"Бәйтерек" ересек тобымен өткізілген "Тілдер мерекесі"ертеңгілігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бәйтерек" ересек тобымен өткізілген "Тілдер мерекесі"ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі жастағы балалардың Қазақстан Республикасы жайлы, осында тұратын әр ұлттың халқы мен ана тіліне құрмет көрсетуге үйрету. Достыққа , мейірбандылық пен татулыққа тәрбиелеу. Отанымыз туралы түсініктерін қалыптасыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі күнініе арналған

«Ана тілім – айбыным!» атты ертеңгілік

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып, танымдылық қабілеттін арттыру.

Басталуы: Салтанатты әуен ойналады. Ортаға жүргізуші шығады.

Сәлемдесу:

Чао-  итальянша,

Бонжур-  французша,

Ола- испанша,

Шалом- ивритше,

Гутен таг- немісше,

Привет- орысша,

Сәлеметсіз бе-қазақша,

Hello- ағылшынша,

Моши - жапонша.



Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер және аяулы балалар?! Бүгінгі, Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне арналған «Ана тілім – айбыным!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту – баршамыздың міндетіміз және парызымыз.

Ғажайып сәт: Есік қағылып, қолына сөмкемен блакнот ұстаған қонақ келеді.

Жүргізуші: Балалар бізге қонақ келіпті. Ол бізге басқа мемлеккеттен ұшақпен келген екен, қанекей сәлемдесейік.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар?!

- Сәлеметсіз бе?

- Бұл қай мемлекет?

- Қазақастан Республикасы.

- Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?

- Астана қаласы.

- Мен сендердің мемлекеттерің туралы көп білгім келеді. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

- Ия, көмектесеміз.

- ҚР Елбасы кім?

- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

- ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл?

- Қазақ тілі.

Жүргізуші: Қане, балалар қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік.

ХОР: ҚР әнұраны орындалады.

Жүргізуші: Ана тілім – ерлігім,

Ана тілім – елдігім.

Ана тілім – болмаса,

Бүтінделмес кемдігім! – деп, Қадір Мырза Әли жырлағандай, Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезінуі қажет. Ал, ана тіліміз туралы қандай тақпақ білесіздер? Қонағымызға айтып берейік.

 

1-бала: Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,

Қасиетті тіліміздің бәрін біл.

Ана тілді құрметтеңдер адамдар,

Заманға сай өзге тілдің бәрін біл!

2-бала: Ана тілім – жүрегісің анамның,

Жүрек – ана мен өзіңмен жаралдым.

Өсірген ой-білімді, сүйем туған тілімді,

Мақсат етем әр сөздің, мәнін терең білуді.

3-бала: Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің.

 Жүргізуші: Халқымыз қашанда тіл өнеріне, шешендікке зор мән берген. Ана тілімізді атақты билер, ақындар мен жыраулар ұйқастыра өлеңдетіп жырлаған. Қазақ халқының атақты үш биі тіл туралы сөз айтқан.

Ортаға ұлдарымызды шақырып «Қазақ батырлары» биін орындап, қазақ халқының батыр жігіттерін таныстып өтейік

Біздің ғаламшарда қанша ұлт тұрады, сонша да тіл бар, әр ұлттың  ана тілі бар

Ана тілің, біліп қой,

Еркіндігің теңдігің,

Ана тілің, біліп қой,

Мақтанышың, елдігің

-Бүгін «Тіл мерекесі күнің»  мейрамдаймыз. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап,мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған, Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту, құқығының негізі бекітілген.

Сұрақ-жауап. Біз қай Мемлекетте тұрамыз? Ия, дұрыс, Біз бәріміз Қазақстан Мемлекетінде тұрып әр тілде сөйлейміз.Біздің Отанымыз  көп ұлтты  Мемлекет.Отан туралы тақпақты айтып беріңдер!

«Арқан тарту» ойынды ұйымдастыру

-Бәріміз бейбітшілікте, татулықта  және сабырлықта тұрсақ,  әр халықтың

мәдениеті  дамып салт-дәстүрлері сақталынады.

«қыз қуу», қимылды ойындарды ұйымдастыру

Ғаламшарда өте көп тілдер бар қытай тілі, жапон тілі. Біз балабақшада ағылшынша сөйлеуге  үйреніп жатырмыз. Біздің елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  «үш тілді білуге қажет», деп ұсыныс берді. Болашақта ағылшын тілі   сендерге өте  қажет болады



Бәріміз бір -бірімізге жақсы күнді тілейін»




























МКҚК «Арайлым» балабақшасы

















«Бәйтерек» ересек тобы

«Ана тілім – айбыным!»

атты ертеңгілік



















Тәрбиешілер: Хадыр Марал

Утемисова Жанерке





Ақкөл 2020

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.10.2020
645
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі