400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Б. Майлин "Шұғаның белгісі" хикаяты

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Адам жанының құпиясы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ауезова Сауле Абдраймовна

Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Б. Майлин "Шұғаның белгісі" хикаяты

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;

9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік –композициялық талдау жасау.

Сабақтың мақсаты

Б. Майлин "Шұғаның белгісі“ хикаятындағы көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды. Шығарманың мазмұны бойынша композициялық талдау жасайды.

LS зерттеу сабағы

Көркем шығарманың идеясын анықтау

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут











Өткен білімді еске түсіру

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу

- Оқушыларды түгелдеу

- Сабаққа зейінін аударту

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Қызығушылықты ояту.

Оқушылар өздерінің есімдерінің бас әрпінен келетін эпитеттер айту.

Самат- сабырлы, Арман-ақылды....

Оқушыларды «Кейіпкерлер есімдері» арқылы QR- кодпен топқа бөлемін.

1-топ: Шұға

2-топ: Әбдірахман

3-топ: Есімбек

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты таныстырылады.

«Зерделі сұрақ-ұтымды жауап» әдісі арқылы білім қоржынынан асық алып, сұрақтарға жауап беру.

1. Хикаят дегеніміз не?

2. Шығармада көтерілген басты мәселе не?

3. Бейімбет шығармаларының ұрпақ үшін құндылығы неде?

4. Шығарманың «Шұғаның белгісі» аталуының себебі неде?

5. Шұғаның өліміне кім кінәлі?

6. Қазіргі қазақ қыздарының тағдыры Шұғамен салыстырғанда қандай деп ойлайсыңдар?

7. Кедей жігітке қызын бергісі келмеген әкенің әрекеті дұрыс па?

ЕББҚ білім алушы көмекші карточкалар арқылы төмен дәрежелі сұрақтарға жауап береді.


Оқушылар назарын сабаққа аударады.


Оқушылар өздерінің есімдерінің бас әрпінен келетін эпитеттер айтады.







«Зерделі сұрақ, ұтымды жауап» әдісі арқылы «Шұғаның белгісі» шығармасы бойынша білімдерін жинақтайды, шолу жасайды.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын тыңдап, кері байланыс беріп отырады.

Мадақтау





Дескриптор:

1.Сұрақтарға жауап береді-1

2. Өз пікірлерін ортаға салады-1

3.Дәлелдер келтіреді-1


ҚБ.Өзін-өзі бағалау

Тақырып

тық суреттер

Рисунок 1

АКТ

слайд




Сабақтың ортасы



10 минут





















10 минут




















10 минут

ҚБ Мағынаны тану кезеңі.

1-тапсырма: «Кім? Қашан? Қайда?» әдісі арқылы шығармадан үзінді оқып, қызықты сәттерін еске түсіріп алайық.

1-топ

  • Сіз білмейтін шығарсыз, жассыз ғой. Уақытында Шұғаның әңгімесін бұл өлкенің баласына шейін біліп болып еді... Ой. Шіркін, өзі де Шұға десе Шұға еді-ау,

2-топ

- Мынау аттан түсіп жатқан кім?

- Әбдірахман ғой,

- Әбдірахманың кім?

- Қазақбайдың баласы

- Ия, әлгі учитель баласы ма?

- Ия

- Жап-жас жігіт екен ғой

3-топ

- Шұғадан бүгін хат алдым-ау,

- Не жазыпты?

- Сағындым депті. Үйдің ішінің бәрі де қас көрінеді. «Басым қатты ғой, құтылудың амалы не» депті.

- Жаздым. Кетейік дедім. Хатты жіберетін адам табылмайды ғой, егер анық уәдесін алсам, ұзамай кетер едік...

ЕББҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды


2-тапсырма “Араласып кеткен оқиға” әдісі арқылы композициялық талдау жасау. Шығарманың мазмұнын сәйкестендіру

1

Оқиғаның басталуы

Әбдрахман Күлзипаға қарамай қойған соң, әрі Шұға мен Әбдрахманның махабаты елге мәлім болып, Айнабай  «Түріктерге жасырын ақша жинап беріп жүр» деген сылтаумен Әбдрахманды жер аудартып жібереді.

2

Оқиғаның дамуы

Есімбектің ауылына Әбдрахман деген Қазақбайдың баласы келеді. Шұға Әбдрахманды көріп ғашық болып қалады. Әбдрахманда Шұғаны сүйеді. Ауылда алтыбақан болып кездеседі.

3

Оқиғаның байланысы

Содан Шұға құсалықпен ауырады. Шұғаның ауруы жанына батқан әкесі Әбдрахманды алдыртады. Бірақ Әбдрахман жеткенше Шұға қаза болып кетеді. «Шұғаның белгісі» деп отырғаны Шұғаның басына орнатылған тас.

4

Оқиғаның шиеленісі

Есімбек деген байдың ортан қолдай 4 ұлы, арасында бұраңдап өскен жалғыз қызы – Шұға болады. Шұғаның келбетін  суреттейді.

5

Оқиғаның шарықтау шегі

Бейімбет пен жолдасы – Қасымжан ауылдан шығып, келесі бір ауылды бетке алады. Кең даланың табиғатын суреттейді. Қасындағы жолдасының аты малшылардың малға мінетін аты болған соң кейін қалып қоя береді. Жол қысқарсын деген мақсатпен жолдасы Шұғаның белгісі туралы сөз қозғайды.

6

Оқиғаның шешімі

Айнабай деген ауыл адамы қызы Күлзипаны Әбдрахманға қоспақ ниетте болады.  Әбдрахманның әкесі үйінде шөп болмай Айнабайдың үйіне барғанда Айнабай қос қазыны бұзбай асып, бір арба шөпті тегін беріп жібереді.

ЕББҚ оқушы (есту, көру, ойлау қабілеті) тапсырманы саралау арқылы орындайды.

3-тапсырма. «Фишбоун немесе балық қаңқасы» әдісі

Балалар осы шығармада болып жатқан оқиғаларды балық қаңқасының басына оқиғаның тақырыбын, құйрығына идеясын, қабырғасының үстіңгі бөлігіне себептерін, астыңғы бөлігіне салдары, дәлелдерін жазасыздар.


Оқушылар шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды,

үзінді оқып сұрақтарға жауап береді.

















Берілген оқиғаны мұқият оқып, ретімен орналастырады


















Мәтіннің идеясы мен тақырыбын, себебін, салдарын анықтайды.



Дескриптор:

Әңгіменің үзіндісін оқиды-1

Нақты сұрақтарға жауап береді-1





ҚБ. Өзін-өзі бағалау




Дескриптор:

Композициялық құрылымды дұрыс

сәйкестендіреді -1;

бірізділікті сақтайды -1;

дәлелді сөйлейді -1;

ҚБ Топ бірін-бірін бағалау





Дескриптор:

мәселені табады - 1;

себептерін анықтайды - 1;

салдарын табады – 1;

қорытындылайды - 1;

ҚБ. Өзін-өзі бағалау


Б. Майлин «Шұғаның белгісі» кітабы










Мәтін жазылған үлестірме қағаздар.





Сәкестендіру кестесі


9-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы








Сабақтың соңы

5 минут


«Бір ауыз сөз» әдісімен зерттеу сұрақтарына жауап беріп, сабақты қорытындылаймыз.

1.Сабақта қандай сұрақтар қиындық тудырды?

2. Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

3. Сабақтан кейінгі әсерлерің қандай болды?

Кері байланыс. «Білім поштасы» әдісі. Оқушылар тақырып бойынша не түсінгенін жазып, поштаға саласыздар.

Мен бүгінгі сабақтан ...... білдім.

Мен ................ түйдім.

Мен ............... ұсынамын.

Сабақтың тақырыбын қорытындылау




Тақырып бойынша не білгенін, қандай ой түйгенін жазады.


Мұғалім оқушылар жауабын тыңдап кері байланыс береді.







Рисунок 2

Үйге тапсырма:

Б. Майлиннің “Шұғаның белгісі” повесіндегі Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық халін сипаттап жаз.






ДОІЖО:----------------



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
06.06.2024
322
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі