400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бабам аңсаған тәуелсіздіктің бүгіні"

Материал туралы қысқаша түсінік
елдің тарихы мен бүгінгі күнде жеткен жетістіктері туралы оқушыларға мағлұмат беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бабам аңсаған тәуелсіздіктің бүгіні

Қазақстан тәуелсіздік алып, өз еңсесін көтергелі бері 34 жылдан астам уақыт болды. 34 жыл біреуге аз, біреуге көп. Ол жылы дүниеге келген сәбилер бүгінгі күнде 34 жасқа шыққан, елдің ертегін ойлар азаматтар болды. Осы тәуелсіздік бізге оңайлықпен келмегенін бүкіл адамзат біледі. Жоңғар шапқыншылығына ұшырағанда да, Ресейдің қарамағына іліккенде де, бүкіл дүниені дүр сілкіндірген II дүниежүзілік соғыс кезінде де, тоқырау жылдарына тап келгенде де Қазақ елі ешқашан еңсесін түсіріп, жер бетінен жойылып кеткен емес. Оның бірден бір себебі – қазақтың киелі топырағында анадан туған алыптардың өз ұлты үшін, Қазақстанның өз алдына бөлек мемлекет болуы үшін жан пида болуы еді. Мұндай намыс оты кеудесін өртеген азаматтар қазақта аз емес. Оларды елі ешқашан ұмытқан емес, ұмытпайды да. Әр халықтың тарихында өшпес із қалдырған, аңыз ретінде айтылып жүретін, ұрпақтан – ұрпаққа танылған, өмірі мен үлгі өнеге – болатын абзал адамдар болған және бола бермек. Дүниені дүр сілкіндіріп, қазақ елінің бостандық туын көтерген ерлеріміз мәңгі есте қалары сөзсіз. Сол бір 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында қазақтың қазақтығын сақтап қалу үшін, біздің тәуелсіз ел болып, ата – бабадан аманат болып қалған өз жерімізді өзіміз басқаруымыз үшін қан төгіп, жазықсыз жазаланған, кеудесіне қазақ деген ұлттың намысы ата қанымен, ана сүтімен келген қыршын жастар Ләззат Асанова, Сабира Мұхамеджанова, Қайрат Рұскылбеков, Ербол Сыпатаев т.б қазағымның жастары Қазақстан тәуелсіздігін аламыз деп қасық қанын қиған жоқ па еді.?! Сол күндер қазір алыстап кеткенімен, отты жылдардың жарықшағы қалған жүректер әлі де бар арамызда. Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің бірден – бір себебі болған – Желтоқсан оқиғасы. Тек сол жылдардың тақсіретін тартпай, бейбіт күнде өмірге келген жастар сол жылдарды бағалай білсе игі.Тәуелсідіктің қадірін түсінейік. Тарихсыз болашақ жоқ. Мен өз елімді, жерімді мақтан етемін. Менің Қазақстанымның көк тууы желбіресін Сонау 1986 жылғы оқиғадан кейін қазақ деп жүректері соққан жастарымызды ұмыту қалай . Осы өленнің мағынасында не бір ойлар адамды толғандырады.

Желтоқсан желі

Желтоқсан бірде,

Ел тоқсан түрде,

Келетін мүлде жайдарлы.

Сол жылы бірақ,

Әдеттен жырақ

Көрінді шын ақ айбарлы.

Тондырды мені,

Тондырды сені,

Желтоқсан желі ызғарлы.

Солдырды гүлді,

Оңдырды нұрды,

Көңілде мұңды із қалды.

Желтоқсан оқиғасына қатысып, қазақтын намысын қорғаған жастарды ешқашан ұмытпаймыз! Осы тәуелсіздігімізді бағалайық қара нан мен қара су ішсенде өзінің туған топырағында тәуелсіз елін болғаны қандай жақсы. Тәуелсіздігіміз мықты болып,келешекте жастарымызға үлгі болсын. Осы күнді қаншама ата-әжелеріміз көрмей кетті. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болшақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына жолдауында «Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтын жеке кредосына айналуы тиіс»,-деген болатын. Табысты әрі қоғамға қажет болғысы келген адам өмір бойы оқиды.Қазір жастар бір салада жұмыс істеумен шектелмейді, мамандық алмастырудан да қорықпайды.Олар түрлі салада жұмыс істеп ,қабілеттерін сынауды жөн көреді .Бұл жастарға ғана тән емес,заман талабына сай үлкендер де қосымша курстарды аяқтап ,басқа мамандықтар бойынша жұмыс істеп жүр.Біздің ата-баба қонысымыз атамен еніміз-Қазақстан. Ұлы далада күллі Еуразия құрлығын уысында ұстаған алып мемлекеттер болған. Алып кеңістікті ең жайлап, еркін билеп, төстеген айбарлы халықтар өмір сүрген. Бүгінгі Қазақстан-сол бабалардың заңды мұрагері. Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманын ақиқатқа айналдырды. Біздің буын жаңа тарихқа «Қазақстан Республикасы» деген атпен аяқ басып, жас мемлекетті әлемнің төріне оздырды. Тәуелсіздікті алу үшін қандай қажыр-қайрат керек, болса оны баянды ету үшін одан да зор қажыр –қайрат керек.












Арықты орта мектебінің

қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі:

Идрисова Ақмарал Жакеновна




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.12.2020
666
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі