ҚАТЫНАС БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
«Сауат ашу» ұйымдастырылған
оқу қызметінің жоспары
Наурыз
айы
Өтпелі тақырып
«ЖЫЛҒАЛАРДАН СУ
АҚТЫ»»
Тақырыбы:Б дыбысы мен
әріпі
Мақсаты:Балаларға сөз туралы
түсінік беру.Б дыбысы және оның баспа түрімен таныстыру,Тәріпінің
таңбасын жаза білуге машықтандыру.
Балалардың ой-өрісін,сөздік
қорын,тіл байлығын дамыту.
Тазалыққа,ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,ойын.
Көрнекілік құралдар:
суреттер,Б әріпінің таңбасы,текшелер.сиқырлы
қалам
Билингвальді
компонент:бәйшешек-подснежник,бақа-лягушка,балық-рыба.
Кіріспе
бөлім:
Ұйымдастыру.Шаттық
шеңбері:Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн
болсын
Бүгінгі күн
бізге
Сәттілікке
толсын!
-Балалар,бүгін аптаның қай
күні?
-Бүгін
сәрсенбі.
-Қай мезгіл?
-Көктем
мезгілі.
-Табиғатта қандай өзгерістер
болып жатыр?
-Күн жылынды.Қар,мұздар еріп
жатыр.
Негізгі
бөлім:
-Балалар қараңдаршы,мына
қардың астынан кішкене гүл шығып келе жатыр екен.
-Бұл гүл қалай аталады
білесіңдер ме?
Бұл көктемнің алғашқы
гүлі-бәйшешек.
-Бәйшешек сөзін буынға
бөлейік. Бәй-ше-шек.
-Қандай дыбыстан басталып
тұр?
-Қандай дыбыс естіп
отырсыңдар?
-Б дыбысы
-Бүгінгі танысатын дыбыс Б
дыбысы.
Тосын сәт:музыка әуенімен Әли
мен Айя келеді.
-Сәлеметсіңдер
ме,балалар!
-Сәлеметсіңдер!
-Балалар бізді таныдыңдар
ма?
-Иә.
Тәрбиеші:Әли Айя сендер қайдан
келесіңдер?
-Қолдарыңдағы
не?
-Бұл қармақ.
-Балалар біздің жұмбағымыз
бар,шешуін тапсаңдар, біздің қайдан келе
жатқанымызды
білесіңдер.
Жұмбақ шешу.Шаңқ-шұңқ еткен
үні жоқ,
сусыз оның күні жоқ.
Шешуі:балық
-Иә,біз өзеннен балықтар
ауладық.Өзен жағасынан бақаны көрдік.
Балық,бақа сөздерін буынға
бөлейікші.Ба-лық,ба-қа
-Неше буын бар
екен?
-Екі буын
бар.
-Қандай дыбыстан басталып
тұр?
Б дыбысы дауыссыз дыбыс.Оны
көк текшемен белгілейміз.
Айя:-Балалар,"бақа"сөзіне
дыбыстық талдау жасап бересіңдер ме?
Б-дауыссыз
дыбыс.
А-дауысты
дыбыс.
Қ-дауыссыз
дыбыс.
А-дауысты
дыбыс.
-Сендер тиісті текшелерді
алдарыңа қойып отырыңдар.
Сергіту сәті:Бақа -бақа
балпақ
Басың неге
жалпақ
Темір телпек көп
киіп
Басым содан
жалпақ
Кубизм әдісі арқылы балаларды
ортаға жиып,кубикті лақтырып,өтілген әріптерді айтады,балалар сол
әріптен басталатын сөз айтып кері лақтырады
-Келіңдер,Әли,Айя бізбен ойын
ойнаңдар.
-Бәрің ойынды жақсы
ойнадыңдар.
Ендеше Б әріпінің таңбасымен
танысайық.
-Алдымен ауада жазып
үйренейік.Ауада жазады.
Дәптермен жұмыс:Бәріпінің
таңбасын үзік сызықтарды бастыру арқылы жазу.
Тапсырма:"Жоғалған
әріптер"Бал...а,...ақа,а...ба.
Әли:-Балалар біз сендермен
уақытты жақсы өткіздік.Көп нәрсе үйрендік.Айя жүр үйге
қайтайық.Атамыз бен әжеміз іздеп жатқан шығар.
Айя:-Иә.Қайтайық.Балалар сау
болыңдар.
-Сау болыңдар Әли
Айя
музыкамен қонақтар шығып
кетеді.
Қорытынды
бөлім:
-Сонымен бүгін қандай әріппен
таныстық?
-Б дыбыс мен
әріпі.
-Бдыбысы қандай дыбыс
екен?
-Б дыбысы дауыссыз дыбыс.Б
дыбысы сөздің басында, ортасында,аяғында кездеседі
екен.
Балаларды мадақтау,
бағалау.