Бердібек
Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы
қарсаңында 5-cыныптар арасындағы «Көңілді
квест» ойынының сценарийі

Мақсаты:
«Менің
атым Қожа» повесть
бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап,
өз ойын жүйелі жеткізе алуға
үйрету.
Міндеті:
Өзіндік ой
қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану қабілетін жетілдіру, ой -
өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа
қызығушылығын ойын
арқылы ояту.
Көрнекіліктер: Б.Соқпақбаевтың
шығармаларынан кітап көрмесі, сұрақтар жасырылған конверттер, автор
суреті, буклеттер, сыйлықтар
Қайырлы күн, құрметті квест ойына қатысушы
оқушылар және ұстаздар! Бүгінгі сайысымызға қош
келдіңіз!
Сайысымызды бастамас бұрын оқушыларда топқа
бөлеміз. Әр сыныптан 4 оқушы сайыстың қатысушы атанды. 5 «А»
сыныбының төрт оқушысы келіп, жеребе суырады, төртеуі төрт
команданың мүшесі болады, осылай әр сыныптың оқушылары жеребе
суырып, әр командада барлық сыныптың оқушысымен
толығады.
«Менің атым Қожа»
командасы
«Балалық шаққа саяхат»
командасы
«Он алты жасар чемпион»
командасы
«Бақыт жолы»
командасы
«Кітап-ой –сананың қозғаушы
күші» дегендей, біз үнемі кітапты насихаттаудың түрлі әдістерін
пайдаланып, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру
бағытында жұмыстар жүргіземіз. Соның бірі балалар әдебиетінің
классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Көңілді
квест» ойын сайысы. Сендерге белгілі уақыт аралығында «Менің атым
Қожа» повесін оқып, жазушының өмірі жолымен танысып келу
тапсырылған болатын. Сол оқығандарыңмен бүгін бөлісетін уақытта
келіп жетті. Ендеше бәріміз бірге өз оқығанымызды ортаға
салайық.
Балаларға арнап шығарма жазу
,сол арқылы кішкентай оқырманның құрметіне бөлену, жүрегіне жол
табу үлкен таланттылықты қажет етеді. Солардың ішіндегі шоқтығы
биік, бірегей таланттардың бірі - Бердібек Соқпақбаев аталарың
болатын. Оның шығармаларын оқыған кез келген бала оның өмірбаянымен
танысып шығады. Себебі, жазушының балалық шағына деген сағынышын өз
шығармаларына арқау етеді. Олай болса алдымен
«Жазушы келбеті» айдары бойынша Б.
Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, сұрақтарға
жауап берейік
Ендеше , сайысымыздың бірінші
кезеңі «Білген сайын келеді біле бергім…» бөлімін
бастауға рұқсат етіңіздер!
1. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім?
(Бердібек Соқпақпаев)
2. Б. Соқпақпаев кім? Нәзік психолог, бала
жанын терең зерттеген қаламгер,
жазушы.
3. Қай жылы қай жерде дүниеге келген? 1924
жылы Алматы облысы Нарынқол
ауданы
Қостөбе ауылында дүниеге
келді.
4. «Менің атым Қожаның» жанры қандай?
(Повесть)
5. «Менің атым Қожа» фильмі қай жылы
түсірілді? (1963 ж).
6. «Менің атым Қожа» фильмін қойған режиссер
кім? (Абдолла Қарсақбаев)
7. Сәйбек қарт деген кім? (Мектеп күзетшісі.
Ол Қожаның әкесі Қадырдың досы, әкесі туралы көп білетін әрі Қожаға
ақыл айтқан кісі).
8. Қожаның азан шақырылып қойылған аты кім?
(Қожаберген).
9. Қожаның сынып жетекшісінің аты – жөні кім?
(Сабира Майқанова)
10. Қай пәннің мұғалімі? (Қазақ
тілі)
11. Қожаның жақсы көретін мұғалімдердің бірі
кім? (Оспанов ағай)
12. Қожаның анасының аты кім? (Миллат
ана)
13. Қожаның жүрегін жаулап алған қыздың аты
кім? (Жанар)
14. Қожаны Қара көже деп мазақтайтын
сыныптасы кім? (Жантас)
15. Қаратай деген кім? (Қожаның анасына
үйленбекші болып жүрген
адам).
16. Қожаның жан досы кім?
(Сұлтан)
17. Қожаны қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға
шоқтырмай қызғыштай қорғап өсірген кім?
(Әжесі)
18. Қадыровтың аты кім?
(Қожаберген)
19. “Менің де атым Қожа” фильмінің режисері
кім? (Еркін Рахышев)
20. Орыс тілінің мұғалімі кім? (Анфиса
Михайловна)
Сайысымыздың І кезеңі де өз мәресіне жетті,
сайысқа белсене қатысқандарыңызға рақмет. Енді сайысымыздың негізгі
бөлігі «Көңілді квест» ойынын бастауға рұқсат
етіңіздер!
Әр команданың аты жазылған конверттер
командаға беріліп, жасырылған жерді табады. Сол жерге барып,
тапсырма орындап келесі конвертті алады. Мәрегі қолында 5
конвертпен бірінші келген команда жеңімпаз
атанады.
Жасырылған жерлер: Медпункт, спорт зал,
асхана, психология кабинеті және
кітапхана.
Сайысты аяқтаған қатысушыларды қошеметтеп
қарсы алу, марапаттау. Оқушылардан кері
байланыс.