азаматтық құқықтың мынадай қағидалары бар:

1.Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушыларының теңдігі.

2.Меншікке және басқс заттық құқыққа қол сұқпаушылық.

3.Шарт еркіндігі.

4.Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы.

5.Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру.

6.Нұқсан келтірген құқықтарды қалпына келтірілуін қамтамасыз ету.

7.Азаматтық құқыты сот арқылы қорғау.


4. Азаматтық-құқықтық қатынастар түрлерi.

Азаматтық-құқықтық қатынастар дегенiмiз азаматтық құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

Азаматтық-құқықтық қатынастардың объектiлеріне қарай мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар ажыратылады. Мүліктік құқықтық қатынастар әрқашан мүліктік игіліктерге (мүлікке) қатысты туындайды және мүліктің нақты тұлғада болуымен не мүліктің бір тұлғадан басқа тұлғаға ауысуымен (шарт бойынша, мұрагерлік тәртібінде) байланысты. Мүліктік құқықтарды қорғау үшін мүліктік сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкін (тұрақсыз төлем, зиянды өтеу және т.б.).

Мүліктік емес құқықтық қатынастар қадір-қасиет, абырой, іскерлік бедел, авторлық құқық және т.б. сияқты материалдық емес игіліктер жөнінде туындайды. Мұндай құқықтық қатынастарды қорғау үшін мүліктік шаралармен қатар (моральдық зиянды өтеу) мүліктік емес сипаттағы шаралар қолданылады (авторлықты тану, жария теріске шығару және т.б.).


Жаңа тақырыпты баяндау.

Тақырып. Азаматтық құқық субьектілері.

1.Жеке тұлға –азаматтық құқық субьектісі.

2.Азаматтың құқық қабілеттілігімен әрекет қабілеттілігі.

3. Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері.

4. Хабар- ошарсыз кету ,азаматты өлді деп жариялау

5.Заңды тұлғалар

6. Заңды тұлғалардың түрлері

7. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу .

8. Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс.


1. ЖЕКЕ ТҰЛҒА - АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІСі

Азаматтық кодекстің 12-бабына сәйкес жеке тұлға деп Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды атаймыз.

Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Соңдықтан да азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995-жылғы 19-маусымда қабылданған "Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы" заң күші бар Жарлығының 2-бабына сәйкес: "Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел азаматтары болып саналады." Қазақстан Республикасындағы олардың азаматтық құқық қабілеттілігі өзінің мемлекетінің заңымен емес, Қазақстан Республикасының заңымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының заңында қаралмаған азаматтық құқыққа таласа алмайды және де егер заңда өзгеше көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге жатпайды. Аталған Жарлықтың 2-бабы 11-бөлігіне сәйкес: "Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі". Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық құқықты пайдаланады.


2. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІМЕН ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ.

1. Құқық субъектілерін сипаттайтын негізгі құқық қасиеттері құқық қабілеттілігі болып табылады. Азаматтық құқық қабілеттілігі АК-тің 13-бабында азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтың құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп тұжырымдалады. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот алдында жұрттын бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігінің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған: "Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды." Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:

1) Белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір кызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.);

2) елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аударумен шектелу).

Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз қандай да бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады.

Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз нақты, іс жүзіндегі құқықтан айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру (тағы да заңды жауапкершілік негізінде) белгіленген мерзімнің тағайындалуымен байланысты болмауы мүмкін. Мысалы, кылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және т.б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауапкершіліктің мұндай шарасы оның жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.

Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы, дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа мекемеге барып тап сондай мамандықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Дейтұрғанмен, басқа жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріледі.

Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әр түрлі құқықтарды ала алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді де, құқық қабілеттілік мазмұнының жиынтығын құрайды. Сонымен, азаматтық құқық қабілеттілігінің мазмұны азаматтардың қолданылып жүрген заңға сәйкес азаматтық құқықтар мен міндеттерінің жиынтығы болып табылады. Азаматтық кодекстің 14-бабында бұл мәселе былайша тұжырымдалған: "Азаматтың Қазақстан Республикасы шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерді таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайта оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құру; заң құжаттарыңда тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады".

2. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені, ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында қай кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі.

Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты иеленеді.

Құқық қабілеттілігі адамның — құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастың, жеке отбасылық жағы-нан) кысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагеріне көшеді. Өлім — бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Соңдықтан, адам туғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.

АЗАМАТТАРДЫҢ ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Соңдықтан да азаматтың әрекет қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық

қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.

Азаматтық кодекстің 17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.

Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстің 17-бабы 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда "Неке және отбасы туралы" Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін ("Неке және отбасы туралы" Заң, 10-бап).

Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Соңдықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады.

18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-тің 17-бабы, 1-тармағы). Осы жасқа толған соң адам азаматтық құқық айналымының толық құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құқықтар мен міндеттерге де ие болады.

Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатары ғана ие.

Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі:

а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар;

ә) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.

14 пен 18 жас аралығындағылардың әрекет қабілеттілігі мейлінше ауқымды, олар заңда көрсетілген шекте әртүрлі мәмілелер жасай береді. Ондай мәмілелерді екі түрге бөлуге болады:

өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, қорғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер;

ата-анасының (асырап алушының, қамқоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.

14 пен 18 жас аралығындағы жасы кәмелетке толмағандар заңды өкілдерінің келісімінсіз мыналарды істеуге:

1) өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;

2) интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;

3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;

4) банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (АК-тін 22-бабы, 1-тармағы).

Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері көтереді.

Жасы кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгі) келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның тиісті бөлігін, оның ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі не-месе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.

14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жасай береді (АК-тің 23-бабы). Сонымен қатар Азаматтық кодекс белгілі бір мәмілелерді жасөспірімдердің өзі-ақ жасай беретіндігін де жоққа шығармайды. АК-тің 23-бабы 2-тармағына сәйкес, олар өздерінің жасына лайықты, жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Мысалы, оған ойыншықтарды, балаларға арналған кітаптарды сатып алуды жатқызуға болады. Жас балалар аталған мәмілелерді жасағанымен, әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Соңдықтан да жеке жауапкершілікті мойнына алмайды, бұған келтірілген залал мәселесі де қатысты. Олардың әрекетіне ата-анасы, асырап алушылары мен қорғаншылары жауап береді.

Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот Қазақстан Рес-публикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін.





Оған қамқоршылық белгіленеді. Ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелерді жасауды, сондай-ақ табысын, зейнетақысын және өзге де кірістерін алуды және оларға билік етуді ол тек қамқоршысының келісімімен ғана жүзеге асыра алады (АК-тің 27-бабы).

Ал, азамат, айталық, жүйке ауруынан жазылып, арақты қойып, нашақорлықтан құтылса, заң осыны ескере отырып, сот арқылы оның әрекет қабілеттілігіне қойылған шектеудің күшін жояды. Сот шешімінің негізінде азаматқа белгіленген қамқоршылықтың күші жойылады. Нәтижесінде сот оны әрекет қабілеттілігі бар деп таниды.





3.ҚОРҒАНШЫЛАР МЕН ҚАМҚОРШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

МЕН МІНДЕТТЕРІ

1. Жоғарыда айтылғандай, әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар өздерінің құқықтарын қалайша жүзеге асырады, азаматтық айналымға қалайша қатысады? — деген сұрақ туады.

Бұл мәселе қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау жолымен шешіледі. Бұның мәні мынада: қорғаншы өзінің әрекеттерімен қорғауыңдағыға құқық және міндет еншілей отырып, әрекет қабілеттілігі жоқ адамның орнына өзі әрекет жасайды. Қамқоршылықтың мәні қамқоршы адамдар ішінара әрекет қабілеттілігі бар адамдарға өздерінің міндеттерін орындағанда көмектесіп бақылауына алатындығында, сонымен қатар оларды үшінші жақтардан болатын қиянаттардан қорғап жүретіндігінде. Екінің бірінде, дене мүшесінің кемістігінен (мәселен, соқыр, мүгедек) өзінің құқықтарын жүзеге асыра алмайтын және қорғай алмайтын, бірақ, сонда да әрекет қабілеттілігі толық деп танылатындарға да, қамқоршы адам тағайындалады. Мұндай адамдар жөнінде қамқоршының қызметі сол мүгедек адамның құқыққа ие болуына, құқығын жүзеге асыруына қажетті әрекеттерін орындап отыру болып есептеледі. Кәмелетке толған әрекетке қабілеті бар адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқорлық жасаушы орган сол адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін.

Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлікке билік етуді қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлкін сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады.

Қамқоршылыққа алынушыны асырап алуға және оның тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге де мәмілелерді жасауды қамқорлыққа алыну-шының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады ("Неке және отбасы туралы" Заңның 113-бабы).

2. Жергілікті атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып табылады.

Аудандық және қалалық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі міндеттерін халыққа білім беруге, оны әлеуметтік қорғауға және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген органдары арқылы жүзеге асырады; ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы органдар бұл қызметтерді дербес жүзеге асырады.

Қорғаншы немесе қамқоршы тек оның келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін.

Егер бұл қорғаншылыққа алынушының мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншының немесе қорғаншылыққа алынушыға жақын басқа да адамдардың басым құқығы болады.

Егер қамқорлыққа алынушылардың мүдделерінің арасында қайшылық болмаса, бір қорғаншы немесе қамқоршыны бірнеше адамға тағайындауға жол беріледі.

Әрекетке қабілетті және ата-ана құқықтарынан айрылмаған, бірақ, балаларының тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы және қамқоршы тағайындалған кезде, қорғаншылар және қамқоршылар ата-аналардың тілегі ескеріле отырып тағайындалады.

Балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындау кезінде қорғаншының (қамқоршының) адамгершілік және өзге де жеке қасиеттері, оның қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерді орындау қабілеті, қорғаншы (қамқоршы) мен баланың арасындағы қарым-қатынастар, қорғаншы (қамқоршы) отбасы мүшелерінің балаға деген көзқарасы, сондай-ақ егер бұл мүмкін болса, баланың өз тілегі ескеріледі. Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы етіп тағайындалатын адам некеде тұрса, оның жұбайының келісімі талап етіледі.

"Неке және отбасы туралы" Заңның 108-бабында көрсетілгендей, қорғаншылар мен қамқоршылар бола алмайтындар мыналар:

1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдар;

2) сот бойынша ата-ана құқықтарынан айрылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген адамдар;

3) өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдар;

4) егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойған болса, бұрын бала асырап алушылар;

5) денсаулығының жай-күйіне байланысты баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар.

Қорғаншылық және қамқоршылық қамқорлыққа алынатын адамның тұрғылықты жері бойынша жасалады. Жекелеген жағдайда бұл қорғаншының (қамқоршының) тұрғылықты мекені бойынша белгіленуі мүмкін.

Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі міндеттер тегін атқарылады.

Қорғаншы (қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды өз есебінен асырап-бағуға міндетті емес. Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағу қамқоршылыққа алынушының алатын жалақысы, алименті, зейнетақысы және басқа да әлеуметтік төлемдері есебінен, сондай-ақ оған тиесілі мүліктер есебінен жүзеге асырылады.

Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға жеткілікті қаражат болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы органдар оны асырап-бағуға жәрдемақы тағайындайды.

Жасөспірім қорғаншылыққа алынушы жасқа жеткен соң оған қорғаншылық тоқтатылады, ал қорғаншылық міндетін жүзеге асыратын адам бұл туралы қосымша шешімсіз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады. Қамқоршылық кәмелетке жасы толғандарға тоқтатылады, ал ішкілікке салынып, нашақорлықпен айналысқандарға сот әрекет қабілеттілігі бар деп шешім шығарылған соң барып тоқтатылады.

Қорғаншылық пен қамқоршылық қамқорлыққа алынған адам қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.

Қорғаншы қарауындағы адамның мүлкіне билік етеді, оның әрекет қабілеті болғанда істей алатын мәмілелерінің бәрін де жасауға құқығы бар. Сонымен бірге қамқорлықтағы адамның мүддесін қорғау мақсатында заң бірталай ережелерді сақтауды міндеттейді. Мәселен, қамқоршылыққа алынушы адамның кірістерін, соның ішінде оның мүлкін басқарудан түсетін

кірістерін, қамқоршылыққа алынушының өзі дербес билік ету құқығы бар кірістерін қоспағанда, тек қана қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай және қорғаншы мен қамқоршы органның алдын ала рұқсатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды.

Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз, қамқоршылыққа алынушының оның кірісі ретіндегі тиесілі сомасы есебінен қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылыққа алынушыны асырау үшін қажетті азын-аулақ шығындар жасауға құқылы.

Қорғаншы мен қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз қорғаншының иеліктен алу жөніндегі мәмілелер жасауға, ал қамқоршының мәміле жасауға келісім беруге, соның ішінде қамқоршылыққа алынушының мүлкін айырбастауға немесе сыйға тартуға, немесе оның атынан кепіл шартын жасауға, оны жалға (жалдауға), тегін пайдалануға немесе кепілдікке беруге, қамқорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерліктен тиесілі құқықтарынан бас тартқызуға әкеліп соғатын мәмілелер жасауға, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлес бөлуге, сондай-ақ қамқоршылыққа алынушының мүлкін азайтуға әкеп соғатын басқа да кез келген мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Аталған мәмілелер нәтижесінде қорғаншы алған қаражаттың қалай жұмсалуға тиіс екенін қорғаушы және қамқоршы орган белгілейді.

Мүлікті қамқоршылығына алушыға сый ретінде немесе тегін түрде пайдалануға беруді қоспағанда, қорғаншының (қамқоршының), олардың жұбайлары мен жақын туыстарының, қамқоршылыққа алынушының мәмілелер жасауға, сондай-ақ мәмілелер жасау кезінде немесе қамқоршылыққа алынушы мен қорғаншы немесе қамқоршының жұбайы және олардың жақын туыстары арасында жүргізілген сот ісінде қамқоршылыққа алынушының атынан өкілдік білдіруге құқығы жоқ ("Неке және отбасы туралы" Заңының 114-бабы).

Қорғаншы немесе қамқоршы өзінің тиісті міндеттерін тиісінше атқармаған жағдайда, соның ішінде өзінің қорғаншылығын немесе қамқоршылығын жеке басының пайдасы мақсатында пайдаланған кезде немесе қамқоршылыққа алынушыны қадағалаусыз қамқоршы орган қорғаншыны немесе қамқоршыны осы міндеттерді атқарудан шеттетуі және кінәлі адамды заңмен белгіленген жауапқа тарту үшін қажетті шаралар қолдануы мүмкін.


4.ХАБАР-ОШАРСЫЗ КЕТУ ӨЛДІ ДЕП ЖАРИЯЛАУ

Азаматтық кодекстің 28-бабына сәйкес, егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін. Жылдық мерзім азаматтың хабар-ошарсыз кеткені жөнінде хабар түскен күннен басталады. Ондай азамат туралы соңғы деректер алынған күнді анықтау мүмкін болмаған жағдайда жоқ адам туралы соңғы деректер алынған айдан кейінгі айдың бірінші күні, ал бұл айды анықтау мүмкін болмаған жағдайда келесі жылғы 1-қаңтар хабар-ошарсыз кетудің бірінші күні деп есептеледі.

Сот шешім шығарған кезде барлық қолда бар мәліметтерді еске алады. Арыз берушіден немесе басқа адамдардан жоғалған адамның қайда болуы мүмкін деген жерлер анықталады, ата-аналарының, туған-туысқандарының, бұрынғы отбасының мекен жайына сұрау салынады, әрі одан келген жауаптарды саралайды. Алайда жасырынып, өзінің мекен-жайын айтудан жалтарып жүрген адамдарды хабар-ошарсыз кетті деп тануға болмайды. Соңдықтан да азаматтың жасырынып жүргені белгілі болса, мәселен, құқықты бұзып, жауапкершіліктен жалтарып бой тасалап кетсе, онда оны жоғалған деп санамайды.

Хабар-ошарсыз кетті деп саналған адамның мүлкіне сот шешімінің негізінде қорғаншылық белгіленеді. Осы мүліктен хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға міндетті адамдарды асырауға қаражат беріледі және хабар-ошарсыз кеткен адамның салықтар мен басқа да міндеттемелер бойынша берешегі өтеледі.

Мүлікке қорғаншылық белгілеу, азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танудан басқа да жағдайлар заңға сәйкес шешімін табады. Мысалы, жоғалып кеткен адамның жұбайы онымен жеңілдетілген тәртіппен некесін бұза алады.

Азаматтық кодекстің 29-бабы 2-тармағына сәйкес, мүдделі адамдардың арызы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органы мүлікті сақтау және басқару үшін хабар-ошарсыз кеткен адамның тұрған жері туралы соңғы деректер алынған күннен бастап бір жыл өткенге дейін де қорғаншы тағайындай алады. Қорғаншыны осылайша шұғыл белгілеу кезінде сот азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танымайынша мүліктен ешқандай төлем төлемейтіндігі ескерілген.

Хабар-ошарсыз кетті деп танылған адам келген немесе оның тұрған жері белгілі болған жағдайда сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы оның мүлкіне қорғаншылық белгілеу туралы шешімнің күшін жояды (АК-тің 30-бабы).



АЗАМАТТЫ ӨЛДІ ДЕП ЖАРИЯЛАУ

АК-тің 31-бабына сәйкес, егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделі адамдардың арызы бойынша сот оны өлді деп жариялауы мүмкін. Азаматты өлді деп жариялауға оның хабар-ошарсыз кетуі, ұзақ уақыт бойы өзінің өлі-тірі екендігінен хабар бермеуі, тірі болса ендігі бір жерден шығатындығы назарға алынады. Адамды өлді деп жариялауға берілетін уақыт хабар-ошарсыз кеткенге қарағанда неғұрлым ұзақ болады.

Азаматты өлді деп жариялауға байланысты сотқа жүгінбестен бұрын сотқа оның хабар-ошарсыз кеткені туралы тануы талап етілмейді.

Сонымен, үш жыл бойы ұшты-күйлі жоғалған адамды сот арқылы өлді деп жария етуге болады. Ал, өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болған жағдайда өлді деп жариялау алты ай мерзімнен кешіктірілмей шығарылады. Егер азамат жер сілкінісінен, дауылдан, бораннан және т.б. кездейсоқ апат кезінде жоғалып кетсе, оны өлді деп жариялауды үш жыл күтудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайда ол туралы хабарды алты ай күтіп, сосын өлді деп жариялай береді. Заңда әскери қызметкерлердің, сондай-ақ соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамдар туралы арнайы ереже бар. Аталған тұлғалардың басқа мемлекеттің аумағында тұтқында болуы тәрізді мәселелер де ескеріледі. Соған орай азаматтық кодекстің 31-бабы 2-тармағында соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметішіні немесе өзге адамды соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін өлді деп жариялау мүмкіндігі айтылған.

Өлді деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні өлді деп жарияланған адамның өлген күні болып есептеледі. Өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адам өлді деп жарияланған реттерде сот бұл адамның шамамен қаза тапқан күнін оның өлген күні деп тануы мүмкін. Мысалы, азамат су тасқыны кезінде өлді деп жарияланса, онда оның өлген күні болып сел болған күн танылады.

Адамды өлді деп жариялау туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде Азаматтық хал актілерін жазу кітаптарына оның өлгені туралы жазба жасалады. Азаматтық кодекстің 31-бабына сәйкес бұл жазбаның нәтижелері де нақты өлім туралы жазбаның нәтижелері сияқты болады.

Осы айтылғандарға қарап, азаматты өлді деп жариялаған соттың шешімі күшіне енген соң, азаматтық хал актілеріне, жазу кітаптарына оның өлгені туралы жазба түсірілгеннен кейін өлді деп жарияланған адамның мүлкіне мұрагерлік ашылады, некесі бұзылып, асыраушысыз қалған адамға зейнетақы төленеді.

Азаматты өлді деп жариялау өлгені туралы нақты факті негізінде емес, жорамалға сәйкес жүзеге асады. Соңдықтан да Азаматтық кодекстің 32-бабы өлді деп жарияланған адамның

тірі оралуынан туындайтын жағдайларды қарастырады. Өлді деп жарияланған адам тірі оралған немесе оның тұрған жері белгілі болған жағдайда, сот тиісті шешімінің күшін жояды.

Азамат өзінің қай уақытта оралғанына қарамастан, кез келген адамнан азамат өлді деп жарияланғаннан кейін сол адамға тегін көшіп, сақталып қалған мүлкін қайтарып беруді талап ете алады. Өлді деп жарияланған адамның мүлкін қайтаруға оның тек мұрагері ғана емес, мұрагердің мүлік сыйлаған адамы да міндетті болады. Егер өлді деп жарияланған адамның мүлкін оның заңды мұрагері үшінші бір адамдарға беріп, олар мүліктің сатып алу бағасын адам тірі оралған кезге дейін толық төлемеген болса, төленбеген соманы талап ету құқығы тірі оралған адамға көшеді.

Өлді деп жарияланған азаматтың мүлкі ақысы төленетін мәміле бойынша өзіне көшкен адамдар оған бұл мүлікті қайтаруға, ал оларда мүлік жоқ болған жағдайда, егер мүлікті алған кезде олар өлді деп жарияланған азаматтың тірі екендігін білгені дәлелденсе, мүліктің құнын өтеуге міндетті.

Мүлікті иеліктен шығарушы адам өлді деп жарияланған адамның мүлікті иеліктен шығару кезінде тірі екендігін білген болса, мүлікті қайтарып беру немесе оның құның өтеу міндетін мүлікті алушымен бірге мойнына алады.

Егер өлді деп жарияланған адамның мүлкі мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке өтіп, сатылып кететін болса, адамды өлді деп жариялау туралы шешімнің күші жойылғаннан кейін оған мүліктің құны төленетін күнгі нарықтық бағасы ескеріле отырып оны сатудан түскен сома қайтарылады.

5.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР

Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген: « Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады ». Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды:

1) ұйымдасқандық бірлігі;

2) мүліктік оқшаулығы;

3) дербес мүліктік жауапкершілігі;

4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады.3анды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.Мүліктік оқшаулық — заңды тұлғаның экономикалық-құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз — ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыланды-ратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44-бабының 1-тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша (қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.

6. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Азаматтық кодекс заңды тұлғаларды төмендегідей түрлерге бөледі: коммерциялық және коммерциялық емес.

Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек қателеспейміз. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады ("Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 2-бабы).

Осындай саралау заңды тұлғалар түрінің әрқайсысын ерекше құқықтық тәртіпке бағындырады. Азаматтық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сәйкес коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық, серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында құрыла алады.

Коммерциялық емес ұйым — заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысаныңда және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша:

1)коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;

2) жекелеген ұйымдық-құқықтық нысаныңдағы коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде шектеулер қойылуы мүмкін;

3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен шығыстардың есебін жүргізеді;

4) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу Қазақстан Республикасы-ның салық заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;

5) коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметінен алынатын кірістерді коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері (қатысушылары) арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық мақ-саттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол беріледі.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) өздері құрған заңды тұлғалардың мүлкіне құқықтары:

а) құрылтайшыға (қатысушыға) заттық құқығы жататын;

ә) құрылтайшыға (қатысушыға) міндеттемелік құқығы жататын;

б) құрылтайшыға (қатысушыға) мүліктік құқығы жатпайтын заңды тұлғаларға бөлінеді.

Заңды тұлғаның мүлкіне өз құрылтайшылары меншік құқығын немесе өзге заттық құқығын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында мүлкі бар ұйымдар жататын болғандықтан мұның өзі құрылтайшының заттық құқықты иеленетінін білдіреді. Мүлкіне өз қатысушылары (құрылтайшылары) міндеттемелік құқықтарын сақтап қалатын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өнді-рістік кооперативтер жатады. Шаруашылық серіктестіктерінің мүлікке меншік құқығы болғандықтан қатысушылар бұл мүлікке міңдеттемелік құқыққа (жарғылық капиталындағы үлесіне қарамастан) ие болады.

Мүлкіне өз құрылтайшылары (қатысушылары) мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірлестіктер жатады (АК-тің 36-бабының 4-тармағы). Жоғарыда айтқанымыздай, Азаматтық кодекс коммерциялық емес ұйым болып табылатын мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтынушылар кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестікті де құруға жол ашады. Бірақ бұл тізіммен шектелш қалуға болмайды, себебі "коммерциялық емес ұйым" заң құжаттарында көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін (АК-тің 34-бабының 3-тармағы).


7. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ

ЖӘНЕ ҚАЙТА ТІРКЕУ

1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі Азаматтық кодекстен басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 17-сәуірде шығарған "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" заң күші бар Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы Ережесімен реттеледі.

Мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызына келетін болсақ, тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды тұлға болып саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі заңды тұлғаға заң талабын сақтауды және өзінің құрылтай құжаттарын заңға сәйкестеңдіруді міндеттейді. Тіркеуден бас тарту тек сот тәртібімен шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.

Заңды тұлғаларды қайта тіркеу негіздері Азаматтық кодекстің 42-бабының 6-тармағында келтірілген. Заңды тұлға мынадай жағдайларда:

1) акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық капиталының мөлшері азайғанда;

2) атауы өзгергенде;

3) шаруашылық серіктестіктеріндегі және жабық акционерлік қоғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта тіркеледі.

Құрылтай құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ретте заңды тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар етеді.


8. Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс.

Қазақстан Республикасы мен әкімшілік-аумақтық бөлініс заңды тұлға болып табылмағанымен азаматтық айналымда азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары ретінде көрінеді. Демек бұл субьектілер құқық және әрекет қабілеттілігіне ие болады, бірақ олар сипаты жағынан азаматтық құқық қатынастары қатысушыларының өзге құқық субъектілерінен ерекшеленеді. Ондай ерекшеліктер мынадай:

а) Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы құқықтың басқа субъектілері орындауға міндетті заңдарды қабылдау құқығын еншілейді:

ә) Қазақстан Республикасы өзінің заңдарымен әр құқық субьектісінің өкілеттік көлемін белгілейді, өзгертеді, бұл орайда өзі үшін де өкілеттік көлемін айқындайды;

б) Азаматтық құқық қатынастары қатысушыларының бірде бірі иелене алмайтын құқықтарды Қазақстан Республикасы еншілейді (мысалы, тек Қазақстан Республикасы ғана валюталық реттеудің құқықтық негіздерін белгілеуге құқылы және т.б.).

Мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық бөліністерінің құқық қабілеттілігі өздерінің алдында тұрған міндеттермен тығыз байланысты. Оның құқық қабілеттілігінің әмбебап болуы да соңдықтан дер едік, яғни ол жеке мүдде емес, қоғамдық мүддеге негізделетінін есте ұстаған жөн.

Азаматтық айналымда мемлекет атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару және билік органдары өзінің құзыреті шегінде әрекет ету құқығына ие болады. Заңда қаралған тәртіппен Қазақстан Республикасының арнайы тапсыруымен оның атынан басқа да мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар әрекет ете алады. Жекешелендіру кезінде мемлекет дербес немесе уөкілетті мемлекеттік орган ретінде кәсіпорынды тұтасымен, мемлекеттік акцияларының бумасын, немесе таратылған кәсіпорынның мүлкін сатушы бола алады. Мұндай азаматтық құқық қатынастарында мемлекеттің қатысуының ерекшеліктері жекешелендіру туралы заңмен айқын-далады.Қазақстан Республикасының қатысуымен болатын дауларды сот қарайды. Тараптардың қалауымен даулар аралық сотпен де қаралуы мүмкін.

Азаматтық кодекстің 111-112-баптарына сәйкес мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық заңмен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негіздерде болады.

Азаматтық құқық қатынастарында әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан заңмен уөкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар ғана әрекет ете алады. Азаматтық айналымда әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан құқықтық қатынасқа түсе алатын органдар қатарына бірінші кезекте мәслихаттар, әкім, әкімшілік, атқару билігінің аумақтық органдары жатады.Азаматтық кодекстің 114-бабына сәйкес мемлекетке және әкімшілік-аумақтық бөліністерге заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар, егер заң құжаттарынан өзгеше норма туындамайтын болса, қолданылады.






Тақырыпты бекіту. Сематикалық карта


тұрмыстық ұсақ мәмілерді жасауға

3 жыл мерзімде

қорғаншылық

заңды өкілдер

қамқоршы

1.Әрекетке қабілетсіз азаматтардың атынан мәміле жасайтындар






2.Сотпен әрекет қабілеттілігі шектелген азамат,өз бетінше құқылы






3.Сот әрекет қабілетсіз деп таныған азаматқа белгілейді






4.Сот әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған азаматқа белгілейді






5. Азаматты өлді деп жариялау







Терминдік сөздер.


Құқық қабілеттілік- азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті.Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден бастап қайтыс болған соң тоқтатылады.


Әрекет қабілеттілік- азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға,өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі.


Әрекет қабілеттіліктен айыру- жүйке ауыруы ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот таниды.


Әрекет қабілеттілігін шектеу- спирт ішімдіктері немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот заң негізінде шектеуі.


Қорғаншы-он төрт жасқа дейінгі балаларға,жүйке ауыруы ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматтарға сот тағайындайды.


Қамқоршы-он төтр пен он сегіз жас аралығындағы жас өспірімдер мен пирт ішімдіктері немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтарға сот тағайындайды.


Банкроттық- борышқордың соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі. Демек, заңды тұлғаның банкрот деп танылуы оның дәрменсіздігіне қатысты, яғни борышқордың несие берушілердің талаптарын өзіне тиесілі мүлік есебінен өтеуге мүмкіншілігінің болмауы. Заңды тұлғаның банкротқа ұшырауы оның тарауына негіз болады.


Заңды тұлға- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.


Заңды тұлғаның филиалы- заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып табылады.


Сабақты қорытуға арналған есептер.(ҚР Азаматтық кодекспен жұмыс)

1. Есеп.

Прокурор Сексеновты әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп тануды ұсынып сотқа арызданады. Арызда жалғыз өзі коммуналдық пәтердің бөлмесінде тұрып жатқан Сексенов, арақ- шарап ішіп, Сексеновқа қатысты қажетті шаралар қолдану туралы зтінішпен прокуратураға барған көршілерінің мазасын алатындығы көрсетілген. Прокурордың арызына қосымша ретінде Сексеновтың созылмалы маскүнемдікпен ауыратыны және әрекет қабілеттілігін шектеу керектігі жайындағы психоневрологиялық диспансердің анықтама қағазы қоса тапсырылады. Сот Сексеновты әрекет қабылеттілігі шектеулі деп тану жөнінде шешім шығарады.

Соттың шешімі дұрыспа?


Жауабы: Сот шешімі дұрыс. ҚР Азаматтық кодекснің 27бабының 1 тармағына сай «Спирт ішімдіктерін немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот ҚРАзаматтық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шектеуі мүмкін» делінген.


2.Есеп.

10 жасар Олжас Досбаев коммерциялық банкке келеді де оның атына 1000 тг салым ашуды сұрайды. Банк қызметкері оған салым ашуға ата – анасының жазбаша рұқсаты керек деп айтады. Келесі күні Олжас ол рұқсатты алып келген соң салым шарты жасалады. Кейіннен де Олжас ата – анасының ұсақ - түйек заттарға берген ақшасын үнемдеп кішігірім сомалармен толықтырып отырады. Шотта 10 000тг жиналғанда ол ақшаны алып компьютерлік ойындар қосымшасын сатып алуды ұйғарды. Бірақ банк қызметкері көрсетілген соманы беруден бас тартады да Олжас өз салымынан ақшаны тек кәмелетке толғанында ғана ала – алатынын мәлімдейді. Олжастың атына ашылған салымнан оның ата – анасына да ақша беруге болмайды.

Банк қызметкері мәлімдемесі дұрыс па?

Банктерге салымдар салуға қатысты кәмелетке толмағандардың қандай құқықтары бар?


Жауабы: ҚРАзаматтық кодекснің 25 бабының сай кәмелетке толмағандар банктерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға билік етуге құқылы. 14 жасқа толмағандардың атына біреудің салған салымдарына олардың ата – анасы немесе өзге де заңды өкілдері билік етеді, ал 14 жасқа толғандар өздерінің атына біреу салған салымдарға өз бетінше билік етеді делінген.

Яғни банк қызметкері мәлімдемесі дұрыс емес. Олжастың ата – анасы салымда ала – алады, ал Олжас кәмелетке толғанда емес 14 жасқа толғанда ақшаны ала – алады.


Үй тапсырмасы

5.1 Сабақты қорытындылау және білімді бағалау

5.2 Үй тапсырмасы. ҚРАзаматтық кодексі 12-32 бап аралығы

































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26.03.2019
2117
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі