Шымкент
қаласы
Еңбекші
ауданы
МКҚК №100
«Тоғжан»
бөбекжай-бақшасы №6
«Қиялшылдар»
ересек тобының
тәрбиешісі
педагог-сарапшы Игенбаева
У.М.
Тақырыбы: «Бағдаршам – біздің
досымыз»
Міндеті: Балаларды өз бетінше сөйлеуге
үйрету; дидактикалық және дамытушы ойындарды, жаттығуларды қолдану
арқылы сөздік қорды байыту; бақылау арқылы қоршаған орта заттарының
санын, пішінін, шамасын, түсін олардың кеңістікте орналасуын
ажыратуға үйрету; заттарды зерттеуге қызығушылықты ояту, жаңаны
тануға, өзіне сенімділікке баулу; командада жұмыс істей білуге
дағдыландыру; көрнекі-қимылдық ойлауды және шығармашылық қиялдауды
дамыту.
Көрнекі
құралдары: Бағдаршам, фетр материалынан
жасалған үлестірмелі карточкалар, түрлі түсті
шарлар.
Ойын
түрі: Педагогтың жетекшілігімен
өткізілетін ойын.
Шаттық
шеңбері:
Дөңгеленіп
тұрайық,
Шеңберді біз
құрайық.
Қол ұстасып
бәріміз,
Ақ тілекті
жолдайық.
Қайырлы күн
,бақшамыз!
Қайырлы күн,
достарым!
Топқа шар ұшып келеді. Шарға
жұмбақ жасырылған хат байланған.
Педагог: Балалар мына шарға қараңдаршы
бұл шарда бізге арнап жазылған хат бар екен. Қане көрейікші. Хаттың
ішінде жасырылған жұмбақ бар екен. Ал мен жұмбақты оқиын мұқият
тыңдаңдар.
Жұмбақ: Өзі сөйлей
білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!»
дейді.
Балалар: Бағдаршам деп жауап
береді.
Педагог: Ал олай болса тобымызға
бағдаршам қонаққа келіпті. Балалар жақсылап қарсы
алайық.
Бағдаршам:
Тақпақ
Күндіз түні
жанамын
Дабыл беріп
бәріне.
Үш түрлі түсім
бар
Белгілі жаспен
кәріге
Мен бағдаршам
боламын.
Бағдаршам бізге не үшін
қажет?
— Ал, жолдан өту барысында не
істеуіміз керек? Бағдаршамның қандай түстері бар және олар не
бұйырады?
— олай болса, астындағы
тапсырманы орындайық.
1- тапсырма: Ойын:
«Бағдаршамның көздерін дұрыс орналастыр»
Балалар бағдаршамның көздерін
ретімен орналастырады.
Сергіту
сәті:
Біздер жолға
шығайық
Ұзын, қысқа
жолдарды
Біліп біздер
алайық,
Қызыл жанса —
тоқтаймыз,
Сары жанса –
дайындал
Жасыл жанса – топ – топ басып
жүреміз
Бағдаршаммен бірге қайталап
айтып жаяу жүргіншілер жолымен өтеді.
2- тапсырма: Ойын «Шарларды
жинау»
Бағдаршамның бұйрығына бағыну
керекпіз.
Қызыл — тоқта, сары — күт,
жасыл — жүр дейді.
Күтілетін
нәтиже: Жаңаны тануға ұмтылады,
заттарды қызығып, қуанып зерттейді;