Материалдар / Әзірлеме "Қош келдің 2019 Жаңа жыл"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әзірлеме "Қош келдің 2019 Жаңа жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге ертеңгілікке
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2019
469
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаңа жыл, қош келдің!

Мақсаты: жаңа жыл мерекесіне қызығушылықтарын ояту. Балалардың көңіл-күйін көтеру, әдеби шығармалардың кейіпкерлерін танып білу.

Қатысушылар: Аяз ата, Ақшақар, сиқыршы, аққала, жүргізуші және Буратино.

Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме,

Аяулы ата-аналар, ұстаздар!

Ардақты ұл-қыздар,

Бүлдіршін балалар.

Ой, балалар қайда. Орманда адасып қалып қойдыма? Көрген жоқсыздар ма?

(музыка әуенімен балалар жүгіріп келеді).

Балалар орындыққа отырады.

Жүргізуші: Ой, балалар мені қорқыттыңдар ғой.

Кәне келген қонақтармен амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме қонақтар, Жаңа жыл құтты болсын!

Жүргізуші: Келді міне жаңа-жыл сәуле шашып,

Құлпырады табиғат нұры тасып

Жаңа жылды ағайын қарсы алайық

Шашу-шашып,әрқашан ән-салайық.

Жүргізуші: Балалар білесіңдер ме, мен әлемді өзгерткім келеді. Барлық әлемде тек мейрімділік, жақсылық қана болса деймін. Барлық адамдардың, балалардың дендері сау, жүздерінен күлкі кетпесе деймін. Балалар мен сендерге бір кітап жайлы айтып бергім келеді, сол кітап ішінде тек мейрімді адамдар ғана өмір сүреді. Бірақ ол кітап әлі ұйықтап жатыр, егерді оны оятпасақ ол Жаңа жылды ұйықтап қарсы алады, сосын жыл бойы ұйықтап жүреді, мен әлемді өзгерте алмймын.!Балалар маған көмектесесіндер ме.

Балалар: Иә. Кәне, бәріміз бірге:

«Бір,екі,үш! Сиқырлы кітап, оян!»

Балалар: «Бір,екі,үш! Сиқырлы кітап, оян!»

(Сиқырлы кітап ашылады ішінен сиқыршы шығады).

Сиқыршы: Сәлеметсіздер ме, менің қымбатты кішкентай достарым.

Балалар: Сәлеметсіз бе. Сіз кім боласыз?

Сиқыршы: Мен сиқыршымын. Мен жай келгенім жоқ, менің жұмысым сиқырлау.Шынымды айтсам, достарым, ғажайыпсыз, сиқырсыз мен өмір сүре алмаймын

Жүргізуші: Біздің балабақшаға келгеніңізге қуаныштымыз. Бүгін ең керемет мереке. Ән айтамыз, би билейміз, көңіл көтереміз.

Сиқыршы: Ал сіздің мерекеңіз қалай аталады?

Балалар: Жаңа жыл.

Сиқыршы: Ол қайдан келеді және қайда кетеді? Жаңа жыл деген не өзі, балалар?

Жүргізуші: Бізге бүгін жаңа жыл мерекесіне Аяз ата келеді, қазір би билеп ән саламыз, сыйлық аламыз.

Ән: «Шырша жыры»

Сиқыршы: А-а-а бұл жерде көңілді болады екен ғой, Аяз ата келеді екен.

Ол кім? Ғажап, тамаша! Аяз ата маған да сыйлық бере ме ?

Жүргізуші: Сиқыршы, сіз бізге Аяз атаны шақыруға көмектессеніз, ол келгенде біз сізді мақтаймыз. Сонда ол сізге де сыйлық береді.

Сиқыршы: Жарайды, мен қазір Аяз атаны шақырайын, менің қоңырауым бар. Қазір мен қоңырауымды сыңғырлатсам, Аяз ата келеді.

(Сиқыршы шыршаны айналып қоңырауын алып сыңғырлатады, көңілді музыка ойнайды).

(Залға ескі жыл Ит кіреді)

Жүргізуші: Сиқыршы бұл ескі биылғы жылдың иесі – Ит жылы ғой. Балалар, біздің арамызға биылғы жылдың иесі –Ит жылы келіп тұр.

Кәне бәріміз амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіз бе.

ИТ: Жыл иесі Итпін,

Қалмаймын деп кешігіп

Ерте таңнан ояндым.

Келер жылда көңілің.

Былтырғыдай ақ болсын.

Мәнді болып өмірің,

Барлығыңа бақ қонсын.

Жүргізуші: Рақмет саған, ескі жыл,

Көп қуаныш төккен жыл!

Бізге көп қуаныш сыйлаған Ит жылына алғыс ретінде би сыйлайық. Сиқыршы келісесізбе?.

Би: «Паравоз». Рахмет , балалар Тауық жылын шығарып салайық.

Сау болыңыз!

Жүргізуші: Сиқыршы сіз бізге Аяз атаны шақыруға көмектесем дедіңіз.

Сиқыршы: Жарайды, мен қазір Аяз атаны шақырайын, менің қоңырауым бар. Қазір мен қоңырауымды сыңғырлатсам, Аяз ата келеді.

Залға Буратино келеді.

Жүргізуші: Балалар, бұл Аяз ата ма?

Балалар: Жоқ.

Сиқыршы көңілсізденеді.

Жүргізуші: Бұл кім балалар. Кәне айтыңдаршы?

Балалар: Буратино.

Буратино: Дұрыс-дұрыс, мен Буратиномын, сәлеметсіздер ме достар.

Сиқыршы: Сен Аяз ата емессін бе, сенің мұрның қызыл емес, сақалың жоқ. Сен бұл жерге қайдан келді?

Буратино: Сен өзің шақырыдың, қоңыраудың сыңғырына мен келдім.

Жүргізуші: Буратино сен қандай көңілдісің?!

Буратино:Мен осындаймын, әрқашан көңілді жүргім келеді.

Жүргізуші: Ендеше сен біздің балалармен ән салып, би билеп, ойын ойнағын келе ме?

Буратино: Әрине.

Жүргізуші: Олай болса, барлығымыз би билейік.

Би: «Гномдар»

Буратино: Достар, сендермен өте көңілді екен.

Сиқыршы: Музыка ойналады, кәне мен тағы қоңырауымды сыңғырлатып Аяз атаны шақырып көрейінші. (қоңырау сыңғырлайды).

Залға Аққала келеді.

Аққала: Сәлеметсіздер ме, мұнда көп балалар қайдан жиналған?

Сиқыршы: Бұл не болып кетті өзі? Ештене де түсінбедім? Сен Аяз ата емессің ғой?

Жүргізуші: Ой, сиқыршы несін жасырайын сіз тағы да шатастырдыңыз, бірақ бізге көңілсіз болуға бомайды.

Аққала: Сіздермен маған көңіл көтеруге бола ма?

Жүргізуші: Әрине,Аққала, бізбен бірге қалып көңіл көтер, мерекені бірге тойлайық.Кәне, балалар Аққаламен ойын ойнайық.

Ойын: «Боран»

Аққала: Балалар, сендермен өте көңілді екен. Ойын да,ән де,би де ұнады, мен сендермен қалып көңіл көтерейінші, жарай ма?

Жүргізуші: Жарайды, балалар, Аққала бізбен бірге қалсын. Біз бүгін шыршаның айналасында көңіл көтеріп жүрміз. Қонақтарды қарсы алдық, бірақ біздің басты қонағымыз жоқ, енді не істейміз?

Сиқыршы: Ой-ой, Аяз ата қайда? Менің жылағым келіп тұр.

Жүргізуші: Кәне, балалар, барлығымыз дауыстап Аяз атаны шақырайықшы.

Сиқыршы: Жарайды, барлығымыз көңілді «Ау-у-у, Аяз ата, Ақшақар» деп айғайлайықшы.

Музыка ойналады. Аяз ата мен Ақшақар кіреді.

Аяз ата:

Естіп жатырмын, келе жатырмын,

Жаңа жылдарыңмен балаларым,балғыным.

Амаңсың ба ұлдарым, аппақ ару қыздарым.

Мен сендерге әкелген, құтты болсын жылдарың!

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Аяз ата, Ақшақар.

Ақшақар: Өздерің де аман-есенсіңдер ме, менің балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би билеңдер, таңдайларың тақылдап тақпақ айтып беріңдер. Аяз атаның дорбасында бәріңе жететін сыйлық бар. Менің сіңілерім де осында екен ғой.

Жүргізуші: Кел, балалар тақпақты,

Тақылдатып айтайық.

Аяз ата таңқалсын,

Сыйлық алып қайтайық.

Тақпақтар: Казбек, Ерасыл, Серғазы, Толғанай, Айша, Айсезім, Айзере,жантөре, Жандарбек.

Сиқыршы қарды алып Аяз атаға лақтырады.

Аяз ата: Бұл кім? Тентек болып тұрған, кім маған қар лақтырған?

Жүргізуші, балалар: Сиқыршы.

Сиқыршы: Мен барлығынды қар лақтыру ойынына шақырамын. Барлығы ойын ойнайды.

Ойын: «Аяз»

Би: «Аққала»

Аяз ата: Ал енді, балалар, мен сендермен қоштасамын.

Жүргізуші: Аяз ата, ал бізге алып келген сыйлығыңыз қайда?

Аяз ата: Ой, мен қалайша сыйлық туралы ұмытқанмын, менің қапшығым қайда? (қапшықты іздейді)

Сиқыршы: Енді не істейміз? Өкінішті.

Жүргізуші: Сыйлықсыз болмайды, бірдене ойлап табу керек.

Аяз ата: Ендеше достарым, қапшығымды бірге іздейік.

Музыка ойналады

(шыршаны айнала іздейді, шыршаның үстіне үңіледі, шыршаның астын қарайды, терезеге барады шеңбер болып жүреді).

Сиқыршы: Аяз ата, қарашы мынау не? (музыка қатты ойналады). Мынау сіздің қапшығыңыз ба?

Аяз ата: Иә, осы менің балаларға алып келген сыйлығым ғой.

Сиқыршы: Балалар, сыйлығымызды таптық, енді ол бізге қалады.

Аяз ата: Өнерлі балалар көп екен, мен сендерді Жаңа жыл –Доңыз жылымен таныстырып кетейін.

Доңыз жылы: Казбек

Жаңа жыл құтты болсын,

Міне мен ит жылы да келіп жеттім.

Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат,

Өмірлерің думанға толсын.

Жаңа жыл шаттығы мәңгіге тарқамасын!

Аяз ата сыйлығын таратады. Ал балалар жаңа жылдарың құтты болсын, денсаулық, бақытты балалық шақ тілеп келесі жылға дейін сендермен қоштасамын. Менің тағы баратын балабақшаларым бар. Сау болыңдар!

Сиқыршы, Буратино, Аққала: Бізде Аяз атамен кетейік. Балалар, Жаңа жыл құтты болсын, сау болыңдар.

Жүргізуші: сендерге «Сиқырлы кітап» ұнадыма. Онда кітабымызды жабайық, Балалар балабақшаға қайтайық. Осымен бүгінгі жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар!



















































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!