жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Б. Момышұлы өмірі мен шығармашылығы. «Ұшқан ұя» повесі идеясы
Бөлім: |
Махаббат және абырой |
||||||||||||||||
Студент-педагогтың Т.А.Ә. |
Құттыбай Ақнұр |
||||||||||||||||
Күні: |
02.02.2026 ж. |
||||||||||||||||
Сынып: 8 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Б. Момышұлы өмірі мен шығармашылығы. «Ұшқан ұя» повесі идеясы |
||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: |
8.1.1.1 – әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.
|
||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан аша алады. Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасына талдау жасайды, әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік – қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіре алады. |
||||||||||||||||
Бағалау критерийі: |
|
||||||||||||||||
Ойлау дағдылары деңгейі: |
Білу, түсіну, қолдану |
||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин.
4 мин.
2 мин.
15 мин.
5 мин.
3 мин.
4 мин
|
Психологиялық ахуал. Сәлеметсіздер ме, балалар! Сабағымызды бастамас бұрын көңілімізді көтеріп алайық, «Өрмекші торы» әдісі (арқылы ортаға шығып жіпті бір-біріне тілек айтып лақтырады). «Флешка» әдісі арқылы топқа бөлу Топ ережесін еске түсіру. Балалар, өткен сабағымызда Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінің үзіндісімен танысқан болатынбыз. Сабағымызды арық қарай жалғастырмас бұрын бейнежазбаны мұқият тыңдаймыз, «Алтын асық» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береміз. 1.Б. Момышұлы не себепті шығармасын «Ұшқан ұя» деп атады? 2. Б. Момышұлы кімнен тәрбие алды? 3. Әжесі Қызтумастың бейнесі қалай суреттелген? 4. Б. Момышұлы әкесі кім? 5. Шығарманы қазақ халқының этнографиялық шығармасы деп атауға бола ма? 6. Шығармада ұлттық құндылық қалай суреттелген? Мұғалім: Оқушыларға пролог, эпилог туралы айтылады. Пролог (гр. prologos - кірісі көркем шығарманың оқиға мазмұнымен мәнін оқырманға таныстыратын кіріспе бөлімі. Ол шығарма идеясын дұрыс түсіндіру. Эпилог – көркем шығарманы қорытындылайтын компонент. Эпилог негізгі оқиға желісінен бөлек тұрса да авторлық идеяны толықтыра түсіп, шығарманың басты кейіпкерлері жайында қысқаша мәлімет береді, олардың кейінгі іс-әрекеттерінің жалғасын көрсетеді. Топтық жұмыс.
1-топ.
«Әңгіме
кестесі» әдісі
арқылы «Ұшқан ұя» шығармасына талдау
жасаңдар. 2-топ. “Стоп кадр” әдісі арқылы 1-3 бөлімдерді оқып араласып берілген мәтінді ретімен құрастыр. 1. Әжемнің аты Қызтумас еді. Қартайғанда сары кемпір атанған. Жарықтық, аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен. 2. Қайран әжем өле-өлгенше Рәзия келінінің қазасына қайғырып өтті. 3.Атасымен алғаш дидарласуының құрметіне деп, алғашқы өсиетін өмірлік өнеге болсын деп, сол күні кешке мал сойып, ауыл ақсақалдарының басын қайта қосыпты. 4.Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа да түсіп жүріпті. Ескі ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тыңдайтын. Бірақ жатқа айта алмаушы еді. 5.Жас кезінде әкемді әйелдер жағы «Молда бала» дейді екен, кейін «Ұста бала» дейтін болыпты. Ал әжем оны «Қара қатпа» деуші еді. 6.Бұған, әрине, бәрі күліп жатыр. Әйткенмен мені араз етіп алмау үшін, бәрі де бір ауыздан: «Әлейкүмассалам!» - десті. Содан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. 3-топ. «Рөлдік ойындар» тәсілі. Талқылаушы- шығармадағы автор бейнесіне дәлелдер келтіреді. Белгілеуші – шығарма мазмұны бойынша автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасына қатысты сұрақтар дайындайды. Топ шешені - шығарма мазмұнына сәйкес мақал-мәтел, нақыл сөздер айтады. Қорытындылаушы – шығарма мазмұнының ерекшелігіне баға береді. Бағалаушы – шығарма мазмұны бойынша оқушылардың жауабына баға береді. Тапсырма. «Қабырға газеті» әдісі. (Үш топтың жанында үш ватман ілінеді) 1-қадам. Шығармадан өздеріне ұнаған тұсын және шығарма қалай әсер еткеніні туралы өз пікірлерін білдіреді. 2-қадам. Жазылған үзінді мен пікірді газетке іледі. 3-қадам. Мұғалімнің белгісімен әр топ ілінген қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, жапсырма қағазға өз пікірлерін қалдырады, сұрақтар жазады. 4-қадам. Әр топ өздерінің қабырға газеттеріне жазылған пікірлерді сараптайды, талдайды, сұрақтарға жауап береді.Қорытынды жасайды. Тапсырма. Кейіпкерледі сәйкестендіріңдер.
Тапсырма. «Киндер» әдісі арқылы батырлық, адамгершілік туралы берілген мақал- мәтелдердің жалғасын табыңдар. (Әр топқа үш мақалдан беріледі) 1.Адамгершілік болмай, Әділдік болмас. 2.Адамның ұяты бетінде , Адамгершілігі ниетінде. 3. Батыр - елдің сәулеті, Балқұрақ - колдің сәулеті. 4.Жақсы ниет – жарым ырыс. 5. Жүзігің алтын болғанша, Жүзің жарқын болсын. 6. Батыр мың қол бастайды, Шешен тар жерде сөз бастайды. 7.Қайырымдылық жасасаң,Қайырын өзің көресің. 8. Батырға оқ дарымайды,Батылға жау жоламайды. |
«Өрмекші торы» әдісі (арқылы ортаға шығып жіпті бір-біріне тілек айтып жіпті лақтырады) Топқа бөлінеді. Әр тапсырмадан кейін оқушылар «Домбыра» әдісі арқылы өздерін бағалайды. (домбыраның мойнындағы әр пернесіне 1 - ден 10-ға дейінгі сандар жазылған, оқушы тапсырмаларды орындау барысында жинаған балл бойынша жылжытып отырып, сабақ соңында қанша балл жинағанын біледі). Бейнежазбаны тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
«Алтын асық» әдісі арқылы өткен сабақты естеріне түсіреді.
Әңгіме кестесі» әдісі арқылы «Ұшқан ұя» шығармасына талдау жасайды.
“Стоп кадр” әдісі арқылы 1-3 бөлімдерді оқып араласып берілген мәтінді ретімен құрастыады.
«Рөлдік ойындар» тәсілі арқылы талдайды.
«Қабырға газеті» әдісі арқылы шығарманың ұнаған жерін жазады, пікір білдіреді, сараптайды, сұрақтарға жауап береді.
Кейіпкерледі сәйкестендіреді.
«Киндер» әдісі арқылы батырлық, рухани құндылық туралы берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табады. |
Дескриптор: -сұрақтарға жауап береді.
1 балл
Дескриптор: -шығармаға талдау жасайды; -ретімен орналасырады; -шығарма кейіпкерлеріне талдау жасайды. 3 балл
Дескриптор: -шығармадан ұнаған жерін жазады; -пікірлерін білдіреді; -сұрақтар қояды. 2 балл
Дескриптор: -кейіпкерлерді салыстырады. 1 балл
Дескриптор: -мақалдарды салыстырады 1 балл
|
https://yandex.kz/video/preview/10720624255075708097
|
|||||||||||||
Сабақтың соңы
6 мин.
|
Тапсырма. «Еркін жазу» әдісі арқылы «Ел тәуелсіздігі үшін күрескен батырлар» тақырыбында шағын эссе жазыңдар. (Сөз саны-50) |
«Еркін жазу» әдісі арқылы «Ел тәуелсіздігі үшін күрескен батырлар» тақырыбында шағын эссе жазады. |
Дескриптор: -өз ойларын жазады. 2 балл |
|
|||||||||||||
Кері байланыс 3 мин. |
Оқушылар өз-өздерін бағалайды.
Үй тапсырмасы: |
||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген