«№7 «Тұран мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
География апталығының
ашылуы
Тақырыбы:
«Байлығын да, барын-
нарын тарту еткен - қадірлегің, қастерлегің Жер
Ананы!»
Дайындаған: Оспанова
Фатима
География пәні
мұғалімі
2018-2019 оқу
жылы
Тақырыбы: «Байлығын да, барын-
нарын тарту еткен - қадірлегің, қастерлегің Жер
Ананы!»
География пәніне арналған 3-8
қазан аралығында өткізілетін мектепішілік апталықтың
ашылуы
Мақсаты:
1. Оқушылардың география
пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Оқыту кезінде алған
білімдерін қорыту және тереңірек дамыту.
2. Оқушылардың бойында
салауатты өмір сүру жайлы түсініктерін қалыптастыру, өз денсаулығы
үшін өздері жауапты екенін айту.
3. Оқушыларды экологиялық
мәдениетке және табиғатты қорғауға, аялауға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: сурет
көрмесі,
презентация-слайд, музыка , гүлдер, шарлар
Барысы:
1.
Апталық жоспарымен таныстыру
2.
Пәндер туралы оқушылардың таныстыруы
Тұран ұландары. Хор.
«Атамаекен» әні орындалады
Жүргізуші ортаға
шығады:
1-жүргізуші:
- Құрметті оқушылар мен
ұстаздар! қазан айының 3 мен 8 күндері аралығында география
пәнінің«Байлығын да, барын- нарын тарту еткен - қадірлегің,
қастерлегің Жер Ананы!» атты мектепішілік апталықтың ашылуы
салтанаттына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші Қазіргі таңда
география ғылымының түрлі салалармен байланысты екені баршамызға
мәлім. Пәнді оқу арқылы әлемнің бүкіл елі туралы мағлұмат алып,
білім қорымызды көбейтіп жүргеніміз анық.
Видеоролик «Еліміздің әсем
табиғатына саяхат»
Уа,
халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі апталық төрінде,
Жұмбақ шешіп аңдысып…
Шабыттанып шалқысып,
Көңілді апталық жасайық,
Жұмбақ шерді шашайық.
Ат
салысып аянбай,
Бар
өнерге басайық -дей отырып 10 сынып оқушылары Айман мен
Шолпанның жыр шашуына кезек берелік.
2-жүргізуші:
Апталықты бастаймыз.
Білім құмар достарым қызыққа толы
сұрақты
Алдарыңа тастаймыз.
Сұрақ сырын тереңірек ұғайық,
география құрметтеуге лайық!
деп біраз жаратылыстану пәндерінен білімімізді сынап көрейік
достар! Жауап берушілерге сыйлықта
беріледі
Аралайық
әлемді,
Берем дерек,
дәлелді.
Табыңдаршы
өздерің
Жұмбақтадым кай
елді?
Айтыңдаршы ал
енді,
¥лы қорған бар
елді.
(Қытай)
Айтыңдаршы ал
енді,
Кенгуруі бар
елді.
(Австралия)
Айтыңдаршы ал
енді,
Астронавтары бар
елді.
(АҚШ)
Айтыңдаршы ал
енді,
Тундрасы бар
елді.
(Ресей)
Айтыңдаршы ал
енді,
Пирамидалар бар
елді.
(Мысыр)
Айтыңдаршы ал
енді,
Ламалары бар
елді.
(Перу)
Жері шағын
өте,
Сонда да ел
жеке.
(Люксембург)
Айта койшы ал
енді,
Су перісіне
орнаткан
Ескерткіші бар
елді.
(Дання)
“Мың бір түнді” айтқан
әйел,
Шыққан жері қай
ел?
(Ирак)
Айта койшы,
әлемде
Ең үлкен қала қай
елде?
Мексика,
Мехико)
Сілкінетін жері
көп,
Шектесетін елі
жоқ.
(Жапония)
Доп
сынды келбеті,
Онда бар түп – түгел,
Әлемнің келбеті
Ол
не? Ол Глобус
2-
оқушы: Қаласы бар, елі жоқ,
Даласы бар шөбі жоқ.
мұхиты бар, суы жоқ,
орманы бар , нуы жоқ.
шыңдары да теп тегіс,
кең
жазықтан әралуан
шығысы мен батысты
бар
әлемді табасың,
Өзің таң болып қаласың.
Бұл? Карта
2-жүргізуші: «Адамзаттың жер бетінде сақталып
қалуы адам жүрегін өзгертумен байланысты « - деген екен бір
данышпан кісі. Ендеше барлығымыз Жер Анамызды, табиғатты қорғауға
бір кісідей атсалысайық!
«Қазақ елі» әні
орындалады.
1-жүргізуші: Оқушылар апта
бойында түрлі тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды, апта соңында
марапттау болады. 10- сыныптар «Шаңырақ» жобасы бойынша
мектебіміздің болашақтағы макетін жасаса, 9-сыныптар мектеп
ауласының тазалығы жайлы жобаны қорғайтын болады. Ал басқа пән
ұстаздары өз пәндерін география пәнімен байланыстырып, екі пәннің
байланысын көрсете алуы керек.
2-жүргізуші: Осымен, «Байлығын
да, барын- нарын тарту еткен - қадірлегің, қастерлегің Жер
Ананы!»атты апталығымыздың ашылу салтанатын жабық деп жариялаймыз!
Апта бойында түрлі іс-шараларға қатысуға шақырамыз және баршаңызға
сәттілік тілейміз.
Еліміздің әсем
табиғатына саяхат
(Видеоролик
фотосуреттері)