Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бағдаршам"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілермен бейнелеу өнері пәні мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: Бағдаршам

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, бағдаршамның атқаратын қызметін түсіндіру,пішіндерді, түстерді ажыратуды үйрету, саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру,желіммен жұмыс істеу дағдыларын меңгерту,тілдерін дамыту, гигиеналық нормаларды сақтауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі материалдар, желім, бағдаршам макеті, шарлар.

Сөздік жұмыс: Бағдаршам

Үштілділік компонент: қызыл-красный-red, сары-желтый-yellow, жасыл-зеленый-green.

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң-Күн Ана!

Қайырлы таң-Аспан Ата! Қайырлы таң-Жер Ана!

Құт дарытып, бар әлемді жарылқа.


Балалар педагогпен бірге қайталап, шаттық шеңберін жасайды. Орындарына отырады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Бағдаршам туралы түсіндіру (слайд көрсету) -Бағдаршам-өмірімізді апаттан сақтандыратын жалғыз көмекшіміз. Бағдаршамның тілін алу баршамыздың міндетіміз.Бағдаршам жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны.Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті.Оның кескін келбеті де құрылысы да бірнеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.

Сөздік жұмыс: бағдаршам.

-Балалар, біз бүгін бағдаршамды жапсыру арқылы жасаймыз.

Үштілділік компонент: қызыл-красный-red,

сары-желтый-yellow, жасыл-зеленый-green



Бағдаршамды жапсыру жолын түсіндіреді.

Қауіпсіздік ережесі:

1. Желіммен жұмыс;

2. Гигиеналық нормалар.

Балалардың жұмыстарын қадағалап, жеке жұмыстар жүргізеді.

Сергіту сәті:

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба!

«Орныңды тап!» ойыны. Қызыл, сары, жасыл шар ұстаған балалар бағдаршамның көздерінің орналасуы бойынша өз орындарын тауып тұрады.



Балалар мұқият тыңдайды.







Қайталайды: бағдаршам.


Қайталайды: қызыл-красный-red,

сары-желтый-yellow, жасыл-зеленый-green

Жұмыстың жасалу ретімен танысады, педагогті мұқият тыңдайды.

Бағдаршамның көздерін жапсырады.


Балалар өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.





Ойынға белсене қатысады.




Рефлексиялық-түзетушілік

- Балалар, бүгін біз сендермен не жасадық?

- Бағдаршамның неше көзі бар екен?

- Бағдаршам бізге не үшін керек?

Жол жүру ережесін әрқашан есте сақтауымыз керек. Жол ережесін жақсы біліп, бағдаршамның тілін алсақ, өзімізді жол апатынан сақтаймыз.

-Бүгінгі оқу қызметіне барлықтарын жақсы қатысып, белсенділік таныттыңдар.

-Жарайсыңдар!

-Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды.

-Бағдаршам.

-Үш көзі бар.

-Жолымызды дұрыс бағдарлау үшін керек.





Қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: қиылған дөңгелектерді жабыстырып, бағдаршам жасайды;

Түсінеді: жолда жүру ережесін сақтау керектігін;

Қолданады: желім-қарындашты дұрыс қолданады, қауіпсіздік техникасын сақтайды.



Бейнелеу өнері маманы: Рахимжанова. К. Ч.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.01.2019
1056
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12