Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
деңгейлік курстан өтілген мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баяндама: Жаңа тәсілдер арқылы оқуда бағалауды үйрету

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі оқытудың әдіс –тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және педагогикалық технологияларды пайдалану тәжірбиеге еніп,нәтижелер беруде. Бұлар оқушылардың жеке қасиетін аша отырып,оқушының танымдық күшін қалыптастыру, білімін кеңейтуге,тереңдетуге жағдай жасайды.Ұстаз болу үшін ең басты мәселе оқытудың әдісін дұрыс таңдау.

Мектепте оқушының тәрбиесі мен даму және оқу жұмысындағы мұғалім мен оқушының арасындағы ынтымақтастығы,ізгіліктендіру ұстанымдары негізінде ұйымдастыруға ерекше мән беріліп отырған кезде бағалаудың ролі,қызметі түбегейлі өзгеріп,ол тәрбиелеуші,диагностикалық,дамытушы,бақылаушы және басқарушы қызмет атқарады. Бағалауға білім алушылардың пәндік білім,білік,дағдыларын және адамгершілік нормалары бағдарлары,жалпы адами және ұлттық құндылықтар тұрғысындағы іс -әрекеттер тәсілдерін меңгеру бойынша олардың жетістіктерін көрсететін нақты нәтижелер бағалана алады. Білім алушылардың оқыту жетістіктерін бағалау құралы балдық және ретингілік тұрғыда бағалауға негізделген бағалаудың балдық жинақтау жүйесі болып табылады. Білім алушылардың оқу іс әрекеттері тәсілдерін саралау үш деңгей аясында жүзеге асырылады. Критериалдік бағдарланған шкала нақты оқу үрдісі аясында білім,білік және құзырлықтарды берілген деңгейіне қаншалықты қол жеткізетіндігін анықтауға мүмкіндік беретін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау құралы болып табылады.

Өз жетістіктерін бағалау өзін- өзі тексеру мен бақылау, өзінің іс- әрекетін сыни тұрғыдан бағалау,қателерді айқындау және оларды жоюдың жолдарын табу,сондай- ақ бағалау критериилерін анықтай алу болып табылатын білім алушының өз іс- әрекеттерінің нәтижелерін алдын- ала өзіндік бақылауы. Балл жинау оқу жетістіктерін бағалауды даралауды жүзеге асыруға,белгілі бір уақыт аралығында жинақталған баллдардың қосындысы көрініс табатынжәне оқушының оқу партфолиосы формасы түрінде жүзеге асырылатын білім,білік дағдыларын мүмкіндіктеріне, қалауларына және қабілеттеріне қарай тереңдетуге ,кеңейтуге және өзінің дамуының жеке траекториясын өз бетінше таңдауына мүмкіндік жасайды. Нәтижесінде білім алушылардың өздері, олардың ата аналары және мқғалімдері белгілі бір уақыт аралығындағы жетістіктерін салыстыра отырып,оның жеке даму динамикасын тұрақты қадағалауға мүмкіндік алады.

Сабақ сайын білім алушылардың оқыту нәтижелерін бағалау оқу іс әрекетінің деңгейіне сәйкес белгіленген баға ауқымы аясында бір сабақ ауқымында жинақталған баллдардың орташа арифметикалық мәнін анықтау арқылы жүзеге асады. Орташа арифметикалық мәнді анықтау үшін оқу іс әрекет деңгейлеріне сәйкес әртүрлі тапсырмаларды орындағанда алған оқушылардың баллдары пайдаланылады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
500
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11