Бала бақша-шаттыққа толы мекен
Балабақша – базарлы үй,
Ауылдағы ажарлы үй.
Күлкісі бар шуақты
Өз үйіміз сияқты….
Иә, балабақша – балалық шақтың бақытты мекені іспетті. Алайда, бүгінгі күні ата – анадан кейінгі бала тәрбиесіне жауапты сол бір «бақытты мекеннің» иесі тәрбиешілер.
Мен де өз қызмет жолымды Науырзым ауданы, Қарамеңді селосы «Балапан» балабақшасында тәрбиеші қызметінен бастадым. Сол уақыттан бастап баламен жұмыс жасаудың үлкен бақыт екенін түсіндім. Ал қазіргі таңда сол балабақшада тәрбиешіболып қызмет жасаймын.
Қызығы мен жауапкершілігі мол бұл жұмысты бар ынтамен атқарамын. Педагогика саласында болып жатқан тың өзгерістерді әкелетін, білім үдерісіне енгізетін, жаңалық жаршысымын. Әдіскер — үйретуші, бағыттаушы, жаңалықты жеткізуші, шығармашыл тұлға. Әдіскердің бір бойында бірнеше қызмет бар. Бұл жұмыстың ерекшелігі үнемі ата-анармен, балалармен және педагогтармен байланыста болу, оларға бағыт –бағдар беріп, нәтижеге жету. Қазіргі заман талабына сай педагог үнемі үлкен ізденісте жүруі керек. Сонда ғана ол үлкен жетістікке жетіп, еңбегінің жемісін көреді. Осы ізденіс жолында әдіскер болып, оларға көмек көрсету мақсатында түрлі әдістемелік кеңестерді, семинарларды, педагогикалық оқуларды үнемі ұйымдастырып, қатыстырамын. Іс-тәжірибемен бөлісіп, интернет-конференция мен форумдарда, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» біліктілікті арттыру және Республикалық «Өрлеу» біліктілікті арттыру курстарына қатысып, білімдерін жетілдіріп, балабақшаның оқу тәрбие процестеріне ендіріпте үлгерді.
Тәрбиешіжұмысының нәтижелілігі балалардың жетістігі. Мен үшін тәрбиешілердің әрбір жетістігі, әрбір аттаған қадамы биікке жетелейтін сатыны қалыптастырады. Ол сатының алғашқы баспалдағы – үлкен тәжірибе, үлкен өмір мектебінің бастауы екені мәлім.
Өнегелі ұстаз — өнерлі шәкірт. Шәкірт жеңісі — ұстаз жемісі. «Өрлеу» республикалық педагогикалық шеберлікті дамыту орталығына тәрбиеленушілер қатысып, жүлделі орындарды иеленді және шәкірт дайындағаны үшін тәрбиешілер „Құрмет грамотасымен“ марапатталды.
Республика көлемінде тәрбиешілер мақала жариялап, іс-тәжірибелерін таратты.
Менің айтайын дегенім, әр әдіскер өз ісін тиянақты атқарып және жұмысына сүйсіне отырып, педагогтарына, балаларына үлкен махаббатпен қарап, оларға жүрегін арнаса алынбайтын қамал, асалмайтын белес болмас.
Сөз соңында әдіскерлік – ол бейімділік те, қызмет те, жай ғана мамандық та емес, ол жүрек қалауы, шығармашылық пен ізденіс көзі.
Тәрбиеші: Утегенова Ақжұлдыз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бала бақша баланың бақыт мекені
Бала бақша баланың бақыт мекені
Бала бақша-шаттыққа толы мекен
Балабақша – базарлы үй,
Ауылдағы ажарлы үй.
Күлкісі бар шуақты
Өз үйіміз сияқты….
Иә, балабақша – балалық шақтың бақытты мекені іспетті. Алайда, бүгінгі күні ата – анадан кейінгі бала тәрбиесіне жауапты сол бір «бақытты мекеннің» иесі тәрбиешілер.
Мен де өз қызмет жолымды Науырзым ауданы, Қарамеңді селосы «Балапан» балабақшасында тәрбиеші қызметінен бастадым. Сол уақыттан бастап баламен жұмыс жасаудың үлкен бақыт екенін түсіндім. Ал қазіргі таңда сол балабақшада тәрбиешіболып қызмет жасаймын.
Қызығы мен жауапкершілігі мол бұл жұмысты бар ынтамен атқарамын. Педагогика саласында болып жатқан тың өзгерістерді әкелетін, білім үдерісіне енгізетін, жаңалық жаршысымын. Әдіскер — үйретуші, бағыттаушы, жаңалықты жеткізуші, шығармашыл тұлға. Әдіскердің бір бойында бірнеше қызмет бар. Бұл жұмыстың ерекшелігі үнемі ата-анармен, балалармен және педагогтармен байланыста болу, оларға бағыт –бағдар беріп, нәтижеге жету. Қазіргі заман талабына сай педагог үнемі үлкен ізденісте жүруі керек. Сонда ғана ол үлкен жетістікке жетіп, еңбегінің жемісін көреді. Осы ізденіс жолында әдіскер болып, оларға көмек көрсету мақсатында түрлі әдістемелік кеңестерді, семинарларды, педагогикалық оқуларды үнемі ұйымдастырып, қатыстырамын. Іс-тәжірибемен бөлісіп, интернет-конференция мен форумдарда, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» біліктілікті арттыру және Республикалық «Өрлеу» біліктілікті арттыру курстарына қатысып, білімдерін жетілдіріп, балабақшаның оқу тәрбие процестеріне ендіріпте үлгерді.
Тәрбиешіжұмысының нәтижелілігі балалардың жетістігі. Мен үшін тәрбиешілердің әрбір жетістігі, әрбір аттаған қадамы биікке жетелейтін сатыны қалыптастырады. Ол сатының алғашқы баспалдағы – үлкен тәжірибе, үлкен өмір мектебінің бастауы екені мәлім.
Өнегелі ұстаз — өнерлі шәкірт. Шәкірт жеңісі — ұстаз жемісі. «Өрлеу» республикалық педагогикалық шеберлікті дамыту орталығына тәрбиеленушілер қатысып, жүлделі орындарды иеленді және шәкірт дайындағаны үшін тәрбиешілер „Құрмет грамотасымен“ марапатталды.
Республика көлемінде тәрбиешілер мақала жариялап, іс-тәжірибелерін таратты.
Менің айтайын дегенім, әр әдіскер өз ісін тиянақты атқарып және жұмысына сүйсіне отырып, педагогтарына, балаларына үлкен махаббатпен қарап, оларға жүрегін арнаса алынбайтын қамал, асалмайтын белес болмас.
Сөз соңында әдіскерлік – ол бейімділік те, қызмет те, жай ғана мамандық та емес, ол жүрек қалауы, шығармашылық пен ізденіс көзі.
Тәрбиеші: Утегенова Ақжұлдыз
шағым қалдыра аласыз













