400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» шығармасы. Отан отбасынан басталады

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сынып Қазақ әдебиеті Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» шығармасы. Отан отбасынан басталады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

3-бөлім: Махаббат және абырой

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Даутова А.С.

Күні:

2 ақпан 2026ж.

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Б. Момышұлы «Ұшқан ұя» шығармасы. Отан отбасынан басталады

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

8.3.3.1 шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу;

Сабақтың мақсаты

Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жаза алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау


Сабақтың басталуы


10 минут


















Сабақтың ортасы

30 минут




























Сабақтың соңы

5 минут






1.Оқушылармен амандасу. Психологиялық ахуал

2.Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады

Миға шабуыл

1. Шығармада қандай рухани құндылықтар туралы айтылған? Повесте қазақ халқының қандай отбасылық дәстүрлері суреттеледі?
2. Бата беру дәстүрі туралы не білесің? Имаш атаның берген батасын талдап, мағынасын түсіндір.
3. Автор естеліктерінде әже мен әке, әпке бейнелерін суреттеуде
қандай сөздерді жиі қайталайды? Не себепті?
4. Отбасындағы туыстық қарым
-қатынас пен үлкендерге құрмет туралы автор қандай пікірлер айтады? Автор пікірімен келісесің бе?

Мұғалім түсіндірмесі

Эссе

Эссе – бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын

прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін, түсінігін және ой толғанысын бейнелейді.

Эссе жазудың талаптары

Реттілікті сақтай отырып жоспарла.

Кіріспе бөлімін жаз, тезис ойлап тап.

Негізгі бөлімді бірнеше абзацқа бөл.

Дәлелдерді, ақпараттарды жина.

Қорытынды бөлімін жаз.

Жазғаныңды оқы, қателеріңді түзет.

Тақырыптан ауытқыма.

Эссенің құрылымдық бөлімдері

Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі.

Негізгі бөлім. Тақырыпты дамыту, фактілер, идея, ақпараттар,сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдеу (аргументтеу)

Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы.

Жеке жұмыс

13-тапсырма.

«Отан отбасынан басталады» деген тақырыпта повестің көркемдік-идеялық құндылығын бағалап, әдеби эссе жаз.


Рефлексия

Алшы - Сабақтан өзіңе пайдалы не алдың?

Тәйке – Сабақта не қиын болды?

Бүк – Сабақта нені басқаша өзгертуге болады деп ойлайсың?

Шік – Бүгінгі сабақтан үйренгенің бойынша алда не істеймін деп ойлайсың?


Психологиялық ахуал

«Жүректі тазарту» Оқушыларға таза парақшалар таратылады. Оған дәл қазіргі кездегі ойындағы кірбіңді, ренішті, қолайсыз көңіл күйді жазу ұсынылады. Жазып болған соң, қоқыс жәшігіне тастайды. Осылайша барлық жағымсыз көңіл күйден арылып, тазарған жүрекпен,

көтеріңкі көңіл күймен сабақ басталады.


Өткен тақырыпқа қатысты берілген сұрақтарға жауап береді.















«Отан отбасынан басталады» деген тақырыпта повестің көркемдік-идеялық құндылығын бағалап, әдеби эссе жазады.







Рефлексия барысында сабақтан қандай пайдалы ақпарат алғанын, не қиын болғанын, алдағы уақытта не істей алатынына талдау жасайды.

Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады.

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!













Дескриптор

Білім алушы

-шығарманың көркемдік-идеялық

құндылығын гуманистік тұрғыдан талдайды;

-тақырып бойынша әдеби эссе жазады,

-эссе құрылымын сақтайды.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
04.02.2026
4
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі