Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Байлықтың бәрі күзде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға күзгі ерешеліктер туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Байлықтың бәрі күзде» атты ертеңгілігі.
Әдемі сазды әуен ойнап тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге сахна жақтан кіріп орындықтарға жайғасады.
Жүргізуші:
Қайырлы күн! Армысыздар, құрметті ата - аналар мен балалар! Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді. Күзді құрметтеп, қуанышпен қарсы алайық. Бүгінгі «Байлықтың бәрі күзде» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! ( залдағы жапырақтарды көрсетіп) Қараңдаршы бүгін біздің залымыз қандай әдемі болып кеткен. Біздің залымызға әдемі жапырақтар төселген. -Балалар күз мезгілінде жапырақтардың түсі қандай болады?
-Жапырақтар сары түске енеді. - Сары, қызыл сары жапырақтар қай мезгілде түседі?
- Күз
Қараңдаршы балалар,
Қуантырып біздерді,
Мерекелі күз келді.
( осы кезде күз ханшайым әдемі әуенмен кіреді)
Күз ханшайымы: Мен күз ханшайымымын сендерді көргеніме қуаныштымын, балақайлар. Мен сендердің әрқайсыңды жақсы танимын, сендердің әдемі жапырақтар теріп жүргендеріңді үнемі көріп жүремін. Ал сендер мені танисыңдар ма?
Жүргізуші: Әрине қымбатты күз ханшайымы! Біздің балалар сіз туралы, күздің байлығы туралы тақпақтар, әндер, билер біледі. Ойын да ойнай алады. Отырыңыз, тыңдаңыз.

Нәби Алқаптан бидайды, Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген, Ұнатам күзді мен.

Алижан Күзім - ау, күзім – ау,
Мінезің бұзық – ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау.

Марғұлан Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерді жинауға,
Шақырады біздерді.


Күз ханшайымы сенде құр алақан келмеген боларсың?

Ия, мен өзімнің кешкентай жапырақтарым мен «Жапырақтар» биін алып келдік, қарсы алыңыздар.


Айда Құстар қайтты ән салып, Бұлт шарлады аспанды. "Қыс келді" деп жар салып, Күзгі суық басталды

Гүлім Ой, алақай, тамаша , Шашу шашты жапырақ. Бақтың іші алаша, Аунар ма еді жатып ап!

Сымбат
Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.


Ал, енді барлығымыз бірге бүлдіршіндердің күзгі сән үлгілерін тамашалайық.
Қарақат Берекелі , мерекелі,
Келді жомарт алтын күз.
Қала да , дала да, Жанның бәрі жарқын жүз.
Тимур
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан - алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Сальсабин Ой , балалар, балалар , Қоңырқай күз келіпті. Қурап жапырақ солыпты, Ел егінін орыпты.

Күз ханшайымы: Сендер әдемі әндер, тақпақтар айтып жатырсыңдар. Мені осыншалықты жақсы танитындарыңа қатты қуанып тұрмын. Қане тағы тақпақ айтатын балалар бар
ма?

Ия күз ханшайымы біздің балалардың тақпақтары көп, келіңдер айтағойыңдар.

Сырым Сап –сары маңай , Сап-сары тоғай, Соңғы әнін айтып , Күз кетті қайтып.

Айзере Қыстың жақын қалғанын, Жапырақтар білгендей. Желмен ұшып барады, Жерге қонып үлгермей.

Асылбек Дала сары киінді, Самал соқты салқындау. Қырмандарға үйілді, Алтын астық, Алтын тау.

Жүргізуші:Балалар күз мезгілінде жаңбыр көп жауады. Жаңбырда біз қолшатыр ұстаймыз. Ендеше әсем қыздарымыздың орындауында "Қолшатырлар" биін тамашалайық.
Әдемі музыка әуенімен ( күз самалы) кіреді.
Мен күз самалымын,
Бәріңе сәлем бердім.
Өңменіңнен өтетін,
Күзгі суық желмін.
Жүргізуші:Күздің тентек самалы, ашуыңды баса тұр, тал басындағы барлық жапырақтарды түсіріп болдың. Тентек болмай балалармен бірігіп « Кім жылдам» ойынын ойнашы, келісесің бе?
- Ия, ойнайық.

Ойынның мақсаты:
Шашылған жапырақтарды балалар тез арада музыка әуенімен жинап болуы керек.( 3 бала, желмен төрт адам шығып ойнауға болады).
Самал жел: Ал балақайлар, сендер ойынды жақсы ойнай алады екенсіңдер. Менің ашуым тарқады. Енді менің кетуім керек. Біз әлі кездесеміз.

Күз ханшайымы: Қане балалар, күзгі желдің ұшып кетуіне көмектесейік. Қане қатты үрлейік.( Уф - уф - уф)

Жүргізуші: Нұрдәулет, Інжу тақпақтарыңды айта қойыңдаршы

Нұрдәулет

Мынау алма айналдым,
Түрлі - түрлі болатын.
Бірі ерте бірі кеш,
Кезектесіп салатын.

Інжу

Мынау алмұрт ақылдым,
Күзде жинап алатын.
Балбыраған біреуін,
Жесең тойып қалатын.

Күз ханшайымы:
Менің есіме мына тақпақтан кейін түсті. Менің сендерге әкелген сиқырлы алма, алмұрттарым бар. Бұл жемістер сендерге денсаулық, шаттық, байлық әкелсін. Қазір топқа барғасын жерсіңдер. Менде кетуім керек, қыс ызғары жақындап келеді.

Жүргізуші:Күз ханшайымы, саған мың алғыс. Бүгінгі сыйлығыңа рахмет. Біз сізді сағына күтеміз.
Алма, өрік, көкөніске,
Толтырды әкеп, Алтын күз.
Дастарханы таба нанға,
Айналыпты « Алтын күз».

Бүгінгі «Байлықтың бәрі күзде» атты ертеңгілік мерекесімен құттықтаймыз. Ертеңгілікке ат салысқандарыңыз үшін бүлдіршіндер атынан рахмет айтамыз.
(Музыкамен шығып кету)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.10.2020
273
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12