Бактерияларды жіктеу. Ауру тудыратын бактериялар.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бактерияларды жіктеу. Ауру тудыратын бактериялар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабак пайдалануга арналган
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы Бактериялардың жіктелуі. Ауру тудыратын бактериялар. Олармен күресу жолдары.

Сабақтың мақсаты: Ауру тудыратын бактериялармен күресу жолдарын түсіндіру.

Сабақтың Сабақтың дамытушылығы: Қазіргі кезде ауру туғызатын бактериялардың түрлерімен және олар мен қалай күресу керек екенін көптеген деректер арқылы оқушыллардың біліктілігін арттырру

Сабақтың тәрбиелігі: Оқушыларды салауаттылық салтын ұстну арқылы , денсаулықтарын күтуге үйрету.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі.

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: Интереактивті тақта, кестелер.

ІІ Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру:

Жаңа сабақ түсіндіру тақырыбың : §4. .:

Қорытындылау:

ІІІ. Үй тапесырмасын тексеру.

1 Тірі ағзалар қалай жіктеледі?

2. Ядроларға қандай ағзалар жатады?

3. Бактерилар тірі ағзалардың қандай тобына жатқызылады?

4. Сапрофитті бактериялар деп қандай бактерияларды айтамыз?

5. Бактериялар қалай көбейеді?

Қорытынды.

Жаңа сабақ.

Адамдарды жануарларды өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын бактериялар тобы ауру туғызатын бактериялар деп аталады.

Бактериялардың оба, сіреспе, туберкулез, іш сүзек, баспа, топалаң. т.б. сияқты ауруларды туғызатын ертеден-ақ белгілі болды. Ауру туғызатын бактериялар адам денесіне енген соң

оның ағзалық затымен қоректеніп, тез көбейе бастайды.

Сөйтіп өзінен бөлінген улы заттармен ағзаны улайды( мысалы, баспа мен сіреспе аурулары кезінде, ағзаның қанайналымына улы заттар шығарады). Қан улы заттарды ауру

адамның бүкіл денесіне таралады. Ауру туғызатын бактериялар ауада, суда, тағамда болатындықтан, солар арқылы сау адамдарға жұғады. Көпшілік, орындарда, бөлмеде

неғұрлым ауа таза болса, соғұрлым адамдар аз ауырады. Оба мен көкжөтел бактериялары ауада тез жойылады. Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп, шаңмен бірге ауаға таралады. Сондықтан үйді, сынып бөлмесін күнде желдетіп отыру қажет. Оба бактериясы топырақта 25 күнге дейін, ал іш сүзегі бактерясы 3-айға дейін сақталады. Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай уруын індет(эпидемия) дейді. Тек медицинаның қарқынды дамуының нәтижесінде ғана микробиология өнер кәсібінде микроптармен күресу шаралары табылады. Ауру туғызатын бактериларды жоятын қасиеті бар іш сүзегіне, дизентерияға қарсы қолданатын дәрілер алынды. Дәрі адам денесіндегі бактерияларды өлтіреді, сөйтіп адам ағзасын жұқпалы микроптардан тазартады. Қазіргі кезде жұқпалы ауруларға арналған дәрәлердің жаңа түрлері өндірулерде.

Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы-тазалық ережелерін сақтау. Мысалы,

қайнамаған, лай су ішпеу. Тамақ ішер алдында қолды жуу. Киімді таза ұстау, ағзаны шынықтыру. Дененің жарақаттанған жеріне дереу иод жағу, тағамдарды көгеруден сақтау

және т.б. (Ауасы тазарған бөлмеде бактериялар саны 13-есе азаяды.) Бактериның басқа түрлері сары ауру, қызамық, құздама(ревматизм) ауруларын туғызады. Бұл бактериялар турлері де ауа арқылы таралады. Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды 1882жылы Р.Кох анықтады. Туберкулез жұқпалы ауру болғандықтан, сілекей тамшылары арқылы таралады. Мал туберкулезбен ауырғанда бұл ауруды қоздыратын бактериялар адам денесіне сүт арқылы беріледі. Тамақ, су арқылы сүзек, саль

монелла ауруларын қоздырушы бактериялар жұғады. Қантышқақ( дизентерия) ауруын дизнетерия бактериялары қоздырады. Ауру сиырдың сүті арқылы сарып (бруцеллез) ауруы таралады. Кейде сүрлемеленген көкөністің құрамында кездесетін клостериум, ботолинус бактерияларының споралары жоғары температурада қацйнатқаннан кейін

де сақталады. Тығыз жабылған ыдыстың ішінде дамуын жалғастырады да улы заттар бөледі. Мұндай тағам адам дарда ботулизм ауруын туғызады. Ондай кезде адам қазаға ұшырауы мүмкін. Пенициллин дәрісін (антибиотик) қабылданғанда ауру қоздырғыш батериялар тіршілігін жояды. Сондықтан да бактериялар қоздыратын түрлі ауруларды пнициллин, ампициллин, бисептол сияқты дәрілермен емдейді. Адамға суық тиіп ауырғанда ағзада бактерилар көбейіп кетеді.Сондықтан ол ауруды антибиотиктердің көмегімен2-24 сағат арасында жазып жіберуге болады. Ертеде (vі-ғасырда) Қытайда басталып, Еуропаға таралған оба ауруы күніне (үлкен қалаларда) он мыңдаған адамдардың қазаға ұшырауына себепші болған.Бактериялардың көптеген түрі өсімдіктерді де зақымдайды, ол ауруды бактериоз дейді. Олар бау –бақша, техникалық жеміс-жидек өсімдіктерін зақымдап, зор нұқсан келтіреді. Бактериялар өсімдіктердің сабағын, тамырын, жемісін шірітеді. Өсімдіктердің бактерия ауруларына қарсы негізгі

күрес шаралары-тұқым ды себер алдында улы химикаттармен өңдеу, ауруға төзе алатын іріктемелерді таңдап алу. Бактериялар мақта өсімдігінде гоммоз(шайыр ағу) ауруын туғызады. Мақта тұқымында сақталған спорасы тұқымымен бірге өнеді.Мақта сабағын, жапырағын, қауашағын зақымдайды да, ірі қоңыр қошқыл түсті дақтар пайда болады.

Оның беті сілемейленіп, жабысқақ болып тұрады, онда бактерилар шоғырланып, кеуіп

қабыршақтанады. Одан соң жел ұшырып, екінші өсімдікке жұғады. Жапырнағындағы

лептестік саңылауы арқылы бактерия ішке өтіп, жасуша қабығы және цитоплазмасымен қоректенеді. Бұл ауруды болдырмау үшін мақта тұқымын үнемі химиялық заттармен

өңдеп отыру керек. Ғалымдар грек жаңғағы, жиде, терек, қарағай ағаштарының жапырақтарынан бөлінетін заттардың бактерияларды қырып жіберетінін анықтаған.

Қорытынды: Сондықтан үйде мал қораның жанына ағаш отырғызып, өсімдіктер егу қажет.

Үйге§4 оқып оқулықтағы тапсырманы орындап келу.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
16.12.2017
1655
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі