Бағдарламалық жасақтама

Тақырып бойынша 30 материал табылды

Бағдарламалық жасақтама

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдарламалық жасақтама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бағдарламалық жасақтама


Қызметіне байланысты барлық бағдарламалық құралдарды бірнеше класстарға бөлуге болады: операциялық жүйелер; бағдарламалау жүйесі; аспаптық бағдарламалық құралдар және интегралданған пакеттер; қолданбалы бағдарламалар.

Есептеу жүйесінің бағдарламалық қамтамасыздандыру құрамын бағдарламалық конфигурация деп атайды. Бағдарламалар арасында физикалық блоктар мен түйіндер арасындағы сияқты өзара байланыс болады. Көптеген бағдарламалар аса төмен деңгейдегі басқа бағдарламаларға сүйене отырып жұмыс жасайды. Бағдарламалық қамтамасыздандыру деңгейлері: базалық, жүйелік, қызметтік, қолданбалы.

Операциялық жүйе келесілермен қамтамасыз ететін бағдарламалар жиынтығы: ресурстармен басқару; компьютердің барлық аппараттық құралдары жұмысымен келісілген процесстерді басқару, яғни бағдарламаларды орындау, олардың компьютер құрылғысымен, деректермен өзара әрекеті; қолданушы интерфейсі, яғни компьютер мен қолданушы арасындағы сұхбат, айқындалған қарапайым командаларды, яғни ақпаратты өңдейтін операцияларды орындау. Қарапайым жағдайда ОЖ келесі негізгі компоненттерден тұрады: файлдық жүйеден, сыртқы құрылғылар драйверлерінен, командалық тіл процессорынан.

Командалық процессор – қолданушы беретін қарапайым командаларды интерпретациялауға және орындауға, және оның ОЖ ядросымен өзара әрекеттесуіне жауап беретін бағдарлама.

Операциялық жүйе қызметі бойынша, есептерді өңдеу режимі бойынша, жүйемен өзара әрекеттесу тәсілі бойынша, құрастырылу тәсілі (жүйенің архитектуралық ерекшеліктері) бойынша жіктеледі.

Операциялық жүйе жалпыға және арнайы тағайындалған болып екіге бөлінеді. Арнайы тағайындалған операциялық жүйелер мыналарға бөлінеді: тасымалданатын микрокомпьютерлер және әр түрмен құрастырылған жүйелер үшін, деректер қорын ұйымдастыру және басқару, нақты уақыттағы есептерді шешу және т.б.

Есептерді өңдеу режимі бойынша бір бағдарламалық (мысалы, MS DOS) және мульти бағдарламалық (мысалы, Unix, Linux) режимді қамтамасыз ететін операциялық жүйелерді ерекшелеп көрсетуге бөледі. Сұхбаттық режимде есептеуіш жүйемен жұмысты ұйымдастыру кезінде жеке қолданушылық (бір терминалдық) және мультитерминалдық (желілік) операциялық жүйелер туралы айтып кетуге болады.

 

Бағдарламалық жасақтаманың түрлері, мақсаттары мен сипаттамалары

Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыруды (БҚ) жіктеудің әр түрлі әдістері бар. Олардың ішіндегі ең қарапайымы қолданбалы БҚ үш категорияға бөлінеді: жалпыға тағайындалған, арнайы тағайындалған және кәсіби БҚ. Жалпыға тағайындалған БҚ келесілерді жатқызуға болады: мәтіндік редакторлар, графиктік жүйелер, ДҚБЖ, интегралданған жүйелер. Арнайы тағайындалған БҚ келесілер жатады: авторлық жүйелер, эксперттік жүйелер, гипермәтіндік жүйелер, мультимедиялық жүйелер. Кәсіби деңгейдегі БҚ келесілер жатады: АЖО (АРМ), АЖЖ (САПР), АБЖ (АСУ), ТПБАЖ (АСУТП), педагогикалық комплекстер, телекоммуникациялық жүйелер.

Мәтіндік редакторлар дегеніміз – қолданушыға қолайлы түрде мәтіндік ақапараттарды енгізу, өңдеу, сақтау, басып шығару үшін арналған бағдарлама. Мәтіндік процессорлардың мәтіндік редакторлардан айырмашылығы, олар мәтінді тек енгізіп және өңдеп қана қоймай, сонымен қоса оларды форматтауға, яғни безендіріп дайындауға болады. Сәйкесінше, мәтіндік процессордың негізгі құралына мәтіннің өзара әрекетін, кестені және тағы басқа қорытынды құжаттарды беретін объектілерді қамтамсыз ету құралы жатады, ал қосымша құралына форматтау процесін автоматтандыратын құралдар жатады.

Графиктік редакторлар графиктік бейнелерді бейнелеу және өңдеу үшін арналған бағдарламаның көлемді класы. Берілген класста келесі категориялар ажыратылады: растрлі редакторлар, векторлы редакторлар және үш өлшемді графиканы (3D-редакторлар) құру және өңдеу үшін арналған бағдарламалық құралдар.

Деректер қоры деп кестелік құрылыммен дайындалған деректердің аса үлкен жиынтығын айтады. Деректер қорын компьютерлік өңдеу үшін деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) қолданылады. ДҚБЖ – ол деректер қорындағы жазбаларды құру, өңдеу және шығару үшін қажетті бағдарламалық қаматамсыз ету құралы. ДҚБЖ бірнеше түрлері бар: иерархиялық, желілік, реляциялық. ДҚБЖ жұмыс жасағанда бірнеше тізбектелген кезеңдерді бөліп көрсетеді: деректер қорын жобалау; деректер қоры құрылымын құру; деректер қорын толтыру, деректер қорын қарап шығу және редактрлеу; деректер қорын сұрыптау;  қажет жазбаларды іздеу; ақпаратты іріктеу; есеп беруді дайындау.

         Әмбебап интегралданған жүйелер элементтеріне: мәтіндік және графиктік редакторлар, электрондық кестелер және деректер қорын басқару жүйесінен тұратын бірегей жүйе жатады.

Қандай да бір пәндік аймақта мамандар үшін мақсатқа тағайындалған арнайы бағдарламалық жүйелерді авторлық аспаптық жүйелер деп атайды. Авторлық жүйе қолданушы өзінің пәндік аймағында ақпараттық мазмұндармен толтыра алатын, берілген интерфейстік қабықшамен интегралданған ортаны береді.

Эксперттік жүйелер білім қорында болатын деректерді талдау үшін және қолданушы сұранысы бойынша нұсқауларды беруге арналған жүйе. Мұндай жүйелер бастапқы берілгендер жақсы іске асырылған жағдайда қолданылады, бірақ шешім қабылдау үшін кеңейтілген арнайы білімдер қажет. Эксперттік жүйелерді қолданудың сипаттық аймақтары юриспруденция, медицина, фармакология, химия болып табылады.

Гипермәтіндер концепциясын графикалық және дыбыстық ақпараттарға кеңейту гипермедия түсінігіне алып келеді. Гипермедия идеясы желілік технологияларда, дербес жағдайда Интернет-технологияларда кеңінен таралды. Мультимедия – бұл интерактивті бағдарламалық қамтамасыздандырудың басқаруымен жасалатын визуалды және аудиоэффектілі өзара әрекеттер. Компакт-дискілердің (CD-ROM) пайда болуы және кеңінен таралуы мультимедияны жарнамалық және ақпараттық қызметте, желілік телекоммуникациялық технологияларды, оқытуда қолдануды тиімді етті.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.11.2025
33
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі