Материалдар / бабалардың сөйлеу тілі кемістіктерінің пайда болуын ерте жастан алдын алу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

бабалардың сөйлеу тілі кемістіктерінің пайда болуын ерте жастан алдын алу

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша логопедтері мен психологтарына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2019
830
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Балалардың сөйлеу тіліндегі кемістіктердің пайда болуын ерте жастан алдын алу

Мақсаты: Балалардың дыбыстарды қабылдап, естіп ажыратуын, артикуляциялық мүшелердің қозғалысын,ұсақ моторика дамуын,фонематикалық есту қабілетін дамыту.Міндеті: Баланың тіл бұзылыстарын алдын-алу мәселелерінің әдіс-тәсілдерімен педагогтарды таныстыру.

Дүние есігін ашқан сәби түрлі дыбыстарды естіп, ажырата бастайды.   Адамдардың әңгімесі, жапырақтардың сыбдыры, құстардың сайрағаны секілді. Уақыт өте сол дыбыстарды ауызекі дыбыстау арқылы сөйлеу дәрежесіне жетеді. Егер бала дұрыс, анық түрде  дыбыстарды айтып сөйлей білсе, ол оның өз-өзіне деген сенімін күшейтеді, ал керісінше тілінде мүкісі бар бала өзін өзгелерден кем санап, көп сөйлемеуге тырысып, қуыстана бастайды. Ол өз кезегінде баланың тұлға ретінде қалыптасуына кері әсерін тигізетіні анық.Қазіргі таңдағы  еліміздегі  және шет елдің ғалымдарының зерттеулері бойынша дамуында түрлі кемістігі бар балалардың саны жоғарылап өсуде.Соның ішінде сөйлеу тілі бұзылған балалардың саны жоғары деңгейде екені анықталды. Біздің басты   мақсатымыз-осы балалардың мүмкіндіктерін анықтау,  оқыту, тәрбиелеу,  түзету  жұмыстарын жүргізу.Тіл мүкістігін түзеуде баламен неғұрлым жиі әрі жеткілікті түрде әңгімелесудің маңызы зор. Өкінішке орай, қара қазан қамымен, нәпақа табу мұратымен жүрген ата-ана балаға көп уақыт жұмсай алмайды. Шыны керек, ертегі айтудың өзі келмеске кетіп бара жатқан жайы бар. Сондықтан бұл ретте негізгі міндет балабақшалардағы топқа жүктеледі. Шынтуайтында, екі жасқа дейін баланың былдырлағаны құлаққа жағымды естілсе, ал екі жастан асқан бала  әлі былдырлап жүрсе, онда ол  логопедтің қарауына қаралғаны жөн..Мектепке дейінгі мекемеде логопед,тәрбиеші,ата-ананың бірігіп жұмыс жасауы маңызды рөл атқарады.Мектепке дейінгі мекемеде логопедтік жұмыс бірнеше бағытты қамтиды.Бұл балалардың тіл бұзылыстарын алдын алу,қайталанған тіл бұзылыстарын болдырмау,Ата-аналардың көпшілігі баланың тілі дұрыс шығып, шықпағанына жете мән бермейді.Баланың былдырлап сөйлегеніне мәз болып,соны қызық көретіндер де жетерлік.Олар мұны еркелік деп түсінеді.Кейбір ата-аналар 3-4 жастағы баланың тілі түсініксіз болса,мүлде сөйлей алмайтын жағдайда емес қой,мектепке барғанша,әйтеуір сөйлер деп бейжай қарайды.Мұндай түсінік мүлде дұрыс емес.1жасар бала кем дегенде 10 сөз айту керек,2 жаста сөздік қоры 300-ге жуықтайды.Ал 3 жасар сәби күрделі сөйлем құрауға қабілетті болады.Сондықтан да кез келген ата-ана бала 1 жасқа толысымен,онымен көбірек сөйлесуі керек.Онда да баланың былдырлауына еріп соның тілімен емес,түсінікті тілде сөйлеуге үйретуі тиіс.Баламен бір тілде ғана,яғни ана тілінде сөйлеу керек.Бірде қазақша,бірде орысша сөйлеген бала еркін сөйлеу қабілетінен айырылады.Әрі тілі мүкістенеді.Соның кесірінен дыбысталуы ұқсас әріптерді ажырата алмайды.Мұндай сәбиге жаңылтпаштар айтқызған дұрыс.Сонымен қатар балабақша тәрбиешілері де баланың дыбысты дұрыс айтуын кіші топ кезінен басқарып отыру қажет.Сабақ кезінде де ,балалармен серуен кезінде де балалардың сөйлеуіне назар аударып, анық, дұрыс сөйлеуін қадағалау керек.Сөйлеу тіл бұзылыстарын алдын-алу үшін мына бағыттарда жұмыс жасайды. -есту қабілеті және балалардың фонематикалық естуін -дұрыс тыныс алуын -балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту -артикуляциялық аппараттың қимылын дамыту

Фонематикалық есту қабілетін дамытуЕсту қабілетін және фонематикалық естуін дамытуда әртүрлі жаттығулар жасалынады. «Не қалай дыбыстайды?» ойыны Қажетті құралдар: үй жануарларының ойыншықтары немесе суреттері Логопед балаға суреттерді немесе ойыншықтарды көрсетіп,қалай дыбыстайтынын салады.Содан кейін ауызын қағазбен жауып,жануарлардың дауысын салып,қай жануардың дауысы екенін сұрайды. «Масалар мен қоңыздар» ойыны -Балалар, бүгін біз баққа серуенге барамыз.Ал бақта аралар мен қоңыздар көп екен.Қазір біз аралар мен қоңыздар ойынын ойнаймыз.Мен араның суретін көрсетсем,сіздер ара тәрізді з-з-з-з деп,ал қоңыздың суретін көр- сетсем,ж-ж-ж-ж-ж деп ызыңдайсыңдар.Тыныс алу жаттығуларыБалаға дұрыс тыныс алуды үйрету өте маңызды, себебі тыныс алу біздің сөйлеу тіліміздің энергетикалық негізі болып табылады.Кейбір дауыссыз дыбыстар қатты дем шығаруды қажет етеді. Балаларға жаттығуларды ойын түрінде ұсынған жөн. Мұндай ойын жаттығулар арқылы бала терең дем алуға, ұзақ бағытталған дем шығаруға үйренеді.Мысал ретінде бірнеше жаттығуларды алуға болады. Баланың сөйлеу кезінде тыныс алуын дамытуға арналған ойындарды жүргізген кезде ол жаттығулар баланы тез шаршататынын,кей кезде басының айналуына әкеп соғатынын естен шығармаған дұрыс. Сондық-тан,мұндай ойындарды уақытқа қарап отырып жүргізген жөн.Ұсынып отыр-ған жаттығулар мен ойындар баланың бағытталған қатты ауа ағынын ауыз арқылы шығарып үйренуіне ықпал етеді.«Ұш көбелек!» ойыныМақсаты: ауыз арқылы,үзбей дем шығаруды дамыту, ерін бұлшық еттерін белсендіру. Ойын барысы: Әр көбелекке ұзындығы 20-30 см.жіпті байлап,ол жіптерді бір-бірінен алшақ қойып бауға байлаңыз.Педагог балаға көбелектерді көрсетіп,олармен ойнауды ұсынады.Бала орнынан тұрып,көбелектердің жанына барады да үрлейді.Ұсақ қол моторикасын дамытуСөйлеу мүшелері әрекетінің қозғалуының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, түзету тәрбие жұмысын жүйелі жүргізу қажет. Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан.Ұсақ моторикаға әсер ете отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз. Балалардың сөздік қорларын дамытуда саусақ ойындары үлкен нәтиже береді. ҚұлыпІлген есік сыртына,Ұқсайды ма құлпыға?(2 қолдың саусақтарын құлыпқа ұқсатып айқастыру)Ашқың келсе аямай,Қатты тартып жұлқыла.(2 қолды 2 жаққа қатты күшпен тартып,құлпыны ашуға тырысу)Тыңдамайтын допДобым кетті домалап,Тыным таппай жорғалап.(2 қолдың саусақтарын бір-біріне тигізіп,дөңгелек допқа ұқсату)Кетті мүлдем қағынып,Қалмаса екен жарылып

Артикуляциялық жаттығуларАдамда дыбыс айту қабілеттілігі туған кезден бар. Одан әрі балалар дыбыстар мен сөздерді қосуды үйренеді. Егер де сөздерді анық айтуда қиындық болса ол қиындықты артикуляциялық жаттығулар шешуге көмектеседі. Артикуляциялық жаттығу деп-ерін,тіл және мимикалық бұлшық еттер қосылатын баламен жүргізілетін сабақты айтамыз. Артикуляциялық жаттығуды жүргізудің басты мақсаты:баланы артикуляциялық аппарат ағзаларын дұрыс қимылдатуға үйрету болып табылады. Барлық жаттығуларды балаларға ойын түрінде жеткізген дұрыс.«Саңырауқұлақ» жаттығуы. Мақсаты: тілді жоғары көтеруге үйрету, желбезекті созу. Жалпақ тілді таңдайға жабыстырып, ауызды кең ашу.Қорытынды: Осы жаттығулармен есту қабілетін дамыту,артикуляциялық және ұсақ қол моторикасын дамыту, дұрыс тыныс алуын дамыту дәйекті жүйелі түрде жұмыс жасаса, дыбысты айтудың бұзылуын алдын-ала жөндеуге көмектеседі.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!