жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Б. Майлин «Шұғаның белгісі» повесі 9 сынып
|
Күні: |
Сынып: 9 |
|||||||||||
|
Бөлім: «Адам жанының құпиясы» |
||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Б. Майлин «Шұғаның белгісі» повесі |
|||||||||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау; |
|||||||||||
|
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Б. Майлин «Шұғаның белгісі» повесіне сюжеттік – композициялық талдау жасау. Көпшілігі: шығармадағы проблемалық фактілерді тауып,оның туындауына себеп болған идеяларды ажыратып, сұрақтар негізінде нақты шешім ұсыну; Кейбір оқушылар: шығарма тақырыбының өміршеңдігіне байланысты өз ойларын, көзқарасын білдіру. |
|||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
|
|||||||||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну |
|||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән лексика және терминология: атастыру,жазғытұрғы, ертоқым, нәшәндік, тілмаш, песір, болыс, автор стилі, сюжет, композиция. Менің ойымша.....Мен келісемін… Мен келіспеймін… Талқылау сұрақтары: 1.Автордың шығарманы жазу себебі қандай? 2. Қаламгердің шығармаларының өміршеңдігі неде? 3. «Жап-жас жігіт екен ғой» деген жолдардан қандай тұжырымдама жасадыңыз? |
|||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Тарих. ХХ ғасырдың басындағы қазақ өмірі, сол кезеңдегі тарихи әлеуметтік жағдаймен байланыстырылады. |
|||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы (6-құндылық) |
|||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Б.Майлин өмірі мен шығармашылығы. «Шұғаның белгісі» хикаяты. |
|||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||
|
Білімнің өзектілігі 3 минут |
І.Ұйымдастыру кезеңі (Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сабаққа дайындығын пысықтау) ІІ.Қызығушылықты ояту «Биопоэма» әдісімен суретте берілген тұлғалар туралы мәлімет жинақтайды.
|
Оқушылар назары сабаққа аударылады. «Биопоэма» әдісімен суретте берілген тұлғалар туралы мәлімет жинақтайды. |
Қалыптастырушы бағалау
|
9-сынып Қазақ әдебиеті |
||||||||
|
Жаңа материалды игеру
10 минут 5 минут 12 минут
|
ІІІ. Мағынаны тану
Әр топтан бір-бір оқушыдан шығарма мазмұны сұралады. 2 тапсырма. «Пазл» әдісі Шығарма үзінділері арқылы шығарманың сюжеттік құрылымына талдау жасайды.
Шығарма үзінділерін ретімен орналастырады. 4. Мен әңгімені неден бастарымды білмедім, жол жайын айтып өткен «Шұғаның белгісі» дегені бар еді. Одан пәлендей сөз туады деп дәмеленбесем де, бастауға себеп болсын деп ойлап: - «Шұғаның белгісі» дегеніңіз не нәрсе, тау ма, - дедім. - Жоқ, әшейін, бір обашық, - деді. Кейін қалып бара жатқан соң тағы тебініп қатарласып: - Шұғаның белгісін сіз білмейтін шығарсыз-ау, - деді 2.Артыма жалт қарасам екі жігіт түсіп аттарын байлап жатыр екен. Біреуі орысшалау киінген. Тани кеттім. - Әбдірахман ғой, - дедім. - Әбдірахманың кім? - Қазақбайдың баласы. - Ия, әлгі учитель баласы ма? - Ия. - Жап-жас жігіт екен ғой, - деп бірер қарады да, Шұға отауға кіріп кетті. Мен Әбдірахманға амандасып, үйге ертіп жүрдім. Отаудың сықырлауығынан Шұғаның бізге сығалап қарап тұрғандығы білінді. 1.Біз ауылға жеткенде Беркімбайдың үйінің қасы лық толған адам екен. Атты байлап Әбдірахманды үйге кіргіздім де, неге жиналып тұрғандарын білейін деп аяңдап кісілерге қарай жүрдім. Жақындай бергенімде бір салт атты шоқытып келді де, айқайлап бірдеме айтып кейін жүріп кетті. Не айтқанын есіте алмадым. Бірақ әлденеге жүрегім тітіркенді. Бойым мұздады...Жүгіре басып жандарына келгенімде «Құдай рахмет етсін!..» деп беттерін сипап бата қылысты. Мен аң-таң болдым. 3. Біз келгенде ойын жаңа басталған екен. Шұғалар өлендерін тоқтатып, арқаннан түсті. Жай әзілмен көп уақыт оздырдық.Домбыра алдырып Әбдірахман ән салды. Бишара, жігіт еді ғой.Ондай ойындарда бір түрлі ұстайтын арқасы бар еді. Өлеңді түйдектетіп үзбестен соқты. Жұрттың бәрі Әбдірахманның аузына қарады. Жатып қалған бірен-саран кемпірлер шапандарын жамылып келіп өлең тыңдасты. Ойын-күлкінің қызығымен таң атқанын да білмей қалдық. Жұрт біртіндеп ыдырай бастады. 5. Бәрібір мен бақытты бола алмаймын. Әкем аяса, менің дертім жаныма батқан соң аяп отыр. Ертен сауықсам қайта күйсеуден тайынбайды. Өлем деп арман қылмаймын, жалғыз-ақ арманым бар. Түнеугі кергенде Әбдірахман бір ауыз сөз айта білмеді. Бір көріп сөйлесіп, жаным шығарда, «ІІІұғам!» деп бетіме бетін тигізсе, бар арманым бітіп, дүниеден армансыз етер ем... әй, жоқ қой! - деді. Ауыр күрсінді. Дескриптор:
ҚБ 3- тапсырма Саралау тапсырмалары: Шығарманы FILA кестесі бойынша талдандар.
ҚБ Тапсырма. Шығарма тақырыбының өміршеңдігіне байланысты өз ойларыңды өрбіте отырып сөйлемді аяқта. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы оқушылар берілген тапсырма бойынша өз ойларын өрбіте отырып, сөйлемді аяқтайды. Мысалы:
Дескриптор:
|
Оқушылар «Джигсо» әдісі арқылы шығарма мазмұнымен танысады.
Әр топтан бір-бір оқушыдан шығарма мазмұны сұралады.
«Пазл» әдісімен шығарма үзінділері арқылы шығарманың сюжеттік құрылымына талдау жасайды.
Шығарма үзінділерімен танысады.
Оқушылар саралау тапсырмасын орындайды.
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы: docx 26.01.2024 419
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз, шағым қалдыра аласыз Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз! ![]() Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз! ![]() Министірлікпен келісілген курс саны 12 | ||||||||||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген