Бала бақша-базарлы үй

Тақырып бойынша 25 материал табылды

Бала бақша-базарлы үй

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала бақша туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала бақша-шаттыққа толы мекен

Балабақша – базарлы үй,

Ауылдағы ажарлы үй.

Күлкісі бар шуақты

Өз үйіміз сияқты….

Иә, балабақша – балалық шақтың бақытты мекені іспетті. Алайда, бүгінгі күні ата – анадан кейінгі бала тәрбиесіне жауапты сол бір «бақытты мекеннің» иесі  тәрбиешілер.

Мен де өз қызмет жолымды Ескелді ауданы, Ақын Сара ауылы «Балапан» балабақшасында   тәрбиеші қызметінен бастадым. Сол уақыттан бастап баламен жұмыс жасаудың үлкен бақыт екенін түсіндім. Ал  қазіргі таңда сол балабақшаның әдіскер – психологы болып қызмет жасаймын.

Қызығы мен жауапкершілігі мол бұл жұмысты бар ынтамен атқарамын. Педагогика саласында болып жатқан тың өзгерістерді әкелетін, білім үдерісіне енгізетін, жаңалық жаршысымын. Әдіскер — үйретуші, бағыттаушы, жаңалықты жеткізуші, шығармашыл тұлға. Әдіскердің бір бойында бірнеше қызмет бар.   Бұл жұмыстың ерекшелігі үнемі ата-анармен, балалармен және педагогтармен байланыста болу, оларға бағыт –бағдар беріп,  нәтижеге жету. Қазіргі заман талабына сай педагог үнемі үлкен ізденісте жүруі керек. Сонда ғана ол үлкен жетістікке жетіп, еңбегінің жемісін көреді. Осы ізденіс жолында әдіскер болып, оларға көмек көрсету мақсатында түрлі әдістемелік кеңестерді, семинарларды, педагогикалық оқуларды үнемі ұйымдастырып, қатыстырамын. Іс-тәжірибемен бөлісіп, интернет-конференция мен форумдарда, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» біліктілікті арттыру және  Республикалық «Өрлеу» біліктілікті арттыру курстарына қатысып, білімдерін жетілдіріп, балабақшаның оқу тәрбие процестеріне  ендіріпте үлгерді.

Әдіскер жұмысының нәтижелілігі оның қармағындағы педагогтар мен балалардың жетістігі. Мен үшін тәрбиешілердің әрбір жетістігі, әрбір аттаған қадамы биікке жетелейтін сатыны қалыптастырады. Ол сатының алғашқы баспалдағы – үлкен тәжірибе, үлкен өмір мектебінің бастауы екені мәлім. Тек биылғы оқу жылында біздің жеңіс қоржынымызда  аудандық байқау «Мектепке дейінгі ұйымның үздік әдіскері» І орын -А.Т.Латаева, «Үздік бейнесабақ» байқауы ІІ орын – М.Ж.Токтарбаева, «Замануи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбындағы аудандық  үздік сабақтар байқауы ІІІ орын – А.Н.Атанова, «Шымырлық пен шеберлік» аудандық байқау ІІІ орын – А.Р.Жанаева жетістікке жетті.

Өнегелі ұстаз — өнерлі шәкірт. Шәкірт жеңісі — ұстаз жемісі. «Өрлеу» республикалық педагогикалық шеберлікті дамыту орталығына тәрбиеленушілер қатысып, жүлделі орындарды иеленді және шәкірт дайындағаны үшін тәрбиешілер „Құрмет грамотасымен“ марапатталды.

 Республика көлемінде тәрбиешілер мақала жариялап, іс-тәжірибелерін таратты.

Менің айтайын дегенім, әр әдіскер өз ісін тиянақты атқарып және жұмысына сүйсіне отырып, педагогтарына, балаларына үлкен махаббатпен қарап, оларға жүрегін арнаса алынбайтын қамал, асалмайтын белес болмас.

Сөз соңында әдіскерлік – ол бейімділік те, қызмет те, жай ғана мамандық та емес, ол жүрек қалауы, шығармашылық пен ізденіс көзі.

Әдіскер:Исмаилова Алма Ораковна

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.01.2024
162
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі