«БАЛА – БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ»
мектеп пен шағын орталық арасындағы сабақтастық
Есболганова Ш.К.
Өтетін күні: 30.01.2023ж. сағ.12:00
Кез келген тақырыпқа кіріспес бұрын оның алдында қандай тақырып тұрарын ескеру қажет деп ойлаймын. Мектеп пен шағын орталық арасындағы тақырыптан бұрын ұстаз, тәрбиеші мен ата-ана арасындағы байланыс туралы бірер сөз.
Бүгінгі таңда ата-аналардың бала тәрбиесінде олардың бір-біріне айтар ақыл кеңестері ауадай қажет. Ол үшін ата-аналар өз балалары тәрбиелеуде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды өзінің басты міндеті деп санауы тиіс, жәнеде осыған ұстаздар тарапынан ықпал жасалынуы қажет. Өйткені, ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектеп ұжымдарының оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижесіне байланысты болып келеді. Ол өз кезегінде мектептегі оқу-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсартуда отбасы мен мектептің ынтымақтастықта жұмыс істеуін қажет етеді. Сондықтан да мектептің ата-аналармен өзара қарым-қатынасының ерекшелігі, осы екі жақтың тығыз өзара байланысы мен белсенді әрекетінің бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып мұғалімі және сол сыныптың тәрбиешілері қамтамасыз етеді. Олар мектеп пен отбасы арасындағы ұйымдастыруда жетекші роль атқаруы тиіс. Ол үшін өзара сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық таныту қажет.
Негізгі тақырыбымызға оралайық. Жиын сайын сөз сөйлеуге болады, бірақ одан қорытынды да шығара білуіміз керек. Тойдағы тілектер іспетті тек оң тұстарын айтып қана қоймай, кемшіл тұстарына да кірісіп көрелік. Бұл жеке мекемеге қатысты пікір емес, жалпыға қатысты болмақ. Адамның адамшылығы жақсы ата-ана мен білікті тәрбиешіден. Тәрбиенің таразы секілді екенін ескерсек, екі басының тең түсуіне көп көңіл бөлген абзал. Тәрбие ісіндегі ең басты жауапкершілік өздерінде екендігін ұмытып, баласының мінез-құлқы үшін қоғамға кінә артатын ата-аналардың кездесіп жататыны өкінішті-ақ. Осы тұста мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз ететін шағын орталықтың жұмысын бағамдап көрейік.
Сенат депутаты Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ: Әлемдік банк зерттеуі бойынша елдегі оқушылардың 1 пайызы ғана сапалы білім алып жатыр. Оқушыларымыздың басым бөлігінің таңдау жасау мүмкіндігі жоқ. Олар, негізінен, екі не үш ауысымдық мектептерде білім алып жатыр. Бұл өзекті мәселе. Яғни, шағын орталықтың осы тұста оң жағы бар. Шағын орталықта оқитын баланың ауысымсыз толық күнін тануға, білуге арнауына жағдай жасалынған. Ал, ауысымды даярлық сыныбының оқушысы шектеулі уақытта ғана білім ала алады. Бұл – дұрыс тұжырым.
Бірақ, тәрбиеленуші мен білім алушының арасында бірнеше айырмашылық бар. Шағын орталықта бір ғана тәрбиеші қарамайды, бірнеше тәрбиешінің қарамағында болады. Бұл – «қойшы көп болса, қой арам өледі» дегеннің сыйқы секілді. Тәрбиешінің жұмысы осы тұста ауырлайды, ауырлығы ойын-сауыққа құрылған бағдарламада нақты білім беру мүмкін емес. Ал, мектептегі даярлық сыныбы – тікелей білім береді.
Ойын баласының шағын орталықта тәрбиеленуіндегі кедергі сол. Ал, оны оңтайландыру үшін арнайы ойын-сауықтық бағдарламаны қарау керек. «Жыламаса, шағым айтпаса болды» деген пікірді алып тастап, келешекте келелі жетістіктерге жетелейтін кемел білім қамалының іргетасын қалау қажет. Ұлттық құндылықтар негізіндегі нақты бағдарламаларды әзірлеп, сол жоспар негізінде жұмыс жасасақ, шағын орталықтың айтарлықтай көрсеткіші көрінер еді.
Мәселе осы. Ал, жалпы шағын орталық – таным ортасы деуге болады. Абай Құнанбаевтың қара сөзінде келтірілгендей «білсем, көрсем» деген мінезбен туған бала осы орталықтан көріп, біліп келеді. Еркелігін жеңіп, еңсесін тіктеп, парта алдында отырудың жөнін білетін оқушылар шағын орталықтан келеді. Мектеп пен шағын орталық арасындағы байланыс үзілмеуі керек, бұл мекеменің ғана емес, елдің болашағына да әсер етер байланыс.
Бала – біздің болашағымыз екені анық. Мұғалім болу – бөлек, ұстаз болу – басқа. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арттыру саясатын тікелей жүзеге асырушы. Ол – мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі. Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, жүріс-тұрыс мәдениетімен де, мектепте және мектептен тыс қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесі болып табылады.
Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бала - біздің болашағымыз

шағым қалдыра аласыз