400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Б. Майлин шығармаларындағы әйел теңдігі .

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ әдебиеті сабақтарында және факультатив сабақтарында қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бейімбет Майлин шығармаларындағы әйел тағдыры мен үміті.

Теңсіздік шыршысы атанған XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірегейі, қазақ халқының үш бәйтерегінің бірі — Бейімбет Майлин. Ол поэзия, проза, драматургия жанрларында өнімді еңбек етіп, өз дәуірінің шындығын, қазақ елінің, әсіресе ауыл адамының санасындағы өзгерулер мен жаңаруларды, халықтың бастан кешірген күрделі оқиғаларын, әлеуметтік өмірдің шытырман қайшылықтарын көрсетті. Кеңестік заманның алғашқы жиырма жыл ішіндегі қоғамдық құбылыстардың еңбекші адамға тигізген әсерін, қазақ халқының ғасырлар бойында қалыптасқан тұрмыстық, салттық болмысының, шаруашылық, кәсіптік негізінің жойылып, оның орнына жаңа қүрылымдардың табиғи орын теуіп болмаған кезеңінің сыры мен мұңын шебер суреттеді. Бейімбеттің атасы Майлы, әкесі Жармағамбет кедей адамдар болған. Әкеден жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Гүлғизар мен әжесі Бойдастың қолында өседі. Әжесі Бойдас есті, сөзге жүйрік, өлең шығаратындай дарынды болғанын Бейімбет Майлин кейініректегі бір естелігінде: «Үлкен шешем де өлеңге өте әуес адам еді, ескі қиссаларды тыңдап болып, бірер күрсініп алып өзі өлең айтатын еді, кейде маған қарап күлімсіреп: «Қарағым-ау, сен жоқта мен өлең шығарып қойдым», — дейтін еді деп жазған. Мүнкүн Б.Майлин шығармаларындағы кеңінен орын алған тақырып – әйел теңдігі болуы ана тәрбиесін көп көргендіктен болар. Кеңес өкіметіне дейін де, тіпті, кеңес дәуірінің алғашқы жылдарында да қазақ мұсылман әйелдерінің өз сүйгеніне бара алмай, еркінен тыс дүниеге сатылып кете беретін жағдайлары кеңінен орын алғаны белгілі. Он екіде бір гүлі ашылмаған жас қыздар елуден, тіпті, алпыстан асқан ересек еркектерге тоқалдыққа барып жатты. Бармасына болмады. Көнбесіне амалы жоқ-ты. Міне, осы тақырып – Б.Майлин дүниелерінен берік орын алып, көркем тіл­мен жан-жақты көрсетілді. Әйел теңдігіне арнаған шығармалары , елді елең еткізбей қойған жоқ. Мысалы: «Шұғаның белгісі», «Айымкүл», «Қырмызы», «Ұлболсын», «Дәмештің хаты», т.б. Бұл туындыларда оқырман қауымға , әсіресе әйел затының өзіндік құқығы барын кеңінен айтқысы келді. Және де сол шығармаларында тығырықтан шығу жолдарын көрсете білді деп есептеймін. Бейімбет Майлиннің әр бір туындысындағы кейіпкерлер қиялында жүрген бейне болса да , ал олардың тағдыры сол дәуірдегі қазақ әйелдерінің бастан кешкен тауқыметі болатын . Сондықтан әр бір әйел Бейімбет Майлиннің шығармаларын оқи отырып өзін көретін. Сол кейіпкерлер секілді өмір сүруді армандайтын. Әр бір туындысында жазушы қазақ әйеліне тән сұлулық пен қайсарлықты бірдей суреттей білген. Мысалы «Дәмештің хаты » әңгімесінде жас қыздың ашаршылық құрбаны болып, өз ауылындағы байда тоқалдықта болады. Байдың маған тисең отбасыңды асыраймын деген өтірік сөзіне алданып , барлық отбасымен құлдықта жүргендері айтылады. Жас болса да өжет мінезінің арқасында ауылға келген төренің алдына барып, байдың арқасынан ұрып сөйлетпей жатқанына қарамай сол жерде өзінің және ата – анасының өмірінің құлдықта өтіп жатқанын арыз қылады. Осы қайсарлықтың арқасында Дәмештің өмірі түбегейлі өзгереді. Мұнда өз намысын өзі қорғап, жоғарыдан әділдік іздеу секілді істер – қазақ даласында некен-саяқ. Жазушы жаңа дәуірмен бірге қазақ қыздарының сана-сезімінің ояна түсіп, өз тағдырын өздері ойлай алатын дәрежеге көтеріле алғанын айтпақ болған. Және де бұндай нар тәуекелге тек Дәмеш емес барлығыда бара алатынын нақты көрсете білді. Өмірдің барлығы әділетсіздік пен қатыгездіктен тұрмайтынын, бір күні әділдік орнап , саған көмек қолын созатын адамның табылатынын суреттей білген. Ал өзінен едеуәр үлкен , әйелі өлген бай баласына тұрмысқа шыққысы келмейтінін, өзінің мал сияқты сатылуына қарсы екенін ашық айта алғанымен әділдікке жете алмай ұзатылып, бертін келе кеңес үкіметінің заңына сүйеніп өз теңсіздігін алған кейіпкер «Айымкүл» әңгімесінде осы бір кішкене өмір суреті арқылы қаламгер әйелдердің санасындағы сілкіністі, өзгеше тіршілікке ұмтылысты барынша дәл аңғартқан. Және жәй ғана аңғарту емес, сол күнгі отырыста еркектер жеңіліп, әйелдер жеңіске жеткенін көрсетіп береді. Кеңес өкіметі талабына сай қазақ әйелдерінің еңсе көтеруі, ерлермен терезесі тең болуға ұмтылуы, өз арын өзі қорғап, өз сөзін өзі сөйлей бастауы секілді жалпыға тән жаңалықтар бой көрсетеді. Өз дәуірінің тамыршысындай болған Бейімбет Майлиннің әйел теңдігі тақырыбын қозғайтын ең сүйекті шы­ғармасы – «Раушан-коммунист» деген повесі. Біз бүгінгі заманда даурыға айтып, мінбелерден көтеріліп, қайта-қайта тілге тиек етіп жүрген «гендерлік саясат» шаруасын Бейімбет жазушы сол ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ көтеріп, көркем дүниесі арқылы оқырманына ой сала білгені байқалады. Сол замандарда, әрине, Раушандар аса көп болған жоқ. Раушан – азшылық. Алайда, заман ондай белсенді, өткір, өз пікірін дәлелдеп шыға алатын білімді қыздарды да сахнаға шығарды.
«Раушан-коммунист» қазіргі кезде кейбір сыншылар айтып-жазып жүргендей, тек қызыл саясатты жыр­лаған, коммунистік режимді көрсетуге арналған көркем туынды емес. Оның астарына тереңдей үңіле білген кісі жазушының жасырын емеурінен бай­қай алады. Мұнда қазақ әйелінің ер­кін­дікке ұмтылуы, өз абыройы мен беделін қорғау жолындағы талпынысы, қысқасы, қоғамдағы әйел адамдардың да өз орны бар екенін ашық та айқын суреттеген. Бейімбет Майлин – қазақ прозасын­дағы өзіндік жазу тәсілі бар, ешкімге де ұқсамайтын, айтары айшықты, ойы орнықты қаламгерлердің бірі. Кісі өмі­рінің сан-салалы қатпарларын молынан ашуға өз туындыларында барынша күш салды. Сондай өрнекті де өзекті сала-жігіт пен қыз арасындағы сүйіспеншілік мәселесінде де әйел теңдігі қалыс қалмайды. Жазушының бұл тақырыптағы алғаш­қы шығармаларының бірі-«Шұғаның белгісі».
Бұл өзі өте шағын, бас-аяғы жұп-жұ­мыр, айтар ойы анық қысқа повесть. Ең қызығы – Бейімбет осы шығармасын Ке­ңес төңкерісіне дейін-ақ жазып қой­ған. Содан да болар, мұнда қызыл сая­сат жоқ, партия жоқ, қазақ елінің мамыра­жай өмірінің жанды суреті дерсің! Әңгіменің та­қы­рыбы – өзінің бір кездері досы болған Әбдрахман деген оқыған жігіт пен сұлу қыз Шұ­ға арасындағы махаббат. Өзі ауқатты жерден шыққан Шұға сұлу жасы он алтыға толғанша ешбір жігітке көз салмай, ешкімді менсінбей жүрген бұла мінезді қыз. Міне, осы қыздың тыныш өмірі қаладан келген білімді жас – Әбдрахманды көріп, нілдей бұзылады. Неге? Осы жағдай ел ішінде құлақтанып, ақыр аяғында іс насырға шабады. Әбдрахман Шұғаны шын сүйді. Бірақ, ел арасындағы пысықай, өзі өсек-аяңға өте құмар Айнабай деген алаяқ өз қызын сол Әбдрахманға бергісі келеді екен. Өзінің қызына көз салмай, танысы Есенбектің қызы – Шұғаға ынтыға қалғаны Айнабайға ұнамаған. Ақыры дегеніне көндіре алмасын сезген соң Айнабай Әбдрахманның үстіне ауданға арыз жолдайды. Сылтауы: «Тү­рік­терге жасырын ақша жинап жүр…» Әбдрахманның күйіп-жанған жү­регі мұндай бықсық әрекеттерге назар аударып, көңіл тоқтатып қарауға мұрша берер емес. Ақыр аяғында сол арыз себеп болып, Әбдрахманды жоғары жаққа айдап әкетеді. Бұны естіген Шұға төсек тартады. Барлық ақ-қарасы тексереліп біткенше, арада біраз уақыт өтіп, Әбдрахман қай­тадан оралғанша Шұға ішқұсалықтан ау­ру­ға шалдығады да, ақыры қайтыс болып кетеді…Үзілер алдында Шұғаның жазып қал­дыр­ған хатында мынадай өлең жолдары бар:–

Жолыңа құрбан қылып ем жан мен тәнді,
Дариға, айтылған серт болмай қалды.

Көре алмай ақтық минут дида­рың­ды,
Арманда жан тапсырған мен бір зарлы!…


Осылайша, сұлу Шұға құсалықпен өмірден өтті де, артында махаббат аңызы қалды. Ал, жерленген жерін мұндағы ел «Шұғаның  белгісі» деп атап кетті. Осы шығармасын жазған кезде жазушы Бейімбет небәрі 21 жаста екен. Былай қарасаңыз, әлі жап-жас, тіпті ақыл-ойы толысып та үлгермеген деуге болады. Алайда, мына повесті оқып отырсаңыз, ол ойыңыздан айнисыз. Бейімбеттің ерте есейгеніне куә боласыз. Тіпті, шығарма ішінде жазушының өте бай­қампаз екенін, кейіпкерлер мінезін дөп басып жаза білетінін, ол аз десеңіз шын сүйіспеншілік дегеннің қаншалық қымбат әрі асыл сезім екендігін де аңғарта алған. Жалпы, Бейімбет шығар­маларына тән ерекше қасиет – ол өмірдің өзін сол қалпында көшіріп отырғандай әсерде боласыз. Онда өтірік қосу, қиыннан қиыстыру һәм жоқты бар деп айту секілді әдет мүлде жоқ. Сосын да, қай тақырыпты қозғаса да, ол шынайы, таза әрі шыншыл болып шығады.
Жазушы Бейімбет Майлин жазып қал­дырған екі повесть – «Шұғаның белгісі» мен «Раушан-коммунист» идеялық жағы­нан бір-біріне ұқсас туындылар. Екеуінде де шынайы сүйіскен екі жас… бір-бірін қия алмайтын, қимас та сыйлас көңілдер…
Әрине, солай болмаса, бұл екі туынды жазылмас та еді.
«Шұғаның белгісіндегі» Шұға, расын айту керек, күрескер қыз деңгейіне көтеріле алмаған. Жалған жаламен ұс­талып кеткен Әбдрахманды іздеу, кү­ту орнына ішқұсалыққа ұрынды. Жанын азапқа салды. Сөйтіп, кесел жамап, ақыры көз жұмды. Тіпті, Әб­драх­манның өзі де солай. Шұға үшін күресу орнына, тым тартыншақ, тым үркек. Өмірдегі кішкене қиындыққа бола мойып қалады. Беті қайтады. Ал, «Раушан-коммунист» повесіндегі Рау­шан да, Бәкен де олай емес. Бұлар жаңа заманды түсініп, өз деңгейінде қабылдай алғандар. Раушан оқу қуып, Орынбор барып қайтса, ал, қателігі үшін түрме көріп оралған Бәкен де енді басқа адам. Ол ашылған. Өз мінезіндегі кемшілікті өзі түсінген. Ендігі бар ойы – кінәлі топтың бар айла-әрекетін әшкере қылу.
Осындай рухы биік өз өмірін өзгерте алатынына сенген және жаңа өмірге бет бұрған кейіпкерлердің бірі «Күлтай болыс». Куйеуі қайтыс болған Күлтайға сөз салып келмеген, қырындамаған бай мен болыс қалмапты. Олардың мақтау айтқан сөздерінің барлығы Күлтайға ауыр тиетін, олардан жеркенетін. Сондықтан өзінің қайынінісін тауып соған тұрмысқа шығуға бел буады. Бұл ретте біз жазушы Б.Майлиннің әр жыл сайын өсіп, қаламы ұшталып, барынша шеберлене түскенін байқай ала­мыз. Ең бастысы – Бейімбет Майлин өз шығармаларында махаббатты, сүйіспеншілікті шы­­­найы суреттей алады.  Оны боямасыз көр­се­теді. Өмірдің өзіндей етіп баян ете біледі. Қазіргі заман әйелдері мен қыз –келіншектері әлі де үлгі аларлықтай өнеге. Әсіресе, тағы бір елеп айтарлығы – махаббат, сүйіспеншілік тақырыбы алдыңғы кезекке шығып, оқырманды соған ынтықтырып отырса да, тереңнен ойлап қараған кісіге жазушының тағы да өз кезеңіндегі асыра сілтеу, кісіге жасалатын қиянат асып-төгілген артық мінез кемшіліктерін алдыңызға тартады. Біз қазақ даласындағы әртүрлі ылаңды, байлар мен кедейлер арасындағы әділет­сіздікті, тіпті, пенденің пысықтығы мен пасықтығы іспетті өмірі бітпес талас-тартыс жайын молынан аң­ғара түсе­міз. Б.Май­линнің шығармаларындағы келіс­ті сала тағы да іштей үндестік пен сүйіс­пенші­лікке келіп тоғысып жатады. Ол әйел затын жан дүниедегі ізгі ойларға, ізгі сезім­дерге құлақ асуға үгіттейді.

Б. Майлиннің әйел теңдігіне арналған сан түрлі туындылары бар -ол әңгіме, өлең, поэма. Осы тақырыпты жан –жақты зерттеп , терең үңіліп қазақ әйеліне жолын көрсете білген, әйел затының өмірінің өзгеретініне, үміті ақталып әдемі өмір сүретініне сенген –Б.Майлиннің «Азат әйел» өлеңімен аяқтағым келіп отыр.

«Азат әйел»

Азат әйел! Қолыңды әкел!

Сен азаттық көркісің.

Азаттығың мәңгі,мәңгі

Мәңгі бақи беріксің.

Сен азаттық көркісің,

Аяқ бастың босанып.

Сен адамсың, серігейік,

Кел, ілгері басайық.

Жаңа адамсың !

Сенде күш бар

Жаңа дүние күш күтер.

Жаңа күштен , ұлы көшке

Таудайжтаудай іс күтер.











Ж. Молдағалиев атындағы № 2 ЖОББМ








Баяндама :


«Б.Майлин шығармаларындағы әйел тағдыры мен үміті»











Орал -2019






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
2301
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі