О
ңтүстік Қазақстан
облысы
Сайрам ауданы
«Бөкейхан» атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Рыскулова Эльмира
Эмирасановна
Тақырыбы: «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары»
«Ұлт көсемі - Әлихан Бөкейханның туғанына-150 жыл»
Мақсаты: Алаш партиясының тарихы, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық-саяси қызметі туралы ақпараттандыру, Алаш партиясы бағдарламасын қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси жағдайға сай салыстыра отырып, баяндау. Алаш партиясы тарихын сыни тұрғыдан қабылданған ақпараттар негізінде хабарлау.
Көрнекілігі: Фото суреттер, слайд,
бейнебаян, интерактивті тақта, шарлар,
плакаттар.
Мұғалімнің кіріспе
сөзі:
«XX ғасырдың басында ұлттық
бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар
қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар
қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала
ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында
зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты
болғанын атап айтқан абзал» деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің
«Тарих толқынында» атты кітабында айтып өтті. Өткен ХХ ғасыр қазақ
халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады. Егемен ел, тәуелсіз
мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Әлихан Бөкейханов, Ахмет
Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды арыс
азаматтарымыз сұрқия саясаттың құрбандары
болды.“Алаш автономиясының
құрылуы туралы деректі фильм” бейне түсіріліміне назар
салайық!
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер! Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше біз, әрбір азамат осы жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына мүдделі болуға тиіспіз. Өйткені Алаш идеясы – ұлттық идеология! Ол отаншылдыққа, мемлекетшілдікке, бірлікке үндейді.
2-жүргізуші : Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Алаш қозғалысының басты мақсаты–қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға мойындату, түбінде дербес мемлекет құру.
Міржақып Дулатовтың «Алашқа» өлеңі.
Орындайтындар: Амантай Ш, Черников Н, Байдуллаев Т
Ән: «Көңілді күн» Серимбет Шаттықтың орындауында
1-жүргізуші: 1917 жылдың 5-13 желтоқсанында Орынбор қаласында өткен екінші жалпықазақ съезінде Ұлттық Кеңес құрылды. Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесін құру мәселелері болды. Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру, сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады.
2-жүргізуші: Алашорда үкіметінің құрылып, ХХ ғасырдың басында қазақ даласында автономиялық биліктің болуы ұлт-азаттық қозғалыс тарихында елеулі кезең болып саналады. Ғұмыры ұзақ болмаса да қазақтың тұңғыш үкіметі құрылып, қазақ халқының мемлекеттікке лайықты ел екені паш етілді. Алаш арыстарының ең басты еңбегі – олар сол қиын уақытта толыққанды саяси партия мен үкімет құрып, өз халқының мүдделерін батыл қорғау жағына шыға алуында. Ел тағдыры таразыға түскен сын сағатта Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер бастаған ұлт зиялылары қазақтың болашағы үшін шешуші қадам жасап, ұлы мұрат жолында ұланғайыр қайрат көрсетті.
Кезек: «Батырлар» өлеңі – Көпбосын Бейсейіт.
«Алаш туы астында!» өлеңі Төлебек Ақнұр, Алдан Динара.
1.
Жүргізуші: «Алаш» партиясы – қазақтың
тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы. 1917 жылы шілдеде Орынбордағы
бүкілқазақ сезінде құрылды. Көп ұзамай он тараудан тұратын партия
бағдарламасының жобасы жасалды. Алаш партиясын ұйымдастырушы –
Әлихан Бөкейханов. ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған
Алаш партиясының негізгі мақсаты Ресей Федерациялық демократиялық
республикасының құрамында қазақ автономиясын құру
болды.
2.
Жүргізуші: «Алашорда үкіметі» 1917 жылы
Орынборда 3 - 15 - желтоқсан аралығында ІІ Бүкілқазақ құрылтайын
өткізді. Негізгі мақсаты Алашорда үкіметін құру. Төрағасы Әлихан
Бөкейханов. Ұлт кеңесі құрамына 25 адам кірді. Алаш астанасы Семей
қаласы еді. Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында
Алашорда үкіметі Кеңеске қарсы жақпен бірігуге тура келді. 1918
жылы Азамат соғысының басталып кетуі Алашорда үкіметінің жұмысын
тоқтатуға мәжбүр етті.
1.
Жүргізуші:Қазағым, қақтықпа,
қамалма,
Ел болар халыңды амалда!
Кетті туы, атты таң, шықты күн,
Сал малды, сал жанды аянба!
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де алаш өлмес көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.
2. Жүргізуші:
Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді алашты ешкімнің
Қорлығына бермейміз.
Өлер жерден кеттік біз,
Жасайды Алаш, өлмейміз.
Жасасын Алаш, жасасын!
Ортаға Алаш арыстарын шақырамыз.
1-оқушы Әлихан Бөкейхан - Амантай Шаяхмет
Әлихан Бөкейхан 1866 жылдың 25-наурызында бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты өңір. Ә.Бөкейханов - XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттык және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Ә.Бөкейханов - ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.
2-оқушы Ахмет Байтұрсынов – Байдуллаев Тастанбек
Ахмет Байтұрсынов - қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы - ғалым, ұлт ұстазы. 1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді. Аса ірі халық қайраткері, ағартушы-ұстаз, ғұлама ғалым, көрнекті ақын, жалынды публицист, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы ірі түрколог, этнограф, ғажайып сыншы, композитор-музыкант және шебер орындаушы, ауыз әдебиеті мен мәдениет зерттеушісі.
3-оқушы: Міржақып Дулатов – Көпбосын Бейсейіт
Алаш қозғалысының қайраткері, көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. М. Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметімен тығыз байланысты. Ол «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің бағдарламалық құжаттарын дайындауға қатысты, А. Байтұрсыновпен бірге қүқықтық мемлекет қағидаларын жасады. Ол халық тарихында бірінші рет ашыққандарға көмек беру қорын ұйымдастырды. М.Дулатовтың Алаш қайраткерлерінің арасындағы орны ерекше. Елі үшін туылып, ел үшін шаһит кешетін тұлға болады. Ол сол елдің ертеңінің нұрлы болуы үшін жанталасады
4-оқушы: Жүсіпбек Аймауытов – Домбулов Ерасыл
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Бес томдық шығармалар жинағында оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рәбиға», «Мансапқорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.
5-оқушы: Мағжан Жұмабаев – Черников Нұрлан
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы 1893 жылы 25-маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Әке-шешесінің азан шақырып қойған аты Әбілмағжан. Ақын шығармашылығының үлкен бір арнасы – халыққа білім беру, педагогика саласы. Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу еңбектер жазып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинауға жәрдемдесті.
1. Жүргізуші:
Айбарлы елдің ұлымын ай
таңбалы,
Кейіпкері емеспін ертегінің.
Қазақ деген жалғыз ұлы мен боламын,
Жер әлемге жетеді көпке үнім!
2-жүргізуші :Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстн! Ендеше біз, әрбір азамат осы жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына мүдделі болуға тиіспіз. Өйткені Алаш идеясы – ұлттық идеология! Ол отаншылдыққа, мемлекетшілдікке, бірлікке үндейді
Алаш партиясының басты бес бағыты:
1. Жерге ең алдымен қазақ ие болу керек.
2. Жердің асты-үстіңгі байлығын қазақ пайдалануы керек.
3 Өз өнімін өзі өндіретін ұлттық экономика.
4.Қазақ тілінің мемлекеттілігі, діні мен ділінің үстемдігі.
5. Білімнің дамуы, міне осы бес бағыт бір ғасырдан кейін , бүгін де өте өзекті болып отыр.
Кезек: Сахналық көрініске
1-жүргізуші:
Алаш идеясы ұлттық идеология. Ендеше ұлт болып жұмылып, Алаш арманын іске асыруымыз керек. Біз бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның бастауында тұрған, елімізді алғаш ұлттық санаға көтерген Алаш арыстарын ардақтауымыз керек.
2. Жүргізуші: Қазақстан картасында КарЛАГ (ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері) пайда болды. Оның бірі Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь» деп аталды. Ол «Алжир» деген атаумен кеңінен мәлім. Бұл азап лагерінде әр түрлі ұлт өкілдерінен шыққан атақты ғалымдар, ақындар, өнер адамдары ұзақ жылдар бойы қамауда болып азап шекті.
1.
Жүргізуші: Өшіп кетіп бір жылы жер
бетінен,
Өзге орында балалап өскен елмін.
Ақталды боздақтардың ақ талабы,
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.
2.
Жүргізуші: Бет бағдарын бақиға
бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым
Құрбандарым жазықсыз құрбандарым.
Мұғалім сөзі:
Өткен ғасырдың басында жеке
ел, мемлекет боламыз деген Алаш зиялылары аңсаған армандарына жете
алмай арманда кетті. Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп,
тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекеттіліктің алғы шартын жасап
кетті.
Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің
отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге
тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз - ұлттық рәміздерді
қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу,
мәдениеттің биік шыңына көтерілу. Сабағымызды Әлихан Бөкейхановтың
мына сөзімен аяқтағым келеді: «Әр ұрпақ өзіне артқан жүкті жетер
жеріне апарып тастауы керек».
Ән: «Көк тудың желбірегені» Утеш Абылайханның орындауында

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары»

шағым қалдыра аласыз