жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Б. Майлин Шұғаның белгісі хикаятындағы кейіпкерлер әлемі. 9-сынып
Бекітемін__________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 9-сабақ
.
|
Бөлім: |
3-бөлім: Адам жанының құпиясы |
|||||
|
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты : |
||||||
|
Күні: |
||||||
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Б. Майлин. "Шұғаның белгісі" хикаяты сюжеті мен композициясы |
|||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау; 9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау; |
|||||
|
Сабақтың мақсаты |
Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасай алады, эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдай алады. |
|||||
|
Құндылықтарға баулу |
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық -отандық және әлемдік мәдениетті танудың құралы ретінде оқуға деген тұрақты қызығушылық; Құндылық: бірлік және ынтымақ -ортақ мақсатқа жету үшін басқалармен бірлесіп әрекет ету және өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындау; Құндылық: әділдік және жауапкершілік -тапсырманы жоспарланған мерзімге сәйкес уақытылы және сапалы орындау. |
|||||
|
Сабақтың барысы |
||||||
|
Сабақтың кезеңі// уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы 5 минут Сабақтың ортасы 10 минут 5 минут 15 минут 5 минут Сабақтың соңы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу. Психологиялық ахуал «Жүректен жүрекке». Топқа бөлу. Әр түрлі қиындылар беремін.Қиындыларда махаббат, үміт, арман, сезім сөздері жазылған.
ӨМІРДЕРЕК Қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығына қатысты деректі фильмнің үзіндісі. Торғай облысы Қостанай уезі Дамбар болысының Ақтөбе деген жерінде дүниеге келді. 1913 ж. Алғашқы мақаласы «Айыртау болысынан» «Айқап» журналында жарияланды. 1914 ж. Уфадағы «Ғалия» медресесіне түскенімен, аяқтай алмады . «Садақ» қолжазба журналында «Шұғаның белгісі» шығармасы жарық көрді. 1918 ж. Алаш ұлт-азаттық қозғалысының құрамына кірді 1922 ж. «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты хатшысы болды. 1923 ж. Қостанайдағы «Ауыл» газеті редакторының орынбасары қызметін атқарды . 1925 ж. шыққан жинағы «Өлеңдері» деп аталды . 1927 ж. әйгілі «Мырқымбай» өлеңін жазып жариялады. 1928-1933 жж. Казгосиздатта саяси редактор қызметінде болды 1930 ж. «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры» әңгімесі жарық көрді. 1932 ж. «Қанжар» атты өлеңдер жинағы шықты. 1933 ж. шығармаларының толық төрт томдығы басыла бастады, 1934-1936 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты редакторы, «Социалды Қазақстан» газетінің қызметкері болды. 1936 ж. Мәскеудегі онкүндікте «Жалбыр» операсы сахналанды 1937 ж. алғашқы қазақ киносы «Амангелді» фильмінің сценариін жазды . Жалған жаламен тұтқындалып, «халық жауы» ретінде атылды. Миға шабуыл 1.Б.Майлин туралы не білдіңдер? 2. Б.Майлин қандай қызметтер
атқарған? 1.Шығарма не себепті «Шұғаның белгісі» деп аталды? 1-тапсырма Ж. ТЖ «Джиксо» әдісі Бөлім бойынша шығарманы оқу 1-топ- I-III 2-топ –IV-VI 3-топ- VII-X 4-топ-XI-XIII 2-тапсырма «Шұғаның белгісі» шығармасындағы сюжеттік желіні анықтаңыз Оқиғаның басталуы ________________ Оқиғаның дамуы___________________ Оқиғаның байланысуы _____________ Оқиғаның шиеленісуі ______________ Оқиғаның шарықтау шегі ___________ Оқиғаның шешімі ________________
«Балық қаңқасы» тәсілін
қолданып, шығарма мазмұнына
3 тапсырма ЖЖ «Иә - жоқ» әдісі. Сабақты қорыту барысында сұрақтарға жауап беру 1.Шұға мен Әбдірахман бір-біріне лайық па? 2.Шұға уәдеге берік пе? 3.Шұға арманына жетті ме? 4.Екеуінің қосылмауына әкесі кінәлі ме? 5.Әбдірахман заманға қарсы тұра алды ма? 6.Шұғаның өміріне заман кінәлі ме? 7. Осы заманда Шұғадай махаббатқа тұрақты қыздар кездесе ме? 8.Қазіргі заманда әлеуметтік теңсіздіктер бар ма? 9.Шынайы махаббатқа сенесіңдер ме? 10.Адал махаббат ұғымы мәңгілік пе? Үйге: 1-тапсырма Рефлексия «Шығу парағын» пайдаланып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
|
Психологиялық ахуал «Жүректен жүрекке». Оқушылар шеңберге тұрып, қолдарына жүрекше кесіндісін алып,бір-біріне жылы лебіздерін білдереді. Оқушылар алған сөздері бойынша топтасады. 1-топ- Махаббат 2-топ –Үміт 3-топ- Арман 4-топ-Сезім Сұрақтарға жауап береді. Өз ойларын дәлелдеп жеткізеді. Әр топ өзіне берілген тарауды оқиды Топтар бір-біріне өздері оқыған бөлімін айтып шығады. Өзіңізді тексеріп көріңіз! Басталуы:Кең даланың табиғатын суреттейді. Қасындағы жолдасының аты малшылардың малға мінетін аты болған соң кейін қалып қоя береді. Жол қысқарсын деген мақсатпен жолдасы Шұғаның белгісі туралы сөз қозғайды. Байланысуы:Есімбек деген байдың ортан қолдай 4 ұлы, арасында бұраңдап өскен жалғыз қызы – Шұға болады. Шұғаның келбетін суреттейді. Дамуы:Есімбектің ауылына Әбдрахман деген Қазақбайдың баласы келеді. Шұға Әбдрахманды көріп ғашық болып қалады. Әбдрахманда Шұғаны сүйеді. Ауылда алтыбақан болып кездеседі. Шиеленісі:Айнабай деген ауыл адамы қызы Күлзипаны Әбдрахманға қоспақ ниетте болады. Әбдрахманның әкесі үйінде шөп болмай Айнабайдың үйіне барғанда Айнабай қос қазыны бұзбай асып, бір арба шөпті тегін беріп жібереді. Шарықтау шегі: Әбдрахман Күлзипаға қарамай қойған соң, әрі Шұға мен Әбдрахманның махабаты елге мәлім болып, Айнабай «Түріктерге жасырын ақша жинап беріп жүр» деген сылтаумен Әбдрахманды жер аудартып жібереді. Шешімі: Содан Шұға құсалықпен ауырады. Шұғаның ауруы жанына батқан әкесі Әбдрахманды алдыртады. Бірақ Әбдрахман жеткенше Шұға қаза болып кетеді. «Шұғаның белгісі» деп отырғаны Шұғаның басына орнатылған тас.
«Балық қаңқасы»
тәсілін қолданып, шығарма мазмұнына Оқушыларға ауызша 10 сұрақ қойылады. Оқушылар «иә,жоқ» деген жауаптар айтады. Рефлексия жасайды. «Шығу парағын» пайдаланып, сұрақтарға жауап береді. |
Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады Жарайсың! Керемет
шешім! Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін! Дескритор Білім алушы Сюжеттік желіні анықтайды: -Оқиғаның басталуы – 1 балл, -Оқиғаның байланысуы – 1 балл, -Оқиғаның дамуы – 1 балл, -Оқиғаның шиеленісуі – 1 балл, -Оқиғаның шарықтау шегі – 1 балл, -Оқиғаның шешімі – 1 балл. «Жапондық бағалау» әдісі бойынша үш топ бірін-бірі бағалайды. Осы бағалау арқылы келесі өзгелердің жауаптарымен келісетін тұстарын, толықтыруға қатысты өз көзқарастарын, өздерінің қоятын сұрақтарын жеткізеді. Дескритор Білім алушы -шығарма мазмұнына талдау жасайды: -шығармадағы негізгі мәселе мен идеясын анықтайды – 1 балл, -себептерін көрсетеді – 1 балл, -өз ойларын дәлелдейді – 1 балл, -қорытынды Лайды – 1 балл, |
Оқулық 9-сынып «Атамұра» баспасы 2019жыл https://www.youtube.com/watch?v=06U8Ov02qDg Қалыптас тырушы бағалауға арналған тапсырма лар жинағы 9-сынып ОҚЫТУДА ҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ ҚЫЗЫ Оқулық 9-сынып «Атамұра» баспасы 2019жыл |
||
шағым қалдыра аласыз




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген