Бала - ата-ана мен отбасының айнасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бала - ата-ана мен отбасының айнасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесі мәселесінде ата-аналар арасында толық келесім болуы шарт. Бала-ата-анасы мен отбасының айнасы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей үйдегі тәрбие сыртқы көріністің айнасы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала-ата-ана мен отбасының айнасы

«Тәрбие-тәңір аманаты» - дегендей балаға дұрыс тәрбие беру-ата-ананың моральдық қана емес,заң жүзіндегі міндеті болып табылады.

Бала тәрбиесі мәселесінде ата-аналар арасында толық келесім болуы шарт. Бала-ата-анасы мен отбасының айнасы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей үйдегі тәрбие сыртқы көріністің айнасы. Баланы жасынан еңбекке баулып, оның бойынан адамгершілік пен рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлқын және күн сайын сыпайылыққа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке, адам бойындағы барлық жақсы қасиеттерге балаң кезінен қалыптастырып отыру қажет.Отбасындағы салауаттылық, тазалық пен тәртіп, отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруы,ұстамды болуы барлығы да ата-анасының мәдениеті мен сауалаттылығына байланысты. Баланың бас ұстазы-ата-анасы. Сондықтан ең алдымен отбасындағы салауаттылық дұрыс орналасу керек. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»,-демекші ұл бала әкесіне, қыз бала анасына қарап өседі. Сол себепті, ата-ана әдептілікте, имандылықта, өзгелермен қарым-қатынаста перзентке үлгі болуы қажет. Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ан махаббатты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі- тәрбие беру.Тәрбие тал бесіктен басталады. Баланы бесіктен тәрбиелеу қажет. Ал тәрбиесіз бала пайдасыз болып қалмай, зиянды адамға айналып, қоғамға бір зиянын тигізері сөзсіз. Сондықтан, отбасы адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Қисық болып өскен шыбықты түзету оңай, ал үлкен ағаш болғанда түзеткіміз келсе де түзете алмаймыз. Сол себептен де баланың жасынан жақсы болып өсуіне күш салуымыз керек. «Адамның адамшылдығы-ақыл, ғылым,жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»,-деп Абай атамыз айтқан екен, әрине, оған ұстаздардың да қосар тәлім-тәрбиесі мен ықыласы ерекше. Ендеше, ағайын, баланы жасынан қоғамға қажетті азамат етіп тәрбиелеу-барлығымыздың борышымыз.

Зкенова Гульняз Шариазденовна

Павлодар қаласы №15 жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдибиет мұғалі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2018
578
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі