Тақырып бойынша 11 материал табылды

Азық-түлік қаптамасындағы ақпараттар. 7-сынып. Қазақ тілі Арман ПВ баспасы. 2024 жыл. ҚМЖ. Сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
7.3.1.1. әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру 7.4.4.4-одағай түрлерін ажырата білу, қолдану;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

8-бөлім:

Дұрыс тамақтану

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 7

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Азық-түлік қаптамасындағы ақпараттар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.3.1.1. әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру

7.4.4.4-одағай түрлерін ажырата білу, қолдану;

Сабақтың мақсаты

- әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құрады

- одағайларды қатыстырып диалог құрайды

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал қалыптастыру


«Өзіме -көршіме» әдісі












Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Оқушылар назарын сабаққа аударады.

Оқушылар шеңбер болып тұрып,қолындағы қағазды өзіме дегенде өзіне алады, көршіңе дегенде көршісіне береді. Қағазды ашып ішіндегі тапсырмаларды орындайды.

Тапсырмалар:

Көршімнің шашын сипалағым келіп тұр

Көршіме тілек айтқым келіп тұр

Көршімнің қолын алғым келіп тұр

Көршіме комплимент айтқым келіп тұр

Көршімді құшақтағым келіп тұр

Көршіме массаж жасағым келіп тұр

Көршіме ән айтқым келіп тұр

Көршіме тақпақ айтқым келіп тұр

Көршімнің хоббиімді айтқым келіп тұр

Көршімнің ұнататын сабақтары

Көршімнің ұнататын спорттық ойындары

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл-күйін көтереді, бауырмалдығын оятады


Оқулық, жұмыс дәптерлері


Жаңа сабақ

Ойқозғау.




1-тапсырма

Тыңдалым

Сынып

2-тапсырма.

Айтылым

Жұптық жұмыс










3-тапсырма.

Мәтінмен жұмыс.

Жұптық немесе жеке жұмыс

Тұзсыз май татымсыз,

Қантсыз шай татымсыз.

Халық даналығы


Мәтінді тыңда. Мәтінде мәселе көтерілгенін анықта.


Тыңдалым мәтіні бойынша тапсырмаларды орында.


  1. Тыңдалым мәтіні бойынша кемінде бес сөз жазып ал. Жазып алған сөздердің мәтін мазмұнын ашудағы маңыздылығын жұбыңа баянда.

  2. Қазақстанда шығарылатын қаптамалардың шетелдерге экспортталуының еліміpге пайдасы туралы әңгімеле.


Мәтінді оқып, «Не үшін?», «қандай мақсатпен?» деген сұрақтарға жауап беретін тіркестерді анықта.

Төменде берілген функционалдық сауаттылық тапсырмаларын да орындатуға болады. Жеке немесе жұппен орындауға болады.


Тауардың бедел-бейнесін қалыптастыру оны ораусыз, буып-түюсіз мүмкін емес. Орау бірқатар міндетті шешуге мүмкіндік береді:

  • Тауар тартымыдылығын қамтамасыз ету;

  • Сатып алушыларға тауар таңдауға көме беретін ақпарат ұсыну;

  • Тұтынуға ыңғайлы пішінде ұсыну;

  • Тауарды бұзылудан сақтау, климаттық әсерден қорғау;

  • Стандарт пен техника қауіпсіздігін ескеру;


Тауардың оралуы мынандай қызметтерді атқарады:

  • Тауарды бұзылудан және сынудан сақтайды;

  • Тауардың үйлесімді салмағын, көлемін қамтамасыз етеді;

  • Тасымалдау үшін қолайлы жағдай жасалады;

  • Жарнама жасау үшін қолданылады.

Сәуле Қарғабаева

Азық-түлік қаптамасында болуы тиіс ақпараттар:

  1. Тауардың атауы;

  2. Құрамы (кей адамда аллергия тудыратын не денсаулыққа жақпайтын құрамдас бөліктер, хош иістендіргіштер мен қоспалар);

  3. Саны, салмағы мен көлемі;

  4. Жасалған мерзімі;

  5. Жарамдылық мерзімі;

  6. Сақталу шарты (төмен температура, ылғалдыдық, консервілер үшін ашылғаннан кейінгі сақтау шарттары);

  7. Өндіруші компанияның мекенжайы


Дескриптор:

- мәтінде көтерілген мәселені анықтайды;

-тыңдалым мәтіні бойынша тапсырмаларды орындайды;

-«Не үшін?», «қандай мақсатпен?» деген сұрақтарға жауап беретін тіркестерді анықтайды немесе функционалдық сауаттылық тапсырмаларын орындайды



ҚБ

Бағалау

«Тұлғалар»

Жақсы жауап берген, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыға ынталандырушы стикер беріледі

«Жарайсың!»деген мадақтау сөзімен ынталандыру.



Т
елефон, дыбыс колонкалары



Сабақтың ортасы

.


5-тапсырма.

Жұптық жұмыс

ӘТН


5-тапсырма.


«Қап!», «Жә!», «Тәйт!» одағайларын қолдана отырып, шағын диалог құрастыр, оқылым мәтініне сілтеме жаса.


Қаптамада кездесетін белгілерге зерттеу жүргізіп, 5-6 сөйлем жаз.



Топтар бір-бірін «Әлеуметтік желі» әдісі арқылы бағалайды

Инстаграм, тик-ток, ватсап, фейсбук 4 топқа бөлініп беріледі. Топтар бір-біріне лайк басу арқылы бағалайды, яғни қай топтың жауабы көбірек ұнаса, сол топқа лайк басады.


Дескриптор:

-Одағайларды қатыстырып диалог құрайды;

-оқылым мәтініне сілтеме жасайды;

-қаптамадағы белгілер бойынша 5-6 сөйлем жазады

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК





Сергіту сәті

«Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.

Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т.б. сұрақтар қоюға болады.




Сабақты бекіту

7-тапсырма. Жұптық жұмыс
















Оқылым мәтініне күрделі жоспар құр.

Күрделі жоспар үлгісі. Өз қалауыңызбен түрлендіруге, қажет емес деп тапқан жерлерін алып тастауға болады.


I. Тауар орауының маңыздылығы және негізгі міндеттері

1. Бедел-бейне қалыптастырудағы рөлі

- Ораудың тауардың тартымдылығын арттырудағы маңызы.

- Маркетингтік стратегияның бір бөлігі ретіндегі функциясы.

2. Шешетін негізгі міндеттері

- Тауардың физикалық және химиялық бұзылуынан қорғау.

- Сатып алушыларға ақпараттық, эстетикалық және функционалдық ыңғайлылықтар ұсыну.

- Транспорттау мен сақтау процестерін жеңілдету.


II. Ораудың атқаратын негізгі қызметтері

1. Қорғау функциялары

- Механикалық әсерлерден (сыну, діріл) сақтау.

- Климаттық факторлар (ылғал, температура, сәуле) әсерінен қорғау.

2. Ақпараттық-коммуникациялық рөлі

- Тауар туралы міндетті ақпаратты беру (құрамы, мерзімі, шарттары).

- Брендпен байланыстыру (логотип, дизайн, жарнама).

3. Логистикалық функциялар

- Сатылымға ыңғайлы пішінде ұсыну (өлшем, салмақ, форма).

- Тасымалдау кезіндегі шығындарды азайту.


III. Азық-түлік қаптамасындағы міндетті ақпараттардың талдауы

1. Негізгі ақпараттар блогы

-Таныстыру: Тауар атауы, өндіруші компанияның мекенжайы.

- Қауіпсіздік: Құрамы (аллергендер, консерванттар), жасалу/жарамдылық мерзімі.

- Пайдалану: Сақтау шарттары, ашылғаннан кейінгі ұсыныстар.

2. Ақпараттың тұтынушы үшін маңызы

- Денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

- Сатып алу шешімін рационалдау.


IV. Қорытынды: Ораудың заманауи экономикадағы орны

- Орау – тауардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы.

- Технологиялық және экологиялық талаптарға сай даму тенденциялары.

Дескриптор:

- оқылым ммәтіні бойынша күрделі жоспар құрады


Ең үздік жоспар құрған оқушылар медаль арқылы бағаланады


Оқулық





















Үй тапсырмасы

8-тапсырма.

Тауардың қаптамасына қарап, қалай дұрыс таңдау жасауға болатыны туралы досыңа кеңес бер. Тұтынушының таңдауына байланысты одағайлардың түрлерін қатыстырып, пікір айт.


Оқулық

Сабақ соңындағы рефлексия

Өздерін бағалау





Рефлексия.







Немесе көңіл-күй арқылы бағалау.

«Ойжұмбақ» мультфильмі кейіпкерлері

Сабақтағы берілген дескрипторлар бойынша қорытынды балл шығарылады, сол бойынша оқушы бағаланады.


"Шынжыр" әдісі

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін айтады.

Мен бүгінгі сабақта .......... түсіндім.

..................жасауды үйрендім.

Мен үшін ............. қызық, мен әлі де ізденемін.










Оқылым мәтіні бойынша функционалдық сауаттылық тапсырмалары:




1-бөлім: Тауар орауының функциялары

1. Көп дұрыс жауап таңдау тапсырмасы

Тауар орауының қандай функциясы климаттық әсерден қорғаумен байланысты?

а) Жарнама жасау

б) Таратуды жеңілдету

в) Бұзылудан сақтау

г) Ақпарат беру


2. Сәйкестендіру

Сол жақтағы функцияларды оң жақтағы сипаттамалармен сәйкестендіріңіз:

- 1. Үйлесімді салмақты қамтамасыз ету

- 2. Жарнама жасау

- 3. Тасымалдауға қолайлы жағдай

- а) Тауардың логотипі мен бренді пайдаланылады

- б) Орау тауардың пішінін стандарттау

- в) Ораудың беріктігі және жеңілдігі


3. Шын/Жалған

- а) Орау тауарды тек сынудан ғана қорғайды.

- б) Тауардың салмағы мен көлемі орау арқылы стандартталады.

- в) Орау тек тұтынушыға ыңғайлылық үшін қажет.


4. Жағдаяттық тапсырма

Мысал: Алма шырынын пластик ыдысқа салып, оған "жасыл технология" деген белгі қойды. Бұл ораудың қандай функциясын көрсетеді?



2-бөлім: Азық-түлік қаптамасындағы ақпарат

5. Толықтыру

Азық-түлік қаптамасында болуы тиіс 7 ақпаратты атаңыз:

1) ...

2) ...


6. Тапсырма: Қателерді табу

Суреттелген қаптамада келесілер жоқ:

- Саны мен көлемі

- Аллергия тудыратын құрамдас бөліктер

- Өндірушінің электрондық поштасы

Қаптама техникалық талаптарға сәйкес келе ме? Неге?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


7. Ашық сұрақ

"Жарамдылық мерзімі" мен "жасалған мерзімі" арасында қандай айырмашылық бар? Олар неге маңызды?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



8. Практикалық тапсырма

Сүт қаптамасын жасау керек. Оған қойылатын барлық міндетті ақпаратты жазудың үлгісін салыңыз (сурет немесе жазбаша).


_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3-бөлім: Талдау және қолдану

9. Сұрақ-жауап

Тауар орауында жарнама функциясын пайдаламау қандай кемшіліктерге әкелуі мүмкін?

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


10. Эссе

"Қаптамадағы ақпараттың жетіспеушілігі тұтынушының денсаулығына қалай әсер етеді?" Тақырыбына 5-6 сөйлемден эссе жазыңыз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________










https://qazmath.net/quraldar/topka-bolu/


Мынадай топқа бөлу бар. Онлайн

Көп оқушы бар сыныпқа жақсы келеді.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.03.2025
326
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12