400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Азаттықтың Ата Заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Азаттықтың Ата Заңы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Адам құқығы мен бостандығы.

Мектеп: № 26

Сыныбы: 9

Күні: 3.12.2024

Мұғалімнің аты-жөні: Жумадилова А.Қ.

Пәні: қазақ тілі

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Азаттықтың Ата Заңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау;

9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру

Сабақ мақсаттары:

-қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындайды;

- салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратады, түрлендіреді

Жоспар


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

























Сабақтың ортасы:

30 мин.



















Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу

1,2,3 деп санау арқылы топқа бөлу.

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.

«Менің аспандағы жұлдызым»

Оқушыларға парақтарға жұлдызды салу ұсынылады. Жұлдыздың қырларына әрбір оқушы өз бойындағы жақсы қасиеттерді жазу керек. Жұлдыздың ортасына өз есімін жазады. Сосын парақтар шеңбер бойынша бір-біріне беріледі. Әрбір оқушы сыныптасының бойынан расында да сол қасиетті байқаса, астын сызады, байқамаса сызбайды. Егер ол сыныптасының бойында тағы да жазылмаған басқа қасиеттер байқаса, онда қосып жазып қояды. Ойын соңында парақ иесіне қайтып оралады.

ТЫҢДАЛЫМ АЛДЫ.

Берілген дәйексөздер арқылы оқушылар сабақ тақырыбына болжау жасайды.

Оқушылар суреттерге қарап сабақ тақырыбын болжайды.

  • Тәуелсіз Қазақстанда қабылданған Конституциялар жайында қандай мәліметтер білесіңдер?

Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыз не туралы?

Оқушылар өз пікірлерін білдіреді.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлерін анықтау


ІІ. ТЫҢДАЛЫМ ТАПСЫРМАСЫ

2-тапсырма. Аудиожазбадан (08. mp3) «Ата Заң – мемлекеттің негізі» тақырыбында алынған үзіндіні тыңдаңдар. Мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарастарыңды білдіріп, сыни тұрғыда баға беріңдер.


А) Тақырыпқа қатысты тиісті сөздер мен фразаларды теріп жазыңдар.


Ә) «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» деген тақырыпта монолог құрастырып айтыңыз. Монолог құрастыру барысында таңдап алған тиісті сөздер мен фразаларды қолданыңыз.


Б) Монолог құрастыру барысында салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін қолданыңыз.

Дескриптор:

- сөздер мен фразаларды теріп жазады;

- жағдаятқа сай монолог құрастырады ;

- тиісті сөздер мен фразаларды қолданады.

- салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін қолданады.


Мұғалімнің кері байланысы. Топтардың тапсырманы орындаудаға жетістіктері мен ұсыныстарын айтады

ТЫҢДАЛЫМНАН КЕЙІН.

5-тапсырма. Берілген өлең бойынша топтық тапсырмаларды орындаңдар.

1-топ. Өлеңдегі салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

2-топ. Өлеңдегі жай және құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктерін түсіндіріңдер.

3-топ. Алғашқы және соңғы шумақтарын салалас құрмалас сөйлемдер түрінде жазып, түпнұсқамен салыстырыңдар.


Еліне арналатын тілегі шын,

Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!

Іргесін туған елдің тіреп тұрған

Қадірін Ата Заңның білемісің?!


Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,

Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.

Қоғамның сан саласын реттейтін,

Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.


Бастайтын болашаққа бақ кемені,

Осы жол халықтың да нақ сенері.

«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға,

Елбасы қолын қойып, Ант береді.


Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,

Тікелей әсер еткен ғұмырына

Айналды Ата Заңым мызғымайтын,

Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!


Өркендеп өз қолына алған ісі,

Биікке қазағымның самға, құсы!

Халық боп қадір тұтып, қастерлеген,

Ата Заң – азат елдің ар-намысы!

Дескриптор:

- өлеңдегі салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіреді;.

- Өлеңдегі жай және құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктерін түсіндіреді;

- Алғашқы және соңғы шумақтарын салалас құрмалас сөйлемдер түрінде жазып, түпнұсқамен салыстырады.

Оқушылар назарын сабаққа аударады.

1,2,3 сандары бойынша топқа бөлінеді.


Сыныпта жағымды ахуал қалыптастырады.









Оқушылар берілген дәйексөздер арқылы оқушылар сабақ тақырыбына болжау жасайды, сұрақтарға жауап береді.


















Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлерін анықтайды.





Аудиожазбадан (08. mp3) «Ата Заң – мемлекеттің негізі» тақырыбында алынған үзіндіні тыңдап, мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарастарын білдіріп, сыни тұрғыда баға береді.















































Топтық жұмыс.





Қалыптастырушы бағалаулар


ҚБ






















































ҚБ.4 балл


Топаралық бағалау.

Әр топ дайын бағалау критерийі бойынша бір-бірін бағалап шығады.








ҚБ













ҚБ.6 балл












































































Сабақтың соңы:

3 мин.








Үй тапсырмасы:

2 мин.

Кері байланыс



7-тапсырма


Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік;

Рефлексия


Өзін-өзі бағалау

Кері байланыс парағы

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлекция жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары

Оқыту мақсаттары шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Егер осы сабақты қайталап өткізсем нені өзгертер едім?

Тақырыптың өмірмен байланысы болды ма?








жазады;

-;

- қолданады.
























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
160
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі