Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бағдаршам-көшедегі көмекші.

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп алды даярлық тобы тәрбиешілері үшін ҰОҚ -не қосымша материал.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Батыс Қазақстан облысы.Орал қаласы.

Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің

МАД 0 «Б» тобы тәрбиешісі: Адилова Самал Сансызбаевна.

Білім беру саласы :Коммуникация.Шығармашылық.

Білім беру бөлімі:Сөйлеуді дамыту.Жапсыру.

Тақырыбы: Бағдаршам –көшедегі көмекшім!

Мақсаты: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау.Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау.Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу.Жолда жүру ережелерін түсіндіру,бағдаршамның көздерін ажырату,жол белгілерімен таныстыру .

Қолданылатын көрнекі құралдар: көліктердің суреттері,жол белгілері.

Алдын -ала жүргізілетін жұмыс: Жол ережелері туралы әңгіме жүргізу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері:түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап.

Билингвалды компонент: бағдаршам – светофор – traffic light

Оқу қызметі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қызығушылық

Шаттық шеңбер:

Қайырлы таң, балалар!

Бүгінгі күн қандай керемет!

Кәне, барлығымыз бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық. Бүгінгі күнді жақсы өлең жолдарымен бастайық.

Күлімде, Күн, күлімде,

Жер жасарып көгерсін.

Кешегідей бүгін де

Қанат қақсын көгершін.

Бірге қайталайды.


Ұйымдастырушы

лық-ізденістік












Жұмбақ жасыру:

Педагог балаларды тыңдап, қорытынды жасайды.

Қала көшелерінде мәшине көп,қарбаласып жатқан тірлік.

Қалай ойлайсыңдар, бізге апатты жағдайға ұшырамай, жолдан дұрыс өтуімізге кім көмектеседі?

Біз жол жүру ережелерін сақтап, жолда мұқият болуға, көшені кесіп өтерде бағдаршам белгісіне қарауға тиіспіз.

Егер жол жүру ережелерін сақтамасақ, не болуы мүмкін?

Ғажайып сәт:

-Балалар,бізге қонақ келген сияқты.Бұл жол сақшысы екен.Сендерге жолда жүру ережесінен толық мағлұмат беруге келіпті.

Жол сақшысы:

-Жолда келе жатқанда өткел тар болса,кездескен үлкен кісіге жол бер.

-Балалар,велосипедпен көшеде жүруге болама?

Қала көшелерінде келе жатқанда абай бол!Асықпа.Тек жол жиегімен жүру керек.

-Келе жатқан көліктердің алдынан өтуге болама?

-Автобусқа міну тәртібін білесіңдер ма?

Тақпақты қайталау:

Есігінене артқа,көлікке сен мінгің.

Дәл осы бір салтты ,құлағыңа салғың.

Кезекте сен алға,артқы есіктен кіргің.

Енді есіктің алдыңғы,түсеріңді білгің!

Суретпен жұмыс:

-Автобус бейнеленген таңбаны көріп тұрсыңдар,автобус,трамвай,тролейбус көп көліктерді аялдамадан күту керек.

(Ұ) Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Суретті қарап, әңгімені тыңдауды ұсынады.Әңгімені жалғастыр.

Педагог 5-6 баланың әңгімесін тыңдайды. Жол жүру ережелерін құруды ұсынады.Ережелерді берге талқылау.

Көптілділік: бағдаршам – светофор – traffic light

Сергіту жаттығуы:

Бип-бип-бип дейді,

Жолдан былай тұр дейді.

Алға қарай ұмтылмай,

Машинадан қаш дейді.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Әр суреттегі бағдаршамның қажетті түсін боя.

Қимылық ойын:

Жол сақшысы:

-Балалар мен сендерге «Сақ бол»ойынын әкелдім.

Шарты : әуенмен бәріміз шеңбер құрып ортаға шығамыз.Жол тәртібін реттейтін бағдаршам және жаяу жүргіншілер қажет.Жасыл түсті көрсетккенде жүреміз,сары тусте қол шапалақтаймыз,ал қызыл түсті көрсеткенде барлығымыыз тыныышталамыз.

Жол тәртібін білейік,

Аман есен жүрейік!-деп қоштасып шығып кетеді.

Шығармашылық сәт: «Бағдаршамды құрастыр!»

Геометриялық пішіндерден бағдаршамды құрастырып жапсыру.



Бағдаршам.


Автобуспен,машинемен.



Бағдаршам.


Балалардың жауаптары.





Жол сақшысымен амандасады.






Мұқият тыңдайды.


Жоқ.


Ия.

Суретке қарап мұқият тыңдайды.




Қайталайды.



Әңгімені мұқият тыңдап,өз ойларын айтады.


Үш тіілде жаңа сөздерді қайталайды.

Сергіту сәтін орындайды.

Суретті бояйды.




Ойынға қызыға қатысады.





Жол сақшысымен қостасады.


Пішіндерден бағдаршам құрастырып,жапсырады.

Рефлексиялық- түзетушілік

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.

Балалардан бағдаршамды түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын


Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар

Күтілетін нәтиже:

Жаңғырта алады: Сөздердің мағыналарын түсінеді, сұрақтарға жауап

береді. Әңгіме құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді..

Түсінеді: Бағдаршамның түстерін ажырата алады.

Қолданады: Берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжамдайды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2019
1867
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12