жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Б. Соқпақбаев 5 сынып «Менің атым Қожа» Сенім арту
Бекітемін:
|
Педагогтің аты-жөні: |
Ә.Сырбаева |
||||
|
Пән/Сынып: |
қазақ әдебиеті, 5-сынып |
||||
|
Қай аптаның нешінші сабағы |
ІІІ тоқсан, 5-апта, № 9-сабақ 10.02.2021 ж |
||||
|
Тарау немесе бөлім атауы: |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» Сенім арту |
||||
|
Оқу мақсаттары: |
5.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу. |
||||
|
Сабақ мақсаты: |
кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашады. |
||||
|
|
|||||
|
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі |
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету |
||||
|
Кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
|
Ұйымдастыру 3 минут |
Сәлеметсіздер ме, балалар? 5-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер! Бүгінгі сабақта: Сенің білетінің: Сенім – адам бойындағы ең құнды қасиет. Сенің меңгеретінің: сабақтың тақырыбына болжам жасайсыз; шығармадағы басты кейіпкердің портретін сипаттап, іс-әрекеті арқылы образын ашасыз; шығарма кейіпкерлерін сәйкестендіріп, кейіпкерлердің көркем бейнесін анықтайсыз; өз көзқарасыңызға шығармадан дәлел келтіріп, ойыңызды қорытындылайсыз. Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын сабақ тақырыбына болжам жасап көрейік. 1-тапсырма. «Болжау
әдісі» арқылы сабақың
тақырыбын анықтау.
Өзіңді тексер!
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым қожа» повесінен үзінді. Сенім арту. |
Оқушылар амандасады. Бүгінгі сабақта: Оқушының білетіні: Сенім – адам бойындағы ең құнды қасиет. : Сабақтың тақырыбына болжам жасайды; шығармадағы басты кейіпкердің портретін сипаттап, іс-әрекеті арқылы образын ашады; шығарма кейіпкерлерін сәйкестендіріп, кейіпкерлердің көркем бейнесін анықтайды; өз көзқарасыңызға шығармадан дәлел келтіріп, ойыңызды қорытындылайды. |
Дескриптор: - өткен тақырыптарды еске түсіреді; берілген үзінді арқылы шығарма тақырыптарын анықтайды; кейіпкерлердің іс-әрекетіне өз көзқарасын білдіреді. Жарайсыздар, балалар! |
Презентация, электронды құралдар, т.б. |
|
|
Жаңа сабақ 3-5 минут |
Мұғалім жаңа сабақты әр түрлі тәсілмен түсіндіреді |
|
|
|
|
|
Тапсырмалар |
Анықтама бұрышы Портрет – бұл адамды бейнелеу. Портретте адамның ұзына бойы, отырған қалпы немесе бет - пішіні ғана бейнеленуі мүмкін. Осы көріністің бәрі - портрет деп аталады. Жазушы адам портретін жасау үшін, оны оқушыларына жеткізіп беру үшін теңеу, эпитет, метафора тағы басқа бейнелеу құралдарын қолданады. Жазушы шығармаға қатысушылардың сыртқы портретімен қатар ішкі портретін – мінезін, құлқын, наным-сенімін, дүниеге көзқарасын суреттейді. Әдебиетте мұны мінездеу дейді. 2-тапсырма. Шығармадағы басты кейіпкер, Қожаның портретін сипаттайтын сөз тіркестері мен сөйлемдерді тауып жазыңыз. Шығарма негізінде кейіпкердің маңызды үш іс-әрекетін анықтаңыз.
Өзіңді тексер!
Өзіңді тексер!
|
|
Дескриптор: кейіпкер портретіне қатысты сөз тіркестері мен сөйлемдерді тауып жазады; маңызды үш әрекетін анықтайды. |
|
|
|
Тәжірибе 1-3 минут |
4-тапсырма. Төмендегі сұрақтарды негізге ала отырып, ойыңызды төрт сөйлеммен жеткізіңіз. - «Сенім» деген сөзді қалай түсінесіз? - Сіздің ойыңызша, Қожаға сенім артуға бола ма? Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,…» Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін…» Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын…» Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім…» Өзіңді тексер! Бірінші сөйлем: Менің ойымша, сенім – адам бойындағы ең құнды қасиет. Екінші сөйлем: Себебі, мен оны былай түсінемін. Сенімді адам болу – жауапкершілікті сезінеді және орындай біледі. Үшінші сөйлем: Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын. Қожа анасының, ұстаздарының сенімінен шығып, үміттерін ақтай білді. Сол секілді, Антон да жолаушының сенімінен шығып, тіленшілікті тастап, бай болды. Соңғы сөйлем: Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім. Сенім үміттің мұраты, жақсылықтың құралы болғанда, ұлы мақсаттарға жеткізеді. |
|
Дескриптор: - тақырып туралы өз ойын жазады; тақырыпты түсіну сөйлемін жазады; өз көзқарасына шығармадан дәлелдер келтіре алады; тақырып бойынша қорытынды жасайды. |
|
|
|
Бекіту 3 минут |
Бекіту сұрақтары: сабақтың тақырыбына болжам жасадыңыз; шығармадағы басты кейіпкердің портретін сипаттап, іс-әрекеті арқылы образын аштыңыз; шығарма кейіпкерлерін сәйкестендіріп, кейіпкерлердің көркем бейнесін анықтадыңыз; өз көзқарасыңызға шығармадан дәлел келтіре отырып, ойыңызды қорытындылай білдіңіз. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. |
|
|
|
|
1 мин |
Қосымша тапсырма: «Сенім – жетістіктің кілті» тақырыбында өз көзқарасыңызды тұжырымдап, эссе жазыңыз. Сөз көлемі 100-150 |
|
Дескриптор: тақырыпты түсінеді; эссе құрылымын сақтайды; шығармадан ділел келтіреді; өмірмен байланыстырады; сөз көлемін ескереді. |
|
|
шағым қалдыра аласыз








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген