жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Бала Абай" Мұхтар Әуезов әдебиеттік оқу 3 сынып
«№27 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
«Бала Абай» М.Әуезов
Әдебиеттік оқу
Шарипбаева М.М.
3 «А» сынып
Семей қаласы
|
Мектеп: |
«№ 27 ЖОББМ»КММ |
|||||||
|
Пәні: |
Әдебиеттік оқу |
|||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің есімі: Шарипбаева Мейрамгуль Маденовна |
|||||||
|
Сыныбы: 3 «А» |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
«Бала Абай» Мұхтар Әуезов |
|||||||
|
Оқу мақсаты |
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру. Мазмұнын түсініп,бала Абайдың зеректігін аңғарту арқылы оқушының ой-өрісін арттыру. 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып , белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу |
|||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Үзіндінің негізгі идеясын ашады. Мәтіннен сұрақтарға қажетті мәліметтерді табады. Көптеген оқушылар: Бала Абайдың зеректігін аңғарады, өмірге деген басқа көзқарас қалыптасады,кейіпкерлер арасында сұрақ-жауапқа құрылған диалог құрастырады, өздері сұрақ қояды. Кейбір оқушылар: Шығармашылық тапсырмалыр орындау арқылы өз ойларын жүйелеуге талпынады. |
|||||||
|
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындайды; мәтіннің тақырыбын анықтай алады, негізгі ойды табады; шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды; берілген тақырып бойынша ой қорытып, сын тұрғысынан бағалай алады. |
|||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Тілдік дағдылар: қазақтың бас ақыны |
|||||||
|
Терминология: ұлы ақын, аудармашы,ғалым |
||||||||
|
Сөз тіркестері: дәмді қылып, қызықтырып айтады |
||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
«Әдебиеттік оқу», «Дүниетану», «Музыка», «Математика» пәндерінен «Атақты тұлғалар» бөлімін өтіп жатыр |
|||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану. |
|||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру;
|
|||||||
|
Алдыңғы оқу |
Абай Құнанбаев туралы түсініктері бар. ( дүниетану, әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану) 2 сынып |
|||||||
|
Жоспарлан ған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар |
Ресурс Бағалау |
||||||
|
Басы 7 минут 2 минут 2 минут
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Әл-Фараби салған ізін жалғастырып, Ғылым қуған,өнер қуған- Біз боламыз! Абылай ханның көтерген туын жықпас, Елдің «Батыр» ұландары - Біз боламыз! Ыбырай ата,тәлімінен тәрбие алып, Білім қуған «Ағартушы» - Біз боламыз! Ұлы Абайдың өлеңдерін жаттап өскен, Рухты ұрпақ, ақын жанды - Біз боламыз! Бәрі бірге: Болашақтың жарқыраған жұлдыздары - Біз боламыз! Топқа бөліну.Гүлдің күлтешелері арқылы. 1-топ. «Ғалым» 2-топ. «Аудармашы» 3-топ. «Ақын» 4-топ. «Ағартушы» *топ ережесін еске түсіру «Бір адым артқа» әдісі бойынша үй тапсырмасын қайталайық. «Сиқырлы таяқия» әдісі арқылы үй тапсырмасы Ғафу Қайырбековтің «Алғашқы қоңырау» өлеңін топ бойынша сұрау. Дескриптор: - Өлеңді мәнерлеп оқиды. - Өлең мазмұнын түсінеді. - Автор туралы мағлұмат айтады. 1-топ «Ғалым» Ғ.Қайырбековтың өмірбаяны 2-топ «Аудармашы» Өлеңінің 1- шумағын оқиды 3-топ «Ақын» Өлеңнің 2 –шумағын оқиды 4-топ «Ағартушы» Өлеңнің 3-шумағын оқиды 2-топ «Аудармашы» 1-шумақ Өлеңнің 1-шумағын оқиды . Барлық оқушы зейін қояды. «Күмбірлерді, айлық жер, күндік жер, ілесіп, білім келді»./ оқушылар өздері сөйлейді /. Қорытындылау. Қоңырау үнімен бірге білімді Ыбырай атамыз алып келді. 3-топ «Ақын» 2-шумақ Өлеңнің 2 - шумағын оқиды. Тірек сөздер: Кім қаққан, қойнауын, шыңын, дүбірлетті. Ал кәне балалар, сонда қоңырауды кім қаққан екен? Қандай оймен қақты? Ыбырай ата бабаларымыз білімді, сауатты болсын деп қаққан екен. 4-топ. «Ағартушы» 3-шумақ Өлеңнің 3- шумағын оқиды. Тірек сөздер: Бар қазақ, Ыбырай, құшты. Ыбырай есімімен бірге қазақтың кең даласына білім келді. Еліміздің әр түкпірінен мектептер ашыла бастады . Қазақ балалары жаппай сауаттанды. Сол білімді ұрпақ арқылы қазақ армандаған тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақ елін әлем таныды. 1-топ. «Ғалым» Автордың өмір баяны - Ғ. Қайырбеков Қостанай облысы, Торғай қаласында 1928 жылдың 15 тамызында дүниеге келген. Алғашқы жинағы «Құрдастар» 1954 жылы, «Дала қонырауы» поэмасы 1956 жылы, «Жер астындағы жұлдыздар» өлеңі 1965 жылы жарық көрген.Сонымен бірге «Сарыарқа әуендері», «Дала қоңырауы», «Алтын бесік», «Бекет ата туралы аңыз» атты көптеген өлең жинақтары бар.Ғ. Қайырбеков – қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнекті ақын. 1. «Кел,балалар оқылық! өлеңін кім жазған? (Ыбырай Алтынсарин) 2. Қазақтың бас ақыны кім?« Осы тақырыптардың бәрін біз қандай ортақ тақырыптан өтіп жатырмыз? (Атақты тұлғалар) Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы « Бала Абай » Авторы Мұхтар Әуезов Мақсаты: Ұлы адамдардың өміріне қызығушылық, еліктеушілік,үлгі тұту, сұрақтар қою және жауап беру. |
Үлестірме қағаздар Мадақтау
Абай 175 жыл Мадақтау аудиожазба |
||||||
|
Ортасы 28 минут Дәптермен жұмыс. 8 минут |
«Болжау» стратегиясы бойынша суретпен жұмыс жасау. Диалог құрастыру.
Тыңдалым: «Қазақтың бас ақыны» Автор туралы мағлұмат Мұхтар Әуезов - жазушы,ғалым. Мұхтар Әуезов (1897-1961) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған.Балаларға арнап «Көксерек» және т.б. шығармалар жазған. Мұхтар Әуезов Абай туралы «Абай жолы» роман-эпопеясын жазған.Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шағы, шығармашылығы, сол кездегі қазақтың тұрмысы баяндалған. Мұхтар Әуезов Абай туралы: « ... Қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты», - деп жазды. Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шығыс облысында дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы уезіне аға сұлтан болған.Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таныды . Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның мешіт - медресесіне оқуға берді . Абай араб, парсы, тілдерін жетік білген.Қазақтың халықтық өлең –жырларын, ертегі , қисса, аңыз- әңгімелерін әжесі Зереден естіп, жастай жадында сақтады. Қазақтың бас ақыны – Абай (шын аты – Ибраһим) Құнанбаев. Одан асқан біз білетін ақын болған жоқ. Сөздің шырайлы,ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды,орынды болуына шыншылдық керек. Мағыналы,маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған. Ахмет Байтұрсынұлы Ұжымдық жұмыс Нұсқаулық: «Білемін, үйрендім» әдісі бойынша А.Құнанбаев туралы білімдерін ортаға салу.
Оқылым: Оқулықпен жұмыс. М.Әуезовтің «Бала Абай» әңгімесі оқылады. а) іштей оқу ( «Инсерт» әдісі бойынша түсінбеген сөздерін түртіп алу) Сөздік жұмысы Әуелде – алғашқыда Қажымай-шаршамай Ынтыға- қызыға ә) мәтінді бөліктерге бөлу (басы,ортасы,соңы) б) мәтін бөліктеріне ат қою Топтық жұмыс. Нұсқаулық: «Сұрақ бізден, жауап сізден » әдісі бойынша 1-топ. «Ғалым» - бірінші бөлік бойынша сұрақ құрастырады. 2-топ. «Аудармашы» - екінші бөлік бойынша сұрақ құрастырады. 3-топ. «Ақын» - үшінші бөлік бойынша сұрақ құрастырады. 4-топ. «Ағартушы» - Жалпы бір сұрақ құрастырады. Дескриптор: - « Сұрақ бізден, жауап сізден » әдісі бойынша оқушылар сұрақтарды жүйелі түрде құрастыра алады. - Берілген сұрақтарға нақты жауап береді. - Мәтінді бөлік бойынша тұтастай мазмұндайды.
- Сұрақтарды жүйелі түрде
құрастыра алады.< | |||||||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген