400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Материал туралы қысқаша түсінік
Көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 3-бөлім: Адамгершілік-асыл қасиеттер

Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова Жанат Нуроллаевна

Мектеп: «ЖББ №24 орта мектебі»КММ

Күні: Сынып: 5

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу.


Сабақ мақсаты

Повестен алған әсерлерін сипаттап хат, өлең жазу

Бағалау критерийі

  • шығармадан өзі таңдаған бір кейіпкерден алған әсері туралы кейіпкерге хат, өлең жазады;

  • хат құрылымын сақтайды;

Тілдік мақсаттар

Хат ,өлең жазу үшін қажетті тіркестер қолданылады

Құндылықтарға баулу

  • қарым-қатынас жасау;

  • өмір бойы оқуға дайын болу;

  • шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

Кейіпкерлерге қандай да бір рөлде алғыс білдіру, кешірім сұрау, достыққа шақыру, мөлдір сезімін білдіру тақырыптарында хат жазу оқушылар бойында адами қасиеттерді қалыптастыруға септігін тигізеді

Пәнаралық байланыс

Сабақта АКТ пайдалану арқылы информатика пәнімен байланыс орнатылады, әдеби жазба стильде жазу дағдыларын жетілдіруде қазақ тілімен байланыс орнатылып, оқушылардың сауаттылық дағдылары қалыптасады.

Алдыңғы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта повесте кездесетін тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) тауып, сөйлемдегі қолданыс ерекшеліктерін анықтады. Бұл олардың сөздік қорларына, әдеби жазба стильде жазу дағдыларын жетілдіруге көмектесті. Бұл дағдылар хат, өлең жазу кезінде олардың шығармашылық тұрғыдан жаза алуларына ықпал етеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы – 15мин.

ҰЖ. Оқушыларға «Қара жәшік» әдісімен құпия сөз жасырылады.

- Біреуге ұнайды, ұнамайды.

- Дегенмен көпшілігі ұнатады.

- Онымен ойнаған да қызықты.

- Сондай мазасыз.

- Кинодан да көрдік.

- Есер емес, есті тентек.

- Кейде ол үшін уайымдап та қаласың.

- Аты бар, арманы да бар.

- Аты өзіне ұнамайды, арманы - ғарышкер болу.

- Ол кім?

Оқушылар жауаптары тыңдалған соң, «Қара жәшіктен» Қожаның портреті немесе есімі жазылған қағаз көрсетіледі.


Балалар, бұл образ бізге етене таныс. Біз шығармамен толыққанды таныспыз. Ендеше бүгінгі сабағымызда осы повесті оқудан кейін алған әсерлеріңізді сипаттап, авторға өлең, хат жазамыз. Сабақта топ болып жмыс жасаймыз.

Топ құрамын анықтау үшін, Сіздерге повестегі басты кейіпкерлерге тән мінездеу, әрекетін сипаттау сәттері сөйлемдермен ұсынылады. Бір кейіпкерге тән сөйлемдер түскен оқушылар бір топқа бірігеді.


Топқа бөлу «Бұл кім?»

Жантас:

- Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу кім?

- Сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш кім?

- Қара Көже, мынаның не екенін білесің бе?

- Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың!

Жанар:

- Қожамен бірге оқиды,ақылды,сұлу.

- Дауысы әдемі ,ән салады.

- Сыныптағы бірінші үздік оқушы.

- Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билейді.

Сәбира Майқанова:

- Қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

- Қожа оқитын сыныптың жетекшісі.

- Біз екеуміз таныс шығармыз деймін?

- Қадыров - түбінде адам болатын бала.

Қожа:

- Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар қоя беріңіз.

- Қадыр-менің әкем. Ех, шіркін дүние-ай десеңші!

- Ендігәрі тәртіпсіздік істесем, оңбай, көгермей кетейін.

- Төбемнен шатыр етіп жай түскендей болды.

қара жәшік

Қожаның портреті немесе есімі жазылған қағаз











интербелсенді тақта








қима қағаздар




Сабақтың ортасы – 20мин.

Жазылым алды тапсырма.

ТЖ. Оқушыларға алда хат, өлең жазу әрекетімен айналысатындығы хабарланады. Осы әрекетке дайындық үшін, алдыңғы сабақтағы білімді пайдаланып әр кейіпкерге тән метафора, эпитет, теңеу сөздерді іріктеу тапсырылады.

1-топ: С. Майқановаға қатысты бейнелеу сөздерін;

2-топ: Жанарға қатысты бейнелеу сөздерін;

3-топ: Қожаға қатысты бейнелеу сөздерін;

4-топ: Қожаның анасына қатысты бейнелеу сөздерін іріктеп флипчартқа түсіреді.


Мұғалім бұл сөздердің алдағы жазу әрекетінде пайдалы болатындығын, қолдануларын ескертеді. Хат, өлең жанрына тән құрылымды еске түсіріп, оқушылармен қайталайды.


Ж. «РАФТ» әдісімен топтар келесідей үлгіде хат, өлең жазуға кіріседі.

1-топ

Рөл

Қожа

Аудитория

Мұғалімдері

Форма

Өлең

Тақырып

Кешірім сұрау, алғыс білдіру


2-топ

Рөл

Жанар

Аудитория

Қожа

Форма

Өлең

Тақырып

Ғашықтық, балалық сезім


Дескриптор:

- өлең жанрына тән құрылым мен ресімделуді сақтайды;

- өлең мазмұнында кейіпкерлерге тән кем дегенде 2-3 бейнелеу сөздерін қолданады;

- өлеңде көтерілген тақырыпты ашады;


3-топ

Рөл

Жантас

Аудитория

Қожа

Форма

Хат

Тақырып

Достасуға ұсыныс, мойындау


4-топ

Рөл

С.Майқанова

Аудитория

Қожаның анасы

Форма

Хат

Тақырып

Алғыс білдіру


Дескриптор:

- кіріспе бөлімде кейіпкермен амандасып, оның бойынан көре алған қасиеттері туралы жазады;

- негізгі бөлімде хат жазудағы мақсатын айқындап, түсіндіреді;

- қорытынды бөлімде кейіпкерімен қоштасады;

- хат құрылымында кейіпкерлерге тән кем дегенде 2-3 бейнелеу сөздерін қолданады;


ҚБ. Оқушылардың жазба жұмыстары жиналып алынып, мғалім дескрипторға сүйеніп жазбаша кері байланыс береді.


флипчарт














«РАФТ» жазу құрылымы, жазу құрылымына арналған кесте


Сабақ соңы – 7 мин.

Оқушылар рефлексиясы: «4 раунд»

Оқушылар сабақтағы әрекетті жинақтап түйіндейтін сөздерді іріктейді.

1-раунд: түйінді 8 сөз;

2-раунд: 8 сөзден түйінді 4 сөзді іріктеу;

3-раунд: 4 сөзден түйінді 2 сөз іріктеу;

4-раунд: қорытынды болатын 1 сөз.



Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барынша қолдау: топтағы С деңгейлі оқушыларға хат өлең жазу үшін төмендегідей дайын құрылым ұсынылады, оларға кейіпкерлерге тән бейнелеу сөздер мәтіннен алдын-ала тұспалданып, белгіленіп беріледі

Қабілетті оқушылар үшін бейнелеу сөзден бөлек шығармашылықпен жазуларына рұқсат етіледі

Оқушылардың жазба жұмыстарына дескрипторларға сүйеніп, жазбаша кері байланыс беріледі. Оқушылардың топтық, жеке жұмыстары мұғалімнің уәждеуші сөздерімен ынталандырылып отырады

Оқушыларға топта талқылауға мүмкіндік беру, олардың ақылдаса отырып, тапсырманы орындаулары оқуға деген уәждерін оятады, ынталандырады. Сонымен қатар «Қара жәшік», «Бұл кім?», «РАФТ» белсенді оқу әдістері сабақта жағымды ахуалды тудырады


Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?


Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?


Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?


Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?


Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?


Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қазан
600
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі